Өлім жазасын қайтару мәселесі терең зерттеуді қажет етеді. Егер өлім жазасынан қорыққаннан осындай істер азаятын болса, мен әрине өлім жазасын қайтаруға келісер едім. Сондықтан оны жан-жақты зерттеп, егер сондай қорытындыға келген жағдайда ондай өзгеріс орын алады деп ойлаймын», — деді ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми.
Педофилдің қолына түсіп, ақыл-есінен айырылған ақтаулық 6 жасар қыздың оқиғасынан соң мораторийді алып тастау мәселесі қайта-қайта көтеріліп жатыр. Ондай жантүршігерлік жағдай кеше ғана Жезқазғанда да қайталана жаздады. Сұрақтарды қарша боратқан жұрт Қайрат Мәмиге қара қылды ақшаға жарып жүрген әріптестеріне қатысты да шағымданды. Төрелікті тиынға сатып, өзін төмен қаратқан судьялардың барын мойындаған Мәми ондайларды тіке өзіне айтуды сұрады. Бас судья соларға ашуланамын деп, әріптестерінің қателігін де айтып қалды. Мәселен, атышулы «Әліби ісін» қараған қазы қателесіп, тоқалға таласқан Қайрат Жамалиевтің бар мүлкін мемлекет есебіне тартып алыпты. Кейін іс қайта қаралып, тең жартысы кәсіпкердің келіншегіне қайтарылған. Бір өзі жүздеген бидің үстінен қараған Қайрат Мәми айма ай алатын маңдай тер ақысын да жасырмай айтып берді.
«Жалақым менің құпия емес! 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын. Қолыма 900 мыңнан артық тиеді», — деді Жоғарғы сотының төрағасы.
Олим жазасы колданылу керек онбагандарга, себебі кострациядан да пайда шамалы, керисинше одан сайын жауыздыкка баруы мумкин, сол себепти олим жазасы дурыс деп есептим. Улап олтирема, корлап дарга асама ол болек ангиме. Бирак педофилдердин жазасы -олим.
Ондай онбагандарга олим жазасы н. Кескен дурыс. Ондайларды аямау керек
Өте дұрыс! Өлім жазасы қолданылу керек. Сонда аяқ тартар ма еді. Олар адам болудан қалғандар ғой.
Иа өте дұрыс өлім жазасы қолданылсын. Мұндай жазаға мен екі қолымды көтере қолдаймын. Сонда мұндай қылмыс азаяр… Болашқта бойжеткен қыздар мен жасөспірімдер қорғаныста болар еді біршама….
олим жазасын колдану керек арине!!! Кытай зандарын койсагой кушти болар еди!!!
Біреуі оларды аямауымыз керек дейді,біреуі өлім жазасы,сол кезде тоқтатамыз дейді.Мен сіздермен толық келісемін.Педофилдерге тек өлім жазасы!Өлім жазасын қолдану деген-ол қылмысты толығымен тоқтату деген сөз.Сонда неге біз Коррупцияны,Адам өлтіргенді тоқтатқымыз келмейді а?Көшеде неше түрлі дөкейлердің балалары шегіп алып,мас күйлерінде қымбат машиналарымен балаларды басып өлтіріп жатыр.Миллион емес миллиардталған ақша ай сайын ұрланад.Сонда біз білеміз ғой қылмыстың түбегейлі алдын алудың әдісін?Үкімет ше?біле ме?Біледі.Сонда басқа елдерде коррупция,адам өлтіру ауыр жаза деп есептеледі де бізде жоқ па?Педофилдерге,Коррупционерлерге,Адам өлтіргендерге тек қана өлім жазасы берілі тиіс.Сонда ғана бізде бәрі жақсы болады.
өлім жазасы олар үшін жеңіл, оларды өмір бойы бас бостандығынан айырып оларды түрменің өте қатаң тәртіптегі режиммен ұстау керек, олар адамның өмірімен ойнағаны үшін қиналып өлуі керек, бұл менің жеке пікірім
пікірім,