Шымкент қаласының әкімі АҚШ консулымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Америка құрама штаттарының Алматыдағы бас консулы Марк Муди, саясат және экономика бөлімінің консулы Тимоти П. О’ Коннормен кездесті.

Қос тарап әңгімелесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас туралы пікірлесіп, ой бөлісті. Кездесуде қала әкімі америкалық делегаттарға жаңа заман талабына сай құрылатын «Shymkent Сity»  заманауи тұрғын-үй ауданының жобалық сызбасымен таныстырды.

Америкалық қонақтар шаһардың болашақ экономикалық даму бағытына оң баға беріп, қаланың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы бірқатар жобаларға қызығушылық танытты. Бас консул Марк Муди қос елдің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие екендігін айтып өтті. Қала басшысы шаһардың білім саласындағы жетістіктеріне тоқталып, әлемдік экономикадағы іскерік қарым-қатынастарда кеңінен қолданылатын ағылшын тілінің білім ұяларында тереңдетіп оқытылуы керектігін айтып өтті. Өз кезегінде, қонақтар қалада бой көтеретін халықаралық үлгідегі аквапарк пен «Дисней Ленд» жобасына өз тарапынан қатысуға дайын екендігін жеткізді.

 

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда қанша шетел көліктері заңдастырылды?

Ішкі істер министрлігі екі айда заңдастырылған шетел көліктерінің санын жариялады.

Qnet қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша күдікті ұсталды

Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқару дерегі бойынша күдікті ұсталды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. 

Жаңадан сайланған мәжіліс депутаттары ант берді

VIII сайланған мәжілістің жаңа депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

«Қазақстанның халық әртісі» атағы қайтарылады

Мемлекет басшысы мәдениет саласындағы саясатты жан-жақты ойластырып жүргізу керек екенін айтты. Қазір бұл саланы өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатыр.

Мәжіліс төрағасының орынбасарлары сайланды

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасының екі орынбасары сайланды.

TikTok-та Наурыз туралы видеороликтер 120 миллион рет қаралды

TikTok платформасы #Наурыз2023 онлайн-фестивалін қорытындылады. Шара платформа қауымдастығында айрықша назарда болып, хэштег бойынша контент 120 миллионнан аса рет қаралды. TikTok-тағы алғашқы онлайн-фестиваль мәдениет және...