Оның өмірінде музыка ерекше орын алады. Меццо-сопрано дауысты Дариға Назарбаева Әлібек Дінішевке сабақ берген опера педагогы Надия Шариповадан тәлім алған. Дегенмен Дариға Назарбаеваның консерваторияда білім алуына әкесі қарсы болған. Осылайша ол кәсіби музыкант атана алмады, бірақ вокал өнерінен қол үзген жоқ, үлкен сахнаға да шықты. Еліміздегі классика концерттері мен фестивальдерде өнер көрсетті. Мәскеуде де концерт берді. Филипп Киркоров, Валерий Меладзе, Николай Басков сияқты артистермен бірге ән шырқады. Дариға Назарбаева орындаған бірнеше әнді назарларыңызға ұсынамыз.
Nella Fantasia: Дариға Назарбаева айтқан әндер

