Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы тұрғындарымен кездеседі

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы тұрғындарымен кездеседі

Қазақстан Президенті жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездеседі. Сонымен бірге 1 мамыр мерекесіне арналған іс-шараларға қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Мұхтар Холдорбеков

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Қазақстан Президенті жұмыс сапармен Алматыға келді. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысанды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесуі жоспарланған, — деп жазды ол.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға да қатысады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version