«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары мамырдың 14-інен 16-сына дейінгі аралықта күн суытатынын хабарлады.
Қазақстанда жазғы жылы ауа райынан кейін күн суиды. Бұл Солтүстік Оралдан жылжитын Арктиканың суық фронттарына байланысты. Алдағы үш тәулікте солтүстік облыстарда, күндіз орталықта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал және ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін, — деп хабарлады синоптиктер.
Мамандардың мәліметінше, шамамен 30 градусқа дейін барған ыстықтан кейін күндізгі ауа температурасы 17-22 градус, қиыр солтүстікте 8-13 градус жылыға дейін төмендейді. Республиканың шығысында алдағы түнде жаңбыр жылбысқы қарға ұласуы мүмкін, температура 0-5 градус аязға дейін төмендейді. Қазақстанның қалған аймақтарында да температура аздап төмендеп, найзағай ойнайды, өткінші жаңбыр жауады.