Шараны салтанатты түрде Астана әкімі Әсет Исекешев пен Мәскеу Үкіметі министрі, Мәскеу қаласы сыртқыэкономикалық және халықаралық байланыс департаментінің басшысы Сергей Черемин ашты.
Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында ҚР Халық әртістері — Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы, «Славянский базар — 2015» байқауының жеңімпазы Димаш Құдайберген, Бүркіт пен Аиша, «Музарт», «Формат», «Ринго» топтары өнер көрсетті.
Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрі, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Тұран» эстарадалық-фольклорлық ансамблі мен «Серпер» домбырашылар ансамблінің сүйемелдеуімен «Наз» мемлекеттік би театры мен «Шалқыма» халық би ансамблінің ұжымы қазақ халық билерін орындады.
Қазақстандық әзіл-сықақшылар мәскеулік көрермендерге заманауи қазақстандық сатирамен таныстырды.
Сахнаға «А-Студио» тобының шығуы да халыққа ерекше әсер сыйлады.