Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтанды дамыту жоспарымен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтанды дамыту жоспарымен танысты

Тұңғыш Президент құрылыс салуда әлемдік тәжірибе мен қала құрылысындағы заманауи трендтерді ескеру керек екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев бас қаланың даму жоспарымен танысты. Фото: Аkorda.kz

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевты қаланы одан әрі дамыту және қала құрылысын жүргізу жоспарымен таныстырды.

Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және оларға әлеуметтік инфрақұрылымды қолжетімді етудің маңызын айтты.

Тұңғыш Президенттің айтуынша, Нұр-Сұлтанда құрылыс салуда әлемдік тәжірибе мен қала құрылысындағы заманауи трендтерді ескеру керек. Ол қаланы газбен қамту мен қала көшелерін көгалдандыра түсу үдерісіне ерекше тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев қала көшелеріндегі көлік жүктемесін азайту, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру, экология проблемаларын шешу мен Ботаника саябағын дамыту қажет екенін де айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version