Басты бетЖаңалықтарВиктор Орбан...

Виктор Орбан Нұрсұлтан Назарбаевты Мажарстанға шақырды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.

Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

Сіз біздің елге өте ер екше кезеңде келіп отырсыз. Қазақстанның Мажарстанға және Өзіңізге деген ілтипаты зор. Сіз өзіндік ұстанымыңыз бар Еуропа саясаткерісіз, — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Виктор Орбан тыныштық пен тұрақтылық жағдайында жүзеге асырылған Қазақстандағы билік сабақтастығына жоғары баға берді.

Сіз осындай күрделі үдерісті тұрақтылық жағдайында іске асырдыңыз. Мұны жүзеге асыру оңай емес. Адамдар үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты арта түседі. Сондықтан мен Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз Сізді Мажарстанның нағыз досы санаймыз. Сондықтан біздің елге шақыруымды қабыл алсаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді, — деді Мажарстанның Премьер-министрі.