Басты бет Экономика Қазақстанда компьютер қолданбайтын кәсіпорындар бар ма?

Қазақстанда компьютер қолданбайтын кәсіпорындар бар ма?

2018 жылы Қазақстанда ақпарат-коммуникация технологияларына жұмсалатын шығын 305,2 миллиард теңге болды, көрсеткіш бір жылда 12,8%-ға қысқарған. 2017 жылы мұндай технологиялар шығыны 349,9 миллиард теңге болып, бір жылда 29,8%-ға көбейген еді. 

Иллюстрация: Dribbble.com ©Fireart Studio

Finprom.kz мамандарының мәліметінше, 2018 жыл бойынша есеп берген 132,2 мың кәсіпорынның ішінде компьютер қолданатыны 104,4 мың болды, яғни 79%-ы. Бір жыл бұрын олардың үлесі 72,7% болған. Интернетке қосылған ұйымдардың үлесі 69,3%-дан 76,2%-ға өсті. 2018 жылы олардың саны 100,7 мың болды (бұл — компьютер қолданатын мекеме-кәсіпорындардың 96,4%-ы).

Бұлтты IT-қызметті пайдаланатын мекемелердің үлесі 5,1%-дан 6,5%-ға артқан. 2018 жылдың соңында ақпарат-коммуникация технологиялары саласындағы мамандар саны 34,3 мың адам болды, бұл 2017 жылға қарағанда 7,8%-ға аз.

Қазақстанның ақпарат-коммуникация технологиялары саласындағы компанияларының реестрінде түрлі бағыттағы 150 компания тіркелген.

2018 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтанда Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технология паркі ашылды. Ондағы жобалардың негізгі бағыттары мыналар: 1) ұялы телефон қосымшалары; 2) цифрмен автоматтандыру; 3) онлайн коммерция; 4) цифр платформалар; 5) онлайн білім беру.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version