Үндістан
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ
Мумбайдағы теміржол вокзалына күніне 6 миллион жолаушы келеді. Олардың бәрінің билетін тексеру мүмкін емес. Тексерушілер тек бірен-саранын ғана қарап үлгереді. Билетсіз «ұсталып» қалғандар болса, жазаға тартылады.
Сақтандыру компаниясының негізгі аудиториясы — осы «қоян» жолаушылар. Компания оларға 100 рупийге кондуктор мен полициядан сақтандыру ұсынады. Егер жолаушыны ұстап алса, ол айыппұл төлейді де, чегін компанияға жібереді, компания тұтынушысының шығынын өтейді. Бизнестің барлық сыры мынада: ұсталған билетсіздерге қарағанда, ұсталмаған билетсіз жолаушылар көп. Демек, сақтандыру компаниясы ұтып отыр.
Индонезия
ҮШІНШІ ЖОЛАУШЫ немесе «ДЖОКИ»
Бұл мамандық тек Джакартада ғана бар. Джоки деген — үшінші жолаушы. Ол жол бойында үш адамға арналған, бірақ ішінде екі жолаушысы ғана бар көлікті күтіп тұрады. Себебі, Джакартада үш жолаушылы көлікпен қозғалу оңай — жол ережелері кейбір көшелер үшін ғана қолданылады.
Иран
НӨМІРЛЕРДІ БҰҒАТТАУ
Автомобиль нөмірлерін бұғаттаушылар тек Тегеранда ғана бар. Сіз көлігіңізбен шектеу қойылған бағыттарда жүрсеңіз, камераға нөміріңіз түспей қалуы мүмкін. Сол кезде осы мамандар жұмысқа шығады. Олар сізден камераға жақындаған кезде ақша алады да, артыңыздан баяу еріп отырады.
Жергілікті билік қаладағы ауа-райын жақсарту және көше қозғалысын реттеу үшін жолдағы көліктердің санына шектеу қойған. Осыған байланысты автомобиль нөмірлері тақ және жұп сандарға ауыстырылды. Енді олар қозғалысыз шектелген көшелерге кезек-кезегімен шығады. Осының бәрін бақылауда ұстау үшін көшелерге камералар орнатылған.
Үндістан
ҚАЛАДАН-ҚАЛАҒА АЛЫП ЖҮРУШІЛЕР
Мүмкіндігі шектеулі жандар теміржол билеттеріне 50—75 % жеңілдік алады. Оларды алып жүрушілер де бұл жеңілдікті пайдалана алады.
Кейбір адамдар осы арқылы күн көріп отыр. Олардың жұмысы — бейтаныс адамдарды бір қаладан екінші қалаға алып жүру. Бұл қызметтері үшін оған билетке 75% жеңілдік беріледі. Алып жүруші бұл ақшаны өзін «жалдаған» адамға төлеу арқылы, 25% ақшасын үнемдеп қалады
Жапония
ЖАЛҒЫЗДЫҚТАН ҚҰТҚАРУШЫ
Жапониядағы кафелердің бірінде сағатына 6 мың йен ($60) төлеп, 18 бен 30 жас аралығындағы әйелдің жанына ұйықтауға болады. Иә, жай ғана ҰЙЫҚТАУҒА. Бұл бизнес хикикомориге жауап ретінде ойлап табылған. Яғни, жалғыздықтан құтқарушы қызметі. Жапония қоғамы қазір жалғыздықтан зардап шегіп отыр. Себебі, жастары әлеуметтік көзқарастарына байланысты, қарым-қатынасқа барудан бас тартады.