Басты бет Жаңалықтар Жауын-шашын мен дауыл: 16 мамырда ауа райы қандай болады?

Жауын-шашын мен дауыл: 16 мамырда ауа райы қандай болады?

16 мамырда Қазақстан өңірлерінде жел күшейіп, найзағай ойнап, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаң борайды, батыста дауыл тұрады. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және онтүстіктен басқа аймақтарында күн жауын-шашынды болады.  

Фото: Chalabala/Thinkstock

«Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, Қызылорда облысында шаңды дауыл  тұрады, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан және шығыстан 23-28 м/с жел соғады, дала өрті қаупі өте жоғары деңгейде күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел соғады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарында тұман түседі.

Қостанай, Алматы облыстарында және Нұр-Сұлтанда ауа температурасы 3 градус аязға дейін, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 6 градус аязға дейін, Шығыс Қазақстан облысында 3-8 градус аязға дейін төмендейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version