Басты бетЖаңалықтарАралас жекпе-жек...

Аралас жекпе-жек құрамасы Таиландтағы Азия чемпионатына аттанды

Қазақстанның аралас жекпе-жек (ММА) құрамасы Азияның ашық чемпионатына аттанды. Чемпионат 2019 жылдың 1-4 мамыры аралығында Бангкокта өтеді.

Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, континенттің басты додасында Қазақстан намысын 27 палуан қорғайды. Олардың бәрі — ұлттық чемпиондар.

Командаға іріктеу оңай болған жоқ. Құрамаға кірген спортшылар әуелі өз өңірлерінде, кейін осы жылдың ақпанында республиканың алғашқы біріккен чемпионатында көптеген кездесу өткізді. 230 спортшының ішінен құрамаға ең мықты палуандар — чемпионат жеңімпаздары болған 27 палуан енді. Енді олар Қазақстан фейтерлерінің Азиядағы мықтылар қатарына кіретінін дәлелдеуі керек, — дейді Аралас жекпе-жек ММА-ден Қазақстанның біріккен федерациясының бас директоры Валихан Тен.

Бангкокта 13 елдің спортшылары кездеседі. 15 награда жиынтығы ойнатылады.

Жоспарымыз бойынша кем дегенде 6 алтын медаль алу керек. Дағыстанның мықты палуандарымен келісімге келген Бахрейн құрамасы басты қарсыласымыз болмақ. Қазақстан ММА құрамасы әлемдегі үздіктердің қатарында. Сондықтан басқалар бізбен жекпе-жекке шындап дайындалады, әрбір кездесу шешуші болады. Бірақ біз барлық қиындықпен және кез келген деңгейде дайындалған қарсыластармен күресуге әзірміз, — дейді ұлттық құраманың бас бапкері Баян Жанғалов.

Қазақстан құрамасының спортшылары: Аян Тұрсын (47,6 келі салмақ дәрежесі); Бағдат Жұбаныш, (52,2 келі); Ерұлан Қабдұлов (52,2 келі); Дархан Өмірбеков (56,7 келі); Әділхан Аязбаев (56,7 келі); Олжас Молдағалиев (61,2 келі); Дастан Амангелді (61,2 келі); Анатолий Золотых (65,8 келі); Еламан Шалқымбеков (65,8 келі); Неймат Асадов (70,3 келі); Мәжит Сардаров (70,3 келі); Талшын Жұматаев (70,3 келі); Жан Кенжебаев (77,1 келі); Айдын Төлепбаев (77,1 келі); Александр Вал (83,9 келі); Мәди Досмұхаметов (83,9 келі); Серік Әбіров (93 келі); Зелемхан Хумаидов (93 келі); Александр Дя (120,2 келі); Эльдар Кударов (120,2 келі); Расул Хатаев (120 келіден жоғары); Үкілай Ахметуәли (47,6 келі); Шынар Жүсіпова (52,2 келі); Нұржамал Садықова (52,2 келі); Толқын Дәуренбекова (56,8 келі); Сора Рахмонова (61,2 келі); Антонина Котляревская (63 келі).

Айта кетейік, «Аралас жекпе-жек ММА-ден Қазақстанның біріккен федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2018 жылдың 24 желтоқсанында құрылды. Оның құрамына Қазақстан аралас жекпе-жек ММА федерациясы, Аралас жекпе-жек, панкратион және грэпплинг ұлттық федерациясы мен NOMAD ММА федерациясы кіреді. Жаңа ұйымды Ғалымжан Есенов басқарады.