Басты бет Жаңалықтар АҚШ-тың Нью-Джерси штатында тағы бір жарылыс болды

АҚШ-тың Нью-Джерси штатында тағы бір жарылыс болды

Жарылыс Нью-Джерси штатындағы теміржол вокзалында болды. Құқық қорғау органы қызметкерлері бұл жерден күдікті құрал байқап қалған. Алайда, алдын алып үлгермеді,-деп хабарлайды РИА Новости. 

© AP Photo/ Matt Rourke

Құқық қорғау органдары күдікті түйіншекті Нью-Джерсидегі Элизабет қаласы теміржол вокзалынан тапқан. Осыған байланысты пойыздар қозғалысы шектелген еді. Қала мэрінің айтуынша, екі ер адам қоқыс жәшігінен бомба көріп, полиция шақырған. Ол жергілікті уақыт бойынша 21:30 шамасы болатын.

Жарылыс дүйсенбі күні жергілікті уақтыпен 00:40-та (Астана уақытымен 10:40) болған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

CNN арнасының хабарлауынша, «бомбаны құқық қорғау органдары жарған». Оқиға болған жерде қазір Федералды тергеу бюросы жүр.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарында үлкен жарылыстар болған еді. Полицияның мәлімдеуінше, Нью-Йорктегі жарылыстан 29 адам зардап шеккен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version