Жылжымайтын мүлік іздеуге және сатуға арналған Homsters.kz халықаралық онлайн-алаңы 2016 жылдың жаз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ең танымал тұрғын үй кешендерінің Екінші онлайн-рейтингін ұсынып отыр. Рейтингте Homsters.kz сайтында жарияланған 350-ден астам тұрғын үй кешенінің ішінен қазақстандықтардың арасында танымал және сұранысқа ие деген жаңа үйлердің тізімі іріктеліп беріліп отыр.
Көктемгі рейтингтегідей бұл жолы да барлық төрт класс бойынша Топ-10-да BI Group компаниясы (8 нысан) мен «Базис-А» корпорациясы (7 нысан) көш бастап тұр. Сонымен қатар түрлі класстағы тұрғын үй тізімдеріне Global Building Contract, «Номад Строй Эк» және Astana Stroy Invest компанияларына қарасты екі-екіден алты нысан енді.
Танымал тұрғын үй кешендеріндегі бір шаршы метрдің ең төмен бағасы үй классына байланысты 210 мың теңгеден басталып («Алмалы» тұрғын үй ауданы) 400 000 теңгеге дейін (ТҮК «Триумфальный») барады.
Рейтинг дайындау барысында Homsters.kz сараптама орталығы онлайн-алаң қолданушыларының белсенділігі туралы мәліметтерді жинақтап, келесі параметрлер бойынша әр нысанға баға берді:
- kz сайтындағы тұрғын үй кешені парақшасының қаралу саны;
- kz арқылы тұрғын үй кешендерінің әрқайсысы бойынша девелоперлердің сату бөліміне сатып алушылардан түскен өтініштер саны;
- Девелопер ұсынысының сатып алушы үшін қаншалықты тартымды болғанын көрсететін конверсия (сатып алушылар жіберген өтінім саны мен тұрғын үй кешені парақшасының қаралым саны арасындағы қатынас).
Барлық үш параметр рейтингке негіз болған бірыңғай интеграл көрсеткішке жинақталды. Рейтингке енуі үшін тұрғын үй кешені зерттеу мерзімінде (маусым-тамыз, 2016 жыл) белсенді сатылу кезеңінде болып, ол туралы ақпарат интернет желісінде жариялануы керек болды.
«Тұрғын үй кешендері танымалдылығының екінші онлайн-рейтингінің ерекшелігі нысандардың жаңаша түрде топтастырылуы болды. Бірінші рейтинг тұрғын үй кешендерін дәстүрлі түрде «эконом», «комфорт», «бизнес», «элит» және «премиум» деп бөлетін құрылыс компанияларының маркетинг стратегияларының негізінде әзірленген болатын. Бұл жолы біз қазіргі қолданыстағы заңнамамен және Тұрғын үй ғимараттары бойынша құрылыс нормалары және ережелерімен қарастырылған I-IV класс аралығындағы топтастыруды негіз ретінде алдық», — дейді Homsters.kz қазақстандық өкілдігінің басшысы Олеся Мельникова. Сарапшының сөзіне қарағанда, халық әлі де болса тұрғын үй кешендерін топтастырудың жаңа жүйесімен таныс емес, алайда жалпы алғанда ол құрылыс жүргізетін ұйымдар мен сатып алушылар қолданатын жүйеге сәйкес келеді: осыған дейінгі «элит», «премиум» класстары I класстағы, «бизнес» II класстағы, «комфорт» пен «эконом» сәйкесінше III және IV класстағы тұрғын үйлерді білдіреді.
Екінші онлайн-рейтингтің (2016 жылдың жазы) тағы бір ерекшелігі «Халық таңдауы. Қазақстанның үздік тұрғын үйі» жобасы болып отыр. Жаңа жобаның аясында қазақстандықтар танымалдылықтың онлайн-рейтингіне енген 40 нысанның арасынан елдің ең үздік үш тұрғын үй кешенін таңдап алады. Ол үшін келесі аптадан бастап Homsters.kz алаңының арнайы бөлімінде дауыс беру қызметі жұмыс істей бастайды, ниет білдірген кез келген адам өзі таңдаған кешен үшін осы жерде дауыс бере алады. Жоба қорытындысы қазан айында жарық көреді, ал дауыс бергендердің арасында Homsters.kz отбасы болып киноға бару, отбасылық кафедегі кешкі ас және бүкіл отбасыға арналған демалыс секілді сыйлықтар ойнатады.
Қазақстан тұрғын үй кешендері танымалдылығының Екінші онлайн-рейтингі (әр тұрғын үй класы бойынша топ-10)
I класстағы Қазақстанның Топ-10 ең танымал тұрғын үй кешені («элит» және «премиум»)
№ | ТҮК атауы | Девелопер | Қала |
1 | ТҮК Триумфальный | «БАЗИС-А» корпорациясы | Астана |
2 | «Нұр Төбе» клуб үйі | Нұр Төбе ЖШС | Алматы |
3 | ТҮК Apple Town | Woolim Construction | Алматы |
4 | ТҮК Exclusive Residence | «Exclusive Stroy» ЖШС | Алматы |
5 | Нахимов к-дегі таунхаус, 16 | Алматықалақұрылыс | Алматы |
6 | ТҮК Royal Gardens | «БАЗИС-А» корпорациясы | Алматы |
7 | ТҮК Абу-Даби Плаза | Aldar Properties | Астана |
8 | ТҮК Золотая миля | GRADUM Development & Investment | Астана |
9 | ТҮК Әйгерім | Астана-Стройинвест | Алматы |
10 | ТҮК Highvill Ishim | Highvill | Астана |
II класстағы Қазақстанның Топ-10 ең танымал тұрғын үй кешені («бизнес»)
№ | ТҮК атауы | Девелопер | Қала |
1 | ТҮК Millennium Park | «БАЗИС-А» корпорациясы | Астана |
2 | ТҮК Өркендеу | «Халық Проект» ЖШС | Алматы |
3 | ТҮК Izumrud Residence | «РАМС ҚАЗАҚСТАН» ЖШС | Алматы |
4 | ТҮК Telmann Park | СҰҢҚАР-777 ЖШС | Астана |
5 | ТҮК Шахристан | Global Building Contract | Алматы |
6 | ТҮК Зеленый квартал | BI Group | Астана |
7 | ТҮК BI City | BI Group | Астана |
8 | ТҮК England | «БАЗИС-А» корпорациясы | Астана |
9 | ТҮК Expo Plaza | «БАЗИС-А» корпорациясы | Астана |
10 | ТҮК Азия Плюс | «Строй-Проект» ЖШС | Астана |
III класстағы Қазақстанның Топ-10 ең танымал тұрғын үй кешені («комфорт»)
№ | ТҮК атауы | Девелопер | Қала |
1 | «Алмалы» тұрғын үй ауданы | «БАЗИС-А» корпорациясы | Алматы |
2 | ТҮК Кәусар | Global Building Contract | Алматы |
3 | ТҮК Симфония | «БАЗИС-А» корпорациясы | Алматы |
4 | ТҮК Zodiac | «MIDDLEMAN» ЖШС | Алматы |
5 | ТҮК Зәм Зәм | Nur Astana Kurylys | Астана |
6 | ТҮК Future Home | «Номад Строй ЭК» ҚК | Астана |
7 | Gagarin Park | BI Group | Алматы |
8 | ТҮК Времена года | BI Group | Астана |
9 | ТҮК Арнау | BI Group | Астана |
10 | ТҮК Promenade EXPO | BI Group | Астана |
IV класстағы Қазақстанның Топ-10 ең танымал тұрғын үй кешені («эконом»)
№ | ТҮК атауы | Девелопер | Қала |
1 | ТҮК Камал | BI Group | Астана |
2 | ТҮА Лесная поляна | Global Expert Development Group | Астана |
3 | ТҮК Алтын Орда 2 | «Astana Stroy Invest» ЖШС | Астана |
4 | ТҮК 7-я | BI Group | Астана |
5 | ТҮК Есіл | «Номад Строй ЭК» ҚК | Астана |
6 | ТҮК Алма Тау | Элитстрой | Алматы |
7 | ТҮК Техникум | Sadi Group | Астана |
8 | ТҮК Ақерке-2 | Астана Сервис Строй Монтаж | Астана |
9 | ТҮК Шығыс | «ИСК «ASI» ЖШС | Астана |
10 | ТҮК Алтын Орда 1 | «Astana Stroy Invest» ЖШС | Астана |
Осы жылдың көктемінде Homsters.kz Қазақстанда тұңғыш рет тұрғын үй кешендері танымалдылығының онлайн-рейтингін жариялағанын еске сала кетейік. Ол кезде 60-тан астам құрылыс-компаниясының 129 нысаны сараланған болатын.