Басты бетЖаңалықтарПедофилдер өлім...

Педофилдер өлім жазасына кесілуі мүмкін

Өлім жазасын қайтару мәселесі терең зерттеуді қажет етеді. Егер өлім жазасынан қорыққаннан осындай істер азаятын болса, мен әрине өлім жазасын қайтаруға келісер едім. Сондықтан оны жан-жақты зерттеп, егер сондай қорытындыға келген жағдайда ондай өзгеріс орын алады деп ойлаймын», — деді ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми.

Педофилдің қолына түсіп, ақыл-есінен айырылған ақтаулық 6 жасар қыздың оқиғасынан соң мораторийді алып тастау мәселесі қайта-қайта көтеріліп жатыр. Ондай жантүршігерлік жағдай кеше ғана Жезқазғанда да қайталана жаздады. Сұрақтарды қарша боратқан жұрт Қайрат Мәмиге қара қылды ақшаға жарып жүрген әріптестеріне қатысты да шағымданды. Төрелікті тиынға сатып, өзін төмен қаратқан судьялардың барын мойындаған Мәми ондайларды тіке өзіне айтуды сұрады. Бас судья соларға ашуланамын деп, әріптестерінің қателігін де айтып қалды. Мәселен, атышулы «Әліби ісін» қараған қазы қателесіп, тоқалға таласқан Қайрат Жамалиевтің бар мүлкін мемлекет есебіне тартып алыпты. Кейін іс қайта қаралып, тең жартысы кәсіпкердің келіншегіне қайтарылған. Бір өзі жүздеген бидің үстінен қараған Қайрат Мәми айма ай алатын маңдай тер ақысын да жасырмай айтып берді.

«Жалақым менің құпия емес! 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын. Қолыма 900 мыңнан артық тиеді», — деді Жоғарғы сотының төрағасы.

ДереккөзКТК