Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтандағы өрт...

Нұр-Сұлтандағы өрт кезінде 26 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтанда жатақханадағы өрт салдарынан барлығы 26 адам зардап шекті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт Ж.Досмұxамедұлы көшесі 4-үй мекенжайындағы жатақxанада 2 мамыр күні таңертең шыққан. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалын 5 қабатты жатақхананың 2-қабатындағы 18 шаршы метр бөлмені шарпыған.

Өртке қарсы қызмет бригадасы оқиға орнына сағат 10.39-да жетіп, жалынды 11.15-те ауыздықтады. Тілсіз жаудан барлығы 26 адам зардап шеккен, оның 14-і — бала. Олар ауруханаға жатқызылды. 12 ересек адамның төртеуі медициналық көмектен бас тартты.

Зардап шеккендердің диагнозы — газдан улану. Қазір олардың жағдайы орташа деп бағаланып отыр, — деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов оқиға орнына барып, тұрғындардың хал-жағдайын білді. Оларға жан-жақты көмек беру мен өрттің шығу себебін анықтауды және арнайы комиссия құруды тиісті мекемелерге тапсырды.

Жатақханадағы өрт кезінде жедел медициналық көмектің 14 және төтенше жағдайлар департаментінің 2 бригадасы жұмыс істеді.

Интернетте оқиға орнынан түсірілген видеолар жарияланды.