Бұл жолғы басқосу «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы» тақырыбымен өтеді. Форум қонақтарының ішінде CGTN және ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы, танымал кинорежиссер Сергей Бодров және тағы басқа мамандар бар.

Биылғы пленарлық отырыс төмендегі тақырыптар бойынша ұйымдастырылады: «Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеп жатыр», «Тұтыну дағдарысы», «Массмедианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?» «АІ дәуірі: адамзаттың құлдырауы әлде гүлденуі?», «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі», «Блогерлер: виртуал әлемнің жаңа рок-жұлдыздары ма?», «Заңсыз-заңды: марихуана қолжетімді!».

Сонымен бірге жиын барысында «Орталық Азиядағы аймақтық интеграция» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Онда сарапшылар Орталық Азия елдерінің жаңа бірлестігінің болашағына көзқарасын білдіреді.

Форумға 19 елден спикер, мемлекет қайраткерлері мен айтулы сарапшылар қатысады. Атап айтқанда, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Ресей, Грузия, Польша, Украина, Австрия, Қытай, Эстония, Словения, Сент-Винсент және Гренадина, Ливан, Андорра, Найроби, ОАР, БАӘ өкілдері болады. Олардың ішінде:

  • Томас Хендрик Ильвес (Эстония) — эстон саясаткері, Эстония Президенті (2006-2016 жж.);
  • Роберт Джеймс Вулси — Орталық барлау басқармасының басшысы (1993-1995 жж), қуатты сақтау жөніндегі сарапшы, Genie Energy Ltd. стратегиялық кеңесшісі, Siva Power, Inc. директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Уэйн Кертис Уэлдон (АҚШ) – конгрессмен, Пенсильвания округы атынан республикашыл партия өкілі (1987-2007 жж.);
  • Сергей Бодров (Ресей) — кинорежиссер, сценарист, продюсер;
  • Мартин Форд (АҚШ) — футурист, «Машиналар көтерілісі», «Зерттеу авторлары — жасанды ақыл-ой жасаушылар шындығы» кітаптарының авторы;
  • Михаил Гусман (Ресей) – журналист, ТАСС бас директорының бірінші орынбасары;
  • Дмитрий Гордон (Украина) — журналист, «Гордон бульвары» газетінің бас редакторы, «ГОРДОН» интернет-басылымының негізін салушы;
  • Андрес Ильвес (Оңтүстік Африка) — тәуелсіз журналист, Ilves International бас директоры;
  • Стивен Коул (Ұлыбритания), CGTN бағдарламасының авторы және жүргізушісі;

Алдағы конференцияда әлемдік және аймақтық деңгейдегі көкейкесті мәселелер талқыланады. Күн тәртібінде жаһандану мәселесі, әсіресе, өзекті тұтыну дағдарысы, сонымен бірге халықаралық құқық проблемелары мен жасанды ақыл-ойды кеңінен пайдаланудан туындайтын сын-қатерлер айтылады. Форум аясында медиа саладағы кәсіби тақырыптар, атап айтқанда, журналистиканың цифрлық дүинедегі келешегі мен блог жүйесі ықпалының күшеюі де сөз етіледі.

Еуразия медиафорумының (ЕАМФ) басты мақсаты — Орталық Азиядағы жетекші әрі тәуелсіз диалог алаңы ретінде Қазақстан, Еуразия және бүкіл халықаралық қауымдастықты толғандыратын геосаяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың пікірталасына жағдай жасау.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!