Көше құрылысына бюджеттен 1 миллиардқа жуық теңге бөлінеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Олардың сегізі орташа жөндеуден кейін жаяужүргінші жолы мен жарықшамы бар көшеге айналады.Үш көшеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Көксу ауданында 41 мың тұрғын, 34 елдімекен бар. Ондағы ішкі жолдарлың ұзындығы — 230 шақырым. Ал ауданды кесіп өтетін жолдардың 204 шақырымы облыстық және 56 шақырымы республикалық маңызы бар жол.
Аудандағы ішкі жолдарды жөндеуге ерекше мән беріп отырмыз. Бұрын көп болса 5-6 жолды жасауға мүмкіндік болған. Қазір басқа аудандармен салыстырғанда біздегі жолдар жаман деуге келмейді. “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында ауылдадардағы ішкі жолдарға жергілікті бюджет есебінен жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Оған арнайы республикалық бюджеттен ақша бөлінеді. Бұрын бізде жөндеу жұмыстары болмаған, яғни, оған қаражат қарастырылмаған болатын. Қазір ондай мәселе жоқ. Барлық деңгейдегі жолдарға мүмкіндігінше қаражат қарастырып, жөндеп жатырмыз”, — дейді Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ.
Аудан республикалық маңызы бар күре жолдың бойында орналасқандықтан үлкен жолдардың бәрі күрделі жөндеуден өткен.Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде Мұқаншы (3 миллион теңге), Айнабұлақ (1 миллион теңге) және Қаблиса ауылдық округтеріндегі көшелерге жөндеу жүргізілмек. Қалған ауылдардағы ішкі жолдарды қиыршық таспен жауып, келер жылы асфальт төсеу жоспарланған.