Басты бетМедицинаАсқар Мамин...

Асқар Мамин Нұр-Сұлтандағы емхананың қалай цифрланғанын көрді

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Мамин ересектер, балалар және оңалту бөлімін, амбулатория хирургиясын, қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту орталықтарын тексерді, бұл бөлімдерде денсаулық сақтау саласындағы соңғы цифрлық шешімдер пилот ретінде енгізілген.

Цифрланған қызметтер — пациенттер ағынын реттеу мен шұғыл медициналық көмекті бірінші кезекте көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің кіріктірілген ақпараттық жүйесі, қағазсыз медициналық құжаттар, электрон денсаулық паспорттарының Triage-жүйесі. Тұрғындармен кері байланыс орнату үшін дәрігерлердің жұмыс сапасын бағалайтын мобайл қосымша іске қосылған. Цифрландырудың нәтижесінде емханада кезекке тұру 60%-ға азайған.

Премьер-министрге бастапқы медициналық-санитарлық көмек беретін медициналық ұйымдар желісін құру жобасы да таныстырылды. Биыл Нұр-Сұлтанда 11 қосымша медициналық ұйым ашылғалы отыр.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік саясатын іске асыру аясында биылғы 1 маусымнан бастап учаскелік дәрігерлердің жалақысы 224 мың теңгеге дейін, орташа медициналық персоналдың жалақысы 163 мың теңгеге дейін ұлғаятынын айтты.