Бұл туралы министр мәжiлiсте «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асу барысына арналған үкiмет сағатында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
«ҰЭМ алдына мемлекеттiк борыштың өсуiне жол бермеу мiндетiн қояды. Бүгiнгi күнi Қазақстанның мемлекеттiк борышы әлемнiң басқа елдерiмен салыстырғанда төмен деңгейде. 2016 жылдың 1 шiлдесіндегi жағдай бойынша жиынтық мемлекеттiк борыш 10,9 трлн теңгеге жетті. Бұл – 2016 жылғы ЖIӨ-ге шаққанда 24,6 пайыз, оның iшiнде iшкi борыш ЖIӨ-ге шаққанда 13,5 пайыз және сыртқы борыш ЖIӨ-ге шаққанда 11,1 пайыз», — дейдi министр.
Оның айтуынша, 2017-2019 жылдары мемлекеттiк борышты қолайлы деңгейде ұстап тұру үшiн республикалық бюджет тапшылығын 2017 жылы 1,2 пайызға, 2019 жылға қарай 1,0 пайызға дейiн төмендету жоспарланып отыр.