Басты бет Instagram Snapchat қалай вайнерлер мен блогерлердің «жынысын ауыстырды»?

Snapchat қалай вайнерлер мен блогерлердің «жынысын ауыстырды»?

Snapchat мобайл қосымшасында жаңа фильтрлер пайда болды. Олардың бірі ер адамның түрін әйелге, ал әйел бейнесін ер адамдікіне ауыстырады. Осы функция қазақстандық желі қолданушыларының көңілін көтеріп жатыр. Baribar.kz Instagram-да селебрити жария еткен көңілді видеоларды шолып шықты.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Ashley Wayne

Продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Алагөзова «Нормальный» қыздар бар ма? Үйленемін» деп видео түсіріп, Instagram-парақшасына жүктеді. Желі қолданушылары бұл образ оның күйеуі Тұрсын Алагөзовке ұқсайтынын жазды.

Вайнер Жека Fatbelly Snapchat-тың жаңа фильтрімен кездесулерде құрбысына жігітпен танысуға мұрша бермейтін, онша әдемі емес қыздарға пародия жасады.

Блогер Айжан Байзақова да «Вот была бы я мужиком, девки бы страдали», — деген мәтінмен видео салды. Бұл жазбаға пікір қалдырғандардың көбі оның Тәуекел Мүсілімге ұқсайтынын айтып жатыр.

Әнші, режиссер, клипмейкер Жеңісхан Момышев та Snapchat-пен түсірген видеосында сұп-сұлу қызға айналып шыға келді.

Snapchat вайнерлер Артур Асқарұлы мен Рәтбек Байеновтің «жынысын ауыстырып», кешкі серуенге шыққан қос құрбыға айналдырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version