Басты бет Жаңалықтар «Қазгидромет» 26 сәуірде ауа райы жайсыз болатынын ескертті

«Қазгидромет» 26 сәуірде ауа райы жайсыз болатынын ескертті

26 сәуірде еліміздің көп бөлігінде тағы да жаңбыр жауады, орталық өңірлерде нөсер жауады, оңтүстік-батыста күн ашық болады. "Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, республика аймақтарында тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Бірнеше өңірде су тасқыны қаупі бар. 

Фото: Images.cdn.impresa.pt

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірлерде ескерту жарияланды. Атап айтқанда, Қызылорда облысында 15-20 м/с жел соғады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Павлодар, Қарағанды облыстарында жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соғатын 15-20 м/с жел солтүстік-батысқа ауысса, Қостанай облысында жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, солтүстік-батыстан, батыстан 25 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 5 градус аязға дейін төмендейді, өңірде Есіл суының деңгейі көтерілуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады, нөсердің салдарынан өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан облыстарында да жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Түркістан облысында 2 градус үсік болады, өңірде Сырдария суы қауіпті деңгейге жақындауы мүмкін. Жамбыл, Алматы облыстарында тұман түседі, Алматы облысында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін. Ақтөбе облысында 16 м/с жел соғады. Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні болуы мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version