Сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде блогерлер президенттікке кандидаттардың бәріне бірдей мүмкіндік ұсынуы қажет. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина осылай деп мәлімдеді.
Блогер барлық кандидатқа тең мүмкіндік ұсынуға міндетті екені туралы әңгіме болып отыр. Кез келген БАҚ тең мүмкіндік ұсынуы қажет. Айталық, егер ол кандидаттардың біреуі туралы жариялағысы келсе, басқалар туралы да жазуы керек. Бірақ кандидаттардың бәрі соны пайдаланады деген сөз емес. Бастысы, ол туралы БАҚ өзі хабарлауы керек. Қандай шарттармен, қандай көлемде және басқа да мәселелер бойынша үгіт-насихат ұсынылады, — деді Зәуреш Баймолдина.
Зәуреш Баймолдина алдағы сайлауға шетелден және халықаралық ұйымдардан қатысатын байқаушылар туралы да айтты. Олар 3 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін аккредиттеледі.
13 мамырда Орталық сайлау комиссиясы «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, жақында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында 22 байқаушы аккредиттелді. Осылайша бүгінге дейін 67 халықаралық байқаушы тіркеліп отыр.