Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Өзбекстанмен арадағы тауар айналымы 16%-ға артты

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылын ашып берді. Фото: Аkorda.kz

Еnergyprom.kz мәліметінше, Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған экспорт 29,6%-ға артып, 353,4 миллион доллар болды. Экспортталатын негізгі тауарлар — бидай және бидай мен қарабидайдың қоспасы (72,2 миллион доллар, бір жылда 26,8%-ға көп), шикі мұнай мен мұнай өнімдері (35,8 миллион доллар, 3,4 есе көп) және темірдің немесе қоспасыз болаттың жартылай фабрикаты (27,6 миллион доллар, 28,1%-ға көп).

Өзбекстан импорты, керісінше, 80,1 миллион доллар болды, бұл — былтырғы қаңтар-ақпанға қарағанда 19,4%-ға көп. Негізгі импорт — қорғасын кені мен концентраты (14,1 миллион доллар), бастапқы формадағы этилен полимері (10 миллион доллар), жүзім мен кептірілген жүзім (4,8 миллион доллар).

Еnergyprom.kz сарапшыларының болжамына қарағанда жуырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған сапары кезінде қол жеткен келісімдерден соң екі ел арасындағы тауар айналымы тағы өсуі мүмкін. Қазақстан басшысының айтуынша, 2020 жылға қарай өзара сауда айналымын 5 мың долларға жеткізу көзделіп отыр. Шекарада Сауда-экономика ынтымақтастығының халықаралық орталығын салу мәселесі де қарастырылып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version