Басты бет Жаңалықтар Жетісулық соғыс ардагерлерге ақшалай көмек көрсетілді

Жетісулық соғыс ардагерлерге ақшалай көмек көрсетілді

Алматы облысында 91 соғыс ардагері қалды. 

Фото: Zhetysu.gov.kz

Биыл Алматы облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 500 мың теңгеден материалдық көмек беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қабылдау барысында айтты.

Амандық Баталов салтанатты қабылдауға келген ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Соғыстың аяқталғанынан 74 жыл өтті. Өкінішке қарай, ортамыздағы соғыс ардагерлерінің қатары күннен күнге сиреп барады. Ардагерлер мен басқа да санаттағы азаматтарға санаторийде тегін емделу мен оңалту шаралары үшін 470 миллион теңге бөлінді. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне жергілікті бюджеттен 3 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жеңіс күніне орай облыстық қазынадан әрбір соғыс ардагеріне бір реттік материалдық көмек ретінде 500 мың теңгеден беріледі, — деді Амандық Баталов.

Алматы облысында 91 соғыс ардагері қалды.

Ардагерлер атынан Сарқан ауданынан келген Берлібек Ысқақов мерекелік құттықтау сөзін арнады.

Мемлекет бізге қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп, құрметтеп келеді. Біз балаларымыздың бейбіт өмір сүргенін, осы азаттығымыз бен тәуелсіздігімізді бағалай білгенін қалаймыз және баршаңызға әрдайым ашық аспан, денсаулық пен бақытты ғұмыр тілеймін, — деді Берлібек Ысқақов.

150 ардагер мен тыл еңбеккеріне гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version