Басты бет Мақалада Оңтүстік Қазақстан

Ілмек: Оңтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылады және шығысында – Жамбыл, солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Кызылорда облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстанмен шекаралас жатыр. Облыс аумағы – 117,3 мың шаршы шақырым, мұнда 2,5 млн. шамасында халық тұрады.
Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына 4 – облыстық, 4 – аудандық бағыныстағы қалалар, 11 ауылдық аудандар кіреді. Қала халқының үлес салмағы – 36,8 пайыз. Облыс орталығы – Шымкент қаласы.

Аумақ – барит, көмір, темір және полиметалл рудаларына, бентонитті саз балшыққа, вермикулит, тальк, әк тас, гранит, мрамор, гипске, кварцтық құм сияқты пайдалы қазбаларға бай. Облыс уран қоры бойынша республикада – бірінші, фосфорит пен темір рудасы бойынша – үшінші орынды алады.

Облыста жалпы ұзындығы 444,6 шақырым, екі бағыттағы темір жол, 5,2 мың шақырым жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бар, оның 5,1 мың шақырымы – қатты төселімдегі жолдар.

Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың шақырым әуе жолында жұмыс жасайды.
Облыс орталығы – Оренбург-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент- Түркістан-Самара автомагистральдары арқылы ыңғайлы байланыс орнатылған.

Пара беру

ҚР Президенті: Жұмысқа тұру үшін пара беру Оңтүстікте ғана бар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысында пара беру ушығып тұрғанына наразылық танытты.
Үсік

28 мамыр: Бірнеше өңірде үсік жүреді

Елдің орталығы мен солтүстігінде қар жаууы ықтимал, елдің өзге аймақтарында жауын-шашын болып, күн күркіреп, жел күшейеді.
ауа райы жаңбыр

24 мамыр: Еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбі күні атмосфералық фронталды ағындардың өтуіне байланысты жауын жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Ауа райы - шаңды дауыл

Шаңды дауылға байланысты бес облыста ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бес облысында дауыл тұратыны жайында ескерту жариялады.
Ақмешіт үңгірі

Оңтүстік Қазақстандағы Ақмешіт үңгірін неге киелі деп санайды?

Оңтүстік Қазақстанда Ақмешіт үңгірі деп аталатын киелі жер бар. Мұнда келушілердің қарасы қысы-жазы үзілмейді.
Үшем

Оңтүстік Қазақстанда биыл төртінші үшем өмірге келді

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы да үшем дүниеге келді.
Тұмау

Оңтүстікте вирусты инфекция маусымы басталды

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында тұмаудың RS вирусы, парагрипп, адане вирустық инфекциялары өршіп тұр.
Саумал орталығы

Оңтүстік Қазақстанда саумалмен емдеу орталығы ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданындағы Ақтас елді мекенінде «Ақкен-Саумал» емдік-сауықтыру орталығы ашылды.
"Ордабасы" футбол клубы

“Ордабасы” футбол клубы жарты миллиардқа сатылды

Оңтүстік Қазақстандағы "Ордабасы" футбол клубы 500 млн теңгеге сатылды. Жаңа қожайын танымал клубты электронды сауда арқылы сатып алды.