Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
