Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына аттанды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына аттанды

Қасым-Жомарт Тоқаев Семей мен Өскемендегі әлеуметтік нысандар мен өнеркәсіп орындарын аралайды және өңірдегі жұртшылық өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Семейде. Фото: Facebook.com/AkordaPress

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен аттанды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Оның мәліметінше, Президент Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семейден бастады.

Сапар аясында Мемлекет басшысының Семей мен Өскемендегі бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысанды аралап көруі жоспарланып отыр. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-мәдени бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, облыстың жұртшылық өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен және жастармен жүздеседі, — деп хабарлады Берік Құрманғали.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version