Абай Сарқұлов «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Абай Сарқұлов 1981 жылы туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетін банк ісі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Банк Тұран Әлем» АҚ филиалында бастаған. Алматы мен Астанадағы екінші дәрежелі банктерде жұмыс істеген. 2007 жылы «Қазақстанның даму банкі» АҚ жобаларды несиелендіру департаментінің инфрақұрылым жобаларын несиелендіру басқармасының менеджері болды. 2014 жылы акционерлік қоғамның басқарушы директоры, 2016 жылы басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдың ақпанынан бері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басшысы болып қызмет атқарды.