Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президенттікке кандидаттар тікелей эфирде пікір таластырады

Фото: Dw.com

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев президенттікке кандидаттардың теледебаты тікелей эфирде болуы мүмкін екенін айтты.

Қазіргі таңда, менің білуімше, теледебаттар болады. Және олар тікелей эфирде болуы мүмкін, — деді Дәурен Абаев Үкімет отырысының кулуарында.

Министрдің айтуынша, онда кандидаттар өзара пікір таластырады. Дәурен Абаев теледебатқа қатысты басқа да мәлімет кейін жарияланатынын айтты.

Еске салайық, 11 мамыр күні сағат 18.00-де Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат басталды. Ол 8 маусым күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады. 8 маусым — тыныштық күні. Бұл күні кез келген үгіт заңсыз болып есептеледі. Президент сайлауы 9 маусым күні сағат 07.00-20.00 аралығында өтеді. Берілген дауыс санын есептеу сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кем емес уақыт ішінде басталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version