Бас бет Авторы Посты от Zangar

Zangar

5728 ПОСТЫ 0 КОММЕНТАРИИ

Wіndows жүйесінің cтандартты программалары

WordPad (Wіndows 3.х) және Wrіte (Wіndows 95) редакторлары күрделі де қиын мәтіндік құжаттарды құруға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған текстік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар.

Сондықтан WordPad (Wrіte) редакторын қысқаша түрде оның тек негізгі жұмыс мүмкіндігімен таныстырамыз.

Wіndows 3.х жүйесінде редакторды іске қосу үшін "Реквизиттер" тобындағы "Wrіte редакторы" шартбелгісін таңдау керек.

Ал, Wіndows 95 жүйесінде – Іске қосу-Программалар-Стандартты- WordPad командасын орындау қажет.

WordPad және Wrіte редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге – ішкі көрінісі мен қаріпті мәтіндік өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.

Осы атап өткен мүмкіндіктердің ішінен біз, келешекте қажет болатын, мәтінді қағазға басып шығару жолын кеңінен қарастырып өтеміз. Wіndows жүйесінің бір ерекшелігі – ондағы кез келген қосымша программадағы тексті қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіні.

Программа терезесінде орналасқан құжатты баспаға шығармастан бұрын, принтер түрін және оның параметрлерін енгізу қажет болады. Бұл жағдайда "Файл-Принтер таңдау" (Файл-Выбор принтера) және "Файл-Баспаға шығару" (Файл-Печать) деген командаларды меню жүйесінен таңдау қажет болады. Бұл командалардың сұхбаттасу терезесінде құжатты басып шығару үшін қолданылатын принтердің аты мен маркасы көрсетіледі. Пайда болған тізімнен өзімізге қажетті принтерімізді таңдауымызға болады және де принтерден басып шығарылатын қағаздың мөлшерін де алдынала белгілеп анықтаған жөн (әдетте, бұл А4 форматындағы 210х299 мм көлеміндегі қағаз).

Егер де сіз Параметрлер батырмасын басатын болсаңыз, онда экранға шығатын сұхбаттасу терезесінде принтерден сапалы басылым шығарудың параметрлерін қолдануыңызға болады.  Принтер түрін және баспаға шығарудың параметрлерін анықтап болған соң, меню жүйесінен "Файл-Баспа" (Файл-Печать) командасын таңдау қажет. Сұхбаттасу терезесінде басып шығару аумағы (құжатты толығымен, құжаттың белгіленген бір бөлігін немесе белгілі бір беттерін басып шығаруға болады) мен оның көшірмесінің саны анықталады.

Бұдан кейін "ОК" пернесін бассақ, онда параметрлері анықталған принтерге экран бетінде алдын-ала дайындалған информация қағазға басылып шығады.

Windows -ң DOS негізіндегі жұмысы

Әрбір DOS-пен және Windows З.х-пен жұмыс істеген адам оның ортақ жері — FAT файлдық жүйесі екендігін біледі. Бірақ қолданушылар үшін бұл жағдай қиындықтар тудырады, өйткені Windows - ң қатты дискпен жұмысы жасауы үшін ол сұранысты DOS - пен біріктірілетін форматта жасап, нақты тәртіпке өтіп, DOS-ң керекті әрекетті орындағаыынша күту керек. Intel процессоры нақты тәртіпте көптапсырмалылық өңдеуші емес. DOS Windows - қа қажетті мәліметті тапқаннан кейін, Windows оны жай жадтан қорғалған тәртіпте қол жеткізуге болатын орынға көшіріп, нақтыдан қорғалган тәртіпке ауысуы керек. 

Windows 3.1 жүйесіндегі 32 разрядты жұмыс

Windows 3.1 жүйесінде жаңа мүмкіндік пайда болды, ол 32 разрядты жұмыс.1 Бұл мүмкіндік жүйе қателіктерінің болу дәрежесінің төмендетіп, оның жалпы жылдамдығын жоғарлаталы.

Қосымша қатты дискке сұраныс жасағанда, Windows сұранысты қабырдап, оны қорғалған жады құраушылармен қанағаттандыруға болатын — болмайтындығын тексереді. Әдетте сұраныстар файл ашуға не белгілі деректер оқуға негізделген. Егер Windows сұранысты қанағаттандыра алмайтын болса, нақты тәртіпке өтеп, DOS жүйесіндегі 21Һ үзіліс өңдеушісіне сұранысты береді. Өңдеуші сұранысты алып, онымен жұмыс істей бастайды, жұмыс барысында 13Һ үзіліске сұраныс беріледі. Жалпы сызбанұсқа көрінісі былайша:21h үзілісі — диспетчер, 13Һ үзілісі — орындаушы. 21Һ бүкіл тарсырманы алып, оны кішігірім фрагменттерге бөледі, фрагментермен 13Һ үзілісі жұмыс істейді. Сонымен, әрбір 21Һ үзілісі 13Һ үзілісінің көп шақырылуын тудыруы мүмкін.

Windows барлық операцияларын бақылайтындықтан ол дисктің барлық сұранысын нақты тәртіпте орындауы міндетті емес. Windows DOS өңдеушісі 21Һ үзілісі 13Һ үзіліске жасаған шақыруын тіркеп, сол сұранысты қорғалған жауаптағы деректер көмегімен анықтауға болатын — болмайтындығын анықтауға болмайды, егер мүмкін болып шықса, Windows нақты тәртіпке оралып, сұранысты — BIOS жүйесі өңдейді. Ол керекті іс әрекеттерді жасағаннан кейін ақпаратты қайта Windows - қа береді, ал Windows оны DOS -қа, DOS-тан Windows-қа содан кейін барып, қайта жібереді. Осы жұмыстың барлығы дисктен бірнеше байтты деректі оқу үшін жасалады.

Төмендегі суретте Windows 3.1х -те қолданылатын 32 разрядтық жұмыс жолы көрсетілген. BIOS жүйесі суретте мүлдем жоқ, өйткені Fast Disk (32 разрядты қорғалған тәртіп драйвері) BIOS жұмысын қорғалған тәртіптің бағдарламалық коды көмегімен атқара алады. Соның нәтежесінде әрбір 13Һ үзілісін шақыру үшіи тәртіпті екі рет ауыстырудың қажеті болмайды, сонымен қатар Windows- та дискпен жұмыстың көптігінде тиімді етіп тапсырмалылық өңдеу мүмкін болады. Сіз DOS пен BIOS-тағы өңдеуге емес, тек DOS-та өңдеуге уақыт жібересіз.Осы қажеттік арқасында белгілі мөлшерде тұрақтылыққа да қол жеткізілуі.

Windows3.ll мен Windows — 3.11 жұмысшы топтары үшіп тағы да жетістік жасалды. 32 разрядты дисктермен жұмыспен қатар бұл версиялар 32 разрядты файлдармен жұмысты да қамтамасыз етеді. Бұл Windows версияларында DOS жүйесінен алынған файлмен жұмыс жолдары қолданылған. Олар файлдарды іздеу жөне сол секілді операцияларды орындайды. Осы механизм арқасында DOS-тағы ауысулар саны азаяды, өйткені файлдық жүйе үшін BIOS - ң қажеттілігі жоқ. Нәтежесі — жылдамдық көрсеткіштерінің есуі, жүйенің тұрақтылығының өсуі.

Бірнеше файлдық жүйелермен жұмыс жасау

Егер бірнеше файлдық жүйелермен жұмыс жасау мәселесі шешілсе, әртүрлі файлдық жүйелердің барлық мүмкіндіктерін толығымен қолдануға болады. Ол үшін дискті бірнеше бөліктерге бөліп, оларды компьютерде орнатылған әрбір ОЖ - ға арнау керек. Бұл жүктелу дұрыс жүруі үшін қажет. Әрбір бөлік үшін белгілі ОЖ- ға сәйкес келетін арнайы файлдар пішіні қолданылады. Осының арқасында ОЖ және оның қосымша бағдарламалары жаңа файлдық жүйе ұсынатын жоғарғы дәрежелі өнімділік пен сенімділікті қолдана алады. Сонымен қатар әрбір ОЖ - ға тән қосымшалардың барлығын арнайы бөліктерге орналастыру керек.

Әрбір ОЖ үшін орын белгіленгеннен кейін орнату керек. Бір ОЖ — ны орнатып болған соң басқаларының қалай жүктелетінін тексеру керек. ОЖ — лар орнатылғаннан кейін, қалған бір бөлікке белгі меншіктеп оған барлық деректер мен қосымшаларды орналастыру керек. Бұл бөлік пішіні FAT болғандықтан, оған барлық ОЖ — лар қол жеткізе алады. Егер сіз Windows 2000,Windows 98 ОЖ — ларын қолдансаңыз, FAT 32 файлдық жүйесін таңдауға болады. Егер ұқыпты жұмыс істелген жағдайда Windows — тың System каталогынан қандай файлдарды қалған System каталогына көшіру керектігі анық болады (System каталогына DLL және VxD файлдарының көпшілігін көшіру керек, кері жағдайда Windows — оны таба алмайды). Бұл шешім өте жақсы емес, дегенмен ол жұмыс істейді.

Мысалы, сізге қазіргі жүйелердің барлығын тексеру керек болса, яғни сіздің компьютеріңізде бірнеше ОЖ орнатылу керек болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген нұсқа Windows 98 не Windows 2000 көмегімен тексеруге ыңғайлы болады.

Ескерту. Partition Magic бағдарламасы әртүрлі типті бөліктердің орнын жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді Ал System Comander бағдарламасы бірнеше ОЖ жағдайындағы жүктелуді жақсы бақылайды.

Төменде әрбір архитектураның элементтерінің әрқайсысының шолуы көрсетіледі.

  • OS/2 қосымшасы мен ішкі жүйесі,РОSIХ қосымшасы мен ішкі жүйесі.Біраз уақыт бұрын Windows2000-ды OS/2 қолдамайтынын Microsoft мәлімдеді.Алайда OS/2 қолдаушысы Windows2000-ды бұрынғысынша символ тәртібінде қолдап тұр.Бірақ та сіз OS/2 жүйесі қолданатын HPFS файлдық жүйесінің қолдауын таппайсыз.Егер сізді мықты Unix қолдауы қызықтырса, Unix ішкі жүйесін қосатын, Unix-тің барлық құрамын: сұлбаларын, қызметтерін және Х11(Х Windows) қолдайтын OpenNT-гe назар аударыңыз.
  • Win32 ішкі жүйесі. Windows2000 өзінің қосымшаларын "клиент/сервер"сызбанұсқасы бойынша қызмет көрсететінін білеміз.Бұл қарым-қатынас Win32 ішкі жүйесі арқылы жасалады. POSIX ортасында файлдармен өзге элементтердің аттары белгілер регисторын есепке алып тракталады. Осы екі белгілік тәртіпте болса да 32 разрядтық ОЖ, осыған байланысты қосымшалардың жауап беруінің әртүрлілігі байқалады.Әртүрлі ОЖ-дың қосымшалардың арасындағы тым үлкен.Өзге жағынан, әртүрлі жүйелердің технологиялардың арасындағы айырмашылықты білген дұрыс.
  • DOS виртуальды машинасы (Virtual DOS Machine,VDM). Windows2000 жүйесі DOS-ң әрбір қосымшасын өзінің меншікті VDM машинасына орналастырады.Сонымен жекеше орта қосымшалары түгелімен әртүрлі орта қосымшаларынан бөлінеді.Бұл жүйенің жоғарғы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін міндетті. Windows 16-разрядты қосымшасы бір VDM машинасын хабарлай қолданады. Windows 2000 жүйесі әрқашан VDM машинасымен бірге 16 разрядты Windows - қосымшаларға қызмет көрсететін Windows- тің 16 разрядтық версиясының көшірмесін жүктейді. Осылайша әрбір қарым - қатынас екі сатымен толықтырылады, оның біреуі VDM — ге сәйкес келеді, ал өзгесі Win32 ішкі жүйсінс сәйкес келеді. Бұл қосымша сатылар қолданушыға білінбейді, ол бұрынғыдай интерфейстерді қолдана алады.
  • Орнатылып жатырған  файлдық  жүйенің диспетчері. (Installable File System, IFS) Бұл файлдық жүйенің ең жоғарғы сатысы. IFS жүйесі қосымшалармен интерфейс құрайтын VxD файлы ретінде жүзеге асырылады.         Қосымшада қандай  интерфейс қолданылатынына қарамастан көрсетілген құрал қосымшаның барлық сұраныстарын қабылдайды. IFS басқаруды сәйкес файлдық жүйе драйверіне берілуін қамтамасыз етеді. (file system driver,FSD) Windows 2000 жүйесі файлдық жүйе драйверінің әртүрлі төрт түрін қолдайды.
  • Файлдық жүйе    драйверінің    дәрежесі    (File    System Driver,FSD) FSD дәрежесіндегі ең көп тараған құрал- NTFS FSD драйвері, бірақ  Windows   2000 біріктірілген  кез  келген  FSD  драйверін  қолдана  беруте болады.  Мысалы,  VFAT,CDFS  немесе    Бұл  VxD файлдар  (Network  FSD-  дан  басқа  драйверлер)  локальді қатты диск сұраныстардың барлығына қызмет етеді.Сәйкес файлдық жүйенің мүмкіндіктерімен қоса, әрбір FSD драйвері қорғалған     тәртіп     мен     файлдардың     ұзақ     аттарын қамтамалайды. Бұл факт - Windows 2000 — ның өзге ОЖ — ден    ерекшелігі    қолданылатын    құрал - жабдықтарға байланысты   сіздің   компьютеріңізде   бірнеше   өзге   FSD орнатуға болады. Солайша суреттегі блок - схемаға CDFS драйвері  қосылған.  Бұл  DVD  —  дисктер мен компакт дисктерге арналған арнайы драйвер. CDFS драйвері негізінен үш жүйелік файлдан тұрады: CDROM.SYS, REDBOOK.SYS және   STORPROP.DLL.   Windows2000- бұл   драйверді конфигурацияда диск орнатқыш табылса ғана іске қосады. Windows2000 жүйесінде CD - ROM және DVD-ROM қамтамасының айырмашылығы, қолданушы көзімен, DVD-ROM   үшін   арнайы   декодер   драйвері   бар   екендігіне негізделеді.  Барлық    FSD драйверлері  IFS диспетчерімен байланысты сақтайды. Олар сонымен қатар құрылғылармен тікелей қарым - қатынаста болатын дәрежелерге сұраныс бере алады.

Eскepтy. Windows2000 - ғы CDFS драйвері ISO 13346 стандартында жасалған. Ал өзгелеріне ISO 9660 стандартында жасалған. Қамтамалаудың жаңа сатысы компакт — дискіге қызмет етумен қоса, DVD — дисктерді де қамтамалау үшін керек.

  • DVD-ROM декодерінің драйвері. Компакт  —  диск жағдайындағыдай  DVD —дисклерінің  екі  түрі  бар: деректері бар және мультимедиалы дисктер; екіншісі де DVD —  ROM  декодері  драйверімен  өңделеді.  Бұл  драйвер бірнеше файлдардан тұрады, оның саны DVD — ROM декодері   құрлығысына   байланысты. Мультимедиалық DVD —  дисктер  үшін  ең  болмағанда  EXE файлы орнатылады. Бұл бағдарлама Windows2000 -ң жаңа функцияларына   негізделіп   жасалған.   DVD—ROM декадерінің драйвері орындалушы файлдарға арналғап АХ кеңейтілуін   қосады.   АХ   файлдары   мультимедианың ағымдық бағдарламасына қатысады.
  • 10 Енгізушығару ішкі жүйелері. Бұл блоктық құрылғының ең жоғары деңгейі. Қатты дискте әдетте блок өлшемі 512 байт болады. Басқа құрылғыларда блок өлшемі өзгеше болуы мүмкін. Енгізу - шығарудың ішкі жүйесі FSD драйверлеріне жалпы түрдегі қызмет көрсетуі. Ол мысалы сұраныстарды FSD драйверінен белгілі — бір құрылғы драйверіне жібереді.
  • Бөліктерді бақылау драйвері (Volum Traking Driven, VTD). Windows2000 жүйесінде бұл драйвер орнатылмауы да мүмкін. Мысалы сізде егер компакт — дисктер, иілгіш дисктер, DVD дисктерге арналған диск орнатқыштар бар болса, көрсетілген құрал бар болады, оның ең негізгі қызметі — әрдайым сыртқы құрылғылар жұмысын тексеріп, сол жайлы хабар беру. Осы компонент, мысалы көшіру кезінде сіздің иілгіш дискті ерте алып жатырғаныңызды хабарлайды.
  • Аппараттық - тәуелді дәреже (Hardware Abstraction Layer HAL). Бұл да Windows2000- ң маңызды элементінің түрі. Microsoft корпорациясының өңдеушілері драйверлер мен бағдарламалық құралдарды латындай етіп жасаған. Windows2000-ң базалық архитектурасы алдыңғыдай болады, ал теменгі дәрежелі драйверлер, яғни құрылғылармен тікелей қатынас жасайтын драйверлер, өзгереді. Суретте процессоры Intel компьютерінің барлық элементтері көрсетілген. Alpha компьютерінде кейбір өзгерістер бар екендігін байқауға болады, бірақ қосымша ретінде қарайтын болсақ, ол Intel компьютерінде де алдыңғыдай жұмыс істейді.
  • Белгілі құрылғы түрінің драйверінің дәрежесі(ТуреSpecific Driver TSD). Әрбір құрылғыға оның арнайы қажеттіліктерін түсінетін драйвер міндетті түрде қажет. Қатты диск сұраныстары мен иілгіш диск диск орнатқыштарының сұраныстары әрдайым бірдей болмайды. Көрсетілген дәреже белгілі бір құрылғымен емес, құрылғылардың логикалық түрлерімен байланысты. Мысалы жалғыз TSD-ның бір қызметі— жүйедегі қатты дисктерді, екіншісі—иілгіш дисктерді, үшіншісі— барлық желілік дисктерді өндеу. Оқу не дерек жазу операцияларын бақылап болған соң TSD драйвері жұмысты жалғастырудың екі тәсілінің бірін таңдайды. Windows2000 жүйесі IDE және ESDT секілді диск орнатқыштарды өңдеуге арнайы бір дәреже, ал SCSI дискорнатқыштарын өңдеу үшін арнайы дәрежені қамтамалайды.
  • Компакт дисктерге арналған TSD дәрежесі. Бұл құрылғы түрін ерекше бөліп көрсетуге болады, себебі ол әр типті деректермен жұмыс жасайды. TSD драйвері қалыпты дискорнатқыш драйвері секілді қызмет етеді. Компакт-дисктермен DVD дисктерге арналған дискорнатқыштар әуендік компакт - дисктерді өңдеп, деректері бар компакт -дисктерді оқуы  (кей-кезде  оларға  жазуы)  керек, сондықтан  оларға TSD-ң  арнайы,  қалыпты дискінен өзгеше  түрі  керек.  (DVD—дисктерді DVD  -  ROM декодері драйверімен,  проигрывательмен және құрылғы драйвері    элементтері    көмегімен    өңдейтіндігін    естен шығармаған  жөн).  Компакт—диск  сыртқы  мәлімет сақтаушы болғандықтан драйвер одан әрі қиындай түседі. Иілгіш   дискке   арналған   дискорнатқыштар   тек   диск ауыстырылғанын анықтау керек болса, Компакт — дискке арналған дискорнатқыш тек дисктің ауыстырылуын ғана емес,  оның  типін  де  анықтауы  керек. Компакт— дисктерде ойындар мен оқыту бағдарламаларының болуы өте күрделі жағдай, өйткені оларда деректер де, әуен де болуы мүмкін.  Сондықтан компакт — дискке арналған дискорнатқыштар - дискорнатқыштардың назар аударуды қажет ететін ерекше сыныбы.
  • Құрылғы өндірүшісі драйверінің дәрежесі (Vendor — Supplied Driver VSD).Яғни қолданушы компакт — дискке арналған дискорнатқыш қамтамасын өзі орнатады. Ол қамтама потенттелген шиноны немесе магнитооптикалық дискорнатқыш секілді сыртқы мәлімет тасушылары құрылғыларын қолданатын болуы мүмкін. Осы дәрежеде орнатылатын Windows2000 жүйесінде стандартты драйверлер тізімі бар. Мысалы IDE дискінің сіздің компьютеріңізде арнайы дербес VSD драйвері болады. Кез-келген құрылғы түрінің драйвері оның сұраныстарын Windows жүйесіне   жеткізеді.   Мысалы   VSD   драйвері дискорнатқыштың   қанша   уақытта   қажетті   жылдамдық алатындығын біледі.
  • Порт драйвері дәрежесі (Port Driver PD). Бұл драйвер құрылғылармен адаптер арқылы жүзеге асатын қарым-қатынас функцияларын орындайды. Бұл хабардың Windows — ты артта қалдырған кезінде өңделуінің соңғы сатысы, ал құрылғыдан келіп түскен хабардың алғашқы сатысы. Мысалы сіздің компьютеріңізде қатты дисктердің әрбір түріне (IDE секілді) арнайы жалғыз VSD драйвері, ал әрбір қатты диск адаптері (Windows 2000 термині бойынша "порт") бір PD драйвері болу керек. егер сіздің жүйеңізде IDE қатты диск орнатылса, IDE адаптермен байланысу үшін Windows IDE - ң PD драйверін жүктейді. IDE PD дәрежесіне жақсы мысалдар: АТАРІ драйвері, IDE драйвері және РСІ шинасына арналған IDE кеңейтілуі. Сонымен қатар ATAPI интерфейсін қолдап, конфигурация қасиетінің парақтарын көрсететін IDE - ң әрбір каналының драйверлері бар.
  • SCSIizer бұл    дәрежеде     файлдық     жүйенің     SCSI командаларын іске қосады. Оның көметімен компьютер SCSI құрылғысына белгілі бір тапсырма береді. Бұл SCSI құрылғысы   өңдейтін  деректер емес, ол орындайтын операция. Widows 2000 жүйесінде әрбір SCSI құрылғысы үшін бір-бір SCSIizer модулі жасалған.
  • SCSI диспетчері.  Windows  2000  жүйесіне  "минипорт" драйвері үғымы енгізілген. Бұл ОЖ - ға күрделі өзгерістер енгізбей-ақ Windows 2000-ды әртүрлі компьютерлерге көшіруге арналған, қолданылатын       платформаға байланысты  драйвер.  Практикада  минипорт  драйверін қолданбас бұрын, Windows 2000 жүйесі драйверге түсінікті форматта өз командаларын тасымалдау керек болады. SCSI диспетчері осы функцияны орындайды.
  • Минипорт драйвері. SCSI құрылғысының қолдау табуын қамтамасыз етеді.  Минипотрт драйверінің әр түрін тек жалғыз құрылғы қолдана алды. Минипорт драйвері SCSI диспетчерінен бірге PD драйверінің     орындайтын тапсырмаларын   орындайды.   Windows   NT/2000   және Windows  95/98  жүйелеріндегі  қолданылатын  минипорт драйверлері бірдей.
  • Дискорнатқыш бақылаушысы (Адаптер). Бұл дискілік құрылғылармен компьютерді байланыстыратын физикалық құрылғы. Windows2000 жүйесі бақылаушылардың өте көп түрін қолдауы керек, PC-да қолданылатынын да, Alpha компьютерде қолданылатыныи да HAL дәрежесі Windows 2000-ң ішкі құралдары мен дискорнатқыш құрылғыларының байланысына мүмкіндік жасайды.

Windows 2OOO файлдық жүйесіне шолу

Windows 2000-ң өзінің файлдық жүйесі —NTFS. Кез-келген файлдық жүйе өз кезінде белгілі бір мақсатпен жасалады.Сол секілді FAT файлдық жүйесі шын мәнінде Unix базасында жасалған.Microsoft корпорациясы DOS жүйесін жасағанда ол үшін файлдық жүйе керек болды, соңында FAT жүйесі дүниеге келді.Жасау кезінде 12-разрядты орналастыру сызбанұсқасы қолданылып,қатты диск мөлшері 32МБ-тан асқан кезде қиындықтар туды. FAT-тың келесі версиясында 16-разрядты кесте элементтері қолданылады да,қолданушы үлкенірек бөлімдер жасауға мүмкіндік алады,бірақ соңында 16-разрядты жолдар да тым кіші болып шықты,сондықтан FАТ16-дан FAT32-гe өту керек болды.Жаңа нұсқа OSR2(OEM Service Release 2)версиясында көрсетілген.

Wndows 98-де FАТ32-ні қамтамалау қалыпты жағдайға айналды.Сонымен FAT-тың З әртүрлі сызбанұсқалары бар:12-разрядты,16- разрядты,32-разрядты,ал қолданушыға үшеуі жалғыз болып көрінеді.

OS/2 жүйесі пайда болғанда Microsoft компаниясы жылдамырақ жұмыс істейтін жүйе керектігінен НРҒS(Өндіргіштігі жоғары файлдық жүйе)пайда болды.Диск жайындағы ақпараттың оның соңында ғана жиналатындығы қиындық тудырды.Дисктің бір жағындағы ақпаратқа қол жеткізу үшін дискілік құрал-жабдықты интенсивтірек қолдануға тура келді.Соның әсерінен жалпы өндіргіш күш әлсіреді.Сонымен қатар тізімнің сызықтық құрылымы разрядты FAT каталогтартары сондай болып табылады.Ақпарат іздеуге ыңғайлы eмec.HPFS файлдық жүйесі каталогтар құрылымы үшін бинарлы бұтақтар түрін қолданады.Осының         арқасында         қол         жеткізу,іздестіру

жылдамдықтары артады. Бинарлы бұтақ-диспетчерлер мен деректер қоры файлдарында көп қолданылатын арнайы бағдарламалық құрылым.Сонымен қатар HPFS файлдық жүйесі жоғарғы дәрежелі сенімділігімен ерекшеленеді.

Wndows NT жүйесі(онан соң Windows2000) Microsoft компаниясының жаңа файлдық жүйе жасауына түрткі болды.НРFS-тен NTFS-файлдық жүйесі өте күрделі файлдар мен бөлімдерді қамтамалай алатындығымен ерекшеленеді.

Windows 95/98 жүйелері пайда болған кезде қолданушылар ұзын атты файлдармен жұмыс жасауға ынталы болды,бірақ Microsoft FAT жүйесін сақтамақшы болды,сондықтан жаңа VFAT файлдық жүйесі пайда болды.VFАТ аты ұзын файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Windows2000-ғы FAT жүйесінің жұмысы Windows95/98-ri VFAT жұмысына өте үқсас.

FAT жүйесінің бүгінгі күні де танымал файлдық жүйе болып қала беруінің себебі ол кез-келген ОЖ-мен қатынас жасай алады.Кез-келген IBM PC үшін ең қол жеткізу оңай файлдық жүйе- FAT.Компьютерде бірнеше ОЖ орнатып,олардың кез-келгені арқылы FAT-пен жұмыс жасауға болады.

FAT жүйесінің кемілігі-оның сенімсіздігі.Оның орналастыру кестесі жалғыз жерде,бөлімнің алғашқы бөлігінде орналасады. FAT кестесімен түпкі каталог дисктің белгілі бір аумағында орналасуы керек.Осыған байланысты әрдайым кестені жаңалап тұру қажеттілігі туады.Қазіргі кезде қатты дисктердің үлкен мөлшерлерін есепке алсақ(8-ден 20МБ дейін),мұндай әрекеттер аса көп күш түсіреді.Кіші дисктер үшін оның айырмашылығы жоқ, ал FAT жүйесі диск өлшемі бүгінгілерден 500 есе кіші кезде жасалған.

NTFS жүйесінде NTFS каталогы маңында кішірек файлдар болады.Бұл файлдарды сақтауды ұйымдастырудың интеллектуальді жолының мысалы.Каталог маңында көптеген кішкентай файлдарды жинау диск фрагментациясымен файлдардың өлшеміне қарамастан,бүкіл томға орналастырудан тиімдірек.NYFS файлдық жүйесі MFT(файлдардың негізгі кестесі) пайдаланады,ал MFT- FAT кестесінің эквиваленті. Деректер қоры секілді жазбаларға бөлінеді және әрбір файлмен папкаға рәміздер тізімі мен орналасқан орны бір қана рәмізі болып табылатын енуді басқару кестесі (Access Control List, АСL)меншіктеледі. Егер деректер мөлшері 2КБ-тан кіші болса, Windows 2000 оны файлдар мен папкалардың қалған рәміздерімен бірге МFТ-кестесінде сақтайды. Сонымен қатар диск өлшемімен ондағы файлдармен папкалардың санына қарамастан МFТдискте бірнеше рет көшіріледі.

FAT файлдар жүйесі файлдарды жеткіліксіз интеллектуальды орналастырады. Бұл жүйе дисктегі алғашқы бос орынды таңдап соны толтырады, яғни бұл орынның тым кішкентай болуы мүмкін екелігіне қарамайды. Бұл жағдайда ақпаратты бөліктерге бөлуге тура келеді, ол бөліктерді өзара байланыстыру керек. Өзге сөзбен айтқанда жалғыз фактор — жазбаның тиімділігі, ал файлдар жиынының тиімділігіне назар аударылмайды. фрагментациялау қиындықтары туады, жүйелік қосымша күш түсіріледі.

FAT және NTFS файлдық жүйелерінде үйымдастырудың базалық бірлігі, кластер, қабылданған. FAT кластерлары тым үлкен, файлда қанша ақпарат бар екендігіне қарамастан ол тек бір кластер болады. Егер сіз RАМ-сөзінен ғана тұратын мәтіндік файл жасасаңыз, ол дискте тек 3байт ғана алады деп ойламаңыз. Диск кеңестігін рационалды емес қолдану қиындығына жаңа фактор да әсер етеді. Ол фактор - қатты диск мөлшері өскен сайын оның кластерінің өлшемінің де өсуі. Төмендегі кестеден FAT 16 файлдық жүйесінің үлкен дисктерде қолданылғанда қаншалықты тиімсіз екендігі байқалады.

Таблицадан көрсетініміздей өте кіші файл FAT 16 жүйесінде ескі 127 МБ қатты дискте 2048 байт, ал қазіргі дискте 131072 байт орын алады.

Кластырдың размері, КБ  Томның размері, МБ

4  0 — 5 (12 —разрядты схеманың орн)

2  16 - 127

4 128 - 255

8 256 - 511

16  512 - 1023

32 1024 - 2047

64 2048 - 4095

128 4096 - 8191

256 8192 - 16384

Сонымен қатар FAT дисксіндегі деректерге кез келген адам қол жеткізе алады, ал бұл жағдай көптеген компаниялар үшін ауыр қиындықтар туғызуы мүмкін. Дисктерде көп жағдайда қызметкерлер жайындағы құпия мәліметтер, патенттелген жобалар, бизнес — жобалар және көптеген тағы басқа ақпараттар сақталады да, дисктен жүктеліп, DOS командылық қатарында С:/ командасын жазған кез келген адам осы мәліметке қол жеткізе алады. NTFS файлдық жүйесі жоғарғы қауіпсіздік шараларын қолданады, ал FAT — тағы қауіпсіздік шаралары өте төмен дәрежелі. Онда жасырын файлдар мен тек оқуға арналған файлдар тәртібі қамтамасыз етіледі. NTFS файлдық жүйесі жоғарғы қауіпсіздігі мен қол жеткізу жылдамдығымен сипатталады.

Windows 2000-ң файлдық жүйелері: ҒАТ және NТFS

Windows2000 үшін қандай файлдық жүйені таңдауға болады: NTFS(New Technology File System) не ескі және танымал FAT (File Allocation Table)?

NTFS жүйесінің FAT-пен салыстырғанда көптегсн артықшылықтары бар,бірақ егер сіздің қатты дисктеріңіздің өлшемі 1ГБ-тан кіші бөлімдерге бөлінсе,онымен FAT жүйесі жылдамырақ жүмыс істейді.Онымен қоса FAT жүйесі NTFS-тен бөлім мөлшеріне қарамастан дисктен кездейсоқ оқу операцияларының өнімділігінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Жылдамдылықпен қоса тағы маңызды белгілер-тұрақтылық пен қауіпсіздік.

Windows2000 базалық файлдық жүйенің екі нұсқасын ұсынады: FAT/VFAT(Virtual File Allocation Table-файлдарды орналастырудың виртуальді кестесі) және NTFS. FAT жүйесінің қамтамасы екі құралдан тұрады: FAT16 және FAT32.Coл секілді, NTFS қамтамасының екі құраушысы бар: NTFS4 жәнс NTFS5.

Файлдық жүйе қамтамасына тағы бір фактор әсер етеді, Windows95/98-тегідей емес Windows200-да әртүрлі құрал-жабдықтар платформасында жұмыс істеуге мүмкіндік бар.Осыған байланысты файлдар қамтамасының дәрежесі тандалған платформаға байланысты. Alpha процессорлы компьютерлерде FАТ-ты қамтамалау мүмкін емес,сондықтан NTFS-ті қолдану керек болады.

Windows2000-дa форматы FAT дискілерінде ғана емес,өзгелерінде де файлдардың аты ұзын болуы мүмкін.Мұндай үзын ат файлдармен DOS командалық қатарынан да Жолсерік терезесіндегідей қатынас жасауға болады. FAT файлдық жүйесіне Windows2000-дa қол жеткізу үшін Windows95/98-дe қолданылған DLL-кітапханаларының көбі пайдаланылады.Microsoft деректемесінде VFAT термині қолданылмайды,бірақ Windows2000-гі FAT файлдық жүйесінің қамтамасының дәрежесін солай атаған дұрыс болады.Windows2000-гі DOS командалық қатары термині DOS ортасын білдірмейді,сондықтан файлдың ұзын аттарын DOS терезесінде қолдануға болады.Егер нағыз DOS ортасын көргіңіз келсе, DOS жүктеуші дискімен компьютерді қайта жүктеңіз, бірақ бұл жағдайда ұзын аттар іске аспайды.

Windows 95/98 бен Windows 2000-ды салыстыру

Windows жүйесі пайда болған кезде корпоративті қолданушылар мен шағын кәсіпорындардың айырмашылығы аз болады,ал қазір дербес компьютерлер қолданушылары мамандандырылған есептеу орталарында жұмыс істейді.

Windows 2000 Professional ОЖ-сы көп күш түсірілетін компьютерлер үшін жасалған.Оның қүрал-жабдықпен қамтамасыз етуге қоятын талабы Windows 95/98-ге қарағанда жоғары,дегенмен оның көптапсырмалылығы мен қауіпсіздік дәрежесі Windows 95/98-ден жоғары. Windows 2000 өте көп есептер шығаруға және сапалы есептеуге мүмкіндік береді.Ол Windows 95/98-дің программалық модульдерінің 16-разрядтылығына байланысты,ал Windows 2000-ң негізгі құралдарының барлығына жуығы 32-разрядты.

Үй жағдайындағы компьютерді қолданушы қосымшалардың Windows 95/98-ге қарағанда Windows 2000-да 2-3 секундқа тезірек жүктелетіндігін байқамайды.Ал корпоративті қолданушылар бір уақытта өте көп қосымшалармен жұмыс жасайды.

Windows 95/98-ң қауіпсіздік жөніндегі мүмкіндіктері төмен сондықтан кәсіпорындар үшін көптеген мәселелерді шешу үшін қауіпміздікті толық қамтамасыз ететін ОЖ керек.Сонымен, Windows 95/98-ге қарағанда Windows 2000 қауіпсіз және сенімдірек.

«Тышқан» тәрізді графикалық сілтеме

Windows ортасында пернелер  тақтасының көмегімен   жұмыс істеуге болады,  бірақ  «тышқан» тетігінмен басқарылатын   графиктік сілтемені   (Point)  немесе олардың  комбинацияларын (бірге) қолдану  өте тиімді. Сол бетімен «тышқанды» жылжыту экран   бетіндегі  тышқан сілтемесінің, яғни курсорының жылжуымен сай келеді.

«Тышқан»   тетігінің  екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен (көбінесе) оның сол жақтағы,  ал анда-санда   оңжақтағы  батырмасы  пайдаланылады. «Тышқан» тетігінің  ортағы  батырмасы (егер бар болса)  Windows ортасының тек    кейбір программаларымен жұмыс істеуде   пайдаланылады.

«Тышқан»  тетігімен  ең негізгі   операция – экран бетімен курсордың (сілтеменің) қозғалуы  болып табылады. Бұл дайындық операциясы, ол өздігінен ешқандай   әрекет-амал   орындамайды.

Келесі операция – шерту  (Click).   Бұл операция сілтемені   экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады,    мысалы,  сілтемені   графиктік элементтің   белгішесіне жеткізіп, шерту  операциясын   орындауға болады. Шерту деп тышқанның  сол жақ  батырмасын   бір рет басып, қайта  жылдам  қоя беруді айтады.    Жоғарыда   айтып  өйткеніміздей,   Windows жүйесінде   әдетте   жұмыс істеу   кезінде   негізінен тышқанның   сол жақ  батырмасы   кеңінен қолданылады. Сондықтан,  алдағы уақытта, тышқан  батырмасын   жай шерту  дегеніміз -  тышқанның сол жақ  батырмасын  басып жылдам қайта қоя  беру.

Бұл әрекет  меню  пункттерінің   бірін   таңдау, объектілерді   белгілеу немесе жол   курсорын   қалаған   орынға  жедел   көшіру   кездерінде  және терезелерді   екпінді етіп жұмысқа   қосу кезінде   және т.б.  қолданылады.

Тышқанмен орындалатын күрделі  операцияға оның сол жақ   батырмасын   жылдам  түрде екі рет шерту әрекеті жатады (Double-click). Оның жұмыс істеуі негізінен тышқанды жай   шерту   әрекетіне   өте ұқсас, яғни тықшан  сілтемесі   керекті   элементке  апарылғаннан соң, тез арада   тышқанның  батырмасын  екі рет сырт еткізу   қажет болады. Бұл әрекет алғаш   тышқанмен   жұмыс істей   бастаған адамға   күрделі  операция болып табылады. Оның  ерекшелігі   тышқанды екі  рет жылдам  шерту   аралығында    өте аз уақыт   өтуі тиіс,  ол секундтың оннан  біәр бөлігіндей  ғана уақыт.  Егер ол аралықта көп уақыт  өтіп кетсе, онда  Windows жүйесі   бұл әрекетті  жекеленген  екі бөлек    шерту деп түсінеді.  Ал егер  бұл амал   дұрыс  орындалса, онда  Windows жүйесі бірден  белгіленген операцияны (үнсіз келісім бойынша, көбінесе   белгілі бір   программаны,  құжатты екпінді  етіп іске қосу) іске асыра   бастайды.

Келесі операция - тасымалдау (Drag&Drop). Ол терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа  орынға тасымалдайды және терезелердің   ұзындығы  мен  енін өзгертуде   қолданылады. Объектілердің  тасымалдау амалы былай орындалады:  сілтемені  орны   ауыстырылатын элементке апарып,  тышқанның сол жақ  батырмасын  басып,  оны сол басулы күйінде ұстап тұрып,  сілтемені  қалаған жаңа   орынға жеткіземіз, сонан  соң батырманы  қоя   береміз.

Нөмірлі тізімдер

Нөмірлі тізімде браузер өзі нөмірлерді қояды. Егер осы тізімнің бір нөмірін алып тастасақ, онда қалған нөмірлер автоматты түрде өзгереді. Нөмірлі тізім <ol> ярлыкпен ашылады да, </ol> ярлыкпен жабылады. Әр бір элемент <li>, </li>  ярлыктармен белгіленеді. Type, start, compact - команданың атрибуты.

TYPE -  атрибуты нөмірдің түрін көрсетеді.

"А" - үлкен латын әріптері;

"а" - кішкентай латын әріптері;

"I" - үлкен рим цифрлар;

"і" - кішкентай рим цифрлары;

"1"- араб цифрлары.

Егер жылжыту экран  берілмесе тізім араб цифрларымен жазылады.

START - атрибуты тізім қандай саннан басталатынын көрсетеді. Ол бүтін сан болуы керек.

COMPACT атрибуты тізімге компакті алгоритмді қолдануға мүмкіндік береді.

Мысалы:

<ol  type="1"  start="5">

<li> Бекзат </li>

<li> Асем </li>

<li> Камшат </li> </ol>

Гипертекстік сілтеме

Гиперсілтеме - бұл басқа WEB құжаттарының адресіне байланысты мәтіннің фрагменті немесе құрамдас объектісі.

Гипертекстік сілте WEB-беттерді қолданушыларға көркемдейді.  Барузерге қарағанда мәтіндік гиперсілтемелер түсі мен асты сызылуымен, ал графикалық гиперсілтемелер жақтауымен (рамкамен) ерекшеленеді. Гипер сілтемелерді пайдаланғанда біз құжаттарды байланысты және структуралық жасаймыз. Ол қоданушыға ақпаратты тез және ыңғайлы алуға мүмкіндік береді.

Сілтемелер басқа құжатта көрсетілуі мүмкін, осы немесе басқа құжаттың орнын және басқа да функцияларды атқарады. Ол келесі түрде болады: <a herf="сілтеменің адресі"> текст </a>

<a href="сілтеменің адресі"> сілтемені ашатын ярлык, ал </a> жабатын.

 Мысалы: <a href=http://www.rambler.ru> Информатика туралы </a>

1) Құжат ішіндегі қандай да бір нүктеге сілтеме жасау.

Құжат ішіндегі сілтеме келесі түрде болады: <a href="#атау"> сілтеме </a>. Сілтеме жасайтын орын келесі командада болуы тиіс: <a name="атау"> текст </a>. Бұл команда якорь деп аталады. Егер біз сілтемеге мышкамен бассақ браузер көрсетілген құжаттың бөліміне ауысады, ал браузердің бірінші жолында якорі бар сөз болады.

2) Басқа құжатқа сілтеме жасау.

Басқа құжатқа сілтеме келесі команда түрінде болады: <a href="құжат адресі"> текст </a>. Құжат адресі абсолютті немесе қатысты болуы мүмкін. Абсалютты адрес ол құжаттың интернеттегі орналасқан толық адрес. Қатысты адресті әдетте сол серверде орналасқан құжатқа сілтеме жасағанда қолданылады.

Ол келесі түрде болып келеді: "..\жол \ құжаттың аты"

3) Басқа құжат ішіндегі қандай да бір нүктеге сілтеме   жасау.

Оған келесі команда орындалады:

<a href="Құжат аты # таңба аты"> сілтеме </a>.

Target атрибуты сілтемеге тышқанмен басқанда, ол басқа браузер терезесінде көрсетілуіне мүмкіндік береді. Ол үшін гиперсілтеме келесі түрде болады:

<a href="Құжаттың аты" Target="_blank">

немесе

<a href="Құжаттың аты" Target="_new">

Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар

Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.

Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.

Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:

  • Web-технологиялар;
  • Сайт жасау экономикасы;
  • Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;
  • Адам ресурстары және т.б.

Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:

  • Жоспарлау;
  • Элементтерді жасақтау;
  • Бағдарламау;
  • Тестілеу;
  • Жариялау;
  • Жарнамалау;
  • Бақылау;

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

  1. Сайттың орны.
  2. Сайттың аудиториясы кімдер.
  3. Қандай ақпарат жарияланады.
  4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

  1. Навигациялық құрылымын жасау.
  2. Беттің дизайнын жасау.
  3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

Бағдарламау

Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.

Тестілеу

Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

  1. Сілтеменің жұмысы;
  2. Мәтіндегі қателер;
  3. Навигацияның тиімділіғі.
  4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
  5. Графикалық файлдардың ашылуы.
  6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

Жариялау

Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.

Жарнамалау

Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

  1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
  2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
  3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
  4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.

Бақылау

Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.

Web-сайт беттерін ұйымдастырған кезде, төменгі схемаларды қолдануға болады.

Web-бет дизайны, HTML

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.

Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.

Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.

Аталған және аталмаған арналарға кіріспе

Аталмаған арналар – 1973 жылы Unix-тің үшінші версиясында шыққан IPC-дің алғашқы формасы. Көп жағдайдағы падалылығына қарамастан аталмаған арналардың басты кемшілігіне аттың жоқтығы жатады. Осының әсерінен олар тек туыстас үрдістер қатынасы үшін ғана пайдалануы мүмкін. Бұл жағдай Unix System III-те кейде аталған арналар деп аталатын FIFO каналдарын қосу арқылы түзетілген еді. Аталған және аталмаған арналарға қатынау құру үшін қарапайым read және write функциялары қолданылады.

Ескерту. Программалық арналарға бір-біріне дескриптор беру мүмкіндіктерін берсек, олар туыстас емес үрдістер тарапынан пайдалануы мүмкін. Бірақ практикада бұл араналар ортақ туыстасы бар үрдістер арасындағы қатынасты құру үшін қолданылады.

Турбо Паскаль графиктік режимі

Турбо Паскаль программалау тілінде символдық режимнен бөлек графиктің режимде жұмыс істеуге болады. Онда әртүрлі графиктік кескіндер құрастыру мүмкіндігі бар. Турбо Паскаль графиктік мүмкіндіктерін пайдалану үшін арнайы «GRAPH» кітапханасы пайдаланылады, іске қосылады. GRAPH модулінің графиктік процедуралары мен функцияларын қолданып орналасқан процедуралар құрастыруға болады. GRAPH модулінде орналасқан процедуралар мен функцияларды пайдалану үшін программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі:

USES GRAPH

Графиктермен жұмыс істеу алдында оған сәйкес келетін монитор режимін орнату қажет. Турбо Паскаль тілінде алдын ала бекітілген фрайверлер саны бар. Олардың әрқайсысы үшін үш түрлі режимдердің бірінде жұмыс істей алады. Драйвер типі оның режимі санмен немесе тұрақты түрінде берілген болады.

ДрайверРежимНүктелер саныФайл
CGA (1)CGACO, CGAHi320x200(640x200)CGA. BGI
EGA (2)EGALo, EGAHi640x200(640x350)EGAVGA. BGI
VGA (3)HERAHi ONOHI720x348HERC. BGI

GRAPH модулі іске қосылысымен оынң ішіндегі процедуралардыі және функцияларды беруге болады.

Графикалық режимді іске қосу:

InitGraph(Var Driver, Mode: integer; Path:string);

Мұндағы Driver – графикалық режимдегі анықтайтын параметр;

Mode – орнатылған врайверге байланысты берілетін графиктік режим параметрі;

Path – графиктік фрайаер файлының атауы және жолы;

Driver мәні GRAPH модулінде хабарланған тұрақтылар жиынымен шектеледі.

Тұрақты атауыСандық коды
T0
CGA1
MCGA2
EGA3
EGA644
EGAMono5
IBM85146
HercMono7
ATT4008
VGA9
PC327010

GraphResult қате орындалған графиктік операциялардың кодын шығарады. Функция жазылуы:

GraphResult: Integer;

Тұрақты атауыКодыАнықтамасы
GrOk0Қате жоқ
GrNolitGraph-1Графиктік режим анықталмаған
GrNotDetected-2Адаптер типі анықталмаған
CrFileNotFound-3Драйвер файлы табылмады
GrInvalidDriver-4Анықталмаған файлда драйвер табылмады
GrNoLoadMem-5Драйверді жүктеуге жады көлемі жетпейді
GrNoScanMem-6Аймақты қарастыруға жады көлемі жетпейді
GrNoFloodMem-7Аймақты толтыруға жады жетпейді
GrFontNotFound-8Қаріп файлы табылмады
GrNoFontMem-9Қаріп файлы табылмады
GrlnvalidMode-10Анықталған драйверге сәйкес келмейтін режим
GrError-11Жалпы қате
GrOerror-12Енгізу-шығару қатесі
GrlnvalidFont-13Қаріптің дұрыс емес пішімі
GrlnvalidFontNum-14Қаріптің номері дұріс емес

SetLineStyle түзудің жаңа түрін белгілейді.

Тұрақты атауыКодыТүсініктемесіКескіні
SolidLn0Түзу сызық______________
DottedLn1Нүктелі сызық…………………
CentreLn2Штрих-пунктир.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-
DashedLn3Пунктир- - - - - - - - - - - - -
UserBitLn4Қолданушы анықтайды

Түсті монитордың мәтіндік режимінде әр символдың түсін не экранды 16 түрлі түстің біреуіне бояуға мүмкіндігі бар. Сары, жасыл, көк, қызыл, және т.б. көптеген түрлі түстер.

Турбо Паскальдың графикалық режимінде пайдаланылатын 80-ге жуық процедуралар мен функциялар бар болып келеді. Экранның кез келген х, у айқындалмаған позициясынан бастап мәтінді экранға шығаруға болады.

Қазіргі дербес компьтерлердің графикалық информацияларды енгізу, шығару және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық информацияны енгізу үшін – сканер, ал шығару үшін – дисплей экраны және плоттер пайдаланылады. Стандартты Турбо Паскальдың шрафикалық информациямен жұмыс істейтін қомандалары жоқ.

Турбо Паскаль жүйесінде графикалық информациялармен жұмыс істеу үшін арнайы модуль пайдаланылады, оны біз жоғарыда айтып өттік. Бұл модульде графикалық процедуралар мен функциялардың программасы машиналық тілде жазылған.

Турбо Паскальдің графикасын, көбінесе, псевдо-графика деп атайды. Өйткені тілдің өзінде графикалық командалар келтірілмеген. Арнайы модульде графикалық информацияларды дисплеф экранына шығаруға және өңдеуге арналған командаларды сүйемелдейтін типтен, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен функциялар сипатталған.

Әдетте дисплей экраны екі режимдеболады: текстік және графиктік. Екі режимде де пиксель деп аталатын дисплей экранының физикалық нүктелері пайдаланылады. Графикалық режимде графикалық нүктелердің өзінің координаттар жүйесі енгізіледі.

Экрандағы графикалық бейне экранның буферінің күйіне байланысты графикалық нүктелердің жарықталуынан құралады. Экран буфері дегеніміз – бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі. Пайдаланылған графикалық экранның режиміне, дисплейдің типіне және жадының көлеміне тәуелді графикалық экран үшін бір немес бір неше буфер ұйымдастырылуы тиіс немесе мүмкін. Мұндай экран тек бір ғана бетпен байланысты болуы мүмкін. Графикалық информацияны сол мезетте шығаруғы бағытталған буфер екпінді бет, буфер деп аталады.

Визуалды көрінетін бет не буфер деп сол мезетте физикалық экранмен байланысты буферді айтады. Активті бет визуалды беттердің әртүрлі буферлері болуы мүмкін. Активті бет визуалды беттердің әртүрлі буферлері болуы мүмкін.

Активті бет визуалдылық деп аталады. Дәлірек, айтсақ, бет дегеніміз – экранның графикалық информацияны, ал буфер – информацияны қодталған күйінде сақтайтын жады бөлігі.

Текстік экран тәрізді графикалық экранның да крусоры бар.

Графикалық курсордың текстік курсордан айырмашылығы графикалық курсор барлық уақытта көрінбейді. Графикалық курсор соңғы шығарылған нүктеден кейінгі нүктеге орналасады. Ол арнайы модульдің кейбір функцияларымен пайдаланылады.

Графикалық режимнің төмендегідей сипаттамалары бар:

  1. Мүмкіндігі;
  2. Палитра – бояу түрлері;
  3. Фонның түсі;
  4. Шығарылатын графикалық нүктенің түсі;
  5. Оперативті жадыдағы графикалық экрандық беттердің мөлшері.

Бұл сипаттамалар, ең алдымен, дисплейдің техникалық типімен жүйеден графикалық режимге бөлінген видео жадының көлеміне тәуелді. Дисплей экранының жұмысын басқаратын техникалық таралған адаптерлердің түрлері көп.

Экранның графикалық режимінің мүмкіндігі экрандағы х, у осі бойынша орналасып, графикалық нүктелердің мөлшерімен анықталады. Ең жоғарғы мүмкіндік бір графикалық нүктеге бірнеше пиксель пайдаланылса, онда мүмкіндік төмендегідей болады. Сонымен графикалық нүктеге пиксель қаншалықты көп пайдаланылса, соншалықты экранның графикалық режимінің мүмкіндігі төмен болады. Әдетте, бір нүктеге бір пиксельден келетін жоғарғы мүмкіндікті режим пайдаланылады.

Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз – бұл экранға шығарылатын бейненің дәлдігі. Мысалы, экранға графикалық бейнелерді шығару мүмкіншілігі қаншалықты жоғары болса, функциялардың графигін соншалықты дәл тұрғызуға болады.

Палитра не бояулар дегеніміз – бұл графикалық режимге арналған түстер жиынтығы. Режимге арналған бірнеше палитралар бар, бірақ әдетте стандартты 16 түс пайдаланылады.

Экрандық режимнің графикалық экрандық беттерге арналған бір немесе бірнеше буфері болады.

Ең жоғарғы мүмкіндігті режимде тек бір ғана графикалық экрандық бет болады, яғни оны кодтау үлкен жады көлемін қажет етеді. Сөйтіп, х осі бойынша 640 нүкте, ал у осі бойынша 480 нүкте және 16 түсті бояу палитрасы графикалық бетке арналған буферлік жадыдан 16 Кбайт орын алады.

Экрандық бет графикалық режимде экранға шығару буферінде қодталады. Онда экранның барлық графикалық нүктелерінің ағымдағы күйі сипатталады. Нүктенің күйі оның жану белгісімен және шығаруға арналған түстің номерімен кодталады. Егер белгі нольге тең болса, онда ол шығару түсінің номерімен жарықталынған графикалық бейнелерді шығаруда драйвкер белгі мен шығару түсін буфердегі экранның активті бетінің сәйкес нүктелерінің байтына жаздады. Егер режимнің бірнеше экрандық беті болатын болса, онда бейнені шығаратын бір бетті активті, ал қалған беттерді визуалды жасауға болады. Құру аяқталғаннан кейін, активті бет вижуалданып, бейне лезде физикалық экранға пайда болады.

Сонымен, режимлегі мөлшері мен олардың сипаттамалары дисплейімен, оның режимдердің мөлшері мен олардың сипаттамалары дисплейімен, оның адаптерлерімен анықталады.

Жалпы алғанда, компьютерлерде негізгі екі экран режимінің жұмысы символдық және графикалық экран режимінің ерекшелігі ретінде пайдаланылады.

Графикалық режимді тағайындағаннан кейін пайдаланушы өзінің жұмысы үшін әртүрлі команда пайдаланады. Бұл командалар қызметі бойынша төмендегідей топталады:

  • графикалық экранды басқару үшін;
  • графикалық информацияны өңдеу және шығару үшін;
  • графикалық режимде текст шығару үшін.

Графикалық экрандыбасқару командалары:

  • пайдаланылған адаптер мен драйверлер туралы информация алу;
  • графикалық режимдердің мөлшерін және сипаттамаларын білу;
  • графикалық экранның жұмысына қажетті режимді тағайындау;
  • экранның графикалық беттерін басқару;
  • графикалық информациямен шығаруға арналған терезені іске қосу және ажырату;
  • графикалық информациямен шығару және фон түстерін басқару;
  • экранды графикалық курсормен басқару;
  • экранды немесе терезені тазарту жатады.

Графикалық информациямен енгізу әжен шығару командалары:

  • графикалық экранға нүкте, кесінді, тіктөртбұрыш, қисық сызық, шеңбер, эллипс, доғағ эллипс және шеңбер секторларын шығару процедуралары;
  • динамикалық жадыға графикалық экранның бөліктерін бейнелерімен сақтау және оны өайтадан экранға шығару;
  • экрандағы тұйықтарды берліген түстермен бояу немесе штрихтеу;

Графикалық режимде экранға текст шығару командалары – графикалық экранға жол типті текст жолымен осы жолды шығаруға мүмкіндік береді.

Бұл басқаруға графикалық режимнің бояуларының түстерін басқару командалары кіреді, яғни фон түсін тағайындау үшін жән оны графикалық экранға шығару үшін тек тағайындалған графикалық режимнің түстері пайдаланылады.

Фонның түстерін басқару және шығару мүмкіндіктері графикалық экранға әртүрлі граифкалық және информацияны түрлі түспен шығаруға мүмкіндік береді. Ол үшін кезекті бейнені шығарар алдында тағайындалған фонның түсін өзгерту жеткілікті. Сонымен, қатар, түсті басқару командасы кез келген өзгерту шығарылған графикалық нүктенің түсін анықтауға мүмкіндік береді, бұл графикалық информацияларды өңдеу алгоритдерінде жиі пайдаланылады.

Графикалық экранға шығарудағы негізгі жасалған әрекет графикалық нүкте шығару операциясы болып табылады. Экрандағы кез келген бейне керекті түске боялған графикалық нүктелердің жиынтығынан құралады.

Графикалық экранға жиі пайдаланылатын графикалық обьектілерді шығаруды жеңілдету үшін, кесінді, сынық, тіктөтбұріш, шеңбер, эллипс, доға, шеңбер және эллипс сектоларын тұрғызатын процедуралар арнайы модулінде қолданылады. Бұл процедуралар пайдаланушының осы обьектілерді тұрғызуды программалаудан босатады. Бірақ модульде бір ғана нүктенің бейнесін шығаратын процедурасы болады.

GRAPH модулінің тұйықталған графикалық бейнелері бояйтын және штрихтайтын командалары бар. Мысалы, шеңбер, тіктөртбұрыш, және т.б. Бояу немесе штрихтау бір ғана әрекетепн жүзеге асырылады. Ол тұйық облысты берілген шаблон бойынша пиксельдерге ағымдағы түспен немесе фонның беру жарық беру деп аталады. Бояу үшін барлық пиксельдерге жарық беру пайдаланылады.

Экранның бөлігін толтыру үшін тұйық облысының кез келген ішкі нүктесінің координатасын және шаблон кодын, шекара түсін көрсету жеткілікті, Сонымен қатар, модульге боялған тіктөртбұрыш, шеңбер және эллипс сызатын командалар бар.