Басты бет Жаңалықтар Көпбалалы отбасылар 2020 жылдан бастап салықты аз төлейді

Көпбалалы отбасылар 2020 жылдан бастап салықты аз төлейді

Көпбалалы отбасылардағы ата-аналардың екеуіне 282 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жиынтық салық шегерімдері қарастырылады.

Фото: Еgemen.kz

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасылар үшін жаңа салық жеңілдіктері енгізіледі. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасындағы ата-ананың біріне ай сайын 23 АЕК, отбасындағы әр ата-ана үшін 12 АЕК салық шегерімдері беріледі, белгіленген күнтізбелік жыл үшін екі ата-анаға берілетін жиынтық салық шегерімдері 282 АЕК-ден аспайтын мөлшерде болады.

Аталған өзгертулер 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 2020 жылдың 1 қаңтарында тоқтатылатын 347-бабында қарастырылған.

Көпбалалы отбасылар үшін салық шегерімдері жеке тұлғада күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған төрт немесе одан да көп бала болған жағдайда қолданылады, бұл жағдай балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен расталуы қажет.

Сонымен бірге Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін салық шегерімдерін қолдану туралы жеке тұлғаның өтінім нысаны бекітілді. Ол жұмыс берушіге (салық агентіне) ұсынылуы қажет.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version