Басты бет Жаңалықтар Қанат Ислам WBA рейтингінде төменгі орынға сырғыды

Қанат Ислам WBA рейтингінде төменгі орынға сырғыды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингі жарияланды. Қанат Ислам WBA рейтингісінде бесінші орынға төмендеді.

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл туралы sports.kz хабарлайды. Рейтинг бойынша, бірінші орта салмақтағы (69,9 келіге дейін) боксшымыз Қанат Ислам төртінші орыннан бесінші орынға сырғыды.

Айта кетейік, Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Патрик Аллотеймен жұдырықтасады. Жекпе-жек 29 қазанда Алматы қаласында өтеді!

Қанат Исламның қарсыласы Ганалық Патрик Аллотей(Patrick Allotey). Кәсіпқой бокста «Улы жебе» лақап атымен танылған боксшы осы уақытқа дейін 36 кездесу өткізген. 2 рет жеңіліп, 34 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 24 кездесуінде қарсыласын нокаутпен ұтқан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version