Басылым сайты мұны 16 қыркүйек күні жазды деп хабарлайды egemen.kz. Футболдағы басты жекелей марапатты тапсырудың жаңа ережелері журналдың 20 қыркүйек, сейсенбі күні шығатын нөмірінде кеңінен жазылады.
ФИФА-ның «Алтын добы» — жылдың қорытындысы бойынша үздік футболшыға тапсырылатын жүлде. Награда 2010 жылы France Football версиясы бойынша анықталатын «Алтын доп» және «ФИФА-ның жыл ойыншысы» атты екі жүлденің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Содан бері жеңімпаз француз басылымы журналистерінің, жаттықтырушылар мен ұлттық құрамалар капитандарының дауыс берулері жолымен анықталып келді.
Айта кетейік, «ФИФА-ның алтын добы» жүлдесін соңғы рет «Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Месси жеңіп алған еді. Ол бұл атаққа 2009-2012, 2015 жылдары бес рет ие болды. Үш марапатты Мадридтің «Реал» командасының форварды Криштиану Роналду (2008, 2013, 2014), голландиялық шабуылшылар Йохана Кройфа (1971, 1973, 1974) пен Марко ван Бастена (1988, 1989, 1992), сондай-ақ, француздың жартылай қорғаушысы Мишель Платини (1983-1985 ж.) алған.
France Football — француздың 1946 жылдан бері сейсенбі және жұма күндері шығып келе жатқан футбол тақырыбындағы журналы. Басылым «Алтын доп» жүлдесін 1956 жылдан бері тапсырып келеді. Биыл жүлденің тағайындалғанына 60 жыл толып отыр.