Қазақстандық өнертапқыштарға польшалық Arkley VC қоры, Австрияның AWS даму банкі мен швейцариялық бизнесмен Юрген Хаблихлер (Juergen Habichler) қаржы құйды. Алайда, кім қанша табысқа үлескер болғанын Акишбеков айтқан жоқ.
Robo Wunderkind құрылғыларын АҚШ пен Еуропада нарығына шығаруды жоспарлап отыр. Акишбековтың айтуынша, «Робо вундеркиндті» сөрелерінен көргісі келетін» америкалық үш үлкен компаниямен келісім-шарт жасалған. Осы жылдың соңынан бастап, стартап өнімдерін Amazon.com сайтынан сатып алуға болады. Әзірге сатылым стартаптың сайтында жүргізіліп жатыр. Құны 199 доллар мен 699 доллар аралығында.
Robo Wunderkind компаниясы «Заттар интернетін» Bluetooth немесе Wi-Fi арқылы алыстан басқаратын қосымша ойлап тапты. Құрылғы әзірге тек Robo Wunderkind роботтарына ғана орнатылады. Алдағы уақытта басқа да құрылғыларға да қосылатын болады.
Қосымша Android және iOS бағдарламаларына арналған. Құрылғыны солар арқылы басқаруға болады.
Басында роботқа бес жасар бала басқара алатын қарапайым интерфейс орнатпақ болдық. Кейін ол ойдан бас тартып, тұтынушылар аудиториясын кеңейту үшін ересектерге арналған платформа ойлап таптық — Рустем Акишбеков, Robo Wunderkind директоры
Акишбеков Robo Wunderkind компаниясын 2013 жылы Анна Яроцкая мен Юрий Левинмен біріге отырып ашқан. Компанияның негізгі кеңсесі Венада болса, өндіріс ошақтары АҚШ пен Қытайдың Шэньчжэн қаласында.
Robo құрастырушылары балаларды робототехника мен бағдарламалауға үйретеді. Балалар кубиктерден робот құрастырып, динамикасын, камерасын, микрофонын, Bluetooth бен Wi-Fi-ын өздері қоя алады.
Компания стартапы 2015 жылдың қазан айында Kickstarter арқылы 250 мың доллар инвестиция тартқан еді. Сол кезде жобаның дамуына 58 елден 1200 адам қаржы аударған болатын. Олар өздерінің алғашқы құрылғыларын 2016 жылдың соңына дейін алады.