Басты бетЖаңалықтарДоллар 517–523 теңгеден саудаланып жатыр

Доллар 517–523 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517–523 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 31 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 519,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,31 теңге. Еуро — 540,05.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,9 теңге. Еуро 539—544 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517,7 теңге, сатып алу құны — 523 теңге. Еуро 538,5 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17-5,28 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ