Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Сенат Жоғарғы соттың бес судьясын қызметінен босатты

Фото: Ya-profi.ru

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының бес судьясы қызметінен босатылды.

Ғалия Аққуова, Әділ Құрықбаев, Амангелді Сәрсенбаев,  Моряк Шегенов отставкаға кетті, Еліс Әбдіқадыров басқа лауазымға тағайындалды.

ҚР Президентінің жарлығымен Еліс Әбдіқадыров Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа толуына Ғалия Аққуова, Әділ Құрықбаев, Амангелді Сәрсенбаев пен Моряк Шегенов отставкаға кетті, — деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Дауыс беруден кейін Сенат депутаттары судьяларды қызметтен босату туралы шешімді қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version