Нұрсұлтан Назарбаев: Бұл шешімге үш жылдан астам уақыт дайындалдым

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде президенттік өкілеттілігін тоқтатуға қалай дайындалғанын айтты.

Мен саналы шешім жасадым. Ондай шешімдер бір күнде қабылданбайды. Бір ай да аз. Мен осы шешімге бірнеше жыл дайындалдым. Құпиясын ашсам, үш жылдан астам уақыт дайындалдым. Бәрін жан-жақты зерделедім. Болашақты бағамдап, өткенді сараладым. Серіктестерімнің кадрларына зер салдым. Осы уақытқа дейін бәрін тәрбиелеп, әрбіреуіне сенім арттым. Сөйтіп осындай шешімге келдім. Осы шешім дұрыс деп білемін. Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде сайлайық та, оған қолдау көрсетейік. Мен осы уақытқа дейін халықтың сенімін ақтасам, мен бақытты адаммын, бақытты саясаткермін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Nur Otan партиясының төрағасы съезде Президент сайлауына партияның атынан қатысуға кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынған еді. Съезд делегаттары бұл кандидатураны бірауыздан қолдады.

ДереккөзInform.kz