Жеңіс күні мерекесінде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктері 9 мамырда және одан кейінгі күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Антициклон мен оңтүстік-батыс тропосфера ағындары 9 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күннің жылы және жауын-шашынсыз болуына ықпал етеді. Кейінгі үш тәулікте де республика аумағындағы ауа райында күрт өзгерістер болмайды. Батыс облыстарда күндіз ауа температурасы 30-38 градусқа дейін жоғарылап, найзағай ойнайды, өткінші жаңбыр жауады, — делінген мамандардың 9-13 мамыр күндеріне жасаған болжамында.

Синоптиктердің мәліметінше, 10-13 мамыр аралығында оңтүстік және орталық аймақтарда да күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Аптаның соңында суық атмосфералық фронтпен және Кар теңізінде қалыптасқан антициклонмен бірге солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.