Талдықорғанда 16 қабатты үш тұрғын үй пайдалануға беріледі

Олардың кейбірі салымшы ретінде тіркелсе, қалғандары «7-20-25» бағдарламасы аясында баспаналы болады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл пайдалануға берілетін нысанның сыртқы келбеті әрленіп жатыр. Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Тұрыспаевтың айтуынша, олардың құрылысы 2017 жылы басталған.

Құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жасалып жатыр. Бүгінгі таңда Талдықорған қаласы бойынша «7-20-25» бағдарламасы бойынша 375 пәтерге бюджеттік өтінім берілген, — Ержан Тұрыспаев.

Алматы облысына  «Нұрлы жер» бағдарламасымен 19,1 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оған 333 тұрғын үй салынып жатыр.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 79,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр. Оның 42 мыңы, яғни, 458 пәтері несиелік, қалғаны 405 пәтері арендалық. Сонымен бірге 62 коммуналдық пәтерді тапсыратын боламыз, — дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Дәурен Жолжанов.

Биыл облыста көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесіне де көңіл бөлінген. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 5,6 миллиард теңге бөлініп, алтын, күміс алқа иелеріне баспана беру жоспары бар.