Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда Нұркент деген жаңа қала салынады

Қазақстанда Нұркент деген жаңа қала салынады

Алматы облысына жұмыс сапарының аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан тұрғызылып жатқан Нұркент қалашығын аралады. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайтында хабарланды.

Елбасы «Қорғас — Шығыс қақпасы» экономикалық аймағының ел дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті. Сондықтан осы аймаққа жаңадан Нұркент қалашығын салу жоспарлы түрде жүзеге асып жатыр.

Жаңа қалашықтың ауданы 300 гектар. Құрылысы 2020 жылы аяқталады деп жоспарланғанНұркент 100 мың адамға арналған.

Айта кетейік, жаңа қалашық теміржолшыларға арнап салынып жатыр. Бүгінде онда мектеп, балабақша және өзге де әлеуметтік нысандар тұрғызылып үлгерген.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version