Басты бет Жаңалықтар Қазақстан ЕАЭО жоғары органына төрағалық етеді

Қазақстан ЕАЭО жоғары органына төрағалық етеді

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Қазақстанның 2016 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске төрағалық етуі туралы шешім жобасын мақұлдады.  

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеудегі ЕАЭО мүше елдердің экономикалық интеграциясына қатысты қырыққа жуық құжат талқыланған ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты. «Атап айтқанда, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және ЕЭК кеңесінде төрағалық етуі туралы Жоғары Еуразиялық кеңес шешімінің жобасы мақұлданды», — делінген хабарламада.

Еуразиялық экономикалық кеңес — ЕАЭО жоғары органы, оның құрамына одаққа мүше мемлекеттердің президенттері кіреді. Қазір Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына Ресей, Армения, Белорусия, Қазақстан мен Қырғызстан кіреді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version