Басты бетЖаңалықтарАстанада 6 жастағы баланы жүк көлігі қағып кетті

Астанада 6 жастағы баланы жүк көлігі қағып кетті

Астанада әл-Фараби көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласында 6 жастағы баланы жүк көлігі қағып кетті. Бұл туралы Астана қалалық ПД хабарлап отыр.

Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Dongfeng маркілі көлік жүргізушісі әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен манвер жасап, 6 жастағы велосипед мінген баланы қағып кеткен, — делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан бала ауруханаға жеткізіліп, онда ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да