Басты бетЖаңалықтарСолтүстік, орталық...

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады

1 мамырда еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстікте, орталықта және шығыста қар жауады, түнде сынап бағанасы 7-8 градус аязды көрсетеді. Өңірлерде тұман түседі, жел күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, температура түнде 3 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 20 градус жылыға дейін көтеріледі. Еліміздің батысында күн ашық болады, ауа температурасы 10-20 градус жылыға дейін жоғарылайды.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, дауыл тұрады, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, ауа температурасы түнде 8 градус аязға дейін, күндіз 8 градус жылыға дейін төмендейді.

Қарағанды облысында да тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады, жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, өңірдің кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түседі, Ақмола облысында көктайғақ болады. Жамбыл облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар.