Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айтты

"Шереметьево" әуежайында Sukhoi Superjet 100 ұшағының отқа орануы салдарынан 41 адам опат болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Мұхтар Холдорбеков

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудің «Шереметьево» әуежайындағы апатқа байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек жазылып, отбасыларына оралуына тілектеспін, — делінген жеделхатта.

5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскіге бағыт алған Sukhoi Superjet 100 ұшағы көкке көтерілгеннен кейін 28 минуттан соң әуежайға қайтадан оқыс қонды. Қону кезінде көліктің тіреулері сынып, двигателі өртенген. Ұшақтағы өрт салдарынан 41 адам қаза тапты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version