Қазақстан ЕАЭО жоғары органына төрағалық етеді

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеудегі ЕАЭО мүше елдердің экономикалық интеграциясына қатысты қырыққа жуық құжат талқыланған ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты. «Атап айтқанда, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және ЕЭК кеңесінде төрағалық етуі туралы Жоғары Еуразиялық кеңес шешімінің жобасы мақұлданды», — делінген хабарламада.

Еуразиялық экономикалық кеңес — ЕАЭО жоғары органы, оның құрамына одаққа мүше мемлекеттердің президенттері кіреді. Қазір Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына Ресей, Армения, Белорусия, Қазақстан мен Қырғызстан кіреді.