«АТФБанктен» ай сайынғы ең аз төлеммен берілетін кепілсіз несиені енді «Қазпошта» бөлімшелерінен алуға болады.
Несиенің қиын жағдай туындатпай, керісінше, пайдалы әрі ыңғайлы болуы мүмкін бе? Енді мүмкін! «АТФБанктің» кепілсіз несиесін «Қазпоштаның» 800-ден астам кез келген бөлімшесінен алуға болады.
Ай сайынғы ең аз төлеммен берілетін несие
Тұтынушылық несие беру — ақшаны тез арада алудың барынша қолжетімді мүмкіндіктерінің бірі. Несиенің бұл түрі қаражат шұғыл қажет жағдайда өте ыңғайлы. Қала тұрғындарының несие алуға мүмкіндігі мол. Сонымен қатар енді Қазақстанның ең шалғай елді мекендерінің тұрғындары банк бөлімшелерін іздеп, облыс орталықтарына бармай-ақ, қажет ақшасын сол жерден және дәл сол уақытта ала алады.
Қазіргі уақытта кепілсіз несиені оңай алуға болатыны белгілі. Бірақ адам әлеуметтік жағдайына әділ қарай білуі тиіс. Өйткені несиені өтеу үшін табысыңыздың бір бөлігін ай сайын банкке беріп отыруыңызға тура келеді. Сондықтан несие бойынша төлем қалтаңыз көтеретіндей, төлеуге шамаңыз келетіндей болуы тиіс. Демек, «АТФБанктің» несиеге қатысты ұсынысы — отбасы бюджеті үшін қолайлы: банк клиенттері үшін несие бойынша төлем барынша төмен.
Қазақстандықтар кепілсіз және кез келген мақсат үшін (мысалы, үйді жөндеу немесе көлік сатып алу, сапарға шығу, оқу, қомақты сауда жасау, мерейтой ұйымдастыру немесе басқа да тұтынушылық мақсаттар үшін) 50 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін несие ала алады.
Өтінім де оңай әрі тез рәсімделеді. Тек ЖСН көрсетілген жеке куәлік қажет.
Қайтарымы жеңіл болатын несие
«Қазпоштада» «АТФБанк» несиесін рәсімдеп және алып қана қоймай, ол бойынша ай сайынғы төлемдерді де енгізуге болады. Мұның өзі шалғай елді мекен тұрғындарының өмірін біршама жеңілдетеді және ай сайын банк бөлімшесіне келуі қажет болмайды.
Ақшаны 12 айдан бес жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Бұл ай сайынғы төлем сомасын өзіңіз белгілеуге мүмкіндік береді. Отбасылық бюджетке түсетін салмақты да азайтады. Бір сөзбен айтқанда, қарызды қолайлы уақытқа дейін алып, ай сайын азырақ сомадан енгізіп отыруға болады. Ал тиімді уақыт келген кезде несиені мерзімінен бұрын өтеу бойынша айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбынсыз тұтастай төлеп тастауға болады (алты айдан кейін).
Ақпаратты 2424 нөмірі бойынша «АТФБанктің» немесе 1499 нөмірі бойынша «Қазпоштаның» байланыс орталығына хабарласып, яки «Қазпошта» бөлімшесінің қызметкерлерінен толығырақ алуға болады.