Бас бет Авторы Посты от Shingis

Shingis

2233 ПОСТЫ 0 КОММЕНТАРИИ

Балалардың тыныс мүшелері туралы реферат

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі мазмұн
  • Балалардың тыныс мүшелерінің жеке- жеке анатомиялық ерекшеліктері
  • Қосымша қуыстар
  • Жұтқыншақ
  • Бадамша бездер
  • Көмей
  • Кеңірдек
  • Бронхтар
  • Өкпе
  • Оң жақ өкпе
  • Сол жақ өкпе
  • Лимфа түйіндері

 ІІІ. Қортынды

 ІV. Пайдаланған әдебиетт

Кіріспе

Тыныс жүйесі –ұрықта 3-ші апта мен 4 –ші аптаның басында пайда бола бастайды. Тыныс мүшелері алдыңғы ішектің каудальді үзігінің ішкі томпағы ретінде пайда болады. Ол алғашқы өңеш пен кеңірдектен тұрады. Жақын арада кеңірдек өңештен мезенхимальды қабық түрінде бөлектенеді, содан соң терең қырындағы сала пайда болады , тыныс және ас түтіктері бір- бірінен мүлдем бөлектеніп екіге айырылады. Аз уақыттан соң кеңірдектің эндодермасы кеңірдек пен бронхтың эпителиальды қабығына айналады.

Кеңірдек түтігі төменнен тез өсіп, екі эндодермальды бұтақша бере бастайды. Басты бронхтардың мезенхимада орналасқан негізі құралады. Даму барысында одан шеміршек, ткань жалғастырушы элементтер, тыныс жүйесінің тамырлары өсіп шығады.

Алғашқы бронх нүктелері тез бөліне бастайды да , 5-6 жетіде 2-ші қатарлы бронхтардың тарамдары , өкпенің үш бөлігі мен сол жақ өкпенің екі бөлігі пайда болатыны айқындалады. Ұрықтың іште дамуының барлық кезеңінде екі өкпенің бірдей өспейтіндігі, яғни оң өкпе сол өкпеден тезірек жетілетіндігі дәлелденген. Бұл мезгілде өкпенің беті бұдырлы болады, одан әрі бұдырлар бірігіп, өкпенің бөлік аралық салаларын айқындап, бөліктерге бөледі.

Кеңірдек пен бронх қабырғалары алғашқы кезде куб тәріздес клеткалардың бір қабатынан тұрады. Содан базальды мембрана мен эпителий пайда болады. Олар бірігіп цилиндрлі қабатқа айналады. Бронхтың алғашқы бұтақтары тез қуыстанып, қағанақ суына айналады.

3-ші ай бойына бронх «бұтағы» тез өсіп, жетіле бастайды, сегментті және субсегментті бронхтар пайда болады. 16-ші аптадан бастап респираторлы бронхиольдар қалыптаса бастайды.

Өкпеде строманың алғашқы белгілері білінеді: бронх бойы мен түбінде агрофильды талшықтар пайда болып, өкпенің клеткалық –синцитиальды стромасын құрай бастайды. Өкпеде 11-12 аптада паренхимада әртүрлі үшбұрышты кішкене аймақтар анық көрінеді. Оның дәл ортасында сегментті бронх және артерия , ал жанында өкпе веналары орналасады.

Ұрықта 10-12 аптада бронх артериясының негізі қаланып, үлкен айналу шеңберінің туындысы пайда болады. Бронхтың әрбір жаңа генерациясы пайда болған сайын , онымен қатар өкпе артериясының ,венасының, соған байланысты тарамы қалыптасып отырады. 18-22-ші аптада терминальды бронхиольдар мен респираторлы бронхиолдардың деңгейінде артериялармен бөлік ішіндегі веналар пайда болады.

8-9 айда бронх «бұтағы» толық топографиялы белгіленеді және өкпенің соңғы тармақтарының жіктелуі шапшаң жүре бастайды. Терминальды және респираторлы бронхиольдар, альвеолдық жолдармен қатар өкпенің функциональды бірлігі- ацинустар пайда болады. Дұрыс жетілген ұрықтың өкпеінің құрлысы жұмысқа ,сыртқы дем алуға және газ алмасуға дайын болады. Өкпенің функциональды бірлігі жетілу сатысында болады. Дем алмаған ұрықтың респираторлы бөлігінің қуысы 1,2,3 қатарлы жіңішке респираторлы бронхиолдар мен альвеолдар жолынын тұрады. Альвеолдар қаптары ұсақ , жалпақ , қабырғалары клеткалық элементтерге бай болып келеді. Сондықтан өкпенің альвеоларлы беті бұл кезеңде бішама кең болады .

Балалардың тыныс мүшелерінің жеке-жеке анатомиялық ерекшеліктері

Мұрын кішірек, үлкендерге және ересек балаларға қарағанда түрі өзгешелеу. Төменгі мұрын жолы болмайды, ол 4 жасқа таман пайда болады. Кілегей қабаты нәзік, қан тамырларына бай, сондықтан оның сәл қызаруы мұрын жолының бітелуі баланың емуі қиындап, ентігу пайда болуына әкеп соқтырады. Кілегей асты қабатының үңгірлі ткані нәрестелерде дұрыс жетілмеген, сондықтан оларда мұрыннан қан кету ирек кездеседі немесе мүлдем болмайды.

Қосымша қуыстар

Этмоидальды , гайморов , сфеноидальды қуыстар ұрықтың іште даму кезеңінде жетіле бастайды. Бірақ, бала дүниеге келгенде олардың тек ізі ғана білініп тұрады. Этмоидальды қуыс үш айдан бастап көрінеді де, 7-12 жасқа келгенде толық жетіледі. Мұрын маңы қуысы да , үш айдан бастап білініп, 7 жасқа келгенде толық жетіледі. Маңдай қуысы бала дүниеге келгенде тіптен жоқ болады, жәй жетіліп ,7- ші жылда ғана дамиды. Толық жетілу 15-20 жаста байқалады. Сфеноидальды қуыс ұрықтың даму кезеңінде пайда бола бастайды. Рентген сәулесі арқылы тек бала 7 жасқа келгенде ғана анықтауға болады. Ал 15 жаста толық жетіліп бітеді.

Жас мұрын каналы қысқа болады, оның сыртқы тесігі қабықтың бұрышына жақын орналасқан, қақпақтары дұрыс жетілмеген, сол себепті мұрыннан инфекция коньюктивальды қалтаға жеңіл тарайды.

Жұтқыншақ

Біршама жіңішке және тікелеу орналасқан. Вольдейер сақинасына 7 без кіреді. Жаңа туған нәрестеде әлсіз дамыған бадамша без тамақты қарағанда дұрыс көрінбейді, тек бала жастан асқанда ғана оны көруге болады. Бадамша бездеріндегі крипталар әлсіз дамыған . сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларда баспа сирек кездеседі. Одан әрі лимфоидты ткань мен бадамша бездер шоғырланып қалыптан тыс біраз ұлғаяды. 4 жас пен 10 жас арасында ұлғаю шегіне жетеді, сондықтан олардың гипертрофиясы жеңіл пайда болады.

Пубертатты кезеңде бадамша бездер қайтадан кішірейе бастайды және жыныс мүшелерінің қалыптасуы тоқтағаннан кейін бадамша бездердің ұлғаюы өте сирек кездеседі.

Тамақ жоғарыдан жұмсақ таңдаймен , төменнен тілдің түбірімен және жан- жағынан алдыңғы және артқы таңдай иіндерімен шектелген. Жұмсақ таңдайдың ұзынша үскін түріндегі бос ұшы – тілшік деп аталады, ол ортаңғы сызық бойымен ілініп тұрады

Бадамша бездер

  1. Тілдің түбіріндегі бадамша без .
  2. Таңдай иіндері арасындағы таңдай бадамша бездері екі жақта бір –бірден болады.
  3. Жұтқыншақ бадамша безі мұрын – жұтқыншақ күмбезінде орналасады.
  4. Түтікше бадамша бездер – есту түтіктерінің мұрын жұтқыншақ тесігінде , екі жағынан бір – бірден орналасқан .
  5. Көмей бадамша бездер көмей сағасы маңындағы алмұрт тәріздес үңгірінде , жалған дауыс желбезегінде және көмей қарыншаларында , жұтқыншақтың артқы қабырғасының екі жақ бүйір бөлігінде орналасқан . барлық лимфоидты тканьдардың шоғырлануы Вальдейердің тамақтағы лимфоидті сақинасы деп аталады.

Есту түтігі қысқа және жалпақ . ересек балалармен үлкендерге қарағанда жас нәрестелерде оның тесігі хоанаға , мұрын қуысына , жақын және одан төмен орналасқан . осы себепті мұрын жұтқыншақтағы инфекциялы сөлініс есту түтігіне жеп –жеңіл түседі де , жас нәрестелерде жиі кездесетін ортаңғы құлақтың қабынуының негізгі себебі болады.

Көмей

Жас нәрестелерде оймыш тәрізді , кейін цилиндр тәріздес болады. Үлкендерге қарағанда біршама жоғары орналасқан , жаңа туған сәбиде оның төменгі ұшы -4-ші мойын омыртқасының тұсына сәйкес келеді. Көмейдің алдыңғы –артқы , көлденең қатты өсуі бір жаста және 14-16 жаста байқалады. Баланың көмейі үлкендердікінен ұзын . Шеміршегі нәзік ,тілшік 12-13 жасқа дейін жіңішкелеу болады. Оны жас нәрестелердің тамағын қарағанда оңай қөруге болады. Тілшік көмей сағасын толық жауып тұрмайды. 3 жастағы ер балаларда қалқанша пластинкаларының бұрыштары үшкірлі болады да , 7 жаста біраз білініп тұрады. Ал он жастағы ер баланың көмейі үлкендердікіне өте ұқсас болады. Көмейдің кілегей қабаты нәзік. Ол қан және лимфа тамырларына бай ,серпінді тканьі әлсіз жетілген.

7 жасқа дейін дауыс саңлауы енсіз , тар болып қалады .жас нәрестелердің шын дауыс желбезегі қысқа .12 жастан бастап қыз балаларға қарағанда ер балалардың дауыс желбезегі ұзара бастайды. Балалардың көмейінің ерекшеліктеріне байланысты оның қабынуы жиі кездесіп тұрады.

Кеңірдек

Жаңа туған баланың кеңірдегі оймыш тәріздес және енсіз тар болады. Шеміршегі жұмсақ болып келеді. Кілегей қабаты нәзік , қан тамырларына бай , кілегей бездері сөлдің жеткіліксіз бөлінуіне байланысты , неғұрлым құрғақтау келеді. Жарғақты бөлігінің етті қабаты жаңа туған нәрестеде өте жақсы жетілген, серпінді тканьді болып келеді. Кеңірдек орнына әлсіз бекітілген , шеміршегі жұмсақ , жеңіл болады.

Жаңа туған баланың кеңірдегінің ұзындығы 4 см , 14-15 жаста -7 см , ересек адамдарда 12 см . жоғары ұшы 4-ші мойын омыртқаның тұсында болса ,үлкендерде 7-ші де болады. Кеңірдек бифуркациясы жаңа туған балада 3-4-ші кеуде омыртқасының тұсында , 5 жаста 4-5 және 12 жаста 5-6-ші омыртқаға сәйкес келеді.

Бронхтар

Енсіз , жіңішке , шеміршектері жұмсақ .кілегей қаьаты қан тамырларына бай, аздап кілегеймен қапталған. Еті мен серпінді талшықтары әлсіз жетілген. Оң жақ бронх барынша тіек орналасқан және ол кеңірдектің жалғасы болып есептеледі: оң жақ бронх сол жақ бронхтан жалпақтау ,кеңірек келеді. Сондықтан , бөгде денелер көбіне оң бронхта тұрып қалады .сол бронх бұрыш жасап тіке бөлінеді. Жсқа байланысты бронхтар ұзарып ,қуысы кеңеце бастайды .Әсіресе 1-ші жылы бронхтар тез өседі де , сосын оның өсуі тежеліңкіреп қалады. Одан әрі жыныстық қалыптасу кезеңінде қайтадан тез жетіле бастайды. 12-13 жаста бронхтардың ұзындығы 2 есе ұзарады. Жасы өскен сайын бронхтың семуіне қарсылық ететін күште арта түседі.

Өкпе

Бала дүниеге келгенде оның өкпесінің салмағы 50грамм болады. 6 айда 2 есе ауырлайды, 1 жаста 3 есе , 12 жаста 10 есе , ал үлкен кісілерде 20 есе және одан да көп артады .Жас нәрестелердің өкпесі дәнекер тканьге бай ,серпінді тканьдері аз , әсіресе альвеольдар маңында , қан тамырларына бай ,капиллярлар мен лимфа тамырлары кең болады .Сондықтан балалардың өкпесінде қан іркілу ,ателектаз ,эмфиземалар тез пайда болып ,өкпе қабынуына ,уытты заттардың өкпе бетінен қан тамырларына тез сорылып ,тарауына өте қолайлы жағдайлар оңай туғызып отырады .Ересектерге қарағанда баланың өкпесінің тыныстық беті үлкен болып келеді .өкпе арқылы 1 минутта үлкендерге қарағанда қан көп мөлшерде өтеді .бала өмірге келерде ацинус , яғни өкпенің тыныстық бөлігі әлсіз дамыған .Ацинуста қан мен ауа аралығындағы тыныс алмасуы жүреді. Ол тыныстың негізгі функциясы болып есептеледі. Альвеолдар бала өмірге келгенге дейін 4-6 жетіде қалыптаса бастайды да , 1-ші жыл бойына көбейеді және 8 жасқа дейін көбеюін тоқтатпайды .8 жастан соң өкпенің үлкеюі альвеоланың көлемі есебінен жүреді. Бала жаңа туған кезде терминальды бронхтардың қуысы енсіз болады. 2 жаста 2 есе , 4 жаста 3 есе ,18 жаста 5 есе үлкейеді .

М . Струков балалр өкпесінің жетілуін 4 кезеңге бөлген

  1. 0-2 жасқа дейін –өкпенің өте тез дамуы.
  2. 2-5 жас –бронхтың серпінді тканінің етінің ,лимфоидты тканьдардың өте тез дамуы .
  3. 6-7 жас ацинус құрлысының толық жетілуі.
  4. 7-12 жас- өкпенің жетіліп болған тканьдерінің салмақтануы.

Оң жақ өкпе

3 бөліктен тұрады: үстіңгі ,орта ,төменгі. Сол өкпе екі бөліктен тұрады .үстіңгі және төменгі. Өкпенің барлық бөліктері бір мезгілде жетілмейді. Бір жастағы баланың сол өкпесінің жоғарғы бөлігі нашар жетілген ,ал оң өкпенің бөліктерінің көлемдері , үлкендердікі сияқты ,бір-біріне сәйкестенеді.

Кеңірдек оң және сол бронхтарға бөлінгеннен кейін , оның әрқайсысы бөлік бронхтары сегментті бронхтарға бөлінеді. Әрбір сегмент конус немесе ұшы өкпенің түбіріне бағышталған пирамида тәріздес болады .жаңа туған баланың өкпесінің сегменттік құрылысы жақсы жетілген .оң өкпеде 10 сегмент , сол өкпеде 9 сегмент болады .жоғарғы оң және сол бөліктер 3 сегментке бөлінеді .жоғарғы ұшты-1 , жоғарғы артқы –2 және жоғарғы алдыңғы 1 . Ортаңғы оң бөлік –орта бүйірлі (4) , арт жақта орналасқан және ортаңғы алдыңғы (5) , медиальды орналасады . сол өкпенің ортаңғы бөлігіне 2 сегменттен тұратын жоғарғы тілді (4) , және төменгі тілді (5) , тіл тәріздес сегмент сәйкес келеді . оң өкпенің төменгі бөлігі 5 сегменттен тұрады . Базальды –ұшты (6) ,базальды –медиальды (7) ,бүйірлі- алдыңғы (8) ,базальды бүйірлі (9) , және базальды артқы (10) .

Сол жақ өкпе

Сол өкпенің төменгі бөлігі 4 сегментке бөлінеді: базальды –ұшты (6) ,базальды –алдыңғы (8), базальды- бүйірлі (9), және базальды –артқы (10).

Балалрда көбіне белгілі бір сегменттердің қабынуы жиі кездеседі . ол желдену ерекшеліктеоіне , бронхтардың , дренажды қызметіне байланысты болады .Ал оған секреттің жүруі және инфекцияның түсуі байланысты болады .

Базальды ұшты сегмент (6) жиі қабынады ,себебі ол біршама бөлектене шеткері орналасқан ,оның бронхы басқа сегменттердікінен жоғарырақ бөлектене шығып ,тіке бұрыш жасап ,алдына қарай бұрылады . Бұл (6) сегменттің бронхтың дренажын қиындатып жібереді .2 және 10 сегменттерде осығын ұқсас келеді. Сондықтан омыртқа маңындағы пневманиялар жиі кездеседі .

Жас нәрестелердің плеврасы жұқа , плевра қуысы оңай ысырылып тасталады .

Орталық көкірек қуысы балаларда ересектерге қарағанда көлемділеу келеді . оның жоғарғы бөлігінде трахея , ірі бронхтар , қалқанша без . лимфа түйіндер , артериялар , ірі нерв сабақтары ,төменгі бөлігінде жүрек , тамырлар және нервтер орналасады .

Лимфа түйіндер

Өкпе лимфа түйіндерін төмендегі топтарға бөледі:

  1. Трахеальды
  2. Буфуркация
  3. Бронхо- пульмональды
  4. Үлкен тамырлардың түйіндері .

Бұл лимфа түйіндері , лимфа тамырлары арқылы өкпемен , орталық көкірек қуысымен бұғана үстіндегі түйіндермен байланысқан .

  1. Төменгі трахеабронхиальды түйіндер.
  2. Жоғарғы трахеабронхиальды түйіндер.
  3. Паратрахеальды түйіндер.
  4. Бронхопульмональды түйіндер.

Қортынды

Кеуде қуысы. Жас нәрестелердің диафрагмасы жоғарырақ орналасқан ,жиырылуы әлсізде болвп келеді .Үлкендермен салыстырғанда үлкен болып келетін өкпе ,жүрек және орталық көкірек қуысы баланың кеуде қуысында кқбірек орын алады . Жас балалардың тыныс еттері әлсіз дамыған . Жас балалардың қабырғалалры омыртқаға перпендикуляр жатады . Қабырға аралықтары жіңішке , тегістелген . Кеуде қуысы үнемі тыныс алу қалпында болады және қабырғалар өкпе бетіне басыңқырап , кіріп жатады . Бұл ерекшеліктердің бәрі өкпенің толық жазылу қабілетін тежеп ,тыныстық беттің көлемін азайтады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Алшынбай Рақышев « Адам анатомиясы » Алматы - 2004 ж
  1. Балаш Тсіпқалиев «балалар ауруларының пропедевтикасы» ақтөбе - 2002 ж
  1. “Балалар аурулары” Момбекова У. Х  2003ж
  2. “Адам физиологиясы” Сәтбаева Х. Қ Өтепбергенв Алматы -2005ж
  1. “Патофизиология” Әділман Нұрмұхамбетұлы Алматы-2007Ж

Балаларға сандық қатынастарды өзгеруін қадағалау

Жоспар

Кіріспе

  1. Балалардың меңгерген ұғымдар бойынша қанша болса, сонша, тең, көп, аз, бір-бірден деген ұғымдар.

Негізгі бөлім

  1. Көбірек», «азырақ», «теңдей» деген ұғымдардың қатынасын тұжырымдау.

Қорытынды

  1. Балаларға сандық қатынастарды өзгеруін қадағалау.

Балалардың меңгерген ұғымдар бойынша қанша болса, сонша, тең, көп, аз, бір-бірден деген ұғымдар бойынша

Баланың сандық ұғымы туралы білімін тереңдету және санай білу қабілетін жетілдіру осы кезеңдей ең жауапты міндет болып табылады. Ата-аналар балаға «қанша», «неше» - деген сұрақтарды қоюға болатын мүмкіншілікті орынды пайдалану тиіс. Мысалы: «Біздің үйдің бағында неше алма ағашы, неше өрік ағашы өсіп тұр», «Сенің бөлмеңде неше гүл өсіп тұр?», «Балам столға үш кесе, үш шанышқы әкел және сонша қасық әкеле қойшы. Қане қанша қасық әкелдің? Және т.б. сұрақтар мен тапсырмалар айтыңдар олардың санау қабілетін дамытады. Жақсы санау білу дағдыларын «Кім көп тосын алады?», т.б. ойындар арқылы шыңдай түсуге болады. Реттік сандар қатарын салыстыруға жаттығу баланың санның реттік қатарын (1,2,3) құрылуының негіздегі принципін түсінуге бағыттайды. Осыған орай «Бірлігі ортақ санды ата?» - ойынын ойнатуға болады.

Тәрбиеші балалардың көз өлшемінің дамуына көп көңіл бөлуі керек. Мысалы, оларға 4-5 заттың үнемі таңдай отырып, оған тең аз - көп үлгідей затты көзбен табу ұсынылады. Балалар өлшемі тең затты табуды үйренеді. Өлшемі енді көз өлшемдік әрекетке салыстыру заттарын қоюдан өту мақсатын аралық құрал ретінде пайдаланады. Балалар заттарды өлшей отырып, заттардың санына мән береді. Балалар өлшеу, есептеу барысында көптеген көрнекіліктерді қолданады (ленталар, шарфтар, қораптар, шаңғылар). Олардың санын анықтап, бір-бірінен үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын-қысқа, тең т.б. екеніне көз жеткізеді.

Балалар тек көрнекі ұсынылған заттар арасындағы өлшемдік қатынастарды ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге ұғым бойынша ұқсас қатынастарды жасайды. Тәрбиеші оларға мысалы, мынандай тапсырма береді, біреуі екіншісінен ұзындау болатын екі жол салу керек, ұзындығы бірдей, екі әр түрлі немесе ұзындығы және ендері де бірдей екі лента салу керек. Әсіресе заттар өлшемін өзгертуге арналған жаттығулар пайдалы.

Реттелген қатар қасиеттері жайлы білімді бекіту үшін балаларды пайымдаудың көрінуін талап ететін жаттығулар қолданылады. Мысалы, аралық элементтің тұрғызу тапсырмасы беріледі: қатардағы түсіп қалған немесе қалған элемент орнын табу керек, тұрғызылған қатарға аралық элементтерді қою керек. «Қайсы көп?», «Не аз?», т.б. ойындарын пайдалана отырып, тапсырмаға ойындық санын береді.

Тәрбиеші балаларға тапсырма береді: тапсырманы орындау процесінде тәрбиеші балаларға өлшеу тәртібін анықтауға көмектеседі, ең аз жол алу үшін түзу сызық боймен өлшеу керек. Біркелкі түрде дұрысы аз қадаммен түру керек. Өлшемі бүкіл қашықтықта бірдей болу керек. Балалар әуестеніп ағашқа дейін қанша қадам екендігін, құмы бар жәшікке дейін қанша екендігін анықтайды. Бірдей қашықтықтарды өлшеу кезінде балалар мен тәрбиеші нәтижелердің әр түрлі шығатындығын анықтайды. Қайталама бақылау нәтижесінде балалар соңында алынған қадамдар санының қадам кендігіне туекелді болатындығын мақұлдайды. Қашықтықты салыстыруда, мысалы, қапты кімнің алыс лақтыратынын анықтау кезінде өлшеуді қадаммен бір ғана бала жүргізуі тиіс. Қашықтықты өлшеу тәрбиешілерінің жинақтау шамасы бойынша сол затқа дейін қанша қадам екендігін балаларға көзбен анықтай ұсынылады. Тұжырым айта отырып, балалар қашықтықты өлшеп, тексеру жүргізеді. Заттардың өлшемдерін тікелей салыстыру тәрбиесі ұғым бойынша салыстыру үшін тұжырым жасайды. Балаларға тапсырма беріледі, сол заттың қандай өлшемде екендігін немесе қоршау, қақпа, бала үстелінің биіктігін көрсету керек, үлгіден үлкен, кіші немесе оған затты атау керек.

Заттарды өлшеу нәтижелері аралас сандарды салыстыруда және олардың арасынан айырма қатынастарды анықтауды жаттығу мүмкіндігіне не болатындай етіп заттарды мақсатқа сай таңдайды. Мысалы: ал қызыл лента ұзындығы – 8 өлшем бірлік, ал сары түс – 7 өлшем бірлік. Бала, «ал қызыл лента сарыдан 1 өлшем бірлікке аз». «Сен неліктен бұлай ойлайсың?». – «Сары лентаның ал қызылдан 1 өлшем бірлікке қысқа болатын себебі: 7 саны– 8 – ден 1-ге кем, ал 8 саны 7 – ден 1-ге артық».

Балалар өлшем бірліктерді бірден өлшеп, есептейді біртіндеп үйренеді: «Біз бұрындары өлшей отырып, қандай-да бір затты жадымызға қалдырсақ, енді біз заттарды игермей-ақ өлшем бірліктерді қалыптастыра, оларды бірден есептейтін боламыз» деп тәрбиеші түсіндіреді. Өлшемдегі жаттығудың практикалық тапсырмаларды шешуге негізделу маңызды. Балалар бірдей өлшемдей заттарды өлшеу кезіндегі бірдей сандардың алынатындығын, ал бірдей өлшемдегі әркелкі заттарды ашу кезінде әр түрлі сандардың ашылатындығын түсінеді. Зат өлшемі үлкен болған сайын үлкен сан алынады, ал зат мөлшері кіші болған сайын оның саны да кіші болады.

Балаларға үш кубикті берейік. Ең үлкен және ең кіші кубикті бірінен-бірін біршама қашықтыққа қойып, балаға олардың арасына шамасы бойынша орташа кубикті орналастыруды ұсынайық. Осылайша, балалар олардың ең үлкен, орташа, ең кіші деп атауды үйренеді, әрі ретінен санайды.

Енді тағы балаларға тәрбиеші тапсырма береді. Мұнда әр түрлі түсті, әрі әр түрлі пішімді ойыншықтар берілді. Балалаар ал ойыншықтарды түр түсімен және ұзындықтарымен жинастырады да, ойыншықтарды қатарымен санайды. Қайсы түсті ойыншықтар көп не аз екендігін анықтайды осылайша, балалар заттарды өлшемі бойынша орналастырып, олардың санын анықтай біледі.

Көбірек», «азырақ», «теңдей» деген ұғымдардың қатынасын тұжырымдау

Үстіне қою және жанына қою тәсілдерін игеріп болған соң, жиынтықтардағы бірліктер санының тең және тең еместігін тұжырымдауға мүмкіндік алады. «Теңдей (қанша болса, дәл сонша)», «көбірек», «азырақ» қатынастардың мағынасын ашып алу заттардың 2 жиынтығын салыстыруға байланысты әрқилы ойын-жаттығуларды орындауға жол ашады. Екі жиынтықтардағы суреттерді, заттарды бірінің үстіне бірін, қатарластыра қою және жұптастырып қою тәсілдері арқылы жиынтықтардағы заттардың саны теңдей ме, жоқ әлде біреуіндегі заттар көп те, екіншідегілер аз ба – соны анықтай алады. Мысалы: «Біздегі шелек пен тарелканың саны теңдей ме? Балаларға доп жеткілікті ме?» – деген сұрақтар салыстырылады., себебі балалар саны, құрамы әркелкі топтарды жиынтық деп қарау тәжірибесі молаяды. Құрамындағы заттардың саны теңдей және теңдей емес топтарды салыстыратын ойын-жаттығулар бірін-бірі алмастырып отырады, сонымен қатар қоса айта кететін нәрсе - салыстыратын топтардағы заттар саны бірінен-бірі тек 1 затқа ғана көп (аз) болғаны жөн (2 және 3; 3және4; 4 және4,4және5; т.с.с.) мұндай абайлық сандық қатынастарды нәзік аңғар шеберлігін шыңдауға септігін тигізеді. Тәрбиеші тиянақты әрі тұрақты түрде тұжырымдап отырады: екі топтағы заттар саны теңдей ме; қайсы топтағы қандай ойыншықтар көп (аз) ; заттарды сурет (зат) үстіне қою керек пе, әлде жанына (қатарына) қою керек пе, әлде жұп-жұп етіп қою керек пе? – деген сұрақтар балаларға үйреншікті болуы тиіс [6  295 б].

«Көбірек», «азырақ», «теңдей» ұғым қатынастары ойын-жаттығулардың басынан бастап , бір-бірімен тығыз байланыста ашылады. Сұрақ алу үстінде, тәрбиеші балалардың ынтасын қайсы заттың көбірек, қайсы заттың азырақ болып шыққанына бағыттайды: «Қызыл гүлдер көк гүлдерге қарағанда көбірек екен. Көк гүлдер саны қызыл гүлдер санынан азырақ екен, немесе қызыл гүлдер қанша болса, көк гүлдер де дәл сонша екен»-деген сөздермен жауап қайтарады.

Біреуіндегі заттар саны екіншісінен 1затқа ғана көбірек екі жиынтықты салыстырған кезде – теңдей ме? Және «қайсысы көбірек»- деген сұрақтарға көп балалар «теңдей» -деп жауап қатады. Олар өткен жаттығуларда құрамындағы заттар саны теңдей жиынтықтарды салыстырып , әбден дағдыланып кеткендіктен солай жауап берге үйренген, сондықтан бойға сіңген түсініктер жаңа жағдайға оңтайланғанша осылай қабылдауға әсер етеді. Үйреншікті жауап сыртқа шығып тұр: «Қанша екен», «теңдей ме екен?»-деген сұрақтарға «теңдей» , «қанша болса, сонша» -деген сынды дайын жауапты ойланбай айтып салуы мүмкін [5, 46 б].

Балақайларға қайсы заттың көбірек (азырақ) екендігін сұрап , тыңдар алдында тәрбиеші оларға көмекке келуі керек: екі жиынтықтағы заттардан кезекпен бір-бірден алып, жұп жасап жинайды. Ол тәртібімен жұп болған заттарды қолымен нұсқап түгелдейді де, олардың назарын артық болып шыққан, яғни жұбы жоқ затқа қаратады және неге оңай болғанын түсіндіреді: «Бір қоян артық, яғни олар сәбізге қарағанда көбірек , ал 1 сәбіз жетпей тұр, яғни олар қояндарға қарағанда кем ». Балақайлардың өздері қайсы заттың көбірек (артық), немесе қайсы заттың азырақ (кем) екенін көрсетсе құба-құп.

Бұл ойын – жаттығулар сипат белгілері қарама қарсы, алшақ заттарды, мысалы, ұзын және қысқа кесінді маталарды, таяқтарды , биік және аласа пирамидаларды , сонымен қатар геометриялық пішіндердің моделдерін : шеңбер , шаршы, үшбұрыштарды пайдаланған орынды. Ал, олардың түстері де әркелкі болса, тіптен жақсы. Балалар заттарды түсіне , пішініне және көлеміне қарап сұрыптап топтастырады, және әр жиынтықтағы заттардың санын салыстырады. Олар жиынтықтағы барлық заттарға ортақ жалпы сипаттарды да, сол жиынтықтың бірәз бөлігіне (бірәз заттарына) ғана тән сипаттарды да ажыратады. Осылайша жалпы жиынтықтағы заттарды топтамаларға бөліп, олардың арасындағы сандық қатынастарды орнықтырады. (Доптар көп, үлкен доптар да, кішкентай доптар да бар. үлкен доптар азырақ, кішкентай доптар көбірек») [6, 25-28 б].

Тәрбиеші заттардың сол жиынтықтардағы сандық қатынастарын өзгертіп отырады. Мысалы, көк үшбұрыштар саны қызыл үшбұрыштар санынан көбірек те, азырақ та болады, немесе теңдей болады. Жиынтықтардың кеңістікке орналасуы да өзгеріске әдейі ұшырап отырады. Мысалы, саны жағынан көбірек қызыл гүлдер біресе үстіңгі қатарда, біресе астыңғы қатарда орналасады, бірақ бәрібір көк гүлден 1-і артық шығады. Осындай ойын-жаттығларды игерген балалар заттардың, (ойыншықтардың) қайда тұрғаны, түсі, көлемі басқа заттың сипаттарына байланысты (тәуелді) емес екенін түсінеді. Бала жалпылап тұжырымдаудың , тысқары ойлаудың (абстракты) дағдыларын бойына сіңіреді.

Балаларға сандық қатынастардың өзгеруін қадағалауды ғана емес, санымен қатар сол өзгерістерді өз қолдарымен жасауды да үйреткен дұрыс. («Жалаушылар бәрімізге жете ме? Жетпесе , тағы да қанша жалауша әкелу керек.»- «1 жалауша» - «Көп қоянды әкел, қоян сәбізден көбірек болсын (азырақ болсын , сәбіз қанша болса, қоян да дәл сонша болсын) ».

Балалар жаттығуларда әбден меңгерген амалдарын түсініп орындауды машық еткені жөн. Ол үшін ең тиімді жол - тағы да әбден сыналған ойын-жаттығулар : «Стол басында қанша бала болса, сонша қасық әкел», «Барлық балаға жететіндей қалам әкел де, 1 қаламнан үлестір», «Бәріне жетті ме, артылып қалды ма, жетпей қалды ма?». Егер , балақай қателесіп кетсе, артық қалған затты орнына апарып қоюды, немесе жетпей қалған затты әкеліп қосуға ұсыныс жасайды.

Балаларға меңгерген ұғым бойынша қанша болса сонша, тең, көп, аз, бірден деген ұғымдарды меңгертудің үлгісі:

Мысалы:

Балалар: Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада,

Сәрсенбеде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні жидек тердік қыратта,

Сенбі күні суға түстік бұлаққа,

Жексенбіде үйде болдық, демалдық.

Осылайша өте шықты бір апта.

Балалар біз сендермен математика сабағынан цифрларды

таныстыру, көп, аз, тең ұғымдарының шартты белгілерін үйрету жолдары туралы сабағымен танысамыз. Мен сендерге қызықты есептер дайындап келдім. Гауһарда екі алма, Данада үш алма, барлығын қосқанда болады неше алма?

Балалар: бес алма.

Тәрбиеші: Бес алманың екеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

Балалар: Үш алма қалады.

Тәрбиеші: Дұрыс таптыңдар, балалар.

Сергіту сәті:     Бір, екі, үш,

Айға қарап ұш.

Төрт бес алты,

Айға жетіп қалды.

Жеті, сегіз, тоғыз, он,

Айға барып қон.  15 минут.

Тәрбиеші: Балалар міне менің қолымдағы таяқшаларды санайықшы.

Балалар: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар жақсы санадыңдар.

Сергіту сәті: Бала, бала, балақан,

Қане қайсы алақан

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Алақанды ашайық.

Бесті-беске қосайық

Нешеу болды барлығы?

Жасырып ем бесеуін.

Қалды енді нешеуі?

Тәрбиеші: Балалар, қане кім санамақ біледі, бізге кім айтып береді?

Балалар:

Айнұр: Бір дегенім – бірлік,

Екі дегенім – еңбек,

Үш дегенім – үміт,

Төрт дегенім – талап,

Бес дегенім – білім,

Алты дегенім – асық,

Жеті дегенім – желке,

Сегіз дегенім – серке,

Тоғыз дегенім – торқа,

Он дегенім – оймақ,

Он бір – қара жұмбақ.

Тәрбиеші: Жарайсың, Айнұр, өте жақсы. Енді мына қояндар көп пе, әлде доптар көп пе?

Балалар: Қояндар көп.

Тәрбиеші: Қандай тамаша, жарайсыңдар. Сендер қоянның көп екенін қалай білдіңдер.

Балалар: Санау арқылы қоянның алтау, доптың бесеу екенін білдік.

Тәрбиеші: Қазір көктем мезгілі. Осы көктемге арнап кім тақпақ айтып береді?

Балалар:

Бүршігін шашып ағаш,

Жапырақтар жаяды.

Гүл бәйшешек басады,

Ал балалар айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Тәрбиеші: Өте жақсы, енді «көрші сандарды ата» деген ойынды ойнайық.

Ойын: Көрші сандарды ата.

Ойынның мақсаты: Балаларға ойыню ережесін түсіндіре отырып, әрбір санның алдында тұрған сандарды табулары керек.

Ойынның ережесі: Кімде-кім жаңылыспай, көрші сандарда тапса, сол ойыншы жеңімпаз болады. Алдындағы сандарды дұрыс табуға мұхият болу.

Ойынның барысы: ойынға бірнеше бала қатысады. Тәрбиеші балаларға сан бейнеленген кеспе қағаздарды таратады. Ал балалар өздеріне қандай сан бейнеленген кеспе қағаз түссе, сол саннан алдыңғы тұрған санды атау керек.

Пысықтау: Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі сабағымыз қызықты әрі түсінікті өтті. Сендер бір шама мәліметтермен таныстыңдар. Осымен сабағымыз аяқталды. Сабаққа белсене қатысқандарын үшін, рахмет.

Қорыта келе балабақшадағы балаларға меңгерген ұғым бойынша қанша болса сонша, тең, көп, аз, бірден деген ұғымдарын осылай меңгертуімізге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. А. Б. Балабаева. Қарапайым математикалық ұғымдармен таныстыру. 2007, 66 б.
  2. Қ. Шалғынбаев, А. Төлешов «Қарапайым математикалық түсініктердің дамуы». «Бастауыш мектеп», №2, 2006. 18-21б.
  3. П. Сағымбекова. Математиканы оқытуға дайындау тұжырымдамасының жүзеге асу жағдайлары мен жолдары. Бастауыш мектеп №7, 2003.
  4. Т. А. Батова «Математиканың даму тарихы» Грек арифметикасы. 1983.
  5. Л. С. Метлина «Математика в детском саду». М. 1996 46 б.
  6. Р.А.Сүлейменова, Г.Қ.Жұмағалиева, Ш.Ж.Кәріпжанова. Математика оқулығына арналған әдістемелік нұсқаулар. 25-28 б.

БАЛАБАҚШАЛАРДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Ж О С П А Р Ы

І. Кіріспе

Балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – ойын.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет.
  2. Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар.

ІІІ. Қорытынды.

Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы.

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.

Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.

Осыдан келіп ойын туралы мынандай  т ұ ж ы р ы м  ж а с а л а д ы :

а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді  т ә р б и е л е й д і.

ә) е р і к ж ә н е  м і н е з  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны  жетілдіреді.

б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.

в) э с т е т и к а л ы қ  т ә р б и е  б е р у - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

г) е ң б е к  т ә р б и е с і н  б е р у  мақсаттарын шешуге мүмкіндік  береді.

д)  д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.

Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған». Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.

Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Мысалы, «Соқыр теке» ойыны («Ақ сандық, көк сандық» Құраст. Ш.Ибраев.А., 1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші «Тентек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:

Қараңғыда көзім жоқ,

Маған жақын келіңдер,

Тиіп кетсем сөзім жоқ,

Бір қыз ұстап беріңдер!..

Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршап тұрғандар мазақтап:

Соқыр, соқыр, соқырақ,

Тотияйын салайын,

Оң көзіңе топырақ,

Ал, ұстап көр, батырым,

Топырағын алайын,

Міне, келе жатырмын!

деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оның орнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.

Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.

Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің негізгі мақсаты, сондықтан да «халықтың бар байлығы малда болды». Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды.

Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы, қазақтың тіршілігінің тірегі, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір сезіммен қалыптасуы болды. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар дүниесінің өкілі деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан серігі екендігін шабыттана жырлаған.

Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, барлық мәдениет пен өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды, келе-келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын «ақбайпақ», «көк сиыр», «түйе-түйе», «соқыр теке» т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.

Бұл ойындардың барлығы дерлік қазақ халқының төрт түлікті аса бір сүйіспеншілікпен дәріптеп, қадірмен тұтып, жануарлардың бойында адам баласының қасиеттері бар, сондықтан жан-жануарлардың бәрі бірдей деген ұғымнан барып шыққан ойындар болды. Ондай қасиеттерді бірі осы ойындардың көпшілігінде дерлік төрт түліктің қай-қайсысы болмасын, аналықтарының өз төлдерін өлімге қимайтындығын аңғартады. Сондай «Ақбайпақ» ойынында, жоғалтқан ботасын іздеген інген қатты күйзеледі. Ақырында ботасын көріп, жаны жай тауып, ботасымен әңгімелесе келіп өзін тыққан ұрылардың кімнен жақсылық, кімнен жамандық көрдің деп, содан ботаның айтуы бойынша інгеннің бұйрығымен ойнаушылар жазасын алады.

Қазақ халқының малды соншалықты қадірлейтін себебі сол, халықтың саяси әлеуметтік және экономикалық жағдайының даму процесінде осы төрт түлік арқасында жеке адамның қай-қайсысы болмасын өмірден мұқтаждық көрмеді. Сондықтан да төрт түлік қазақ халқының ауыз әдебиетінің, өнерінің, мәдениеті мен ұлт ойындарының негізгі кейіпкері.

«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.

Ұлттық ойынның бірі – «Ұшты-ұшты». Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады.

Ойын ережесі : Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек.Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты, қанжыға ұшты деп жалғаса береді.

Алданған ойыншылардың жазасы өлең айтып би билеп, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдаушылық та күшейе түседі.

Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Ата-ананың ойлау, қиялдау, армандау қабілетін қалыптастыру үшін халық ауыз әдебиетінің жанрларын – ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтар, санамақтарды айтып үйреткен.

Мысалы, «Тоғызқұмалақ» ойыны:

Қызықтырған есепшіні, ойлыны,

Бабалардың бұл ежелгі ойыны.

Екі адамға тең бөлінген мал жайы,

Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.

Онда бар он сегіз ұя – кіші отау,

Екі қазан – үлкен келген іші отау.

Бір жүз алпыс екі – барлық құмалақ

Сексен бірден екі ойыншы тұр қамап.

Әрқайсының сегіз ұя – ойы бар,

Әр ұяның дәл тоғыздан қойы бар.

Екі ойыншы – екі қойшы кезекпен

Түсіреді ұяға қой есеппен.

Бір-бірінің ұясына айдайды

Қой – құмалақ санын жіті аңдайды.

Ұяда қай жұп болса қой – құмалақ

Бәрі қарсы қазанға кеп құламақ.

Солай талай қой қазанға түседі

Есепке оны екі қойшы тізеді.

Кімде-кімнің қазаны тез толады,

Сол ойыншы ұтып шыққан болады.

...Қызықтырған бүгіндерде ойлыны

Міне, осындай бабалардың ойыны.

Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқай бала өміріндегі ойынды және ермекті «ол - баланың еңбегі»,- дейді, демек бұл жай ермек емес, бала әлеміндегі кәдімгі еңбек. «Сондықтан да бала еңбегі – ойын. Ендеше, ойын балалардың күнделікті тіршілігі адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты. Тіршіліктің түрі бар. Сол сияқты балалардың да өзіне меншікті бала кезінде істейтін істері бар. Ол іс – жас уақытындағы ойын». Сондықтан да қазақ балаларының негізгі ойындары асық, құмалақ (түйенің, қойдың), бес тас, доп міне мұның бәрі осы балалар еңбегінің құралдары болады. Өмір мен өнерге деген талаптың түп негізінің өзі осы асық, доп, құмалақ, ләңгі, қуыршақ, мәшине, үй болып т.б. ойнауларда жатыр. Ендеше халықтың бұл дана сөзін тура мағынасында түсінуге болмайды.

Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр- дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттердің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері айтылады. «Домбырамен күй шерту», «Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», «Ақсүйек», «Тоғызқұмалық», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, бытылдыққа, ерлікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрі – «Он бір қара жұмбақ». Оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы балаңың ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету,тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес.

Балалар ойынында кейде  өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп,ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз биігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы - балалардың бойында өнердің, білімнің, тәрбиенің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.

Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар Алма-Ата «Жалын» 1987 г.
  1. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
  2. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
  1. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев. Алматы «Балауса» 1992 ж.

Балабақшадағы психологиялық қызмет туралы реферат

Жоспар

Кіріспе

  1. Мектепке дейінгі мекемелердің балалардың дамуындағы орны

2 . Мектепке дейінгі оқу тәрбие жұмысын бақылау және басшылық жасау

  1. Фонетиканы оқыту барысында балалардың логикалық ойлауын дамыту

4. Балалардың білім және тәрбиелік тұрғыдан кеткен қателерін дұрыстау жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі  ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін.

Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай:

  1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
  2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
  3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру.
  4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.

Мақсаты:

Метепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзетуде әдістемелік әдебиеттерді талдау, және де ғылыми негізін белгілеу, мектепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзетуде әдістеме  жасау;

Міндеті:

Метепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзетудің ғылыми теориялық негіздерін анықтау;

Метепке дейінгі баланың қателіктерін тірбиелік тұрғыдан түзету жұмысының мазмұнын, көлемін белгілеу.

  1. Мектепке дейінгі мекемелердің балалардың дамуындағы орны

Білім берудің деңгейлері әрине, тағы да балабақшадан басталмақ. Мақсаты – мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзету бағдарламаларымен қамтуды дәйекгі түрде ұлғайту жолымен балалар-дың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейде қызыметтің өзіндік түрлерін және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуге тиіспіз.

Міне, осылайша қымбатты әріптестер мойнымыздағы жүк күннен -күнге ауырлай түседі. Оны жеңілдету, келешек ұрпақтың қамын ойлау өз қолымызда. Біздердің ата - бабамыз алмаған қамал жоқ, ендеше сіздер мен біздер бұл тұғырда да жетер биігіміз, тауымыз алда. Бүгін мен сіздермен балабақшаның бақылау мен басшылық барысындағы қол жеткізген шамалы жетістіктермен бөліспек ойым бар. Әрине, жаңадан әдіскерлік жұмысын бастаған әріптестерім үшін көмек, кеңес болар деген ойдамын.

Бақылау функциясы - латынның жасау орындау деген мағынасын білдіреді. Басқарушы жүйеден басқарылатын процестердің мақсатты бағытталуын және ұйымдастырылуын талап ететін белгілі бір іс әрекет атқаратын басқарушы жүйе мен бақылау объектілері арасындағы қатынас. Бақылау функциясы периодты немесе қажеттілігіне байланысты жүзеге асады (күн сайын, апта, ай, тоқсан, жыл сайын). Мысалы, сабақтың кестесі жыл сайын жасалса, тәрбиешінің жұмысын бақылау белгіленген мерзімде қажеттілігіне қарай жүргізіледі.

Менеджмент бойынша жұмыста әр түрлі басқару мен бақылаудың түрлері бар - жоспарлау болжау, талдау, ұйымдастыру, басқару, үйлестіру, коммуникация, шешім қабылдау, бақылау, бағалау, қолдау, ақпараттандырулар. Бұларды жәй басқару функциялары деп атайды.

Бұл басқару функциясы тек әрекетті ғана емес ол жүргізілетін объектіні атағанда ғана толық анықталады, бақыланады. Мысалы, «Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау» мен «Әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау» - екі түрлі функциялар.

Білім беру мекемелерін басқару мен бақылау басшылық ету әдістері мен стилі ғылым үшін де, практикалық жұмыскерлер үшінде әрдайым өзекті болып отыр. Білім беру мекемесі қоғам жағдайының айнасы тәрізді: өзгерістер, жаңарулар, қиын уақыт аралықтары және жаңа модельдердін құрылуы.

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің проблемасы бүгінгі күні мектепке дейінгі білім берудін қазіргі үрдісі ер балаға және педагогка ынталануға бағытталған жаңа басқару философиясына көшу болып отыр. Қазіргі жағдайларда мектепке дейінгі ұйымның әдіскері инновациялық процестің педменеджмент негіздерін меңгерудің ұйытқысы болып, командалық әкімшілік жүйеден кәсіби ынтымақ-тастық жүйесіне кешудің жетекшісі болуымыз керек. Басқарушылардың жұмысының негізі білім беру ұйымдарында жобалауға, ұйымдастыруға және нақты материалдар мен жағдайлар көмегімен бақылау жасауға мүмкіндік беретін аналитико-диагностика-лық функция болып табылады. Бұл маркетингтік зерттеулерде анық көрінеді.

Мысалы: Бағалау белгілері: қызыл — өте жақсы меңгерген, көк — жақсы меңгерген, сары — орташа меңгерген, қара — көмек қажет. Осыдан кейін барлык тәрбиешілер картасының қорытындысы бойынша шешім қабылдаймын. Егер қызылы, көгі көп болса, ол тәрбиешілерді семинар кеңестерде өз тәжірибесімен бөлісуге шақырамын. Ал сары көбейіп кетсе барлық тәрбиешілермен семинар-практикум немесе іскерлік ойын өткіземін. Қара белгі кездессе ол тәрбиешіге жеке кеңес беруге ұмтыламын. Мұндай диагностикалық картанын пайдасы, әдіс-темелік жұмыс қажеттілігін қанағаттандыруға көп көмек көрсететініне әбден көзім жетті.

Маркетинг өткізу, қызмет көрсету рыногін, тұтынушылар сұранысына сауалнама жүргізу, тестілеу, сұрау, әнгімелесу әдістерімен зерделеу негізінде жүргізуге болады. Мысалы, педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің стратетиясы мен тактикасын анықтау үшін жүргізілген жас мамандармен өткізілген сауалнамаға қарайык:

1 Өз жұмысынызға қаншалықты қанағаттанасыз?

  1. Тәрбиеші мамандығында нені бағалайсыз'?

3.Жұмысыныздың бірінші жылында қандай қиындықтарға кездес-тіңіз? (сабақ жүргізгенде, режимдік сәтте, ойын, іс-әрекетін ұйым-дастырғанда, ата-анамен жұмыста, т.б.)

  1. Қандай көмек кажет?
  2. Алдыныздағы мақсат міндетініз?
  3. Өзіңіздін педагогикалық ұжыммен қарым-қатынасыңызды қалай бағалайсыз?

7.Өзіңізге белгіленген тәжірибелі тәрбиеші тарапынан қандай көмек болды, т.б.? Осындай сауалнамаға жауап ала отырып бақылау мен басшылықтың жан-жақты ізденісі туады. Бақылау дегенді талапты қанағаттандыру шығармашылыққа жетелеу деп түсіну қажет. Бұрынғы авторитарлық педагогикадағыдай жаңа әдістемелерді қолдануға мәжбүр етуге болмайды Қазір тәрбиешінің таңдауына жол бар, әр түрлі жұмыстар істеп, жоғары нәтижеге жетуте болады. Тәрбиешінің педагогикалық еркіндігі болу керек, жағдайға байланысты іс-әрекет түрін өзі тандап алады.

Басқару - бақылау іс-әрекетінің тиімді нысанының бірі педагогикалық мониторинг болып табылады. Мониторинг – балабақшаның іс-әрекеті туралы ақпараттарды жинақтау, өндеу және сақтау, қарату туралы ұйымдастырудың бір түрі. Тағы да мысал ретіне іс-төжірибемен 2001-2002 оқу жылынан бастап балабақша бойынша мынандай бөлімнен тұратын мониторинт тақтасын шығарып келемін.

  1. Мектепке дейінгі оқу тәрбие жұмысын бақылау және басшылық жасау

Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор. халықтық іс болып табылады.

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз. мемлекетіміздін білімді, білікгі, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.

"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 - 6жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу Мемлекеттік коммуналдық қазыналык кәсіпорынға қарасты алты балабақшаның алдына қойған мақсаты "Білім туралы" занның балабақшаларға арналған жоспарының орындалуын қадағалау.

Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып 5 - 6 жастағыларды мектепке дайын.іау ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның  біртұтас жүйелігінің қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондықтанда 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-аналар мен ұстазлар қауымын ерекше толғандырады. Бағдарлама мазмұнын іске асыруда білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз мектеп қабырғасын аттаған балаларды байқағанда балабақшамен қамтылған балалар мен балабақшаға бармаған балалар арасындағылардың айырмлшылығы бірден көзге түседі. Балабақшамен қамтылған балалар тәрбнешінің айтуы, нұсқау бойынша жұмыс жасап, іс-әрскетте белсенділік көрсетіп, өз құрдастарының арасында өзін - өзі еркін ұстап, әрі бақылай алатындығы байқалады. Ал үйден келген әр бір баланың психологиялық дамуына жаңа ұжымға, күн режиміне үйренуінде мектепке леген қызығушылығында икемдік орын алады. Оларды мектеп жағдайына қалыптастыруға педагогтың шеберлігі үлкен роль атқарады.

Балабақшада тәрбиелеу негізінен оқу ойын және еңбекке негізделіп жүргізіледі. Олай болса бала тәрбиесінде ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек және дене тәрбиесі бірін-бірі толықтырып жалғасып жатуы тиіс. Балабақшалар жыл бойы осы бағытты негізге ала отырып, өздерінің алдына мақсат қойып, сол міндеттерді шешу үшін еңбектенеді, яғни балабақша бағдарламаны негізге алып тәрбиенің әр саласында тынымсыз жұмыс істейді. Оқу жылының басынан бастап мектепалды топтарында балаларға білім беруде, суретті әліппе, математика, сауат ашу кітаптары бойынша сабақтар жүргізіледі. Ал білімдерін пысықтау барысында оқу бағдарламасына қосалқы ретінде танграмм, ребус, кроссворд, мақал – мәтел, сөзжұмбақтар кеңінен пайданылады. Жылдан жылға материалдық – техникалық базамыз әдіскерлік құрал жабдықтарымыз молая түсуде.

  1. Фонетиканы оқыту барысында балалардың логикалық ойлауын дамыту

Фонетканы оқыту барысында ой құрау жөніндегі дыбыстың рөліне, орфоэпиялық және орфографиялық дағды қалыптастыруға, балалардың логикалық ойлауы мен сөйлеу тілінің дамуына басты назар аударылуы тиіс.

Фонетиканы оқыту барысында орфографияны үйрету елеулі орын алады. Орфографияны берік менгеру оқушылардың ережені пайдалана отырып, дыбыс пен әріп ара қатынастарын аша білуіне негізделеді. Тілде әр түрлі фонетикалық құбылыстар болады. Тілдік қызметті атқару барысында, түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

Тілдегі көптеген сөздер естілу қалпынша жазылады. Мысалы: от, ат, мол, мал т.б. Бұл сөздердің дұрыс жазылғандығын айтылуы бойынша анықталып тұр. Егер мұндағы әріптердің біреуі басқаша айтылса, сөздің мағынасы мүлде басқаша болып кетер еді. Осылайша дыбысты тура айналдырып жазу үшін, оқушы алфавитті жақсы білуі тиіс.

Алайда тіліміздегі сөздердін бәрі бірдей естілуі бойынша жазыла бермейді. Бұған сөздің соңғы буындарында жазылатын ә,ө,ү,ү әріптерінің емлесін жатқызуға болады. Сондай-ақ үу, үу, ыу, іу болып естілгенімен бір ғана у жазылатын, ый,иі болып естілгенімен, бірнеше түбірден басқа сөздерде бір ғана а жазылатын жағдайлар да сөздердің айтылуынша жазыла бермейтінің айғағы болып табылады.

Фонетиканың "Үндестік заңы" деп аталатын тақырыбы бастан-аяқ орфографиялық мақсатты сөздейді. Мұнда орфоэпиялық та, орфографиялықта ерекшеліктер қамтылады. Буын үндестігі заңы бойынша түбір сөздін соңғы буынның жуан я жіңішке болып келуіне қарай қосымша да жуан я жіңішке болып үйлесуі шарт. Алайды, тіліміздегі барлық сөздерге қосымша осы тәрізді тәртіппен қолдана бермейді. Міне, осыған байланысты ереже де жаттығу да мол жүргізіліп, оқушылардың игеруіне тиімді жағдайлар жасалу керек.

Тәрбиеші грамматика мен емледен окушылардың білімін дағдысы мен шеберлігін есепке ала отырып, жастардың жақсы және олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін кластағы анағұрлым

білімі нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп жазып журеді. Сөйтіп, мұғалім оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қадағалап, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар береді.

Балалар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыс жасайды. Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ғана емес, сонымен қатар терінің қателерін жою үшін өздіктерінен жұмыс жасауға да үйренуі тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім класпен жұмыс жасау кезінде немесе бір оқушыдан сабақ сұрау кезінде керекті сөзді жазғызады, қалай жазылып тұрғанын талдатады. Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады.

Тоқсанның аяғына, жарты жылдың аяғында мұғалім оқушылардың жұмыстарына толық талдау жасайды, осының нәтижесінде әрбір оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі жөнінде тұтас карта жасалды, Тәрбиеші балалардың қате жіберу мотивін анықтайды:

  1. I) Бала ережені білмегендіктен (кезінде түсінбеген немесе ұмытып қалған) жіберген бе?

2) Ержені түсінді, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған яғни ережені жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған.

3) Ережелерді қарастырып шатастырады

4) Жазып отырғанының мағансына түсінбей, зейін қоймай механикалық іс әрекет етеді.

5) Кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да өзін-өзі бақылай алмайды.

6) жауапсыз, ұқыпсыз орындау салдарынан қатені байқамайды т.с.с. - себептерін анықтағаннан кейін соған сәйкес, қосымша жұмыс үйымдастырылады.

Балалардың жұмыстарында кеткен қателерді түзету жолдары да алуан түрлі қателерді қай кезде түзету керек? Егер жұмыс шағын болса, сол табанда түзету керек. Мысалы: ескерту, түсіндірме анттары, көшіріп жазу жаттығуларын сол сабақтың үстінде-ақ түзетуге болады. Ал бақылау ант, мазмұндама, шығармадағы қателер соңынан түзетіледі. Қате түзетуде жазу жұмыстарына бақылуа жасаудың пайдасы зор.

Жұмыс осы сыныптағы оқушылардың көпшілігіне тән қателерден басталады. Мұғалім өзінде олардың көбі қате жіберген сөзді немесе сөйлемді тақтаға жазады, оны қалай жазу керектігі, неге жазатынымыз анықталады, ережесі еске түсіріледі. Мұндай жалпы классқа тән қателер онша бола бермейді, сондыктан оларды талдауға бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса оқушылар ол сөзге сөйлем, дәптерлеріне жазып алады.

Балалар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда динамикалық стереотип орнайды одан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан олардың қателерін есепке алып, бір қатені бірнеше рет қайта жібермеу үшін дереу алдын ала шаралар қолданылады. Оқушыларды жазудан сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескертіп, көрсетіп жаздыру, жазылу ережесі атап сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран кездессе ондай сөздерді тақтадан немесе кітаптан қарап жазуға дағдыландыру керек.

Оқытуда, тәрбиеде және бала тұлғасын қалыптастырудағы тұлғалық бағдардың өзектілігіне байланысты қарым-қатынас мәдениеті мәселесі қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымдардың кеңінен қарастырып отырған мәселелерінің бірі. Балабақшаның педагогикалық үрдісінде бұл көзқарасты іске асыру осы мәселенің теориялық негіздерін талдауды, кіші жастағы оқушылардың жас ерекшеліктерін қайта қарастыруды, осы мәселені шешудегі мұғалім мен оқушының ролдерін анықтауды қажет етеді.

Педагогика ғылымында тұлғалық бағдар тәрбиесі баланың тұлғалық қалыптасуына педагогикалық көмек көрсетуді, әлеуметтендіруді, өмірдегі өз орнын анықтауды және балаға өктемдік көрсетпей, оны қамқорлықпен дамьггуды қарастырады.

Баланың қателіктеріне тәрбиелік тұрғыдан қарау - тұлғалық бағдар тұрғысынан мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің өзектілігін негіздеу.

Қарым-қатынас мәселелерімен белгілі ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, ЯА.Коменский, И.Г.Песталоци жәнет.б. айналысқан.

Қазіргі таңда зерттеушілер қарым-қатынас процесінің әр түрлі аспектілерін қарастыруда. Бұл мәселенің философиялық негіздеріне В.С.Библердің, М.М.Бахтиннің, М.С.Коганның, Ж.М.Абдильдиннің, Ш.Қа-сабековтың еңбектері арналған.

Бірақ қазіргі кезде осы аталған түрлі зерттеулер бағьптары арасында қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуді балалардың кіші жасынан бастау мәселесі көп қарастырылуда.

Мектепке дейінгі баланың жас кезендері балалар дамуындағы өте маңызды және ерекше кезең болып табылады. Осы уақьпта адам тұлғасының қаланады. Аталып отырған кезең танымдық белсенділікпен, білімге деген құштарлықпен, әсерлі қызығушылықпен, ата-аналар мен мұғалімдер абыройына де үлкен сенімділікпен сипатталады.

Тағы бір кеңіл аударатын жәйт - балалардың мектепке дейінгі кезден мектепке дейінгі баланың қатарына өту, бірізділік, жүйелілік мәселелері. Педагикалық тұрғыдан осы жас кезең ерекшеліктері Ш.А.Амонашвили-дің құнды еңбектерінде қарастырылған.

Мектепке жасына дейінгі баланың қарым - қатынас мәдениетіне тәрбие мәселесін қарастыруда қысқаша "мәдениет" және "қарым-қатынас" ұғымдарына тоқталған жөн.

Философия ғылымында "мәдениет ұғымы жайлы бірнеше көзқарастар қалыптасқан:

  • тұлғалық мінез-құлық пен іс-әрекет бағыттайтын және іске асыратын әмбебап механизм ретінде (А.Г.Здравомыс А.В.Ядов және т.б.);
  • рухани және материалдық құндылықтар ретінде (В.П.Тугаринов және т.б.);
  • іс-әрекет жасау әдіс-тәсіл, ретінде (М.СКоган, В.Е.Давыдович т.б.);
  • тұлғаның қоғам өмірінің тарихи - әлеуметтік, рухани салаларында өзін шығармашылық түрде іске асыру әдісі реттеу (В.СБиблер, А.Н.Леонтьев және т.б.
  • адам өзінің биологиялық табиғатынан жоғарылау дәрежесі, онда рухани тамалардың қарқынды дамуы реттеу (В.М.Розов, Д.С.Лихачев және т.б.)

Жалпы алғанда қарым-қатынас балалар арасында байланыстарды жасаудағы және дамытудағы өзара іс-әрекет қажеттігінен туындаған және ақпараттармен алмасуды, басқа адамдарды қабылдауды және түсінуді қамтитын күрделі, көп-деңгейлі үрдіс.

  1. Балалардың білім және тәрбиелік тұрғыдан кеткен қателерін дұрыстау жолдары

Тәрбиешінің балаларға сенім артуы, оларды оқу үрдісінде де қолдап отыруы, балалар жауабын құптап, олардың ойларына, жауаптарына ризашылығын білдіріп отырса, барлық вербальды және вербальсыз қатынас аппараттарын қарқынды қолдана алуы қарым-қатынас үрдісін әсерлі де тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Ал, мектепке жасына дейінгі баланың үшін мүғаліммен қарым-қатынас жасау маңызды қажеттілік. Осы жаста олар мүғалімді пір тұтып, оның абыройына деген асқан сенімділік танытатыны анық. Бұл сенім балалар бойында мұғалімнің балалар тұлғасына деген қызығушылығын көрсеткенде, өз жомарттығын, мейірімділігін, адалдығын, тағы басқа адамгершілік қасиеттерін байқатқанда ғана пайда болады. Балалар өз сырларын сенетін адамдарына ғана айтады, ал басқа сенімдік танытпайтын адамдарды интуитивті түрде сезіп тұрады да, оларға сырын аша бермейді.

Барлық адамдарда қауіпсіздік, қорғаныш сияқты жетекші қажеттіліктер болады. Осы қажеттіліктер мектепке жасына дейінгі балаларда аса айқын байқалады, олар үнемі үлкендерден көмек күтіп, қамқорлықты қажет етеді. Балалардың сенімдерін ояту үшін мұғалім өз сырларын да оларға айтуына болады.

Мектепке жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениеті ұғымы бірқатар құрылымдық бөліктерді қамтиды. Қысқаша осы жастық кезеңді сипаттайтын мінез-құлық мәдениеті, сөйлесу мәдениеті, оқу еңбегінің мәдениетіне (оқу мәдениеті және жазу мәдениеті) тоқталып өтуге болады.

Мектепке жасына дейінгі баланың мінез-құлық мәдениеті - бала мінез-құлқының қалайша сырт көрініс беретінін, қалайша нақты түрде адамгершілік талаптары орындалатынын, осы нормалардың қаншалықты үйлесімді табиғи түрде баланың өмір сүру салтымен ұштасатынын, олардың қаншалықты өмірлік ережелер ретінде қалыптасуын қарастырады.

Кеңірек қарастырсақ мінез-құлық мәдениеті ұғымы адам мәдениетінің ішкі және сыртқы салаларын қамтиды: әдеп, қоғамдық орындарда адамдармен араласу және жүріс-тұрыс ережелері, жеке қажеттіліктері мен қызығушылықтарын сипаттайтын тұрмыс мәдениеті, балалардың мектептен тыс өзара қатынастары.

Мектепке жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениеті - балалардың қоршаған адамдармен сөздік қарым-қатынастарын және ғылымдар негіздерін меңгеру үрдісінде қалыптасқан ауызша сөйлеу қабілеттерінің деңгейі. Аталған жастағы балалардың сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру өте көлемді де күрделі жұмыс, себебі балаларда сөз қорлары сондай толық емес, сөйлеу екпіні де нақты, бірқалыпты емес, сөйлеудің әдеби формаларын да пайдалана алмайды.

Мектепке жасына дейінгі баланың оку мәдениеті тек бұл үрдістің операционалдық-техникалық жағымен сипатталмайды, сонымен қатар мазмұнды жағы да кеп көңіл бөлуді қажет етеді. Оқу мәдениеті ең алдымен кітаптан алынатын ақпараттар мазмұнын түсіну және оны меңгеру мәдениеті. Балаларда оқу дағдыларын қалыптастыру мәселелерімен айналысатын мұғалімдерден бұл іс-әрекеттің ғылыми-теоретикалық негіздерін білулері және оқудың жылдамдығы, материалды қабылдау сапасы, кері байланыс нәтижелілігі, тез оқу сияқты сипаттарына көп көңіл аударуларын талап етеді.

Мектепке жасына дейінгі баланың жазу мәдениеті - аталған жастағы балалардың каллиграфиялық қабілеттері мен іскерліктерін қалыптастыру деңгейі. Бұл үрдіс мұғалім жағынан үлкен педагогикалық шыдамдылық пен күш-жігерді талап етеді.

Сонымен қатар мектепке жасына дейінгі баланың ойлау процесіне де көп назар аудару қажет. Себебі, баланың айтайын дегені ең бірінші оның ойында пайда болып, тек содан кейін ғана ол ойлар ауызша айтылады. Осыған орай мұғалім өз бойында балалардың ойын алдын-ала сезу, байқағыштық қасиеттерін дамытуы керек. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланы дер кезінде қолдап, оның ойын мақұлдап және оның ойын байқағанын білдіруі қажет.

Бірақ осы жастағы балаларға ортақ жас ерекшеліктерді ғана ескере отырып қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жеткіліксіз. Балалар ұжымы түрлі даралықтардан құралады. Сондықтан қазіргі кезде балаға педагогикалық ықпалдың қажеттілігі мен маңыздылығына көп көңілаударылуда. Бұл мәселені шешуде педагогқа балалар отбасылары, қоршаған құрбы-құрдастары, үлкендер қандай ықпал бергенін, олардың қызығушылықтарын, ұжымда алатын орындарын мінездеріндегі түзетуді қажет ете қасиеттерін анықтау қажет. Әрбір баланы тереңінен танып білмей оларда қарым - қатынас мәдениетін жоспарлы мақсат жүйелі түрде жүргізу мүмкін емес.

Қарым-қатынас баланың рухани дамуындағы ең маңызды құралы ретінде қарастырылады. Жеке тұлғаның рухани мәдениеті оның жалпы адамзаттық интелектуалдық, моральдық, эстетикалық құндылықтарға қатынасын көрсетеді. Қарым-қатынас барысында тәрбиешілер қарым-қатынас алдымен нені көздейтін қандай нәтиже беретінін, оны қалай ұйымдастырған дұрыс екенін ескеріп отыру керек. Тәрбиешінің балалармен қарым- қатынасы оқушы тұлғасының рухани даму міндеттеріне бағынады.

Тәрбиенің гуманистік мақсаттарына бағытталған рухани бай қарым-қатынас қазіргі кездегі балабақшалардағы тәрбиешілердің негізгі қызметі болып табылады.

Сөз соңында қарым-қатынастар мен әрекеттерді рухани байьггу балалардың басқаларға қуаныш сыйлауға ұмтылыстарын, басқаларға жағымды жағдай туғызуға талпыныстарын анықтайды. Осындай іс-әрекет нәтижесінде әр бала өз іс-әрекетіне өзінің жеке "Менің бір бөлігін қосып, сүйіспеншілік білдіріп еңбекті бағалауға үйренеді. Ең бастысы балалар бойында кіші жастарынан бас өз қарым-қатынастарын басқалардан ұйымдастыруда ар-үят, намыс, адалдық басқалардың тұлғалық қасиетерін құрметтеу сияқты негізгі адамгершілік қасиеттер негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, балалардың қателіктеріне тәрбие тұрғысына қарау, яғни тәрбиешінің балаларға сенім артуы, оларды оқу үрдісінде де қолдап отыруы, балалар жауабын құптап, олардың ойларына, жауаптарына ризашылығын білдіріп отырса, барлық вербальды және вербальсыз қатынас аппараттарын қарқынды қолдана алуы қарым-қатынас үрдісін әсерлі де тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Ал, мектепке жасына дейінгі баланың тәрбиешімен қарым-қатынас жасау маңызды қажеттілік. Осы жаста олар тәрбиешіні пір тұтып, оның абыройына деген асқан сенімділік танытатыны анық. Бұл сенім балалар бойында тәрбиешінің балалар тұлғасына деген қызығушылығын көрсеткенде, өз жомарттығын, мейірімділігін, адалдығын, тағы басқа адамгершілік қасиеттерін байқатқанда ғана пайда болады. Балалар өз сырларын сенетін адамдарына ғана айтады, ал басқа сенімдік танытпайтын адамдарды интуитивті түрде сезіп тұрады да, оларға сырын аша бермейді.

Барлық адамдарда қауіпсіздік, қорғаныш сияқты жетекші қажеттіліктер болады. Осы қажеттіліктер мектепке жасына дейінгі балаларда аса айқын байқалады, олар үнемі үлкендерден көмек күтіп, қамқорлықты қажет етеді. Балалардың сенімдерін ояту үшін тәрбиеші өз сырларын да оларға айтуына болады.

Тәрбиеші грамматика мен емледен окушылардың білімін дағдысы мен шеберлігін есепке ала отырып, жастардың жақсы және олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін кластағы анағұрлым

білімі нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп жазып журеді. Сөйтіп, мұғалім оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қадағалап, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар береді.

Балалар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыс жасайды. Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ғана емес, сонымен қатар терінің қателерін жою үшін өздіктерінен жұмыс жасауға да үйренуі тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім класпен жұмыс жасау кезінде немесе бір оқушыдан сабақ сұрау кезінде керекті сөзді жазғызады, қалай жазылып тұрғанын талдатады. Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады.

Сонымен қатар тәрбиешілер балалардың өз бойындағы жағымды жақтарын танытуға, ішкі қабілеттерін ашуға көмектесетінін есте сақтаған абзал. Тәрбиешілердің бала жетістіктеріне деген ұмтылыстары, әр бала үшін қолайлы психологиялық жағдай жасау осы қарым-қатынас үрдісін жетілдіреді және балалардың дамуына септігін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Усова А. «Балабақшадағы оқыту», Алматы, 1987 – 126 бет.
  2. Бакраденова А. «Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу программасы», Алматы, 1988 – 246 бет.
  1. Тарасова Л.Т. «Балабақша меңгерушілеріне арналған кітап», Алматы, 1987.
  2. Крупская Н. «Мектепке дейінгі тәрбие туралы», Алматы, 1988 -32 бет
  3. Баймұратова М. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасы», Алматы, 1989 – 246 бет.
  1. Исаева К. «Мектеп алды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жаңаруы» Отбасы және балабақша №6 /112/ 2005 2 бет.

6 Жұмабекова А.«Мектепке дейінгі тәрбиенің бүгіні мен болашағы» Отбасы және балабақша №5 /105/ 2004 – 2 - 6 бет.

7 Базарғалиева Ғ.Т. «Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл – ойын белменділігін жетілдіруде оригаидің тиімділігі» Отбасы және балабақша №1, 2006 – 22 - 23 бет.

  1. Есенова А «Жан – жақты бала тәрбиесі» Отбасы және балабақша №6, 2006– 27 - 30 бет.

Бала құқығы конвенциясы туралы реферат

Жоспар:

  1. Кіріспе
    • Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселесі
  2. Негізгі бөлім
    • Бала құқығын қорғау облысындағы халықаралық – құқықтық құжаттар
    • Бала құқығы конвенциясы
  3. Қорытынды

Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселелері

Өткен жылдар - Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту, оның қазіргі демократиялық, құқықтық республика ретіндегі белгілерін қабылдау уақыты болды. Қазіргі кезде демократиялық нысандарымыз қалыптасу үстінде. Республикамыздың заңдары заман талабына сәйкестендіріліп, жаңадан жаңғыртылып, қоғамымыздың демократиялық жаңғыру жолымен алға басуына мүмкіндіктер жасалды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабында көрсетілгендей мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы- халық. Азаматтарымыздың көгеріп, көркеюі- мемлекетіміздің басты мақсаты болып табылады

Адам құқығы мен бостандығы қатысты мәселелерді талдап қарайтын болсақ, мемлекетіміздің оған ерекше мән беріп келе жатқандығын байқаймыз. Оған аз уақыт ішінде еліміздің демократияға айқын бет бұрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың негізі етіп қалағаны, ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырғаны дәлел.

Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесіне ерекше назар аударумен келеді. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерілістер болғанда да әрбір жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының субьектілерінің кең шеңберіне таралуына ұмтылыстар жасады.

Қоғамның ең басты негізі- жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар мен бостандықтар. Қазақстан Республикасының құқықтық демократиялық мемлекет ретінде алдына қойған және 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциямызда бекітілген негізгі мақсаты- адам мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетіміздің ең бір атқаратын қызметі- мемлекетте адам құқығын қорғау, оны толық жүзеге асырылуына кепілдік беру.

Кез - келген мемлекетте, қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта және қорғалуда болуы керек. Қолымыздағы барымыздың ең қымбаттысы - балалар. Сондықтан да олардың өмірі қалай, қаншалықты қалыптасқандығына, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау, олардың негізгі құқықтарын қорғау сұрақтары кез-келген мемлекеттің басты көкейтесті мәселесі болуы қажет.

Қазіргі замандағы көптеген елдердің әлеуметтік - экономикалық жағдайының нашарлауы, баланың құқығын қорғау проблемасының актуалдығына алып келді. Экономикалық тұрақсыздық, өндірістің басылуы, өтпелі кезең қиындығы салдарынан жұмыссыздардың саны ұлғайып, халық деңгейінің төмендеуіне әкеліп, тікелей балалардың өмір деңгейіне әсер етеді. Экономикалық факторлардың өзі негативтік моменттер туғызады:

1-ден, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық баланы тұлға ретінде қалыптасуына керекті жағдай жасауға үлкендердің мүмкіншілігін шектейді. Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық куйзеліс пен кризиске шалдыққан көптеген елдерде кіші жастағы балалар, ең бастысы – қамсыз бақытты балалық шақтан мұқтаждық көруде. Кейбір отбасыда ата- аналар балаларын тамақтандыру мен киіндіруге де мүмкіндігі болмайды, олардың үкіметі де көп жағдайда оған назар аудармайды.

2-ден, ата-ананың біреуі ішімдік, есірткі қолданған отбасы жағдайы төмен балалар, көбінесе күйзеліске ұшырайды. Олар балалар көзінше ішімдік ішіп, есірткі қолданып, жанжал шығарады. Мұның бәрі жас баланың психикасына әсер ететіні сөзсіз. Өкінішке орай бұл: балалардың қамқорсыз қалуына, оқуын жіберуі немесе тастап кетуіне, көшеде қайыр сұрауына, қылмыс жолына түсуіне әкеліп соқтырады.

3-ден, адамдар өз болашағының жақсармайтындығын біліп, туып жатқан әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмейтіндігінен, балалардың болашағына деген жауапкерсіздіктің пайда болуына әкелді. Содан көбіне ата-аналар өз балаларына уақыт бөлмей, тәрбиесімен айналыспайды. БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібінде бала құқығының әлемдегі жағдайының қаралуы жәйдан жәй нәрсе емес. Осыған мысал ретінде, Бас Ассамблеяның 54-нші сессиясын ашқан кезде, Намибияның сыртқы істер министрі Тео-Бен Гурираб, балалар болашағын әлем алдында тұрған негізгі жеті міндеттің бірі деп көрсетті, сондай-ақ күнделікті дүниежүзі бойынша ата-аналардың жауапкерсіздігі мен қатыгездігінен балаларға өлім қаупі төніп тұр деп атап көрсетті. Гурираб мырза БҰҰ-ның жаңа мыңжылдықты халықаралық әлем мәдениеті және балаларға қатысты зорлық-зомбылықсыз онжылдық деп атауды қолдады.

4-ден, кейбір отбасыда балалар өз-өзін асырау үшін өз бетімен жұмыс істеуіне тура келеді. Сол себептен аяғына дейін оқуын жалғастыра алмайды. Бұл болса жарқын болашаққа деген мүмкіншілікті азайтады, ал қазір болса сауатты да, білімді адамдарға сұраныс өте көп. Одан бетер өкініштісі, кедейшілік пен тұрмыс жағдайының жоқтығынан балалардың орта білім алуына, дамуы артта қалған елдерде балалардың тең жартысы бастауыш білім алуына қолы жетпейді. Дүние жүзі бойынша 130 миллионнан аса мектеп жасындағы балалар қандай да болса мектепте оқуына мүмкіншілігі жоқ. Бұл ағымдағы кризистің салдары әлі бірнеше ұрпақтар кезінде өзін білдірері сөзсіз.

5-ден, дамуы артта қалған елдерде балалар ауыр физикалық күш жұмсап, үлкендермен тең дәрежеде қауіпті өндіріс салаларында жұмыс істейді. Мысалға, Малайзияда балалар каучуконос плантацияларында кез-келген уақытта шағып алуы мүмкін улы жыландар мен шыбын-шіркейлерге қарамастан күніне 17 сағат бойы жұмыс істейді. Біріккен Танзания Республикасында балалар мақта жинап, пестицидтармен дем алады. Португалия балалары 12 жастан бастап құрылыс алаңында ауыр да, қауіпті жұмыс атқарады. Балалар еңбегін жаппай қолдану жас өспірімдер арасында кәсіптік аурудың таралуына, баллардың жарымжан және мүгедек болуына әкеліп соқтырады. Бала еңбегіне тиісті шек қою туралы заң қабылданса да, осы күнге дейін буыны бекімеген миллиондаған жас балалар ертеден кешке дейін жұмыс істейді.

6-ден, ата-аналардың, биліктің жауапкерсіздігінен көптеген балалар қылмыс жолына өздері түседі, әлде оларды басқа адамдар еліктіреді, содан бір рет заңды бұзса, қайтадан дұрыс өмірге оралу қиын екендігін, мемлекеттің жас құқықбұзушыларға ешқандай реабилитациялық шара қолданып, көмектеспейтіндігін түсінбейді. Іс жүзінде қылмысты, жағдайы жақсы отбасылардан шыққан балалар жасайды. Олар көбіне есірткі бизнесінде.

7-ден, Өмір жағдайының ауырлығынан балалардың көбі өздері, я ата-аналарының айтуы бойынша жыныстық қатынастарға түседі, ал ол балалардың деперсонализацияға ұшырауына, балалардың санының үлкеюіне, СПИД ауруымен ауыратындардың көбеюіне алып келеді.

Сонымен қозғалған тақырыптың ерекшелігі оның көп қырлығында: балалықты, кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерін қорғауды құқықтық реттеу мәселелері экономикалық, саяси, рухани қондырмалары бар қоғамдағы қазіргі жағдайын байланыстыра отырып қарастырылады.

Балалардың тағдыры, олардың қиыншылықтары кез-келген саналы, мейірбан адамды толғандырмай қоймайды. Қазақстан Республикасының азаматтары, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, полиция қызметкерлері әркез балаларға көмектесуге тырысады.

Біздің қоғамымыздың қазірігі кезде әлеуметтік өзгерістерді басынан кешіріп отыр. Балаларға және жастарға қатысты заңнама да өзгеріп, жаңарды. Балалармен және жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар қызметінің ұйымдастырылуы және мазмұны өзгереді. Мүлдем басқа жаңа мәселелер пайда болып, үлкендердің де, балалардың да өмірі едәуір өзгерістерге ұшырады. Болған өзгерістердің жаңа өмірдің талабына жауап бермейтін жұмыстың нысандары мен әдістері қажетсіз болып қалды. Бірақ, өкінішке орай пайдалылығы дәлелденген балалықты қорғаудың көптеген түрлері мен бағыттары ұмытылып қалды. Балалар үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралар жасалып отырған жоқ. Ал, бұл мәселенің балалықты қорғау аясындағы құқықтарды қолдануға, балалардың әртүрлі мүдделерін қорғауға тікелей тұрғыда қатысы бар.

Осы жағдайда балалардың мүдделерін және қоғам мүдделерін қорғауға бағытталған, яғни балалықты құқықтық қорғауға, әрекет ететін заңдардың қолдану тәжірибесінің сипатын ашуға және олардың балалықты қорғаумен байланысты өмірлік қиыншылықтарды шешу үшін қалай қолданылуы мүмкін болатындығын көрсетуге бағытталған заңнаманың жағдайын сипаттауға қажеттілік туады.

Бала құқығын қорғау облысындағы халықаралық –құқықтық құжаттар
Бала құқығын қорғау сұрақтары арнайы қабылданған халықаралық –құқықтық актілермен реттеледі. Осы күнде глобальдік проблемаларды халықаралық-құқықтық дәрежеде ғана шешуге болады. Глобальдікке «бала құқығын қорғау» проблемасы жатады.

Алғаш рет 1924 жылы бала құқығын мойындау және оны заңнамамен бекітуге халықаралық деңгейде Женевада әдейі шақырылған халықаралық конференцияда талқыланды. Халықаралық бала құқығын мойындау процесіне ерекше импульс берген, құрылғанының ең бірінші күнінен бастап жалпы адам құқығын қорғау контекстінде, бала құқығын қорғау және мойындау сұрақтарын қарауына белсене көңіл бөлген –Біріккен Ұлттар Ұйымы болды.

      Бала құқығы облысында бірінші маңызды құжат болып 1959 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған - Бала құқығы декларациясы болды. Осы күндегі декларация қабылдауының мақсаты – барлық балаларға бақытты балалықшақ сыйлау және декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтарды өз қалауына және қоғам игілігіне қолдануына бағытталған.

Декларация барлық ата-аналарға, әйелдер мен еркектерге, ерікті ұйымдарға, жергілікті билікке және мемлекет өкіметіне, бала құқығын сыйлау, мойындау және үндеу ретінде идеясын бейнелейді.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялаған Бала құқықтары декларациясында: адамзаттың балаға қолда бардың ең жақсысын беруге міндетті екендігі айтылған. Бірақ, өкінішке орай, бұл тұста біз күннен- күнге ұлғайып бара жатқан балалардың өлімін және өсіп келе жатқан ұрпақтың әлсіз денсаулығын айтуға мәжбүр болып отырмыз.

Декларациядан әлем қоғамдастығының ниеті мен ықыласы бір болуы керектігін білеміз, әлемдегі бүкіл балаларды бірлесіп бақытты етуі үшін, қажетті шараларды қолданып: күнелткен әлеуметтік проблемалардан қорғап қалуымыз, құқыққа, бостандыққа, бала абыройы мен жеке басына, кез-келген қол сұғуға рұқсат етпеуіміз қажет, өзіміздің жеке бас пайдамызды ұмытып, баланың қалауын және болашағын ойлауымыз қажет.

1959 жылғы Бала құқықтары декларациясының мұнан арғы дамуы мен бала құқығына қатысты жағдайды заңдық түрде бекітуі үшін, мемлекет тарапынан 1989 жылы 20 қарашада Балалар құқығын қорғау жайлы жан-жақты Конвенция қабылданды.

Бұл конвенцияны міндетті екенін барлық БҰҰ-ға мүше мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да мойындады. Сол себепті барлық мемлекеттер конвенция бұйрығын ешбір қарсылықсыз, міндетті түрде орындап, бала құқығын қорғауға және кез-келген қол сұғуға жол бермеуі қажет.

Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы заңының 10-ншы бабында әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар екендігін, сонымен қатар, мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуіне қамтамасыз ететіндігін, оның тәні мен жанын жәбірлеуден, адамдық қадір қасиетін қатыгездіктен, дөрекілік пен қорлаудан, кемсітуден және оны адам мен адамзаттың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асыратындығын көрсеткен.

Адам өміріне қол сұғатын әртүрлі аспектілердегі қылмыстарды зерттеуге ерекше назар аударудың себебі алдымен қазіргі кезде олардың көп таралғандығымен емес, олардың қоғам үшін қауіптілігінің артуымен түсіндіріледі. Әрбір адамның өмірін сақтау маңыздылығы кісі өлтірудің түрлерімен, соның ішінде баланы өлтірумен күресу проблемаларына назар аударуды қажет ететіндігімен шартталады.

Қазіргі кезде нәзік жанды әйелдер мен болашағынан үміт күттіретін жастар арасындағы қылмыстық әрекеттердің саны арта түсуде.

Анасының өз баласын өлтіру қылмысын қоғамдағы жасалатын қылмыстардың ішіндегі ең қатігез, ауыр түріне жатқызуға болады.

Анасының нәрестесін туып жатқан кезде, сол сияқты одан кейін психикасының бұзылуы жағдайында немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың бұзылуы жағдайында өлтіруі, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-ші бабына сәйкес қылмыс болып табылады. Бұл қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілігі сол- адамға туғаннан берілетін, оның өмірге деген шексіз құқығы бұзылады.

Аналардың туған сәбиін өлтіру фактілері жиі кездеседі. Балалардың мәйіттері және олардың дене бөліктері қалалық қоқсытың ішінде жиі табылуда. Қоқсықтың арасында тек қана нәрестелердің өліктері ғана емес, сонымен қатар әлі тірі балалар табылған оқиғалар да ұшырасып жатады.

Сонымен бірге баланың табиғи құқығына қол сұғатын көптеген басқа жәйіттерді де байқауға болады. Қазіргі кезде ауыстырып салу не өзгедей мақсаттарда пайдалану үшін адамның соның ішінде баланың мүшелерін немесе тінін алу жағдайлары көрініс табады. Бұл жәйт баланың өмір сүру құқығының бұзылуына әкелетіндігі сөзсіз. Адамның мүшелерін және тінді трансплантациялаудың көптеген құқықтық мәселелері анықталмаған.

Бүкіл әлемде адамның мүшелерін трансплантациялаудың коммерциализациясы бойынша қауіп күннен –күнге өсуде. Соның ішінде балалардың мүшелерін пайдалану жағдайлары да көбейіп кеткені мәлім. Айта бересек мұндай мысалдар өте көп.

Бала құқығы конвенциясы

Әлем балаларының ең қасиетті құқығы - өмір сүру құқығы. «Мемлекет бала денсаулығын және максималды ықтимал дәрежеде өмірін сақтап қалуға міндетті»- бұл норма Бала құқығын қорғау туралы конвенцияның 6-ншы бабында көрсетілген. Әрбір өкіметтің, мемлекеттің қасиетті міндеті бала өмірін қорғау және көркейту болып табылады. Баланың өмір сүру құқығын жариялайтын нақ осы қасиетті нормадан, конвенцияның басқа нормалары бастау алады. Баланың мынылырға құқығы бар:

1-ден, туған кезінде ат алуға, азаматтық алуға, соның арқасында ата-анасы кім және солар тарапынан қамқорлыққа ие болуға құқылы. (7-ші баб)

2-ден, индивидуалдығының сақталуына құқы бар. (8-ші бабы)

3-ден, өз ата-анасымен бірге тұруға құқылы; егер баланы бір, әлде екі ата-анасымен айырса, ата-анасымен байланыста болуға құқылы. (9-шы бабы)

4-ден, өз ата-анасымен кез-келген елге кетуге және ата-анасымен қайта қауышуға немесе ата-анасымен жеке қарым-қатынас жасау мақсатымен кез-келген елге келу құқығы бар. (10-шы бабы)

5-ден, емін-еркін өз көзқарасын білдіруге, информация алуға, шекараға тәуелсіз информация және идеяларын таратуға құқы бар. (12-ші, 13-ші баптар)

6-дан, ерік бостандығына, ұждан бостандығына, дін бостандығына құқы бар. (14-ші баб)

7-ден, ешқандай мемлекет пен қоғам тарапынын қысымсыз басқа адамдармен кездесуге және ассоциацияға кіруге немесе оны өзі емін-еркін құруға құқы бар. (15-ші бабы)

8-ден, жеке өміріне, жанұя ісіне және үй іші ісіне, жазысқан хаттарға араласпауына құқы бар, өсең-аяңдар мен жаладан қорғаныс алуға құқы бар.(16-шы баб)

9-дан, жоғары стандартқа сай медициналық көмек алуға құқылы.  (24-ші баб)

10-дан, ішіне әлеуметтік сақтандыру кіретін, әлеуметтік қамсыздандырудың игілігін қолдануына құқы бар. (26-шы баб)

11-ден, дамуына (физикалық, ой-әрекетінің, рухани, өнегелі және әлеуметтік дамуы ) қажетті жағдайлардың болуына құқылы. (27-ші баб)

12-ден, білім алуға құқы бар. (28-ші баб)

13-ден, дем алуға, бос уақытқа және мәдени, шығармашылық шараларға қатысуға құқы бар. (31-ші баб)

Қарастырылып жатқан конвенцияны қолдаған қатысушы мемлекеттердің негізгі міндеттері мыналар:

  1. Жоғарыда көрсетілген бала құқығының жүзеге асып, орындалуына кепілдік беру міндеті.
  2. Ата-аналар тарапынан және өзге адамдар тарапынан балаларға қорлық көрсетуден қорғау- мемлекеттің ең негізгі борышы болып табылады. Қатыгездіктің алдын алу шаралары және жапа шеккендерді емдеу программаларын құру мемлекет міндеті болып табылады. (19-шы баб)
  3. Ата-анасыз қалған балаларды мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынуы қажет: тиісті балалар үйіне орналастырылуы , әлеуметтік қамсыздандырылуы керек. (20-шы баб)
  4. Босқын немесе босқын статусын алуға тырысатын балаларды арнайы қамқорлық жасалуы қажет, осындай қамқорлықты қамтамасыз ететін компетенттік ұйымдармен қызмет істеуі керек. (22-шы баб)
  5. Баланың тұлға ретінде қалыптасатын, таланты, ақыл-ой мен физикалық қабілетінің максималды түрде дамытатын білім беруге міндетті.  (29-шы баб)
  6. Балаларды ұрлап кетуден, олармен сауда жасаудан және контрабандадан сақтау міндеттері жатады. (35-ші баб)

Мемлекеттердің көбін осы күнде балалардың ұрлануының көбеюі уайымдатады. Конвенцияның 11-ші бабында мемлекеттердің осындай қылмыстарды бір жақты немесе екі жақты келісімдер қабылдау арқылы, әлі де күшінде бар құжаттарға қосылу арқылы тоқтату керектігі туралы атап көрсетілген. Қазір күшінде бар келісімдерге, 1921 жылы қабылданған әйелдер мен балаларды сатудан қорғайтын Женева конвенциясы мысалға келтіруге болады. Онда қылмыскерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қажет деп көрсетілген.

Көбіне балаларды құлдыққа сату үшін ұрлайды, әсіресе оларды жезөкшелікке және балалар парнографиясына көп баулуы алаңдатады.  (34-ші баб)

Тағы бір назар аударарлық актуалды проблемадан, балалар арасында көп тарала бастаған есірткі қолданысын айтуға болады. Балаларды қылмыс жасауға, өз денесін сатып, тұлғасының деперсонализациясына алып келетін,        нақ осы есірткінің өзі. Ең қорқыныштысы соңғы жылдары есірткі қолданатындардың жасаруы: есірткіге, енді, мектеп жасындағы балалар да қосылды. Бұл біздің балаларымыздың сана-сезімі төмен екендігін білдіреді және де толып жатқан басқа факторлардың (уағыз бен профилактикалық жұмыстың әлсіздігінен, салауатты өмір салты және есірткі қаупі жайлы ескертілмеуінен, ата-ана, қоғам тарапынын дұрыс қадағаланбауы) әсерінен болып отыр. Оны алдын алудың нормасы ретінде конвенцияның 33-ші бабында қарастырылған.

Ал бала еңбегі жайлы 32-ші бабтың 2-нші тармағында, мемлекеттердің осы мақсатта шаралар қолданылуының міндеттері жазылып, көрсетілген.

 Жоғарыда көрсетілген бала құқығына қатысты халықаралық құжаттардың барлығы да БҰҰ-ның эгидасымен қабылданғанын көреміз.

Қорытынды

Қазіргі кезде бала құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бүкіл әлем қызығушылығын туғызып отыр. Бұл қоғамның өміршеңдігін кепілдік етудегі және оның келешек дамуын болжаудағы өсіп келе жатқан ұрпақтың анықталған рөлімен түсіндіріледі.

Бірақ, шынында, әлемдегі бірде бір ел мемлекет бала құқықтарын сақтау жөнінен өзін үлгі етіп қоя алмайтындығын айтқан жөн. Демократиялық және экономикасы дамыған мемлекеттердің өзінен-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс санының өсуі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың болуын, медициналық қызметтің жеткіліксіздігінен балалар өлімінің көбеюін, бақылаусыз балалар санының ұлғаюын көруге болады. Осы фактілердің барлығы бала мәселесін тек қана ұлттық тәсілдермен шешу мүмкін еместігін дәлелдейді.

Мемлекет пен қоғам балаларды тәрбиелеу саласында қандай да бір тиімді шаралар қолданғанымен, ата-ана махаббатын, олардың қамқорлығын еш уақытта айырбастай алмайды.

Сондықтан да әрбір бала ата-ананың сүйіспеншілігі аясында моральдік, материалдық қамқорлыққа өсіп жетілуі тиіс. Әр ата-ана Президентіміздің «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасындағы: «Бүгінгі кезеңнің міндеттерінен біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік әсерін арқалайтынын күнделікті есте ұстауы тиіс» деген үндеудің терең мәнін түсініп, жүрекпен сезінуі керек. Жас ұрпақты моральдік тәрбиелеудегі немқұрайлық көзқарастың арқасында жіберілген залалдың орнын ештеңе толтыра алмайды.

Қорытындылай келгенде, балалықты құқықтық қорғау мәселесінің көкейтестілігі және көпқырлылығы соншалық, ол үнемі ғалымдар мен тәжірибедегі адамдардың назарын аударып отырады.

Егер әлемнің барлық мемлекеттері бала құқықтары төңірегіндегі қажетті жағдайларды орындауға ұмтылса, билік басындағылар өз жеке басының ғана қамын ойламай, өз еліндегі мұқтаж халдегі балалардың да жағдайын ойластырғаны абзал. Өкінішке орай, әлемдегі балалардың көпшілігі үлкендер және қоғам тарапынан немқұрайлықты сезінелі.

Ортақ мүдде қоғам дамуында әр кез тежеуіш емес, демеуіш болған. Олай болса, бала тағдырына байланысты күрделі проблемаларды шешуге отандастарымыз жұмыла ұмтылса дұрыс болар еді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Конвенция о правах ребенка, 1989 жыл 20 қараша (1-52 бап)
  2. Г. Қонақбаева-«Балалардың табиғи құқықтарын қорғау мәселесі», «Заңгер» 2006-№2, 39-41 беттер
  3. М. Б Құдайбергенов «Права ребенка в Казахстанском и международном праве», «Данекер», Алматы- 2001, 8-65 беттер
  4. Томас Бюргенгаль, «Адам құқығы», «Жеті жарғы», Алматы-1998, «Бала құқығы» бөлімі
  5. Көптілеуов А, Түркістан-2006-13 сәуір
  6. Қазақ совет энциклопедиясы -2 том (б), «Бала еңбегі»

Бала есінің дамуы

Ес, еске сақтау қабілеті аз зерттелген қасиеттердің бірі. Ол физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктерден тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру. Бұл үшеуін, еске сақтаудың 3 кезеңі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты қызыметтер. Естің физиологиялық негізіне келсек, ол өте күрделі қызметтің бірі. Сыртқы ортаның мәліметтері адам миына жан – жақтын келеді: көру, есту, сөз, тері,  иіс, дәм, сезімдері және ішкі түйсіктер арқылы. Олардың бәрі қабылданып, талданып, талшықтанып, қажеттісі ғана еске сақталады, керек кезінде пайдаланады.

Мәліметтердің келу жолына байланысты ақпаратты қабылдау белсенді қызметтің күрделі түрі. Мәліметтерді қабылдап, талдасуымен қажеттісін еске сақтау басталады. Бұл кезді ғалымдар консомедация (лат. Консомедация - бітелу, бекіту, нығайту, нақтау) кезеңі деп айтады. Онысыз апарат тұрақты ес іздеріне айнымайды. Ғалымдардың зерттеулерінің негізінде мәліметтің ізі ми қыртысында пайда болып сақталатыны, ал оларды қабылдап, консолидациялауға торлды құрлым мен мидың жүйесі қатысатындығы белгілі болды. Мәліметтердің іздерінің қалыптасуының нерв клеткаларындағы био-химиялық және биоэлектрлік өзгерістерге негізделеді. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі нейрондардың бір-бірімен байланысының орны – синапстар. Бұған дәлел баланың өсіп дамуына қарай нерв клеткаларының денесі мен дендриттеріндегі синапстық байланыстардың көбейі. Нейрондар арасындағы байланыс бала жетілген күрделеніп, көбейіп, дами береді. Қазіргі электрофизиологиялық әдістерді қолдану арқлы нейрон аралық байланыс  пен контактілерде өте көп түрлер болатыны анықталып оты. Бұған қоса көп жаттықтырылған нейрондарда РНК-ның нөмірі көбейетіндегі табылады.

Соңғы кезде мәліметтерді сақтауға мидың глиялық клеткаларының қатынасына бар екені ашылды. Америклық ғылымы Р. Галамбостық зерттеуі үшін глия клеткалары көбейіп және белоктың синтезделуін артырып тұрды. Бұл жаңалық мидың глия клеткаларының қызметі жайындағы түсінікті мүлде өзгертті.

Жалпы алғанда. Сақталған мәліметті еске түсіру, яғни қайта жаңартып пайдаланудың физиологиялық негізгі толық зерттелмеген. Дені сау адамның миының дамуын зерттеуде пайдалынатын әдістер әзірше қарапайым ауруға шалдыққан адамның іс-әрекетін тек қана шартты рефлекстердің пайда болуына байланысты немесе сау адамдармен салыстыру арқылы ғана анықталады. Сондықтан алынған мәліметтерге көптеген себептер ықпал етіп, нақтылы зерттеу мүмкіндігі болмайды. Бірақ, ол мәліметті сақтау нәтижесіне байланысты болар деген болжамдар бар.

Есте сақтау қабілетінің физиологиялық негізі туралы академик М.Н.Ливанов пен оның шәкірттері зерттеулерін қорыта келе, естің дамуы баланың оқыту, үйрету барысында пайда болатын нейрондардың қозуды өткізуі мен қыртысындағы жағдайларды өзгертуіне байланысты, деген шешімге келді. Былайша айтқанда, ес ункциялық жүйелердің дәрежесінде қалыптасып, ал мәліметтерді таңбалау, сақтау синапстық құрлымдар дәрежесіне өтеді. Әр дәрежеде жасалған биохимиялық зерттеулердің негізінде естің қалыптасуына, оның таңбалауына РНК, немесе белок, немесе белокты углеводты қиыстырулар қатысады деп тұжырымдалып отыр. Әсіресе, мәліметті сақтауда олардың маңызы зор.

Еске сақтау әдістеріне қарай, ес: механикалық және саналық, ерікті және еріксіз деп бөлінеді.

Мәліметтің жиналуына байланысты, ес – жеке бастың, тұқым қуалаған қасиеттердің нәтижесі деп те айтуға болады.

Мәліметті сақтау мерзіміне байланысты, ес қысқа және ұзақ мерзімдік боп бөлінеді.

Қысқа мерзімдік ес жүйке импульстердің нейрондар тізбегі бойымен өтіп, біраз уақыттан кейін ұзақ мерзімдік еске айналады, яғни мәлімет сақталып, нығаяды.

Ұзақ мерзімдік ес нуклеотидтерде синтезделіп, нуклин қышқылдарынды програмаланады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология.А,«Қазақ университеті»,1992 ж
  2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
  3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
  4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
  5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
  6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
  7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
  8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
  9. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.

Бақарудағы педагогикалық менеджмент жай-күйі

Жоспары

  1. Менеджмент туралы түсінік және оның мазмұны.
  2. Менеджмент проблемалары және оларды шешу жолдары.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мектеп директорларының орынбасарлары»- Республикалық әдістемелік журнал.
  2. «Тәрбие құралы» - Республикалық ғылыми педагогикалық журнал.
  3. «Этнопедагогика» - Республикалық әдістемелік журнал.

«Менеджмент»-ағылшын сөзі.Баскару деген мағынаны білдіреді.Ол ағылшыннын «манус»,яғни «қол,күші»деген сөзінен шығып ,алғашында мал бағу саласында,дәлірек айтсақ,ат тізгінін ұстау,меңгеру шеберлігін білдірген.Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып,адамдардың белгілі бір ұжымын,тобын басқа рудың,ұйымдастырудың ғылыми,практикалық мәнін білдіретін болған.

Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорт сөдігінде былай берілген:

1.Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі;

2.Билік және басқару мәдениеті;

3.Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

4.Басқару орган,әкімшілік бірлік.

Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша түрлі мағынаны білдіреді.Менеджмент-басқару сөзінің аналогы болғанымен,оның өзіндік ерекшеліктері бар.Басқару сөзінің аяссы кең,ал менеджмент белгілі бір басқару түрін,яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпарациялардың жұмысын әлеуметтік,экономикалық процесс негізінде басқару.

Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлордың менеджмент-іргелі дәл ғылымға,ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе,Дракердің түсіндіруінше жоғарыдағы аталған элементтері бола тұра,менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі,практикаға жуықтау делінген.Менеджмент туралы неміс мамандары Вернер Зигерт пен Лючия Ланг,өзін-өзі басқару,өзін-өзі іштей реттеу,нәтижеге жетудің ізгіленген,пайдалы,тиімді амал десе,орыс оқымыстысы А.В.Попов жұмысты бағдарлау,мақсатқа жетудің тиімділігі дейді.Менеджмент-өндірісті басқару мен өнімнің артуы н іске асырудағы стратегияның тиімділігі,өзін-өзі ақтауы,пәлсапасы, принципі,әдіс тәсілдері.Ал коммерциялық емес қызмет саласындағы менеджмент туралы американдық менеджмент теоретигі П.Друкер былай дейді.Бұл адамдардың айналасындағы басқарудың арнайы түрі,яғни адамдарды өз ісіне икемдеуге және бірге істейтін істе,тиімді нәтижеге жету үшін күш салуға,осал жақтарын жеңуге бағытталады.П.Друкер менеджменттің мақсатын былай көрсетеді:

1.Адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру.Онсыз көпшілікті бір ұжым жасай алмайсын.

2.Әрбір қызметкердің қажетін білу,мүмкіндігінше оны қанағаттандыру.

3.Адамдардың өзін-өзі дамытуын естен шығармау.

4.Жұмыс істейтін адамдардың кәсіби шеберлігі мен дағдысы,білімі әр түрлі және олардың атқаратын қызметі мен функциясы да әр түрлі болғандықтан олардың өзара қарым-қатынасы өзара түсінушілікке,жеке басының жауапкершілігіне құрылуы керек.

5.Өндірісті шығарған өніміне қарап бағалауға болмайды.Оның қызметіне дұрыс баға бере білу керек.Оның да адам сияқты толыққанды болуын қадағалау қажет.П.Друкер менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге талпынбайды.Оны іскерлік кәсіпшілікке,былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік береді.Бұлар Батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру»атты кітаппен белгілі.Олар былай деп жазады: «Кең мағынада,әлеуметтік тұрғыда қарағанда,менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немес тәсіл.Қандай ұжым болмасын оның өзінің жеке менеджменті болуы керек.Осы тұрғыдан алғанда менеджмент ұғымын тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға,әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді,айқындалады». Менеджмент ұғымы туралы классиктердің тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді.Гальвецияның пікірінше,басқару процесі- өнер.Оның басты мәні басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін нақты жағдайға қарап қолдану.Американ экономисі В.В.Леонтьев анықтамасы бойынша: «Менеджмент бұл-өнім,технология,өндірісті ұйымдастыру,басқару еңбегі,әлеуметтік қатынас саласында жаңарту,инновациялау,жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің,тәсілдерінің, формаларының жиынтығы».

Батыс елдерінде менеджмент бизнесті,корпарацияны, фирмаларды басқару ғана емес,бір мекемедегі адамдардың әр түрлі көзқарастарын, танымын,қызметін,біліктілігін біріктіріп бір мақсатқа жетуге ұйымдастыратын әрекет деп түсіну қажет. Менеджмент-нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.

Менеджмент-нақты мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымды басқару мен ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Менеджмент-бизнесте жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау,мақсат-мұратын қою,атқарылатын істің уақытын,орындаушысы,жұмыс барысын қалай өтетінін,барлық денгейдегі басқару мен ұйымдастыруды бақылау.Менеджмент-адамдардың қызметін ұйымдастыру және басқару.

Менеджмент ғылым ретінде бұдан 100 жылдай бұрын пайда болды .Ф.Тейлор басқару принциптері туралы ой-пікірлерді жинақтап,жариялаған еді.Менеджмент мектептері:1.Ғылыми басқару мектептері (тиімділік мектебі-радионалистическая школа) 1885-1920)Тейлор,Гилберт,Гант.Негізгі принципі,басты идеясы-өндірістегі еңбектің тиімділігі және еңбеккерлердің материялдық қызығушылығының еңбек өнімін арттыруға жетелеуі; 2.Әкімшілік мектебі 1920-1950ж. А.Файоль,Урвик. Негізгі идеясы-басқару принципіндегі жан-жақтылық болуы,мекемедегі табысқа кепіл бола алады; 3.Адамилық мектебі (1930-1950ж) Мэйо, Фоллетт, Маслоу-мақсатқа жетудің тиімді жолы адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың міндеттілігі; 4. тәртіптілік мектебі (1950 жылдардан бүгінгі кезеңге дейін) Арджирис,Лайкерт,Мак-Грегор, Блейк «мақсатқа жетудің тиімді тәсілі кәсіпорында әлеуметтік психологиялық негізде адамдар потенциялын максимумдық түрде пайдалану»; 5.Сандық мектебі (1950 жылдан осы кезеңге дейін) математикалық модельдеу негізін пайдалана отырып,компьютердің көмегімен басқарудың тиімді жолдарын іздестіру.

Менеджмент:

1.Басқарудың жүйелілігі;

2.Ұйымдастыру мәдениеті;

3.Басқару процесінің автоматтандырылуы мен ақпараттылығы;

4.Басқарудың демократияландырылуы;

Менеджментте басқарудың негізгі 3 деңгейі бар: жоғарғы басқару деңгейі. Бұлар-президент, президенттің орынбасары басқарушылар

 (директор,директордың орынбасары); 2) орта басқару деңгейі (бөлім басқарушылар ); 3)төменгі басқару деңгейі (звеноларды).Менеджменттің әр түрі бар:тауар таратумен айналысатын маркетингтік менеджмент ,финанстық менеджмент,өндірістік менеджмент,көліктік менеджмент,ішкі байланыстарды реттейтін және іс жүргізуді реттейтін әкімшілік менеджмент,т.б. «Менеджмент- бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорындарының арнайы органы».

Педогогикалық менеджментті игеру,іс жүзінде пайдалану бүгінгі күн талабы.Еліміздің болашағы сөз жоқ оқу-білімге байланысты. Тек білімді ұрпақ қанақоғамға қозғаушы күш болары сөзсіз.Менеджменттің түп-тамыры әркімді өз орнына қойып,барлығын бір мақсатқа жұмылдыруда жатыр.Менеджмент идеяларын мектептану мәселелеріне көшіру жағы мектепішілік басқаруды байыта,жаңарта түсуде.Мұндағы басқару мәдениеті тұлғалық-шығармашылық компонентсіз,жүйесіз болмауы керек. Мектептегі басты тұлға қашанда-мұғалім.Сауатты басшысыз,өз кәсібіне құзырлы мұғалімдерсіз мектепті басқарудың дұрыс құрылымын,оны ұйымдастырудың оңтайлы жолын табу мүмкін емес.

Басшы кадрлар біліктілігін үздіксіз арттырудың кезеңдері:

1.Педагогикалық диагностика негізінде әлеуметтік тапсырыс пен кәсіби сұранысты реттеу. 2.Бірінші кезең негізінде оқытудың мазмұны,формасы мен әдістерін анықтау. 3.Білімді қабылдау,меңгеру,түсінуді ұйымдастыру.

Басқару принциптері

  1. Демократияландыру. Бұл принцип орталықсыздандыру,яғни,басқару үрдісінің барлық мүшелеріне құқықтық.,өкілеттік және жауапкершілікті бөліп беру деген сөз.

2. Гуманизациялау-ізгілендіру.Әрбір тұлғаға бірдей қолайлы білімнің дәрежесін,сапасын,бағытын,тәсілдерін және формасын таңдау,құндылықтарына сай мәдени білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.                                                                                                           3. Гуманитаризациялау.Білім беру бағдарламаларының ізгілігі, яғни,білім берудің жалпы азаматтық құндылықтарға,біртұтастық,бірізділік,сабақтастық,және озық сипаттама бола отырып,оқу пәндері мен ақпараттық,дидактикалық әдіс тәсілдер,технологиялардың сондай үйлесімді ара-қатынаста болуы.

4. Дифференциялау(саралау),ұтқырлық және даму.Бұл принцип көп түрлі білім мекемелеріндегі білім бағдарламаларының көп сатылығы,көп салалығы дегенді білдіреді.

5. Білім берудің жариялылығы,яғни,әр түрлі формада үздіксіз білім алуға,сондай-ақ,кез-келген деңгейде,сатыда жалпы білім алуға мүмкіндік беру.                                                                                                                                            6. Білім беру жүйесінің көпғұрыптығы (многоукладность) яғни мемлекеттік мектептердің сапалық өсуі, сонымен қатар жаңа типті элитарлық мектептердің ашылуы.

7. Стандарттау. Білім беру сапасының дербес стандарттарын сақтау және ұлттық т.б. ерекшеліктерін ескерілген аймақтық стандарттар енгізу.

Бактериялар туралы реферат

Сыртқы пішінде қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер – коккалар, таяқша тәрізділер – бактериялар, бацилдар және спираль тәрізділер – вибриондар, спириллалар. Шар тәрізді бактериялардың жеке-жеке түрлері коккалар делінсе, екі-екіден қосақталған түрлері – диплококкалар, өзара тіркескен, моншақ тәрізделгендері – стрептоккоккалар, төрт-төрттен тіркескоидері – тетрококкалар, сегіз-сегізден текшеленгендері – сарциналар делінеді. Ал олардың стафилакоккилар деп аталатын бір тобындағы шар тәрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне ұқсайды.

Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Спора түзуші топтарын – бацилаллар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізді бактерияларды клеткаларының орналасуы тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөледі: диплобациллалар немесе диплобактериялар – екі-екіден қосақтала орналасқан тәрізді тізіле орналасқан таяқша тәрізді бактериялар. Кейде пішіні шар тәрізді бактерияларға тым ұқсас таяқша тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Оларды коккобактериялар деп атайды. Спора түзетін клеткалар тізбектеле орналасқандарын стрептобациллалар деп атайды.

Бактериялардың спираль тәрізділері екі тармаққа бөлінеді, олардың бірі вибриондар — үтір тәріздес, екіншісі — спириллалар — бұйралана орналасқан таяқша бактериялар. Соңғы топқа ауру қоздырғыш спирохета бактериялары жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар аралығында орналасады.

Айтылып өткен бір қлеткалы-бактериялармен қатар табиғатта көп. клеткалы бір ұшымен белгілі бір жерге бекіген немесе бос күйінде суда жүзіп жүретін жіп тәрізді бактерияларды да кездестіруге болады. Бұларға күкірт және темір бактериялары жатады. Жанама бұтақшалары бар таяқша немесе жіп тәрізді бактерияларды микобактериялар тобына жатқызады. Бұларға өкіл ретінде өкпе ауруын қоздырғыш туберкулез таяқшаларын атап өтуге болады. Сонымен қатар табиғатта клеткаларының құрлысы және пішіні күрделі, сыртын шырыш басқан миксобактериялар класы да бар.

Бактериялардың мөлшері. Көптеген шар тәрізді бактериалар клеткаларының диаметрі 1—2 микронға тең (микрон — миллиметрдің мыңнан бір бөлігі). Жұмыр клеткалы бактериялардың ұзындығы I—4 микронға ені 0,5—1 микронға дейін барады. Сондықтан да судың бір тамшысында бірнеше жүздеген миллион микробтар кездеседі. Кейбір бактериялар мөлшері едәуір болады дедік. Мәселен, күкірт бактериясы клеткасының көлденең кесіндісінің диаметрі 50 микронға тең. Бактериялардың үш тобының ішінен мөлшері тұрақтысы коккалар, ал таяқша тәрізді бактериялар өзгергіш келеді. Кейбір бактериялардың мөлшерін төмендегі кестеден байқауға болады (1-кесте)

1- кесте Бактериялар клетқаларының шамасы (микрон есебімен)

Бактериялардың аттары Ұзындығы ені
Пішен таяқшасы 3.0 1,2
Картоп таяқшасы 5.0 !,5
Сүт қышқылы бактериалары 0,8 — 1,2 0,5 — 0,8
Ацидофиль тазқшасы 1,6 — 6,0 0,6 — 0,9
Туберкулез таяқшасы 1,5 — 3,5 0,3 — 0,5

Табиғатта микроорганизмдердің өте ұсақ тобы — ультраанкробтар да кездеседі. Микроорганизмдердің бұл тобының ішінен бактериофаттар, сүзілуші вирустардың адам өмірінде зор маңызы бар. Вирустардың шамасы миллиметрдің миллиоңдаған бөлігіне тең, яғни оларды миллимикрондармен (миллмикрон микронның мыңнан бір белігіне тең) немесе микромикрон-дармен (микромикрон-микронның жүз мыңнан бір бөлігіне тең) өлшейді.

Бактериялардың сіңіру беті зор. Сондықтан да олар өздеріне қажетті қоректік заттарды тез арада өндіріп ала алады. Органикалық қалдықтарды тез ыдыратудың арқасында. бактериялар олардан өздеріне қажетті энергияны аз уақыт ішінде босатып алады.

Бактерия клеткаларының құрлысы. Құрлысы жағынан алғанда бактерия клеткалары өте қарапайым. Ол сыртқы қабықшадан әр түрлі заттары бар цитоплазмадан, вакуолядан және ядродан құралады. Клетканың қабықшасы шырышты затқа толы болады. Қабықша клетканың негізгі бөлігіне жатпайды, белгілі орта жағдайында байланысты ғана пайда болады. Мәселен, клетканың шырыш қабықшасы кейде оған өте төменгі кемесе жоғары температура әсер еткенде пайда болады да, клетканы құрғаудан жәнее басқада зиянды заттардың әсерінен қорғайды. Қанты мол ортада шырыш қабықшасы қалыңдап молдығынан кейде ол бактериялар тіршілік етіп тұрған ортаға да бөлінеді. Мұны зоогеля деп атайды. Сүттен түрлі тағамдар даярлайтын заводтарда зоолегялар байқалатын болса, онда тағам бұзылып, шырыштанып, тұтқыр күйге көшеді. Дәл осындай капсула кейбір азот бактерияларында да бар. Клетка қабықшасын түрлі ферменттер (лизоцим), ультрадыбыспен өте жіңішке ине немесе басқа да сол сияқты заттармен бұзуға болады. Сонда цитоплазмалық мембранамен қоршалған цитоплазманың пішіні шар тәрізді болып көрінеді. Сөйтіп, клетка қабықшасы оның белгілі бір пішінін көрсетеді.

Клетка қабықшасының қалыңдығы 0,01-ден 0,04 макм-ге және бактерия клеткасының құрғақ затының 20 процентіне тең. Бактерия клеткасының Грам әдісімен боялуыда осы клетка қабықшасына байланысты. Бұл үшін бактерия клеткасын алдымен өңдейді, содан оң спиртпен әсер еткенде кейбір бактериялар клеткасы түссізденеді де, қалғандары күлгін көк түске боялады. Боялғандарын Грам-оң, боялмағандарын Грам – теріс клетка деп атайды. Клетка қабықшасында бояуды орнықтыратын негізгі зат глюкопротеид – муреин деген зат болады. Клетка қабықшасына іргелес орналасқан цитоплазмалық мембрана липидтің екі қабатынан құралған. Үстіңгі қабаты белок молекуласымен жабылған. Цитоплазмалық мембрана бактерия клеткасында заттардың сырттан өтуін бақылайды. Кейде мембрана клетка ішіне қарай ойысып, онда ерекше дене – мезаома түзіледі. Цитоплазмалық мембрана мен лизосомада клеткадағы құрғақ зат көзі – түрі ферменттер шоғырланады.

Жалпы бактерия клеткаларының қабықша құрамы мен жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткаларының қабықшасын салыстырғанда айырмашылық бар. Өсімдік клеткасының қабықшасы азотсыз қант текті – полисахаридтерден және май текті – липидтреден тұрады. Кейде қабықша хитин деп аталатын азотты зат та кездеседі.

Цитоплазма. Химиялық құрамы өте күрделі, қоймалжың келген мөлдір зат. Оның құрамында белок, май, су, түрлі минерал заттар және ферменттер болады. Жас бактерия клеткаларында цитоплазма бүкіл клетканы алып жатады. Ал ересектерінде клетка шырынына толы қуыстар – вакуолялар болады.

Бактериялар клеткасының цитоплазмасында гранулеза, гликоген, волютин, күкірт тағы басқа заттар бар. Гранулеза мен гликоген азотсыз заттар, олар ыдыраған кезде түрлі қанттарға айналады. Ал валютин болса, ол азотты зат. Егер қоректік ортада органикалық азот көзі (аспарагин, пептон) және фосфор қышқылы тұздары мол болса, онда бактерия клеткасында волютин біраз мөлшерде жиналады. Бактериялар клеткасында май да едәуір мөлшерде кездеседі, ол клеткадағы бүкіл құрғақ заттың 35-50 процентіне тең. Сол сияқты бактерия клеткасында күкіртті де кездестіруге болады. Тамшы түрінде кездесетін күкірт клетканың қор заттарының бірі. Бактерия цитоплазмасында жоғары қышқылдарының барлығы дерлік бар және рибонуклеин (РНК) деозксирибонуклеин (ДНҚ) қышқылы да болады. РНК негізінен митохондрийде орналасады. Сонымен бірге ол тотығу-тотықсыздану ферменттеріне де бай келеді. Цитоплазма ішінде белок синтезі – негізінен белок пен рибонуклеин қышқылдарына бай рибосомаларда болып, мезасомаларда органикалық заттардың тотығуы үшін қажетті энергияға бай аденозин үш фосфор қышқылының (АҮФ) синтезі жүреді.

Цитоплазма – тірі материя. Ол өзгеріп, жаңарып отырады. Онда тірі организмге тән ассимиляция және диссимиляция құбылыстары жүріп жатады. Цитоплазма сыртқы орта әсеріне өте сезімтал. 600 және одан да жоғары температурада цитоплазма ұйиды. қышқылдар мен сілтілер және түрлі улы заттар оған өте зиянды әсер етеді. Фотосинтездеуші бактериялар цитоплазмасында тиллакоидтар кездеседі. Қошқыл бактерияларда олар клетка массасының 40-50 процентін қамтиды. Тиллакоидтар негізінен белоктар мен липидтерден тұрады. Онда хлорофилдер мен каротиноидтар сияқты фотосинтездік пигменттері де кездеседі.

Ядро. Бактерия клеткаларында ядроның болуы жөнінде толып жатқан пікірлер бар. Бактериялардың кейбір түрлерінде ядро заттары (хроматин) цитоплазмада ұсақ пәндер күйінде шашырап жатады (диффузиялық ядро). Басқа бір бактерия клеткаларында хроматин дәндері белгілі бір жерге шоғырланып, кәдімгі ядро түзеді (жекеленген ядро). Кейбір ірі бактерияларда (миксобактерияларда) осындай жекеленген ядроларды кездестіруге болады.

Ядроның химиялық құрамы өте күрделі. Оның басты бөлігі – дезоксинуклеопротеидтер. Нуклеопротеидтер екі бөліктен тұрады. Олардың бірі – ерекше белок, екіншісі – тимонуклеин қышқылы. Соңғы жылдардағы зерттеулер ядро бір немесе бірнеше шар тәрізді, сопақша заттар – дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНҚ) тұрады. Әдетте ол клетканың ортасынан орын алады. Кейде бұл зат бактериялар клеткасында дән түрінде орналасса, басқа бір жағдайда клетканың белгілі бір бөлімінде шоғырланады. Бактериялардың құрғақ салмағына шаққанда ДНК-ның мөлшері 20-40%-ке дейін барады. Ядролық аппарат, соның ішінде дезоксирибонуклеин қышқылы клетканың тұқым қуалаушылық қасиетін анықтаушы аппарат деген пікірлерге тоқталады.

Нуклеин қышқылдардың химиялық құрамы да біршама жақсы зерттеледі. Суда ыдырағанда ол фосфор қышқылына, пентоза қантына және құрамында азоты бар органикалық қалдыққа ажырайды. Кейін нуклеотидтерден тимонуклеин қышқылы түзіледі.

Бактерия ядросындағы тимонуклеин қышқылының құрамында төрт нуклеотид бар. Бұлар өзара фосфор қышқылының молекулалары арқылы байланысқан.

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916)

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.

Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.

14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құйрығында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.

Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.

Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады.

Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды.

Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді.

Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.

БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ҒАЛИЯСЫ

Авторы: Бекен Қайратұлы

Қазақ өнерінің «Алтын ғасыры» атанған (А. Сейдімбек) ХІХ ғасыр қазақ қоғамына таңдаулы тұлғалар сыйлады. Нәтижесінде, ауасы саумал, самалы салқын, селеулі дала Сарыарқаның «әншілік» дәуірі туды. Атақты Біржан салдан бастап Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Мәди, Естай, Майра т.б дүлдүл жыршы, бұлбұл әншілер болашағы орыстың бұғауына байланып, басы бодандық қамытына ілінген қазақтың зарын әнге айналдырды. Ұлы Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлы): «Адамшылық егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың» дегеніндей, ақын атаулысы да бір сұмдықтың ұшығын аңдап, зар толғаудың тиегін ағытты. Тарих бұларға «Зар заман» жыршылары (М.Әуезов) деген баға берді.

Бұл дәуірде өтті,кетті. Тек куәсіндей болып небір әндер қалды. Соның бірі Балуан Шолақтың «Ғалия» әні. Осы ән туралы академик Ахмет Жұбанов: ««Ғалия» әні- әннің төресі. Үлкен жүректен, шын сезіммен шыққан ән. Бастаған жерден-ақ асқан ынтықтық бары сезіледі... Бірақ бабына келтіріп орындау көрінгеннің қолынан келе бермейді.»- деп жазады.(А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» Алматы, 2001ж, 134-б).

Осы әннің дүниеге келуіне себепкер Ғалия туралы не білеміз? Әрі балуан, әрі әнші, әрі сері Балуан Шолақты ынтықтырған Ғалия кім болды екен?

Біршама жыл бұрын байырғы журналис, қарт қаламгер Октябрь Әлібеков өзінің жеке мұрағатынан Ғалияның суретін көрсетті. Суретті өткен ғасырдың 90-шы жылдары белгілі кәсіпкер Марат Нәбиев әкеліп берген екен. Марат Әскенұлы өзі бастама көтеріп Ақмола облысы, Бұланды ауданы (бұрынғы Макинка ауданы) жеріндегі Балуан Шолақтың зиратын жөндеп, басын көтерген азамат.

Көнекөз қариялардың айтуынша қазіргі Конгрес-Холл сарайы тұрған жерде өте ертеде базар болған. Ол әдеби шығармаларда көп айтылатын әйгілі «Қараөткөл» базары екен. Арқаның ауқатты адамдары жаз шыққан соң базарға үй әкеліп тігіп, бір жағынан өнімдерін (қымыз, сүт, ет, құрт-май т.б) саудалайтын болса, екінші, тараптан қыстай ұйып жатқан ел дала серілерінің өнерін тамашалайтын болған. Арқаның айтулы әншілері бұл базарға соқпай өтпейді. Айлап жатып ән салады.Көрермені қара халық, тыңдаушысы дүйім жұрт.

Елмен бірге Ғалияда базарда қымыз сатады. Ажарына арулығы сай, анадан артып туған құлын мүшесі көз қарықтырар, қараторының әдемісі Ғалияның қымызханасына бір күні Балуан Шолақ ат басын бұрады.Бұл шамамен 1908-09 жылдары болса керек. Балуанның тасы өрге домалап, әнімен Арқаны тербетіп, күшімен жауын еңсеріп жүрген, қырықтың қырқасына шыққан керемет кезі екен. Ғалия болса 22-23 жаста.

Ғалия балуанға өз қолымен қымыз ұсынады.Дүниенің дүр сілкінген кезі де осы болар, дала серісінің жүрегіне Ғалияның ару бейнесі қашалады. Осылай «Ғалия» әні туады.

Жоғарда атап өткеніміздей тоғыз жолдың торабы Ақмолада көшпенді қазақтардың саудасын ортақтастыратын татар, ноғайлар болған. Осылардың бірі Сұлтанай Қамза деген ноғайдың саудасын жүргізетін Тілеу атты қазақ екен. Түбі Жаңа-арқа жақтан, руы-Арғын оның ішінде Аралбай. Сегіз бөлмелі үйі бар дәулеттілер санатындағы отбасы. Үлкен әйелінен Ғалия, Мәрзия атты екі қыз туыпты. Шолақтың әні арқылы тарихта аты қалған Ғалия осы.

Ғалия жайында академик-зерттеуші Ахмет Жұбанов деректер жинап, Шолақ пен Ғалия арасындағы оқиға турасында алматылық Мәкура Есілбаева деген адамнан өте ертеректе біршама толық мәлімет жазып алыпты. Осында баяндалғандай - Ғалия қара сұрлау келген, ат жақты,ұзын бойлы,бетінде аздаған шешек дағы бар, өткір, сөзге шешен, оң қолынан өнер тамған шебер екен. Әсіресе тамағында шешек дағы көп қалғандықтан орамалымен алқымын қымтап байлайтын әдеті болғаны туралы да ел ішінде әңгіме бар. Бұны осы басылым бетіндегі суреттен де байқауға болатын сияқты.

Шолақтың жеке өміріне қатысты жазылған зерттеулерде

қайшылықтар көп. Балуан қазақтың ата қонысын баса көктеп, шұрайлы жерлерге келіп қоныстанған орыс пен украйндарға түре тиісетін әдеті болыпты. Шын мәнінде бұл Шөкеңнің өзінше көтерілісі еді. Бұл әрекетін Кеңес заманының зерттеушілері «халықтар достығын» түсінбеді, біреулердің айтағына еріп қателесті, деп бағалайды. Бірақ, жазушы Әнес Сарайдың тәуелсіздік жылдары жазылып, Астанадағы қазақ драма театрының сахнасында қойылған «Балуан Шолақ» атты драмалық шығармасында жоғардағы бұрмалаушылық түзетіліп, балуанның күрескерлік қыры ашып көрсетілген.

Осы туындыда суреттелгендей Шөкең бір жылдары қатты қуғын көрген. Тіпті неше дүркін абақтыға қамалып,одан қашып шығып жасырынып жүрген күндеріде болған. Ғалиямен дәл осындай жағыдайда жүріп танысқан.

Енді Ғалия туралы жазып алған А.Жұбановтың естелігіне қайта жүгінейік: Ғалия қазақи әдет бойынша Біржан деген жігіттің атастырылған қалыңдығы ретінде ұзатылады. Барған жерінде екі жылдай тұрып, Қараөткелге төркін жұртына көшіп келеді. Шөкеңмен көңіл байласатын тұсы осы кез. Ғашығына арнап сегіз қалта жият кестелеп, оған өрнектеп атын жазады. Онысын құп көрмеген күйеуі таяқтап үйінен қуып тастайды. Ғалия қашып әкесінің үйіне келеді.

Ата-анасы қызымен ақылдаса келіп, күйеуінен ажырасыуын құп көреді. Бірақ күйеуі төлеген қалың малын даулайды.Оны төлеуге Ғалияның әкесі Тілеудің жағыдайы болмайды. Іс билер сотында қаралатын болады. Оқиғадан хабардар Балуан Шолақ неде болса мал тауып келу үшін Көкшетауға жүріп кетеді. Жолай бір танысының үйіне түсіп, тыныштала алмай, домбырасын қолына алып:

Ғалия айналайын қалып еді,

Көп жылап таңға жақын талып еді,

Білмеймін не болғанын әңгіменің,

Біржанмен биге түсіп қалып еді,-

деп бір қайырып ән салып, асқа да қарамай жүріп кетеді. Көкшетауда балуанды басқа тағдыр күтіп тұр екен. Ұстап түрмеге жауып тастайды. Ғалия болса билер сотында өз дауын өзі ұстап Біржанды жеңіп шығады. Басына толық бостандық алады. Ал, Шөкеңе жоғалған сексен өгіздің жаласына Семейден ұрланған бір топ жылқы қосылып ісі қалыңдайды. Ғалия күтумен күндерін өткізеді. Оның үстіне сотта жеңілген жақтың қыспағынан не істерін білмей қиналып жүргенде «Шолақ пәлен жылға сотталып жер аударыпты» деген хабарды естиді. Бұл қарсы жақтың таратқан жалған жаласы еді. Ғалия әрі-бері толқып, әкесінің нұсқауымен Есенжолдың Қанапиясына тоқалдыққа барады.

Шөкең Көкшетауда түрмеде жатып Ғалияның атын неше түрлендіріп әнге қосады. Аузынан шыққан әнді ел ілезде қағып алып таратады. «Ғалия» әнінің осылай әртүрлі нұсқасы пайда болады. С.Оспанов құрастырып бастырған «Балуан Шолақ» кітабында осы әннің 6 түрлі нұсқасын көруге болады.(«Жалын», Алматы, 1998 жыл)

Балуан Шолақты Қараөткелдің түрмесіне әкеліп қамайды. Енді Шөкең ғашығымен кездесетін мүмкіндікті қарастырады. Бірде түрме әкімшілігінен рұқсат алып, ауладағы биік дуалдың үстіне шығып «Ғалия» әнін аспандата шырқап шерін басады. Ондағы ойы Ғалия түрменің маңында жүрсе естісін дегені болса керек. Бір күні ғашығының біреуге тоқалдыққа тиіп кеткені жайлы хабар алады. Түрмеден босап шығып Тілеудің үйіне барып мән-жайға қаныққан соң, әйелдің опасыздығына ренжіп, қайта қайырылмай еліне аттанып кетеді.

Ғалия болса Қанапиядан тағы айырылысып, Қоянды жәрмеңкесіне барып қымыз сатады. Осында жүріп семейлік Қали деген жігітке үйленеді. Күйеуін ертіп Қараөткелге келіп қыстайды.Қалидың Семейде әйелі қалады. Арада бес-алты жыл өткен соң Қалиды ертіп Семейге келіп, оның бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, өзі бала көтермеген соң бір қызын асырап алады. Оны өз қолымен ұзатады. Туберкулез ауыруына шалдығып 1922 жылы 35 жасында қайтыс болады. Байырғы астаналық ақсақалдардың әңгімесіне қарағанда Ғалия осы күнгі «Жастар» шағын ауданы аумағындағы ескі зиратқа жерленген.

Шөкең Ғалиядан үш жыл бұрын 1919 жылы дүниеден өткен. Бұл оқиға Аллаһтың қалауымен, тағдырдың жазуымен осылай аяқталыпты. Артында мұра болып «Ғалия» әні қалды.

Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай?

Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын- соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран- тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару- жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми- техникалық орталық болып есептеледі.

Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран- тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар.

Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 6 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшуру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандары осы Байқоңыр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1- классқа жататын 2 аэродром, сұйық оттек, сұйық озот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шақырым автокөлік жүретін магистраль, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын.

Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жазы ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердің систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда- эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске бөліп, қызыл-жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді де, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұғымды келеді. Малдар тез арада қоңданып кетеді. Ол жайылымдар космодром салуына байланысты түгелімен жойылып кеткен. Малға азық болатын шөптердің барлығы қурап, уланып біткен.

Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шарлы шақырым. Ол солтүстікке қарай 75 шақырым , ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысты  20000 гектар жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамайды. Мұнда бұрынғы кезде малдар қысы жазы өз аяғымен жайылып жата бретін еді. Зымырандардың қатты дыбысы малдардың адамдардың зәресін алады. Сондықтан да малдар бұл жақта қайдан өссін. Шу- экологиялық факторлрдың ішіндегі ең бастысы. Адам ағзасына, малдарға айрықша әсер етеді.

Бұл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері, күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды түндер бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Ал космодром орнағаннан кейін бұл аймақтың ауа райы мүлдем бұзылып кетті. Ауа райының мөлшерден тыс өзгеруін кейбіреулер Арал теңізінің тартылуынан деп есептейді. Өйткені , космодром Арал теңізіне жақын жерге орналасқан. Қашықтығы 70 шақырымдай жер.

Байқоңыр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Соңғы кезде космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар. Мысалы , Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос коребльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар оастап отыр.

Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті. Ол өзгерістерді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей

  1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режимін төтенше түрде бұзып жіберетін белгілі болады.
  2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады.
  3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми- зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдеді. Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып, өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық өзгеріс туатыны байқалады.
  4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды,. Ол жер не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.

Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды. өйткені зымырандар осы көрсетілген аудандардың территорияларының үстін басып ұшады.

Зымырандарға жағылатын отын улы және усыз қосылыстардан тұрады.

А)  Усыз отынның негізгі компоненті – сұйық күйіндегі оттек пен Т-1 маркалы кәресін, сонымен бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі сутек болады.

Б) Өте улы зымыран отынның құрамында-улы тотықтандырғыш типіне жататын «самин» және «меланж» болады. Сонымен қатар, симметриялы емес радиоактивті- диметил гидразин бар. Осы аталған компоненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, өсімдік әлемін, жануарлар дүниесін айрықша уландырады. Олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып жіберуі де мүмкін.

1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған. Осы көрсетілгендердің бәрі Қазақстан Республикасының экономикасына айрықша үлес қосады деп кейбір орыс зерттеушілері даурығады. Мұның бәрі, шын мәнісінде, бос сөз екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді.

Ұлы конструктор С. П. Королевтің басшылығымен алғаш рет космос кеңістігіне ұшып шыққан ұшқыш-космонавт Ю. А. Гагарин 1961 жылы

«Восток» атты космос кораблімен жер шарын 87 минут ішінде айналып шықты. Оның биіктікке көтерілген мөлшері 270 шақырым еді. Бұл геостарционалдық орбита болатын. Планетааралық зымырандарды ұшыру тек қана Байқоңыр космодромында сынақтан өткізіледі. Оның алдында 1957 жылы космос кеңістігіне алғаш рет жер серігі ұшырылған болатын. Ол ұзақ уақыт геостанционарлық орбитада ұшып жүрді де, кейіннен ұшу үрдісін тоқтатқан соң, әуеде жанып кетті.

 Космос корабльдерінің, зымырандардың ұшу бағыты күні бүгінге дейін өзгертілген жоқ. Тек қана Байқоңыр космодромы қазақ жерінде болғандықтан Қазақстан Республикасына бағынатын болғаны рас. Ал шын мәнісінде, Ресей Федерациясы өздерінің білгенін істейді. Бізден сұрамайды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Байқоңыр космодромын пайдалануға байланысты және Ресей Федерациясына оны жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшылары қол қойған. Жал мерзімі 20 жыл деп белгіленген. Ресей және Байқоңыр космодромының және сол аймаққа жақын жерлердің экологиясына зиянды әрекет етпейміз деп міндет алған. Ол міндет іс жүзінде орындалып жатыр ма, жоқ болмаса орындалмай жатыр ма, о жағы бізге беймәлім. Зымырандардың отындарының қалдықтары түскен жер арнаулы тәсілдерімен тазартылу керек деген келісім шартта баптар бар. Тазарту жұмыстары белгілі дәрежеде жүргізілген емес. Зымырандардан түскен қалдықтардың бәрі тірі ағзаларға өте зиянды. өйткені олар радиоактивті заттардан тұрады. Қазақстан жағы шамасы келгенінше, экологияны бұзбайтын тәсілдерді Ресей жағынын пайдалануын қадағалап отырады. Зымыран ұшатынынан 5 күн бұрын Ресей Қазақстан басшыларына алдын ала хабарлар отырады. Дауды дер кезінде шешіп отыратын тұрақты комиссия бар. Ол комиссия «Байқоңыр» деп аталады.

Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран апатқа ұшырауы табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника ғой, ешкім де апат болмайды деп кепілділік бере алмайды. Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысты кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайттар болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, улы отындардың жарым-жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаға зиян келтіреді.

Сынақтан өткізілген зымырандардың бәрі әуедегі озон қабатын бұзып жібереді. Өйткені отынның қалдықтары озон қабатына айрықша әсер ететіні кейінгі кезде байқала бастады. Зымырандар пайдаланған отындарының өте улы қосылыс-көміртектің радиоактивті элементтердің қос тотығы көп мөлшерде бөлініп шығады. Ол биосферада тіршілік ететін барлық тірі ағзаларға улы әсер етеді. Ауадағы және жердің үстіңгі бетіндегі радиациялық тепе-теңдікті бұзады. Егер ауада көміртектің қос тотығы молаятын болса, онда күн сәулесі жерге түспей, мәңгілік қараңғылық басады.

Сондай-ақ өнеркәсіп орындары отқа таскөмір жағатыны белгілі, одан да айтарлықтай мөлшерде көміртек тотығы бөлініп шығып, ол атмосфералық ауаға қосылып жатады. Сөйтіп, ауа режиміне айтарлықтай өзгерістер еңгізеді.

Ал стратосфера қабатына өзгеріс жасайтын тек қана космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар. Олар стратосферадағы су молекулаларына әсер етеді. Сондықтан да озон қабаты тез бұзылып, жер бетіндегі тіршіліктің жойылуына себепші болады.

Радиоактивті азот тотығы да озон қабатын бұзушы фактордың бірі болып табылады. Ол өте үлкен қысыммен жоғары температураның әсерінен үнемі стратосферада пайда болып отырады. Зымырандарды ұшыруға гептил отынын пайдаланғанда,озон қабаты адам айтқысыз бұзылатынын арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықталады.

       Озон қабатын тез арада бұзып жіберетін улы қосылыстардың бірі- хлор. Оның бір молекуласы, озонның жүз мың молекуласын жойып жібереді. Олар атмосферада неше түрлі реакцияға түсіп, аса қауіпті қосылыс- метаболиттер түзеді. Бұл метаболиттер стратосфераға айрықша әсер етеді де, тропосфераға онша зиянды әрекет жасамайды.

Радиоактивті гептил- суда ерімейтін қосылыс. Ол жер бетіне көп жиналып, улылығын жоғалтпай ұзақ уақыт сақтай алатын ғажап қосылыс. Тез арада тотығып кетеді де, кез келген денелермен реакцияға түседі және неше түрлі өнімдер түзеді. Олардың ішінде концерогенді түрде әсер ететін заттар болады. Олар адам ағзасына қауіпті ісіктер туғызып, рак дертін дамытады.

Байқоңыр космодромындағы әскери бөлімшелер зымырандарды ұшырған кезде халықаралық келісім шарттардың түгелдей болмаса да, көпшілік талаптарын сақтауға тырысады. Қазақ жеріне, жердегі тіршілік ететін өсімдік әлемі мен жануар дүниесіне зиянды әсер еткізбеудің тәсілдерін жетілдіреді. әсіресе адамдардың денсаулығына зиян келтірмейтің жолдарын іздестіреді. Байқоңырда тұратын халықтың денсаулығына қатер төндірмейді. Сол себептен космодром орналасқан аймақтарға улы қосылыстарды түгелдей жойып жіберетін шаралар қолданылады. Гептил төгілген немесе шашыраған жерлер мұқият түрде залалсыздандырылады.

Зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектерінің аспаннан жерге құлап түсетін жерлерінде адамдар тұратыны белгілі. Оларды басқа жаққа көшіріп ікету мемлекетке оңайлыққа соқпайды. Тек зымырандардың қалдықтары құлап түскеннен кейін олардың улы қалдықтары орасан көп аймақтарға тарайтынын арнаулы зерттеулер анықтап отыр. Осы қайғылы оқиғаны болдырмау үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арнаулы экологиялық мониторинг жүйесін пайдаланады.

Зымырандарды ұшыру әсерінен Қызылорда облысының жерлерінде Арал теңізінің тартылуымен байланыстырудың қажеті аз.

Арал теңізінің бұрынғы түбінде қалың қабат-қабат болып жатқан тұздар су тартылғаннан кейін күн көзінің жылуымен құрғап, желмен бірге аспанға көтеріліп, Арал теңізініі жақын жеріне орналасқан Байқоңыр космодромына әсері. Теңіз түбіндегі тұздар аспанға көтеріліп, желмен бірге және алыс аймақтарға таралып жатқанын ғалымдар жақсы біледі. Осының салдарынан Қызылорда облысыны ңауа райы және климаты үлкен өзгеріске ұшырап отырғаны жасырын жағдай емес. Бұл үрдіске қарсы тұратын құдіретті күш жоқ. Адамзат баласының қолынан келмей отыр.

Зымырандарды жасаған кезде, оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұшырған кезде айналаны қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар ұшырылмайды. Осы жоғарыда айтылған мәселелерді қорыта келе, Байқоңыр космодромы қазақ жеріне орасан зор бақытсыздық әкеліп отырғаны сөзсіз. Соңғы кезде ауа райы өзгеріп кеткенін айтпай кетуге болмайды.

Дегенмен,кейінгі кезде Байқоңыр космодромының пайдасыз жағын жан-жақты зерттеу-келешек жас ғалымдардың міндеті деп есептейміз.

1999 жыл аптқа ұшыраған зымыран-тасығыш РН «Протон»-ның қазақ еліне әкелген зиянына тоқталайық. Зымыран апатқа ұшырап, бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауданына қарайтын Сары-Торғай жылқы заводының территориясына құлап түскен болатын. Арнаулы түрде жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, жердің, судың, ауаның агрессивті улы қосылыстарымен ластанғаны анықталды. Зымыранның апатынан 810 шаршы шақырым жер зақымданған. Бұл апаттан келген зиянды ақшаға шаққанда 1395,6 мың теңгеге жеткен.

Зымыранның улы жанармайларының айналаны қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына келтіретінзиян байқалмады деген қорытындыны арнаулы түрде тағайындалған комиссия жасады. Бұл шешім жергілікті тұрғындардың қозған жүйке жүйелерін басуғамүмкіншілік туғызды. Мезгіл-мезгіл бойы, яғни 3,6,12 айлар арасында, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданның жергңлікті тұрғындары арнаулы бақылаудан өткізіліп отырады.

РН «Протон» зымыран-тасушының зымыран апаты неден болғаны анықталды. Апаттың себебі зымыранның 3-ш бөлігінде отын жанбай қалған. Шығынды Ресей Федерациясы төлейміз деп уәде берді.

Зымыран тасымалдаушы РН «Протон» апатқа ұшырыған аймақтар ерекше есепке алынып, үнемі экологиялық мониторинг жүргізіліп отыратын болды. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының тұрғындары 6 ай сайын жыл бойы арнайлы түрде құрылған медициналық бақылаудан өткізіліп отырадв. Қазақ жеріне келтірілген зиянның бәрін Ресей төлейді деген ойлар бар. Бірақ әлі бір тиын ақша төлеген жоқ.

Байқоңыр космодромының болашағы жөнінде бір-екі ауыз сөз.

Байқоныр космодромы айналаны қоршаған ортаға зиян келтіреумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.

Байқоныр космодромын Ресейге жалға бергенде, олар Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ долларын береді.Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей жылына 25-40 миллион АҚШ долларын жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 миллион доллар кіріс кіреді.Бұл кіріс қазақелінің әр түрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтамасыз етілген. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып отырады.

Ал егер Байқоңыр космодромына жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтыны сөзсіз. Біріншіден, жергілікті халық жұмыссыз қалады. Екіншіден, Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғаудан айырылып қалады. Қазақстан Республикасы көптеген мүмкіншіліктерден айырылып қалатыны байқалып отыр. Экономикалық және әлеуметтік даму болмауы да мүмкін. Байқоңыр космодромы жер жүзіне белгілі болғандықтан көптеген көмектер әр түрлі мемлекеттерден келіп тұрады. Космодромда экологиялық өзгерістердің болмауын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау министрлігі бақылау жасап отырады.

Байқоңыр космодромы болуына байланысты Қазақстан Республикасының беделі күннен күнге арта түсуде. Байқоңыр космодромында келешек ұшқыш-космонавтар іріктеліп алынады. Оның ішінде көптеген қазақ елінің жастары бар.

Байқоңыр космодромы келесі мыіжылдықта ең басты космостық аппараттар мен космос корабльдерін космосқа ұшырау және космос кеңістігін зерттеуде айрақша рөл атқаратыны сөзсіз. Ол космосты зерттейтін ғылыми-техникалық орталығы болып қала беретіні айдан анық, оның келешегі зор, берері мол. Оған бірді берсең онды, онды берсең жүзді, жүзді берсеі мыңды, миллионды аласың. Дегенмен, батыстағы Байқоңыр космодромы қазақ еліне не әкеледі деген сауалға жауап табу саласында жұмыс істеудеміз.

Байқоңыр ғарыш кешені туралы қызықты деректер

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.

Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.

Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді.

Адамзат баласы қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады.

Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсір ететіні белгілі.

Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы.

Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.

Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр».

«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр.

Аймақтың рельефі – тұздытопырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, біпақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.

Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.

Алғашқы (1981 – 85 жж.) эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс - Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн - 5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал – Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейінгі аралықтың ауа ағынының (циклон) өзгеруін, ал жылдың жылы уақытында (жаздық) «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Европалық бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атмосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.

Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы күрт бұзылып, 3-5 тәулікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның (0-60С) төмендеу процесі жиі байқалатыны белгілі.

Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барын айтпасқа болмайды.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.

Ғарыш ұші аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын (циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан – 16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары құрамында химиялық токсидті қосылыстардың болуында.

Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармай мен жұмыс істейтін зымыран двигательдерінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтығын дәлелдесе, 40 жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.

Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштердің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:

  1. Азоттетраоксиді (АТ) және азот қышқылы тотықтырғыштарымен симметриясыз диметилгидрозин (СДМГ);
  2. Сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртегі (РТ-1, РГ, Т-1) жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектің жерге құлауы кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес басқа қосылыстар қоршаған ортаға керосин және бензин тәрізді әсер етеді, ал симметриясыз диметилгидрозин (гептил) қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс.

Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай компонентіне кіретін «гептил» азотты органикалық қосылысы гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әртүрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен (ТМТ), нитрозодиметиламин (НДМА), диметилметиленгидрозин (ДММГ), диметиламин (ДМА), формальдегид (ФА), су, азот,аммиак және басқа өнімдерге айнала бастады.

Симмтриясыз диметилгидрозин және оның алкилгомологтарының тез тотығуы тотықтырғыштардың түріне және концентрациясына байланысты. Мұндай тотықтырғыштардың қатарына (су, ауа, топырақ, температура) активті металдар Cu, Fe, Cr, Mn және олардың оксидтері, пассивті металдар Al, Ni, Mg және олардың оксидтері жатады.

Бұл металдарға аймақтың топырағы бай екенін ескеруіміз қажет.

Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:

  • ұшу процесінен кейін, атмосфераның табиғи режимі бұзылады;
  • атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарыман ластайды;
  • атмосфераның озон қабатын бұзады;
  • территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтарымен, сынықтарымен зақымдайды;
  • қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
  • ауқымды масштабта температураның жоғарлауына әсерін тигізеді.

Қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын симметриясыз диметилгидрозиннің биологиялық объектілерге әсері жөніндегі қазыіргі түсініктер толық мәліметтер бере алмайды.

Зымыран жанармай компоненттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи жағдайдағы микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ. Сондықтан осы бағыттағы зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге жатады.

Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өсімдіктерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.

Мысалы, сандық мәліметтерге тоқталсақ, 50 км биіктікте зымыран «Спейс - Шаттл» 150 тонна көмір оксидінғ, 500 тонна су және сутешін бөледі, осындай биіктіктегі «энергия» ұшу аппараты 740 тонна көміртегі оксидін, 750 тонна су және сутегін бөледі. Қысқа қашықтықта (1 км) мұндай қалдықтар жасанды бұлт түзіп, қышқылды жаңбырға айналады және ұшыру аймағынан 200 км2 қашықтыққа дейінгі аймақтың ауа райын өзгертеді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын «Протон» зымыран жеткізгішінің бір рет ұшырылуына 180 тонна гептил құйылады. Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен (1956 ж) бастап мұндай «Протон» зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған.

Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бакты блок болады) жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1,5 тоннадан – 3,5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшырылғанда, орта есеппен 2 тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 520000 тонна гептил төгіледі. Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр шамасын құрайтыны анықталған.

Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шараларды орындау қажет:

  • қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;
  • егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;
  • токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;
  • аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.

Қорыта айтқанда, біз атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш аймағынан ұшырылатын зымырандардың жанармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқымыз келеді.

Сондықтан жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізу қажет.

Деректер

Біздің облыс аймағында әлемдегі ең ірі экологиялық қауіпті үш объекті – Семей ядролық сынақ полигоны, Сарышаған әскери полигоны және «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан.

«Байқоңыр» пайдалануға берілген уақыттан бері 1300-ге жуық зымыран ұшырылған.

Ақтоғай ауданы жерінің 37 %-ы, Шет ауданы жерінің 93 %-ы, Жаңаарқа ауданы жерінің 37 %-ы, Ұлытау ауданы жерінің 74 %-ы «Протон» зымырантасығышының отыны – гептилмен ластанған.

Гептил – адам және жануарларға концерогендік және мутагендік әсері бар улы зат.

«Протон» зымырантасығышының алғашқы сатысына (5 сатылы) 500 тонна гептил отыны толтырылса, оның бөлініп, жерге құлайтын бөлшегінде 10-30 тонна отын жанбай қалады.

Гептилдің концентрациясы бір текше метр ауада – 0,001 мг., ал 1 кг топырақта 0,1 мг болғанда ғана зиянсыз.

«Қазмехонобр» кәсіпорнының 1994 жылы жасаған есебіне қарағанда, зымыранның бірінші сатысы құлайтын жерлердегі малдың еті мен сүтіндегі гептил мөлшерден ондаған есе асып кеткен.

Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін болса, соның 39-ы бірдің облыстың үстінде.

Апаттар

1996 ж. 14 мамыр – «Союз» зымырантасығышы құлады.

1997 ж. 20 мамыр – «Зенит» зымырантасығышы құлады.

1999 ж. 5 шілде – «Протон» зымырантасығышы құлады.

1999 ж. – «Протон» зымырантасығышы құлады.

(Негізінен осындай 37-38 апат болған, бірақ нақты дерек жоқ).

Тарихи анықтамалар

1955 ж. 12 ақпан – «Байқоңыр» ғарыш айлағын салу жөнінде шешім қабылданды.

1955 ж. 12 мамыр – кешеннің құрылысы басталды.

1957 ж. – «Р-Э» зымыраны ұшырылды.

1961 ж. 12 сәуір – Тарихта тұңғыш рет ғарышқа адам ұшты. Ю. Гагарин ғарышта болып қайтты.

1991 ж. 2 қазан – Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ұшты.

1957-95 жж. – Айналадағы ортаға және халық денсаулығына кері ықпал туралы деректер шектеліп келді.

1997 ж. 4 қазан – Ресей Федерациясы «Байқоңыр» кешенін жалға (аренда) алған жағдайда оның аймағындағы экология және табиғатты пайдалану мәселесі жөніндегі келісімге қол қойылды.

1998 ж. 21 қазан – табиғатты қорғау заңының бұзылуын болдырмау жөніндегі Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ұйғарым шығарды.

1998 ж. қараша – 1999 ж. мамыр ұйғарымды орындау туралы Ресей жағымен хат алмасылды. Ресей жағы ұйғарымның барлық тармақтарын орындайтындығы туралы хабардар етті.

1999 ж. 29 наурыз – Ресей-Қазақстан комиссиясы кездесіп, бірлескен хаттамаға қол қойды.

1999 ж. 2 шілде – Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ғарыш айлағынан зымырантасығыштардың ұшуына тыйым салынатыны туралы Ресей жағына ескерту хат жолдады.

1999 ж. 5 шілде – Ақаумен ұшырылған «Протон» зымырантасығышы Қарқаралы ауданының жеріне құлады.

1999 ж. 27 қазан – «Протон» зымырантасығышының апаты. Оның сынықтары Атасу поселкесінің жанына құлады.

1999 ж. 18 қараша – келісімдерге қол қойылды. Келген шығынның орнын толтыру Ресейден талап етілді.

«Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымы

  • Байқоңыр қаласы.
  • Ғарыш айлағы:
  • құрамында 52 ұшыру қондырғысы бар кешен (85 х 125 км);
  • көмекші объектілер (заводтар, аэродромдар, жылу-электр орталығы).
  • Зымырантасығышының бөлініп қалатын бөлшектері құлайтын аудандар (жалпы көлемі 4,8 млн га болатын 22 алаң).

Жалға беру шарты (1994 ж.)

Жалға беру ақысына (жылына АҚШ-тың 115 млн. доллары) табиғатты пайдалану төлемі де қосылған. (Бірақ қоршаған ортаны қорғау қорына одан бір тиын да түспей отыр).

Экология және табиғат қорғау мәселесі 1997 ж. 4 қазанда жасалған келісіммен жеке реттеледі.

Ғарыш айлағы объектілеріне бөгде адамды кіргізу көзделмеген. Бұл мәселе 1999 жылдың 1 қарашасындағы жеке ережемен кейіннен реттелген.

«Байқоңыр» ғарыш кешенінің мәселесімен айналысып жатқан жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, олардың бағдарламалары

Өткен жылы (1999 ж) «Протон» екі рет құлағанда, біздің мұндай төтенше жағдайға дайын емес екендігіміз белгілі болды. Қазір бірталай тәжірибе жинадық. Бірінші жағдай бойынша ғылыми зерттеуді Қазақстан ғалымдары жүргізе бастады. «Байқоңыр» кешенінің қызметіне байланысты халық денсаулығы жағдайының мониторингі бағдарламасы боынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қанат Ермекбаевтың басшылығымен облыс дәрігерлері де жұмыс істеуде. Солардың ішінде ҚР ҰҒА-ның корреспондент – мүшесі, ҚММА-ның ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мақаш Әлиакпаровтың басшылығымен «Байқоңыр» кешенінің адам денсаулығына әсері туралы тереңдетілген ғылыми зерттеу бірінші рет жүргізіліп отыр. Бұған қоса зымырантасығыштың бөлінген бөлшектері түсетін Ұлытау, Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарындағы жерлерде ҚазМУ мен «Қазмехонобр» ғалымдары да экологиялық зерттеулер жүргізілуде. Ал Е.А. Бөкетов атындағы Қар МУ-дың ғалымдары жүргізіп жатқан жұмыстар өте ерекше. Онда экологиялық зерттеу орталығы құрылып, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Ақылбаевтың басшылығымен зымыран отының құрамын анықтайтын жаңа аспап және оның жұмыс істеу әдістемесі жасалып жатыр.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы

«Байқоңыр» ғарыш айлағы өткен ғасырдың еншісіне жазылған адамзат баласының ең бір теңдесі жоқ жетістігінің бірегейі десек артық болмас. Сол арқылы адам табиғат құпиялары мен ерекшеліктерін игеру үрдісіндегі өзінің алар биігі мен жетер асуын нақты істермен дәлелдеп берді.

«Байқоңырдың» қызмет ете бастағанына 40 жылдай уақыт болса, осы уақыт ішінде ол Қазақстанды әлемге танытты. Алғашқы жер серіктері осында ұшырылды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, мұнда тұрған ғимараттар мен басқа да жарақтардың құны 25-30 млрд долларға бағаланады екен. Ол бұрынғы Кеңес Одағынан қалған мұра. Ол Қазақстанның ғылыми дәрежесінің өсуіне де үлкен әсер етті.

«Байқоңырдан» ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның нәтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының адамзат баласы үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы – «Ізденіс», 2001, № 4,5, 105-108 бб.
  2. Орталық Қазақстан, 2000, 9 желтоқсан

Байқоңыр және Байқоңыр ғарыш алаңы

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. II. Негізгі бөлім:

2.1.Байқоңыр және Байқоңыр ғарыш алаңы.

2.2.Байқоңырдың  экологиялық  мәселелері.

III. Қорытынды

  1. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі  ең  үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс.  Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ . Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр . Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздеді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі.

Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар.

Байқоңыр және Байқоңыр ғарыш алаңы

Байқыңыр (1996 жылға дейін Ленинск қаласы)- Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Төретам темір жол станциясынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдемінде орналасқан. Тұрғыны 53 мың адам (1997). Қаланың іргесі 1955 жылы Байқоңыр ғарыш алаңын салуға байланысты қаланған. 1960 жылы қаланың тұрғыны 40 мыңға, ал 1975 жылы 74 мыңға жетті. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі  қуаң. Қаңтардың көпжылдық орташа температурасы –11 С , кейбір күндері -35 С -қа төмендейді; шілдеде 26 С, кейбір күндері 45 С -қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм шамасында. Байқоңырдың жер қыртысы палеогон кезеңінің құмтасты және тақтатасты жыныстарынын түзілген. Оның бетін Сырдария аңғарының шөгінділері жапқан. Шалғынды-боз және бозғылт құмдақты топырағында баялыш, күйреуік, жусан, сораң шөптесіндер басым. Бірнеше мың га жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойына “аса құпия” нысан болып саналды. Жергілікті тұрғындар да, әскери мамандар да қаланы “10-алаң” деп атап келген. Ал қалаға іргелес жатқан “Крайний” әуежайы мен көптеген шаруашылық мекемелері және Төретам темір жол станциясы “9- алаңға” кіреді. Қалада Мәскеу авиация институтының филиалы, электр техтикалық колледжі, ірі есептеу орталығы, әскери аурухана, емхана, әуежай электр станциясы, нан, сыра зауыттары, түрлі мәдениет ошақтары, көптеген сауда, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Байқоңыр қаласының орталық алаңына бас конструкторлар С.П Королев пен М .Г Янгельдің ескерткіштері, сондай-ақ, тұғырға С.П Королев құрастырған ғарыш кемесі орнатылған. Қаланың демалыс саябағында ракеталарды сынақтан өткізу кезінде қаза болғандардың (200-ден астам) бауырластар, ғарышты зерттеу тарихы музейі бар. Байқоңыр қаласы мен ғарыш алаңына қажетті құрал-жабдық, техника, құрылыс материалдары, тағы басқа заттар Төретам темір жол станциясы арқылы жеткізіледі.

Байқоңыр- ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін  Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық обьектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, тағы басқа факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші обьектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және темір жол арқылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі обьектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техникалық және арнаулы технологиялық құрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, тағы басқа көмекші және қызмет көрсету обьектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, тағы басқа жатады. Байқоңырда ракета-тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.

Ұлы конструктор (зымыран жасау жөніндегі әлемге әйгілі С.П Королевтің) басшылығымен алғаш рет космос кеңістігіне ұшып шыққан ұшқыш- космонавт  Ю.А Гагарин 1961 жылы көкек айының 12 күні  “ Восток” атты космос кораблімен жер шарын 87 минут ішінде айналып шықты. Оның биіктікке көтерілген мөлшері 270 шақырым еді. Бұл геостанционарлық орбита болатын. Планетааралық зымырандарды ұшыру тек қана Байқоңыр космодромында сынақтан өткізіледі. Оның алдында 1957 жыл тамыздың 21 күні космос кеңістігіне алғаш рет жер серігі ұшырылған болатын. Ол ұзақ уақыт геостанционарлық орбитада ұшып жүрді де, кейіннен ұшу үрдісін тоқтатқан соң, әуеде жанып кетті.

Байқоңырда одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, “Восток”, “Восход”, “ Союз”, “Прогресс” ғарыш кемелері, “ Салют”, “ Мир” орбиталық станциялары, сондай-ақ , зерттеу-барлау жұмысын жүргізуге арналған “Космос”, ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған “Протон”, “Зонд”, “Прогноз” байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған “Молния”, “Экран”, “ Горизонд”, “Радуга”, “Метеор” тағы басқа жердің жасанды серіктері ұшырылды. Айды, марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров “Союз Т-13” ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994,1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К. Әбілғазин, полк. Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов тағы басқа болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А Гагаринмен бірге дайындықтан өтті.

Байқоңырдың экологиялық мәселелері

1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Байқоңыр космодромын пайдалануға байланысты және Ресей Федерациясына оны жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшылары қол қойған. Жал мерзімі 20 жыл деп белгіленген. Ресей жағы Байқоңыр космодромының және сол аймаққа жақын жерлердің экологиясына зиянды әрекет етпейміз деп міндет алған. Ол міндет іс жүзінде орындалып жатыр ма, о жағы бізге беймәлім.

Байқоңыр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Соңғы кезде космодром орналасқан жердің ауа райын,  табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортоға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар. Мысалы, Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым- экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар растап отыр.

Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті. Ол өзгерістерді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей:

  1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар  табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режімін төтенше түрде бұзып жіберетіні белгілі болды;
  2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаны мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;
  3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми- зерттеу жұмыстары  толығымен дәлелдеді. Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып, өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды;
  4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп оны ластайды (ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар). Ол жер не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.

Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды. Өйткені зымырандар осы көрсетілген аудандардың территорияларының үстін басып ұшады.

Зымырандарға жағылатын отын улы (радиоактивті) және усыз қосылыстардан тұрады.

а) Усыз отынның негізгі компоненті- сұйық күйіндегі (радиоактивті) оттек пен Т-1 маркалы кәресін, сонымен бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі (радиоактивті) сутек болады.

ә) Өте улы зымыран отынның құрамында- улы тотықтандырғыш типіне жататын (радиоактивті) “самин” және (радиоактивті) “меланж” болады. Сонымен қатар, симметриялы емес радиоактивті- диметил гидразин (гептил) бар. Осы аталған компоненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, өсімдік әлемін, жануарлар дүниесін айрықша уландырады. Олар биосферадағы барлық тіршілік  иелерін жойып жіберуі де мүмкін.

1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран, 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған.

Зымырандардың отындарының қалдықтары түскен жер арнаулы тәсілдерімен тазартылу керек деген Ресей Федерациясымен келісім шартта баптар бар. Тазарту жұмыстары белгілі дәрежеде жүргізілген емес. Зымырандардан түскен қалдықтардың бәрі тірі ағзаларға өте зиянды. Өйткені олар радиоактивті заттардан тұрады. Қазақстан жағы шамасы келгенінше, экологияны бұзбайтын тәсілдерді Ресей жағының пайдалануын қадағалап отырады. Зымыран ұшатынынан 5 күн бұрын, қай мезгілде зымыран ұшатынын Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының басшыларына алдын ала хабарлап отырады. Дауды дер кезінде шешіп отыратын тұрақты комиссия бар. Ол комиссия “Байқоңыр” деп аталады.

Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран- тасымалдаушылар апатқа ұшырауы- табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника ғой, ешкім де апат болмайды деп кепілдік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін.Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысты кенеттен апатқа ұшырап отырған жайттар болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, олардың бактеріндегі улы (радиоактивті) отындардың жарым – жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаны ластауы мүмкін. Ал отын төгілген жерге кәресін шашып, оны өртеп жібереді. Немесе отынның улылығын жоятын бірнеше химиялық препараттар қолданады. Сонымен бірге, жерді өртеген кезде, жердің үстіңгі қабатындағы пайдалы микроағзалар түгелімен жойылып кететіні сөзсіз. Сөйтіп топырақ құнарлылығынан айырылып қалады. Ондай жерлерге өсімдіктер өспейді. Осы кезде улы заттардың улылық қасиетін тез арада жоюдың жетілдірілген тәсілдері қарастырылуда. Бұл кезек күттірмейтін күн тәртібінің басты мәселелерінің бірі. Зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектерінің аспаннан жерге құлап түсетін жерлерінде адамдар тұратыны белгілі. Оларды басқа жаққа көшіріп әкету мемлекетке оңайлыққа соқпайды. Тек зымырандардың қалдықтары құлап түскеннен кейін олардың улы қалдықтары орасан зор аймақтарға тарайтынын арнаулы зерттеулер анықтап отыр. Осы қайғылы оқиғаны болдырмау үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арнаулы экологиялық мониторинг жүйесін пайдаланады. Әсіресе РН “ Протон ” зымыранынан бөлініп шығатын улы қосылыстардың  зиянды  әрекетін азайту  жолдары  көзделуде. Неше түрлі жетілдірілген технологиялық үрдістер пайдаланылады. Осының нәтижесінде РН “Протон” зымыраны улы қосылыстарды қоршаған ортаға аз мөлшерде бөліп шығаруда мұның өзі кейінгі кездегі ғылым мен техниканың жетістігі екені өзінен-өзі белгілі. Экологияны мөлшерден тыс бұзбайтын РН “Протон” зымыранының отыны ретінде КБ “Салют” деп аталатын отын қолданады. Ол отынды ойлап тапқан Ресей ғалымдары. Олар М.В Хруничев атындағы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері. Егер РН “Протон” зымыраны апатқа ұшырай қалған кезде, ондағы гептилдердің барлығы жерге түспей, әуеде жанып кетеді. Ал жерге түскенде, оның көлемі айналаға онша көп тарамайтыны байқалады.

Зымырандарды жасаған кезде, оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұшырған кезде айналаны қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар ұшырылмайды. Осы жоғарыда айтылған мәселелерді қорыта келе, Байқоңыр космодромы қазақ жеріне орасан зор бақытсыздық әкеліп отырғаны сөзсіз. Соңғы кезде ауа райы өзгеріп кеткенін айтпай кетуге болмайды.

Дегенмен, кейінгі кезде Байқоңыр космодромының пайдасыз жағын жан-жақты зерттеу келешек жас ғалымдардың міндеті деп есептейміз. Байқоңыр космодромын салғанда қисапсыз көп қалдықтар болғаны жасырын емес. Олардың ішінде металл сынықтары, темірбетон қалдықтары болған. Бұл қалдықтарды пайдаланып құрылыс жұмыстарын жүргізуге болатыны анықталып отыр. Байқоңыр космодромының экологиясын қатаң бақылауға алған мекемелердің бірі - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстары мен табиғат қорғау  министрлігі.1996 жылдан бастап зымырандардың улы қалдықтары азайып, тек азғантай жерлерге түсетін болды. Айналаны қоршаған ортаға ұзақ мерзім әсер етпей, тез арада ыдырап кететіні байқалады, медициналық белгілерден аспайтыны белгілі болды.

Қаншама жуып-шайғанымен апаттың аты апат ғой. Зымыран-таситын зымырандар апатқа ұшырағанда, айналаны қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретіні айтпаса да түсінікті. Өзімізге белгілі ғарыш кемелерінің негізгі отыны болып табылатын гептил (химиялық атауы- нитрозодиметиламин) – айрықша сасық иісті түссіз сұйық . Ол ауадағы оттегімен жылдам  реакцияға түседі де, суда шексіз еритін тотықтардың түр-түрі пайда болады. Айналаға тез тарайды, жер бетінде де, топыраққа сіңгенде де өз қасиеттерін жоймай ұзақ сақталады. Тірі организмдерге, өсімдіктерге жедел сіңіп кететін болғандықтан, қоршаған ортаға аса зиянды. Қауіптілігі жағынан бірінші дәрежелі улы заттардың қатарына жатады. Адам ағзасына ас жолы, тыныс мүшелері арқылы жылдам тарайды, денеге тиіп кетсе, тері арқылы да тез сіңеді. Сондықтан адамға қатері орасан. Ойламаған жерден есіріп кету, тыныс тарылу, бұлшық еттердің тартылуы, орталық жүйке жүйесіндегі және қан қысымындағы ауытқулар, бауыр мен бүйректің бұзылуы сияқты аурулар гептилмен уланудың клиникалық белгілері болып табылады. Сол сияқты гептил ұрықты жатырда жатқанда-ақ ауруға шалдықтырады, адамдардың ұрпақ әкелу қабілетін төмендетеді, қатерлі ісіктердің пайда болуына және жедел өсуіне әсерін тигізеді.

1999 жылы шілденің 5 күні болған РН Протон зымыран тасымалдаушының апатынан кейін Қазақстан Республикасы мемлекеті мен Ресей Федерациясы арасында 1999 жыл қарашаның 18 күні келісім шарт жасалынып, оған қол қойылады. Ол келісім шартта  кейінгі уақытта Байқоңыр космодромын қалай пайдаланудың жолдары көрсетілген. Зымыран апатының салдарын бірлесе отырып жою мәселелері жазылған.

Қорытынды

Байқоңыр космодромы айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.

Байқоңыр космодромын Ресейге жалға бергенде, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ долларын береді. Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25-40 миллион АҚШ долларын жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 миллион доллар кіріс кіреді. Бұл кіріс қазақ елінің әр түрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтамасыз етілген. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып отырады. Ресей Федерациясы үздіксіз қаржыландырып тұрады. Қалада осы кезде 13 жалпы білім беретін мектеп, оның 5-еуі қазақ балаларына арналған, біреуі ғана аралас мектеп. Халықаралық космостық мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар оқып білім алады. Денсаулық сақтау орындарын, білім беретін мекемелерді, қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырады.

Ал егер Байқоңыр космодромын жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтыны сөзсіз. Біріншіден, жергілікті халық жұмыссыз қалады. Екіншіден, Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғаудан айырылып қалады. Қазақстан Республикасы көптеген мүмкіншіліктерден айырылып қалатыны байқалып отыр. Экономикалық және әлеуметтік даму болмауы да мүмкін. Байқоңыр космодромы жер жүзіне белгілі болғандықтан көптеген көмектер әр түрлі мемлекеттерден келіп тұрады. Космодромда эколиялық өзгерістердің болмауын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау министрлігі бақылау жасап отырады.

Байқоңыр космодромы болуына байланысты Қазақстан Республикасының беделі күннен күнге арта түсуде. Байқоңыр космодромында келешек ұшқыш-космонавтар іріктеліп алынады. Оның ішінде көптеген қазақ елінің жастары бар.

Байқоңыр космодромы келесі мыңжылдықта ең басты космостық аппараттар мен космос корабльдерін космосқа ұшыру және космос кеңістігін зерттеуде айрықша рөл атқаратыны сөзсіз. Ол космосты зерттейтін ғылыми-техникалық орталығы болып қала беретіні айдан анық. , оның келешегі зор, берері мол.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Космонавтика.Энциклопедия, Москва 1985 ; В.А.Алексеев, А.А. Еременко, А.В.Ткачев.
  2. Космическое содружество, Москва 1988 ; В. Чундеров , М.Мұқанов.
  1. Экология негіздері, Алматы 2004; Ж.. Ж.. Жатқанбаев.

Байқоңыр қаласының тарихы туралы реферат

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Байқоңыр: Кеше. Бүгін. Ертең

б) Қазақтың тұңғыш жер серігі «Kazsat» пен Байқоңыр болашағы «Бәйтеректің» көлеңке тұстары мен күнгей жақтары

в) Байқоңыр ғарыш айлағындағы экологиялық мәселелер

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12–де қағылды. Байқоңыр – ғарыш аймағы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан.

Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтіп оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы тағы басқа факторлар ескеріледі. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: тех тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар тағы басқа көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия тағы басқа жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың әрбір түріне сәйкес бір немесе бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына орналасқан бірнеше спорттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жұзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық өрнегіне айналды. Байқоңырдан күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері «Восток», «Восход», «Союз», «Пргресс» ғарыш кемелері «Салют», «Мир», орбиталық станциялары, сондай – ақ, зерттеу – барлау жұмысын жүргізуге арналған «Космос», ғылыми – тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланатын және метеорал бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор» тағы басқа жердің жасанды серіктері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ – лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т - 13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтеріледі. Ресеймен бірлескен баңдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта екі рет (1994,1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандақтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, В.Мәжіғұлов, Т.Уәлиев, Қ. Әбілғазин, полк Ә. Исмаилов, М. Құлымгеров, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б.Ешімов, Қ.Нұрмұқанов, Р.Құлмырзаев, М.Мұқанов тағы басқа болды.

Қазақстан азаматы, ұшқыш – сынақшы, майор М.з. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының қаласына қайтарылып, 1993 жылы Ресей Федерациясына берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптаы байқалды. Байқоңыр кешенінен Қ.Р-сы аумағында 30-35 мың тонна ұлы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді.

Байқоңыр: Кеше. Бүгін. Ертең.

1957 жылы 15 мамырда Байқоңыр ғарыш аймағынан тұңғыш континентаралық баллистикалық зымыран ұшырылды. Ал, 4 қазанда жасанды жер серігі орбитаға шығып, дүниежүзін дүр сілкіндірді. Америка Құрама Штаттарының әскери ғалым мамандары қаншама тырысса да кеңестік ғалымдардан 5 ай кешігіп қалды.

Ғарышқа адам ұшыру мақсатында ондаған иттер, басқа да жәндіктер орбитаға шығарылады. 1961 жылдың бас кезінде қуыршақ манекен (Иван Иваныч) ұшырылды. Ол белгіленген ауданға дәл қонып, ғарышқа адам ұшу кезеңін жақындатты.

1961 жылы сәуірдің 12–сі адамзат баласының тарихындағы ең бір ұмытылмас өрелі күн. Осы күні адам алғаш рет ғарыш кеңістігіне ұшып шықты. 1961 жылы сәуірдің 12 – ші жұлдызында Мәскеу уақытымен таңертеңгі 9.03 – те әйгілі конструктор, екі дүркін Социалистік Еңбек Ері, академик Сергей Павлович Коралвтің командасы бойынша КСРО – да бірінші болып Ю.А. Гагарин ғарышқа самғады. Бұл таңғажайып оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.

Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай басты – басты 5 түрлі мақсатпен ұшырылатынын білеміз.

Біріншісі: зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері. Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.

Екіншісі: тасымал кемелері. Онымен құрал – жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық – түлік, су, киім – кешек, ең аржағы оттегіне дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.

Үшіншісі: әскери мақсаттағы зымырандар. Олардың не зерттеп, не тындырып жатқаны, әрине, бізге құпия. «Зымыран құралдарымен жерде жатқан «Правда» газетінің тақырыптарын оқуға болады» дегенді талай – талай естідік. Демек, ол жердегі қыбырлап жүрген адамдар, әсіресе әскери адамдар не істеп, не тындырып жатыр деген сұраққа жауар алу үшін таптырмайтын құрал. Оның сыртында ғарыш кеңістігінен шапқын салатын лазерь қаруы дегеннің пайда болғанын, отты басы ғарышқа шығып алған соң онға, отызға бөлініп, әрқайсысын өз алдына дербес қаруға айналатын зымырандарды тағы білеміз. Міне, соның бәрінің бабын тауып, аясына келтіретін осы әскери зымырандар.

Төртіншісі: байланыс – жер серіктері. Біздің түрлі – түрлі құрлықтармен телефон байланысымызды былай қойғанда, үйіміздегі телефондар арналарына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді. Мұны дәлелдеп жату бүгінде көзіқарақты адамға артық.

Бесіншісі: Планетааралық ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш жолы бар Марсқа әлденеше зымырандардың ұшырылғанын білеміз. Айға да алғаш зымырандар осы Байқоңырдан қонып, зымыранның айдан ұшып шығып, жерге қайтып оралуы дер едік. Бұл өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жүзеге асырылған шаруа. Сондай – ақ, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей ғарыш кеңістігіне еркін самғауға қоя берген және текте бір мәлімет алып тұратын зымырандар да болды. Олардың ғылым үшін не бергенін Ресейдің ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы біледі, біздің білетініміз – жылма – жыл жүздеп ұшырылып жатын, зымырандардың әрқайсысы Сыр бойының экологиясына белгілі дәрежеде кері әсерін тигізетіндігі.

Косманавтиканың табыстарын, жетістіктерін айтқан кезде, оның жолындағы қиындықтарды да, тіпті құрбандықтарды да айтпай кетуге болмайды. Сонау Байқоңырдың ортасында генерал Неделин бас болған бір топ ғарыш қызметкерлерінің бейіті жатыр. Олар космодрамда ұшқалы тұрған ракетаның жарылуынан қаза тапқандар. Тамаша азамат – қабілетті инженер Владимир Камаров орбитадағы бар жұмысын атқарып, жерге қона берген кезде парашюттің бауы оралып қалып, келесі жерге қатты соғылып, жарылып кеткен. Сол сияқты Ақтөбелік жерлесіміз Владимир Пауаев өзінің екі серігімен бірге ғарыш сапарының қайтып келгенде, кеменің ішкі қабырғасы сөгіліп кетіп, үшеуі бірден қаза тапты. Мұндай құрбандықтар шежіресі, өкінішке орай, азаяр емес.

Ендігі бір басы айқындалмаған мәселе – Байқоңырдан ұшып шыққан ракеталар солтүстік – шығысқа қарай бағытталғанда жолда Жезді, Ұлытау, Қарсақбай, Жаңарқа елді мекендері жатады. Осы жерлерден тұратын 30 мыңнан астам адам, міне, 50 жыл бойы осы қауіптің құшағында отыр. Ракеталардың бірінші сатылары осы елді мекендерге құлап түсіп жатады. Соншама жыл, соншама ракеталардың алғашқы сатылары түсіп жатса да, бір ғана ғажабы адамдар одан тікелей қаза болмаған, оның себебі ракеталар Байқоңырдан шыққаннан кейін ылғи иесіз, немесе елді мекендері сирек бағытпен ұшатын және ол бағыттар қатаң сақталатын.

Міне, соның әсерінен де адамдар аман қалып келеді.

Бірақ оларға жәрдем – көмек көрсету қажет. Бір кезде осы аймақтың адамдарына жәрдемақы беру жөніндегі қабылданған қаулы болатын, кейін оны тоқтатып тастады. Ал шынында жыл сайын осы аймақтарда тұратын адамдарға белгілі бір мөлшерде нақтылы жәрдем көрсетіп тұруға болады ғой. Сол жәрдемді аламын деп қызығып, байырғы тұрғындарынан басқа ешкім басқа жақтан келе қоймас. Жалпы есептегенде, бұл жерде 30 мыңдай адам тұрады екен. Қайткенде де соларға Ресейден алатын қаржының есебінен нақтылап ақша бөлу қажет. Енді бұдан былай космосқа өз еркімен ұшып барып қайтатын бай туристердің саны көбейе беретін болар. Бір адам ұшқаны үшін 20 млн $ - ға дейін ақша төлейді. Сол қаржыдан да Қазақстан өз үлесін алып отыратын болады деп мәлімдеді Ресей жағы.

Байқоңыр – біздің космодром. Сонау 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағанда әрбір одақтас республика өзінің жерінде тұрған техникалық құрал – жабдықтарға ие болып қалғанда Байқоңыр түгелдей (бүкіл одақ болып салған біздің меншігімізге көшкен. Сонда оның бары дүние – мүлкінің бағасы 51 миллиард $ болатын. Ресей мен екі арада шарт жасасып, оны жиырма жылға жалға берген едік. Жылына ол үшін Қазақстан 115 миллион $ алып тұрады.

Сондай – ақ, Байқоңырдың болашағы туралы айтатын болсақ. Байқоңыр космодром айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.

Байқоңыр космодромын Ресейге жалға бергенде, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ $ береді. Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25-40 млн $ жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 млн $ кіріс кіреді. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтылған. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып тұрады. Қалада осы кезде 13 жалпы білім беретін мектпе, оның 5 –еуі қазақ балаларына арналған, біреуі ғана аралас мектпе. Халықаралық космостық мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар оқып білім алды. Денсаулық сақтау орындарын, білім беретін мекемелерді, қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырды.

Ал егер Байқоңыр космодромын жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтын сөзсіз. Соның мысалы (жай ғана) жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыздандыруы.

Сондықтан да, Байқоңырдың Қазақстанға берері мен берешегі мол, Ғарыштық державалар қатарына қосуға мүмкіндік беретін желдегі ең ірі алаң осы – Байқоңыр алаңы.

Қазақстанның тұңғыш жер серігі «Kazsat» пен Байқоңыр болашағы «Бәйтеректің» көлеңке тұстары мен күнгей жақтары.

Қазақстан ғылыми – техникалық салада артта қалғанына қарамастан, Қазақстан ғарышты игеруге ұмтылыс танытуда. Сол себепті, біздің еліміз өзінің алдына жедел іске асырылуы тиіс үлкен мақсаттар қойып отыр. Бұдан басқа байланыс спутнигін ұшыру, ғарыштық – спутниктік тасымалдау жүйесі мен алыстан басқарып зерттеу жүргізу жүйелерін дамытуда көзделген.

«Kazsat» - тіршілік көкжиегін кеңейтуде.

Қазақстан ғарышты игеруге мүдделі. Неге? гәп сонда. Ғарыштық мемлекет мәртебесіне ие болған ел өзі қалаға алып отырған базбір бағдарлманың маңызы мен мәтін басқаларға түсіндіріп, оның бейбіт мақсатты көздейтіндігін ант – су ішіп дәлелдеп жатпай – ақ (мысалы, анау иран секілді) алаңсыз жұмыс істей бере алады. Биылғы жылы, яғни 2006 жылдың 18 - маусымында Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдегі               М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми – зерттеу орталығының мамандары жасаған «Kazsat» атты қазақстандық байланыс спутнигі ұшырылды. Біз «Kazsat» арқылы біздің ел орталықтан шалғай орналасқан ауылдық жерлерге отандық қана емес, тіпті, спутник қабылдайтын басқа шетелдік хабарларды да тарата алады. Сонымен қатар «Kazsat» сенімді телефон жүйесін қамтамасыз етеді. Спутник Оралдың арғы жағында жатқан өңірді де, тіпті Саратов пен Орынбор тәрізді Ресей облыстарын да қамтиды. Егер Ресей жағы біздің техникамызды аз мөлшерде болса да жалдайтын болса, онда олар да Сібір мен Орал өңіріндегі өзеннің байланыс мәселелерін оң шешетін болды. Спутниктің мүмкіндігін пайдаланығысы келетін көршілерімізге байланыс қызметтерін сататын болсақ, «Kazsat» өзінің құнын екі – ақ жылда толығымен өтеп шығады. Оның қамту аумағына Қазақстан мен қоса Орталық Азия елдері мен Ресейдің ортадлық бөлігінің кіретінін баршамызға белгілі. «Kazsat» орналасқан геостационарлық (жоба) орбита жер планетасы экваторының үстінен 40 мың шақырым орналасқан. Ресей Федерациясының Президенті В. Путин: «Kazsat» спутнигін ұшыру, әлбетте, теңдесі жоқ оқиға. Қазақстанның ғарыштық держава ретінде қалыптасу жолындағы қызметінің жаңа кезеңі. Біз ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастықтың бірлескен үлкен бағдарламасына жолсалудамыз» - дегенді айтты. Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевшын мәнінде ғарыштық державаға айналған еліміздегі бұл тараптағы келешегінің кемел болатынына зор сенім білдірді. Бұл идея Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің құрамына кіру жөнінде алға қойып отырған мақсатын орындауына дәлме – дәл келеді.

Барлық кеңестік ғарыш кемелері қазақ жеріндегі Байқоңыр аймағынан ұшырылады, қазір Ресейдің көптеген зымырандары осы сапар шегуде.... Сондықтан Қазақстан мен ғарыш егіз ұғым іспетті. Бұл жер серігі осы тығыз байланысты одан әрмен нығайтады.

Байқоңырдың болашағы – «Бәйтерекке» тәуелді.

«Бәйтерек» - Ресейліктермен бірлесе отырып құрылған бағдарлама болатын. «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорынның (БК) негізгі міндеті – пайдаланылып отырған ғарыш кешенін жаңарту, соңыра экологиялық жағынан анағұрлым қауіпсіз ғарыштық ракеталық кешен салу. Бұл жоба «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Ангара» атты старттық және ракета алып жүретін техникалық кешен салуды көздейді. «Бәйтерек» - сөз жоқ, ұлттық ғарыштық бағдарламаның ең маңызды іргетасы болып саналды. Ол аса маңызды үш мәселені қамтиды:

  • Саяси жағы. Біз аграрлық мал өсіруші елдерден ғарыштық державаға айналып, АҚШ, Ресей, Франция, Үндістан секілді елдер қатарына кіреміз.
  • Экологиялық жағы. Біз халықты өмірге қауіпті «Протоннан» құтқарамыз.
  • Маман кадрлар. Қазақстанның ғарыш саласы бойынша өзінің төл мамандары болады.

Келешекте «Бәйтерек» кешенін зымырандарды, планетааралық кемелерді ұшыруүшін жер үстіне, геостацонарлық шеңберге шығаруға, әрі қарай, мүмкін, ұшқышпен басқарылатын кемелерді ұшыруға пайдалануға болады.

Жалпы бұл жобаның іргетасы 2004 жылы Қазақстан мен Ресейдің Президенттері – Н.Назарбаев пен В.Путин «Байқоңыр» ғарыш айлағын тиімді пайдалануға байланысты ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойған кезде қаланған болатын. Келісімге сәйкес, Ресейдің «Байқоңыр» кешенін жалға алу мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылғанды. «Бәйтерек»  ғарыштық бағдарламасы – «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Ангара» атты старттық және ракета алып жүруші техникалық кешен құруды көздейді.

Кешен коммерциялық мақсатты да, Ресей мен Қазақстанның ғарыштық бағдарламаларын іске асыру үшін де пайдаланылады.

Байқоңыр ғарыш айлағындағы геоэкологиялық мәселелер.

Байқоңыр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететін кейінгі кезде ғана байқала бастады. Соңғы кезде космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялықресурстарын жан – жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызды бірнеше ғылыми деректер бар. Мысалы, Қарағандыоблысының экологиясын зерттейтін ғалым – экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары космос кеңістілгіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты жезді ауданның жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болы. Бұл аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратын анықталды. Мұндай құбылыстар космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар растап отыр. Қандай болмасын, ұшырылатын космос корабельдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті. Ол өзгерістер төмендегідей:

  1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режимін төтенше түрде бұзып жіберетіні белгілі болды;
  2. Космос корабельдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын орындары ұлы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;
  3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінінің арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары толығымен дәлелденді. Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік табиғи ортасы кенет бұзылып, өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды;
  4. Жер бетінде зымырандардыың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды. ( ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар). Ол жер не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.

Ғарыш аймағы соншама пайдалы екен, Ресей неге оны Плисецкіге алып кетпейді? Соншама шығынға батып, Қазақстан жерін несіне жаулап отыр? Неге оны болашақта 50 жыл созуға құмар?! Олар ғарыш айлағын көшірмейді де, орналастырмайды да. Өйткені әрқайсысы ғарыш айлағы аталатын зұлматтан өз елдерін, өз табиғатын, фаунасы мен флорасын, ең алдымен азаматтарын қорғағылары келеді, олар үшін өз елінің аспанындағы азон қабатының бүтіндігі, өзен – көлдерінің тазалығы керек. Соңғы жылдары әйелдердің қан аздығы, ақ қан (лейкоз) уруымен ауыру, кемтар сәбилердің дүниеге көп келуі, жастар арасында өзіне - өзі қол салу сияқты жантүршіктірер оқиғаның көбейіп кетуі, мал ауруларының ең жаы, тағы басқа толып жатқан аурулар жылдан – жылға көбейіп жатыр. Бүгінгі қала халқына жеке үй салуға беріп жатқан бұл жерге әзір сораң мен ақбас деп аталатын шөптен басқа ештеме шықпай отырғаны қызылордалықтарға таңсық емес. Содан – соң уланып жатқан дария суының мәселесі бар. Соңғы жылдары Сыр бойы халқы арасында сары ауру, тырысқақ, іш сүзегі, асқазан – ішек, бауыр – бүйрек аурулары асқынып тұрса, оның да себеп салдарының бір ұштығы осы ғарыш айлағынан көкке көтеріліп жатқан зымырандарға барып тіріледі.

Космонавтиканың жетістіктері мен жеңістік жақтарын ғана айта бермей, осындай көлеңкелі тұстарын айтып тұрмасқа?

Қорытынды

Байқоңырдың болашағы туралы сөз қозғалғанда, сол қалада тұратын жерлестеріміздің әлеуметтік тұрмысын жақсарту мен құқығын қорғау мәселесін шешуді де назарда ұстаған жөн болмақ. Өйткені, бұл қаланың Қазақстан меншігі бола тұрып, Ресей елінің заңымен тіршілік ететіні баршамызға белгілі. Қазақстан заңының күші ол жерде жүрмесе, байырғы халық қалай ашынбасын?

Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мен мынадай ұсыныстар айтар едім:

  • Қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету:
  • Егінді жинау мен бау – бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;
  • Токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;
  • Аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан – жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу
  • Зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу.

Қорыта айтқанда, біз атмосфералық «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандардың жанармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқым келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Панова Г.Г. Влияни компоненттер ракетного топлива на почвенно – растительную систему. Санк – Петербург, 1997. с7
  2. Сагимбаев Г.К. Экология и экономика.//Алматы: Қаржы – қаражат, 1997. с.65
  3. Бурдаков В.П., Еланский Н.Ф., Филин В.М. Влияние запусков ракет «Штати» и «Энергия» на озонный слой земли //Вестник Ан СССР, 1990, № 12. С. 72-75
  4. Хорухая Т.А. Методы оценки экологической опосности. М: ЭБТ – Контур, 1998 с.186
  5. Макдональд А. Дж, и др. Ракеты с двигателями на химическам топливе: влияния на окружающую среду. Аэрокосмическая техника, 1991 №9. 96с
  6. Шигаева М.Х. и др. Мутогены и комутагены окружающей среды. Алматы: Ғылым, 1994. с 6-7.

БАЙҚОҢЫР ТУРАЛЫ РЕФЕРАТ

Бұдан 40 жыл бұрын қазақтың Бақыты болған Байқоңыр, қазір – Соры. Бұдан 5 жыл бұрын Байқоңыр Ресейге 99 жылға берілетін бопты деген сыбыс шығысымен Байқоңырдың Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті екенін жақсы білетін.

Бүкіл үндеуді жазып отырған Байқоңыр аймағында тұратын, Байқоңырдың қасіретінен көз ашпай келе жатқан, соры бес елі, бақытсыз қазақтар. Біз Байқоңырдан бір емес, екі бірдей қасірет шегіп келеміз. Бірі - жан қасіреті, бірі - тән қасіреті. Жан қасіреті сол - ата-бабаларымыз қасық қанды да, шыбын жанын да аямай қорғап, бізге мұра етіп қалдырған жерімізге қазір кім ие? Орыстар ие. О жер қазір қазақтың жері емес, орыстың жері. О жерге бірде бір қазақ аттап кіре алмайды. О жерде Қазақтсанның  бір де бір заңы, тіпті Ата заңы да жүрмейді. Ал енді, айналайын ағайындар-оу, өз жеріңе өзің ие болмаудан асқан не қасірет бар? Біздің қазір шегіп отырған жан қасіретіміз - міне, осы. Ал, тән қасіретіне келер болсақ, біздің қазір суымыз да у, тамағымыз да у, ауамыз да у. Бүкіл аймақта дені сау адам жоқ. Бәрі ауру, бәрі мүгедек. Еңкейген шалдан, еңбектеген балаға дейін ауру. Тіпті құрсақтағы баланың өзі туғанда ауру боп туады. Ал жеріміз ше? Жеріміздің халі бұдан да жаман. Жеріміз күннен күнге қу медиен далаға, Сахараға  айналып барады. Бұ қалпымен бүгінгі Байқоңырдың айналасы қу медиен  далаға айналса, ертең Қазақстанның бүкіл оңтүстігі қу медиен далаға айналатын болады. Одан бүкіл Қазақстан қу медиен далаға айналатын болады. Содан не істеуіміз керек? Байқоңырды жабуымыз керек. Бұған Президентіміз келісе ме? Келіседі. Келісетіні, оның ойы да біздің ойымыз сияқты. «Байқоңыр Ресейге берілетін болыпты» деген қауесет тарасымен, Президенттің бұған не дегенін бүкіл қазақ біледі. «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенді    Президент нық айтқан. Және бір айтпай, бірнеше рет айтқан. «Олай болса, Президент Байқоңырды Ресейге неге беріп қойды?» деген сұрақ туады. Беріп қойғаны оны со кезде ешкім қолданған жоқ. Президент: «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенде, «Иә, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» деген бір қазақ болды ма? Болған жоқ. Бізді қойшы, біз малдың ізіне қараған қазақпыз. Ал, астанадағы халықтың қамын ойлайтын, көзі ашық, көкірегі ояу қазақтар  қайда қарады? Олар да жұмған ауыздарын ашқан жоқ. Ал енді халқы қолдамаған Президент не істесін? Ешнәрсе істей алмайды. Ал осындай, іштен тынып, көніп жүрген кезінде бүкіл халық болып: «Байқоңырды өзімізге қаратып алайық!» десек ше? Ол бұған қуана-қуана келіседі. Келісетіні, оның күні-түні ойлайтыны – халықтың қамы. Бізге не керек? Не қымбат? Ғарышты зерттеу қымбат па? Жоқ, қазақтың жері қымбат па? Жалпы, біз не үшін өмір сүреміз? Ғарышты зерттеу жолында, ғаыршты игеру жолында құрбан болу үшін өмір сүреміз бе? Әлемде ғарышты зерттемей-ақ, ғарышты игермей-ақ тап-тамаша өмір сүріп жатқан қанша мемлекет бар десеңізші?! Ал енді солар сияқты, бізде ғарышты  зерттемей-ақ, ғарышты игермей-ақ неге тап-тамаша өмір сүрмейміз? Бұл біздің ғана ойымыз емес, бұл Президенттің де ойы. Ал енді ойы, арманы бізбен бір Президент біздің «Байқоңырды жабайық!» деген талабымызбен неге қуана-қуана келіспейді? Келіседі. Байқоңырды өзімізге қайтарып алған соң, оны 40-50 жылға жабамыз. 40-50 жылдың ішінде Байқоңыр өзінің баяғы қалпына келмесе де, бүгінгідей беті ары қарамай, бері қарайтын болады. Оның ішінде 40-50 жылдың ішінде ғарыш техникасын игеретін өз мамандарымыз болады, ғарыш техникасын жасап шығаратын өз өндірісіміз болады. Міне, ғарышты игергіміз келсе, содан соң барып игеретін боламыз. Ал дәл қазір Байқоңырды өзімізге қайтарып алып, табан астынан жабуымыз керек. Өйтпесек, ертең, Байқоңырды жалға берген мезгіл біткен кезде Байқоңырға ие болатын қазақ қазақ даласында табылмай қалатын болады. Сондықтан қырылып, құрып кетпейік десек, Байқоңырды өзімізге қайтарып алалық. Бұл талапты бүкіл халық қолдаса, Президент те қолдайтын болады. Қайталап айтамыз: Бұл талапты бүкіл халық болып қолдайық! Қазақ жерін қу медиен Сахараға айналдырып алмайық!

Үндеудің жазылған уақытынан қарап кейбіреудің: «Оу, ұйқысынан шошып оянғандай, мынаның мынаусы қалай?» деп менің баяғыда жазылған Үндеуді баспаға енді ғана ұсынып отырғаныма таң қалуы мүмкін. Мұның екі-үш себебі бар.  Бір себебі - Ана тілімізді тірілту қандай ескірмейтін әңгіме болса, Жерімізді де тірілту сондай ескірмейтін әңгіме. Байқоңыр туралы мен «Байқоңырды Ресейге беретін болыппыз» деп әңгіме қалай шықты, содан бері жазып келем. Алғаш «Президентіміздің: «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенін бүкіл халық болып қолдайық!» деп осы Алматыда қазақ тілінде қанша газет бар, солардың бәріне хат жаздым. Бүгінде Байқоңыр туралы «құритын болдық, өйтетін болдық, бүйтетін болдық» деп тынбай мақала жазатын олардың бір де біреуі менің хатыма «ләм» деген жоқ. Жалғыз «Ана тілі» ғана екі мақаламды басты. Бірақ «жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» дегендей, жалғыз «Ана тілің» үнін кім ести қойсын? Ал, енді елі қолдамаған Президентіміз не істесін? «Бермеймін» деген Байқоңырды, амал жоқ, беруге мәжбүр болды. Бірақ, әлі де кеш емес. Байқоңырды әлі де болса өзімізге қайтарып алатын болсақ, сөйтіп 40-50 жылға жапсақ, халқымызды да, жерімізді де қайта тірілтіп алуымызға болады. Міне, баяғыда жазылған Үндеуді кеш те болса, баспаға ұсынуымның тағы бір себебі осы. Келесі себебі, мен бұл Үндеуді о кезде Байқоңырдың айналасында тұратын бір-екі қазақтың аузынан жан шошытатын не бір әңгімелерді естіп барып жазған ем. Сөйтіп, оларға: «мына Үндеуді сонда тұратын елдің бәріне қол қойдырып, маған жіберіңдер, одан арғы шаруаны  мен өз мойныма алайын» дегем. Олар қуана-қуана «жарайды» деп кеткен. Бірақ, о шіркіндер со кеткеннен мол кетті. Бүгінге дейін олардан не хат жоқ, не хабар жоқ. Ал енді, одан бері қанша бала мүгедек болып туып, қанша бала тумай жатып өлді десеңізші?! Қанша жер күйіп, өртеніп, шөбі күлге, топырағы тасқа айналды десеңізші?! Қанша мал қырылып қалды десеңізші?! Қанша адам қазірдің өзінде өлім аузында жатыр десеңізші?! Біз - қазақ  жаратылғаннан осындай халықпыз. Өлім аузында тұрып, сол өлімнен құтылайық демейміз. «Құдай салды, біз көндік» деп, аяғын буған қой құсап, тырп етпей жата береміз. Кейбір ағайындар бізді «баран» дейтіні де, олар «баран» дегенде біздің үндемей қалатынымыз да осы «барандығымыздан» болар, сірә. Ан, енді осы «барандығымыздан» арылмасақ, жеріміздің бәрі «Байқоңырға» аналып кетуі мүмкін. Ал ондай қауіп бар ма? Бар. Қазақ радиосының жақында бір айтуына қарағанда, Құдай берсе салған Парламентіміз қазір Қазақстанның тағы біраз жерін Ресейге «Байқоңыр» ғып беру жөнінде келісімді қараған көрінеді. Ал енді осының бәрін естіп, көріп-біле отырып, қалай ғана шыдарсың?! Міне, бұл – менің «түсімнен шошып оянуымның тағы бір себебі.

Қазақ біреуден күдер үзсе: «Әп, бәрекелді! Жарайсың!» дейді. Мен де сол қазағым құсап, Құдай бере салған Парламентімізге: «Әп бәркелді! Жарайсың! Осы бетіңмен тарта бер. Құдай осы бетіңнен жарылқасын!» демекпін.

Бұрынғы мақтаныш

Ғарышты қарышты игеру кезеңі болған соң 40 жылдың ішінде Байқоңырдан бәкенелеу «Востоктан» бастап, буырқанған «Боранға» дейінгі мыңдаған зымырандар ұшырылды.  Кез келген ғарыш көлігін орбитаға шығаруға ең кемі екі двигатель пайдаланылады. Космостық техника тілінде оларды мәре двигатель пайдаланылады. Ғарыштық техника тілінде оларды мәре двигателі (стартовый двигатель), жөңку двигателі (маршевый двигатель) немесе 1-саты, 2-саты деп атайды. Жердің тарту күшін жеңіп беретін осы бірінші сатының қуаты ядролық жарылыстан кем түспейді, пайдаланатын отынның құрамы да күрделі. Өз міндетін атқарғаннан кейін мәре двигательдерді ғарыш кемесінен бөліп, жерге құлайды. Жер болғанда кәдімгі Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы малшы ағайындардың жайлауына жығылады. Бірлі-жарым ауытқып кеткендері анда-санда Торғай топырағының  да апан-топанын шығарып тастайды. Масалы, 1996 жылдың мамыр айының 14-де «Комета» атты серігін орбитаға шығаруға тиіс болған «Союз» зымыран тасығышының апатқа ұшырап, Арқалықтан 120 шақырым жерге құлағаны баршаға белгілі.

Сексенінші жылдардың ортасына дейін әлемде баянды бейбітшілік орнату үшін жасалынып жатыр» деген кеңес үкіметінің кесірлі саясатының, жалаң патриотизмнің, жалған намыстың, жел сөздің жетегінде жүрдік. Қайран идеологияның қуаты-ай, ғарышқа зымыран ұшқан сайын біз де бөркімізді аспанға атып, алақанымызды ауырғанша соққылап, «астам державалық» саясаттың айқайшы тобырына қалай айналып кеткенімізді де сезбей қалыппыз. Төңірекке төпей төгілген  «темір жаңбыр» елді есеңгіретіп, жерді жүдетіп, кеңістікті қаңыратып, ананы аңыратып, орны толмас опаттың құрсауында қалғанда ғана есімізді жинаған болып жатырмыз.

Аспаннан жауған металдың астында жатқан ел кеңес үкіметі өз  азаматтарының денсаулығына тікелей залал келтіретін жұмыс жұргізіп жатыр деп ешқашанда ойлаған емес. Ойламақ түгіл, Мәскеуге, «ұлы халыққа» деген сенімнің күші сезікке жол бермеді. Ауылдағы аңқау ағайындар жалтыраған жеңіл металдан жасалған зымыран қаңқаларын үйлерінің маңына сүйретіп әкеліп, малқора ретінде пайдаланды, асхана қылды, көздің жауын алатын қаңылтырларынан шатырлар жасап, оның ішінде дүркіретіп тойлар да өткізді.

Енді осы зымыранды «жаңбыры» астында қалған аймақтарға қатысты мына деректерге назар аударайық:

Ресми құжаттарда тіркелген бір-біріне ұқсас осындай үрейлі деректерді үйір-үйірмен келтіре беруге болады. Баспасөз бетінде құлаған зымырандарға байланысты «радиациялы», «қауіпті», «зиянды», «улы» деген сияқты жалпылама «айыптаулар» аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес үкіметі ғарыш техникасына қатысты барлық мәліметтерді құпиялық құрсауына қамап ұстады. Ол  үкімет енді жоқ, сондықтан құпияны неге аштың деп ешкім айыптай қоймас, өзімізге әбден белгілі ғарыш кемелерінің негізгі отыны болып табылатын гептил (химиялық атауы - нитрозодиметиламин) жайлы ғарыш әскерлеріне арналған инструкциядан алынған мына сипаттама (характеристика) көптеген жайлардың бетін-ашып береді:

«Неитрозодиметиламин (гептил) – айрықша сасық иісті түссіз сұйық. Ол ауадағы оттегімен жылдам реакцияға түседі де, суда шексіз еритін тотықтардың түр-түрі пайда болады. Айналаға тез тарайды, жер бетінде де, топыраққа сіңгенде де өз қасиеттерін жоймай ұзақ сақталады. Тірі организмдерге, өсімдіктерге жедел сіңіп кететін болғандықтан, қоршаған ортаға аса зиянды. Қауіптілігі жағынан бірінші дәрежелі улы заттардың қатарына жатады. Адам ағзасына ас жолы, тыныс мүшелері арқылы жылдам тарайды, денеге тиіп кетсе, тері арқылы да тез сіңеді. Сондықтан адамға қатері орасан. Ойламаған жерден есіріп кету,  тыныс тарылу, бұлшық еттердің тартылуы, орталық жүйке жүйесіндегі және қан қысымындағы ауытқулар, бауыр мен бүйректің бұзылуы сияқты аурулар гептилмен  уланудың клиникалық белгілері болып табылады. Сол сияқты нитрозодиметиламин ұрықты жатырда жатқанда-ақ ауруға шалдықтырады, адамдардың ұрпақ әкелу қабілетін төмендетеді, қатерлі ісіктердің пайда болуына және жедел өсуіне әсерін тигізеді».

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған мыңдаған зымырандардың алғашқы сатыларының барлығына жуығы осы аймаққа түсетіндігін және олардың әрқайсысында жанып үлгермеген 1 тоннадан 3 тоннаға дейін гептил болатындығын ескерсек. Ұлытау жерінің қаншалықты уланғандығын шамалауға болады. Бұрынғы шүйгін шабындықтар, жазира жайлаулар қу тақырға айналып, өсімдіктердің көптеген түрлері мүлдем жойылды. 1979 және 1990 жылдары  табиғатты белгісіз  тажалдан ақбөкендер жаппай қырылып, өлке өлімтікке бөгіп жатты. Зерттеп-зерделеген адамға бұл өңірдегі қасқырлардың өзі бір деңенің шалығына ұшырағандай күдік тудырады.  1993 жылы Кумола өзенінің бойында қой қоздатып отырған Сарбаев Жұмабайдың әкесі Сейтен ақсақалды талтүсте үйінің іргесінде қасқыр талап, қан-жоса қылып кетті. Бұл жалғыз оқиға емес, осы аймақта қасқырлардың ауылға кіріп, адамға шабуы, бала-шағаны жеп кетуі аз кездеспейді. Зымыран сатылары үзбей жауатын аумақтың қасқырлары да биологиялық ауытқуға бой алдырған сияқты.

Биоресурстар және экология министрлігінің есебі бойынша Байқоңыр ғарыш кешенінің ықпалына ұрынған аумақтың жалпы көлемі 330,4 мың шаршы шақырым екен. Оның 70 проценті Қарағанды облысының үлесіне тиеді. Облыста кеңес дәуірінде картаға түспеген, шартты түрде «Ташкент-4» деп аталған, қоршаған ортаға әсері жөнінен Байқоңырдан бірде кем түспейтін тағы бір полигон бар. Ол - Балқаш жағасындағы Приозерск зымыран сынау айлағы. Бұл кешеннің жұмысы жайлы шындық экологиялық құжаттарда да баспасөз бетінде де толық айтылмағандықтан әңгімені әріден бастауға тура келеді.

Бүгінгі қасірет

Ұлытау аймағының оңтүстік-батыс бөлігінде зымыран сынықтары шашылмай жатқан жер жоқ деуге болады. Тек бұрынғы Қарсақпай кеңшарының аумағында ондаған жерге жиналған (жиналмағаны қаншама!) зымыран техникасының жалпы салмағы - 20-30 мың тоннадай (1995 жылғы есеп бойынша). Тіршілік пен тілшілік қарекетімен өзіміз әр жылдары жүріп өткен жерлерде зымыран сынықтарын және құлаған тұтас зымыранды Жайрем кентінің оңтүстігіндегі Кенжебай-Самай жайылымынан бастап, облыстың батысындағы Бозшакөл  өңірінен одан да әрі жатқан Қостанай облысындағы Ақкөл атырабынан. Ақтөбе облысының Балта шабындығының төңірегінен кездестірдік.

Ленинград политехникалық институтында оқыған кезде зымыран қарулары бойынша әскери мамандық алып, әуе шабуылына қарсы қимыл жасайтын бөлімшелерде тиісті деңгейде тәжірибе де жинақтағандықтан, байтақ далада шашылып жатқан техниканың бәрі бірдей Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемелерінің құлаған сатылары еместігін бірден байқағанбыз. 1931-1932 жылдары Қарақұм көтерілісін қарумен басудан кейін ешқандай соғыс қимылдары жүріп көрмеген алқапта осыншама мол мөлшерде ұзақ қашықтықтарға ұшатын бүгінгі дәуірдің атом оқтұмсықты жойқын қарулардың қалдықтары шашылып жатқандығының құпия сырына жете алмай, әр түрлі болжамдар мен жорамалдар жетегінде жүрдік. Бұрынғы Жезқазған облысының әуе кеңістігі арқылы 5-6 зымыран жолдары өтетіндігі жайлы айтылып та, жазылып та жүр. Әрине, бұл трассалардың зымыран сынау полигондарын бір-бірімен қосатын траектория екендігі белгілі. Ептеп ауытқуларды есептемегенде, жоғарыда әңгімелеген зымыран қаңқаларының барлығы дерлік бұрынғы одақтағы екі қуатты полигон – Астрахан облысындағы Капустин Яр мен өзіміздегі Приозерскіні қосатын оқтай  түзу сызықтың бойында жатыр...

Шындықтың шымылдығы ойламаған жерден ашыла кетті. 1994 жылы тамыз айында республикалық баспасөз өкілі ретінде облыс әкімімен бірге Приозерск қаласында болдық. А.Тарасов ұшыру алаңына апарып, әскери зымырандармен таныстырды. Қалың әскерилердің  ортасында өткен осы кездесу үстінде оның: «сұрақтарыңыз болса, қоя беріңіздер» - деген ақжарқын емеурінінің жетегінде кеткен жалғыз мен болдым.  Обалына не керек, тілшіден тосын сауалдар күтпесе де, генерал зымырандарды басқару, ұшу барысында бағыттау және қажетті нүктеде жою төңірегінде қойған барлық сұрақтарыма жауап берді де, сәл ойланып: «Мұның бәрін қайдан білесіз, өзіңіз де ракетчик емессіз бе?» - деп жымия күлді. Шынымды айттым. Тіпті 1975 жылы солтүстік шекарадағы құпия қалада (Оленогорск-5) қапталдас жатқан зымырандық бөлімдерде онымен қатар қызмет те етіппіз.

Генералдың  жауаптары жорамалымды шындыққа айналдырды. Приозерск полигоны Капустин Ярдан ұшырылған, керісінше Капустин Яр Приозерскіден көтерілген зымырандарды жоспарланған нүктелерде жойып отырған. Зымыран қайта қонатын ұшақ емес, ол міндетті түрде ауада жойылады. АҚШ-пен текетірес кезінде КСРО-ның қатерлі қарулардың орасан зор қоймасына айналып кеткендігін бәріміз білеміз. Оларды шектеу, артығын жою жөнінде мемлекетаралық талай-талай келісімдер жасалынды. Кеңес үкіметі құлардың сәл алдында ғана басқа жер жетпегендей оларды құртудың басқа әдістері жоқтай, оқтұмсықтарына атом зарядтары толтырылған ракеталардың үлкен бөлігінің Жетісу өңіріндегі Сарыөзек аймағына арнайы әкелініп, жойылғандығынан ешкім ұмыта қоймаған шығар. Осындай үкімет бодан елдің «бос жатқан даласын» аясын ба, талай жаппай қырып-жоятын стратегиялық тегеурінді қаруларын қасиетті Ұлытау жерінде жойғандығының басты дөлелі - жоғарыда айтылған. Капустин Яр - Приозерск түзу сызығының бойында жатқан сұсты сигаралардың қаптаған қаңқалары. Ондай жұмыстардың болғандығын атақты полигонның айбынды әрі аңғал қолбасшысы генерал Тарасов та көпшілік алдында жоққа шығара алмай қалды...

Бұл аймақтағы радиациялық ахуалдың күрделеніп кетуінің басты себебі де осында жатыр. 1922 жылы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің ғалымдары Ұлытау өңіріне экологиялық зерттеу жүргізу барысында осы аймақтың топырағының айналаға радиация сәулесін шашатын ауыр металдармен, тіпті, кейбір мекендердің цезий – 137 радиозотопымен уланғандығын анықтап берді. Бұндай зиянды компоненттердің ядролық жарылыстардан қалатын «Із» екендігі орта мектептің оқулықтарынан-ақ белгілі. Жойылған зымырандардың қаңқалары шашылып жатқан өңірдегі қуатты зарядтардың жарылысынан тараған радиация сәулесінің зардабын ғасырлар бойы тартатын кіріптар жағдайдамыз.

Осының бәріне Арал атырабынан көтерілген тұздың әсері қосылып, топырағы мен өсімдіктер әлемі әбден тозған бұл аймақтың әр жерде ойдым-ойдым сақталған мал азығын дайындауға жарамды шабындықтарының өзіне жергілікті шаруашылықтардың шалғы салуы қиямет-қайым жұмысқа айналды.  Қырық жыл бойы толассыз жауған космос қоқыстары қайшыға кептеліп, бүгінгідей қосалқы бөлшек пен жанар-жағар  майға ел онсыз да жарымай отырған тұста, ауылшаруашылық техникаларын ретсіз апатқа ұшыратудан көз аштырмайды. Бұл - мал өсіріп, соның өнімімен күн көріп отырған осынау аймақтағы қалың қазақтың ата кәсіппен айналысуы мүмкіндігі шектеулі, болашағы бұлыңғыр деген сөз.

Адам өмірі апат құрсауында қалып тұрғандықтан, біз, бұл жерде «бастан құлақ садаға», дегендей; табиғатқа оның өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне келіп жатқан зардапты, оған қатысты ұзақ жылдар бойғы журналистік зерттеу барысында жинақталған қолда бар нақты деректерді сөз қылып отырғанымыз жоқ.

Сарыарқаның сауыр жонының бел ортасындағы Ұлытау өңірін әрбір қазақ қойнауына қазыла көміліп, майсасына мал мамырлаған ежелгі құтты қонысымыз деп біледі. Еңку-еңку күндерде ұлтымыздың ұясына айналған елдік пен ерліктің тұрағы, тектіліктің тұғыры болған осынау өлкенің бүгінгі қасіретті жағдайы ешкімді де бей-жай қалдырмауға тиіс. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы кеңес үкіметінің ерекше құпияландырған әрекеттерінің зардабын жою аса күрделі мәселе екендігі де сөзсіз. Алайда, «Құдайдың салғаны осы» деп, қол қусырып отыра беруге болмайтындығы да ақиқат. «Ауруын жасырған өледі» дейді халқымыз. Өңшең экономикамызды да қалыптастыра, өркендете алмайтындығын ел тұтқасын ұстап отырғандар бір мезетке де естерінен шығармай кезек күттірмес бұл проблемамен жиелі түрде айналысуға тиіс. Ұлтымыздың ұясы - Ұлытау  өңірі халқының тілегі де, талабы да осы.

Екінің бірі: не Байқоңыр, не қазақ халқы!

Қарқалы апатын ойлаған сайын, ойыма қазақтың бір мақалы қайта-қайта түсе берді. Апат кезіндегі у-шуға қарап: «Әй, не ғыпты, Байқоңырды басар, осы жолы өзімізге қайтарып алармыз» деп қатты үміттенген ем, болмады, үмітім ақталмады. «Ары кездім, бері кездім, қайтып келіп Айтпайдың құртын ездім» деп бір апамыз айтқандай ары шулап, бері шулап, ақыры бізде Айтпайдың қолына қайта барып, Айтпайдың қолына қараған апамыз құсап, Ресейдің қолына қайта қарадық.

Х – о – ш. Сонда бізді алда не күтіп тұр? Қарқалы апатынан асып түспесе кем түспейтін апаттар күтіп тұр. «Өй, сен не дейсің?!» деп өре тірегелмеңіз. Мұны айтып отырған мен емес, мұны айтып отырған «пропанды» өз қолдарымен жасаған мамандар. «Бүгін болған бұл апат бұрында болған, болашақта да бола береді» дейді олар шімірікпестен («Новое поколение» газетінің 16 шілдедегі «Ракетный удар» деген мақаласын қараңыз). Мұны аз десеңіз, «протонның» құлауына байланысты Ресе й вице-премьері Илья Клебанов  журналистерге: «Ракеты, конечно, будут падать и в будущем» деді («Деловая Неделя» газетінің 10 қырқүйектегі санын қараңыз). Ал енді осыдан кейін: «Апырмай, бұл шулағанымыз шулаған ба, ертең бүкіл халық боп күңіренбесек сол-ақ» деп қалай шошымайсың? Тіпті ол кезде күңіренетін қазақ қазақ даладсында қалама десеңізші?! Тіпті қалған күннің өзінде, ол бейбақ күңірене ме,  жоқ, сиыр құсап мөңірей ме, әлде қой құсап маңырай ма? Менің мұңыма кейбіреу:  «Оу, сен не айтып кеттің?» деуі мүмкін. Мұны айтып отырған тағы мен емес. Білетін адамдар.  Білетін адамдардың айтуына қарағанда («Караван» газетінің 28 шілдедегі санында басылған «...Армагеддон» деген мақаланы қараңыз), Қазақстан қазір тұс-тұсынан қаптаған тажалдың ортасында қалыпты. Батыс мен шығысындағы тажал өз полтигондары. Терістігі мен түстігіндегі тажал Ресей мен Қытайдың полигондары. Төрт жақтағы бұл төрт тажалға ортадағы екі тажалды қосыңыз. Оның біреуі Арал, біреуі Байқоңыр. Бұл алты тажалды аз десеңіз, жетінші тажал  тағы бар. Оның Нұрсұлтан өзінің докторлық   диссертациясында айтады. Ол – Қазақстандағы кен орынды. Әрине, «кен орындағы қалай тажал болады?» деген сұрақ туады. Олардың тажал болатыны кенді біз жер астынан жөндеп қазып ала алмаймыз. Шашып-төгіп, ит-рәсуәсін шығарып қазып аламыз. Бұл жөнінде Нұрсұлтан өзінің диссертациясында: «в Казахстане, где добывается ежегодно свыше 1,5 млрд.тонн  твердых полезных ископаемых, в конечную продукцию превращается примерно 4-8 процентов добываемого сырья» дейді. Ал сонда қазып алынған кеніміздің қалған 92-96 бөлігі қайда кетеді? Аршынды бос тастармен бірге үйіндеуге кетеді. Бұл жөнінде де Нұрсұлтан диссертациясында: «Это продалжает не только острое социально-экономические, но и экологические проблемы... Образует гигантские отвалы пустых порот золы и шлаков, вредные выбросы в реки, море и атмосферы. В растет число промышленных центров, объявляемых зонами экологического бедствия» дейді. Бірақ Нұрсұлтан өзінің бұл еңбегінде жетінші тажалдың бірақ жағын ғана көрсеткен. Ал оның бір емес, бірнеше жағы бар. Қазіргі кен қазуда (бізде ғана емес, бүкіл әлемде) қолданылып жүрген шөміштердің саяудай- саяудай тістері бола тұра, қатты кенге сол саяудай тістері өтпейді. Сондықтан қатты кенді оларға «шайнап» береді. Кенді бұрғылап, одан оны дәрімен қопарады. Міне, жетінші тажалдың екінші жағы – осы қопару кезінде ауаға не тарамайды дейміз, не бір улы заттар, не бір улы газдар тарайды. Олар ауаны улап қана қоймайды, суды да улайды, топырақты да улайды, егінді де улайды, адамды да улайды, ұшқан құсты да, жүгірген аңды да улайды. Жетінші тажалдың бұл екінші жағы көмірден басқа кенді қазғанда кездеседі. Ал көмірді қазғанда жетінші тажалдың бұл екі сойқанына тағы да екі сойқан кеп қосылады. Көмірден басқа кенді қазғанда үйіндіден аспаға тек улы шаң мен тозаң ғана көтерілсе, көмірді қазған кезде үйіндіден бұларға қоса, улы көк түтін көтеріледі. Ол түтін  қайдан пайда болды дейсіз ғой. Оған да қатты кенге тісі өтпейтін шөміштер кінәлі. Олардың қатты кенді «шайнай» алмауы былай тұрсын, «шайнап» берген кенді көсіп алып көлікке тиеу кезінде, олар нені көсіп алып жатқанын көрмейді. Оларда тіс қана емес, «көз» де жоқ. «Көз» жоқ болған соң қайтсін, үйіндіге жіберілетін бос тастарды көлікке тиерде көсіп алып жатып, олармен қоса көмірді де көсіп алады. Сөйтіп, үйіндіге аршынды бос тастармен бірге көмір де кетеді. Көмір үйіндіге барған соң, аршынды тастардың астында қалып, қысылып, қатты қысымның әсерінен бірте-бірте тұтанып, жанады. Міне, үйіндідегі көк түтіннің қайдан пайда болатыны. «Соқыр» шөміштер көлікке көмірді де өстіп тиейді. Электр стансияларына жағуға жіберілетін көмірді көсіп алып жатып, олар көмірмен бірге аршынды бос тастарды да көсіп алады. Сөйтіп көмір бос тастармен «былғанады». Мысалы, Екібастұз көмірінің таза күйінде 30-32 бөлігі ғана күл. Ал жаңағыдай бос тастармен «былғанудан» кейін оның 70 бөлігі күл болады.  Ал енді осындай көмірді көмір дейге бола ма? Әрине, болмайды. Бұл көмір емес, жә», көмірдің күлін бетіне сеуіп қойған қып-қызыл қызыл тас.  Міне, елдің бәрінің «Екібастұз көмірі десе: «Ойбай, о пәлеңді ары тарт» леп ат-тондарын ала қашатыны осыдан.  Мұндай көмір жанбайды, ал жанған күнде одан келетін зиянға шашын жетпейді. Біреуін-ақ айтайын. Құрамының 55 бөлігі күл көмірді жаққан кезде  аспанға әр сағат сайын 300 тонна күкірт қышқылын түзейтін 200 тонна күкіртті у көтеріледі екен. Ал Екібастұз көмірінің болса, 55 бөлігі емес, 70 бөлігі күл. Міне, осыдан-ақ Екібастұз көмірінің қандай тажал екенін көруге болады. Және бұл тажал жалғыз Екібастұздың өзінен ғана шықпайды, Қазақстанда Екібастұз көмірін жағатын қанша электр стансасы бар, солардың бәрінен шығады. Яғни, Екібастұз көмірін дәл қазіргідей өзі «соқыр»,  өзі тіссіз  шөміштермен қазып ала беретін болсақ, болашақта аспаннан басымызға жаңбыр емес, күкірт қышқылы жауатын болады.  Жетінші тажалға егіндікке себетін тыңайтқышты да, мақтаға себетін дефолиантты да қосуға болады. Бұл екеуі де у. Әсіресе, дефолиант - сойқан у. Қазір Қазақстанның  оңтүстігінде мақта егетін аймақтағы қазақтардың еңбектеген баласы түгіл, іштегі баласынан бастап бәрінің түгел ауру болатыны осы удың зардабы. Жетінші тажал қанша тажал болса, алдыңғы алты тажалмен құйрық тістессе тістесер, бірақ үзеңгі қағыса алмайды. Өйткені, жетінші тажалдың зардабы емдеуге көнетін зардап, ал алдыңғы алты тажалдың зардабы емдеуге көнбейді.  Алатаудың бесеуі өлім сәулесін шығарса, алтыншысы (Аралдың тажалы) өлім сәулесінен де қауіпті бактерия шығарады. Бактерия шығартын бұл тажалдың 200 килограмдық бір бомбасының өзі жарты миллион адамды қырып салатын көрінеді.  Ал ондай бомбының өзі Арал теңізінің ортасындағы Возрождение полигонында қаншасын жардық екен десеңші. Оны ешкім білмейді. Білсе де айтпайды.

Ал өлім сәулесін шығаратын атом бомбасына келсек, оны Семей полигоны жабылғанға дейін, Қазақстанның барлық полигондарында 503 рет жарыппыз, оның 118-ің ауада, ашық аспанның астында жарыппыз. Сонда олардың сойқан күші  қандай болады екен дейсіз ғой. 1945 жылы Хиросимада жарылған алғашқы бомбасының Хиросиманы тас-талқан етіп қиратқанын бәріміз білеміз. Ал Қазақстанда содан бері Хиросимада жарылған бомбыдай 45 мың бомбы жарылыаты. Қазір Семей полигонында атом бомбасы да, су тегі бомбосы да жарылмайды. Бірақ біз қазір онда  бұл екі бомбыдан да қауіпті  химиялық бомбы жара бастаппыз. («Комсомольская правда» гезетінің 21 шілдедегі санын қараңыз). Яғни, Семей полигонымыз енді Возрождение полигонына айнала бастаған... бес тажалдың біреуі Ресейдікі, біреуі Қытайдікі екені жоғарыда айтылды. Мені шошытқан оларда қанша бомбының жарылғаны, қуаты  қандай болғаны емес, басқа болды.  Мейлі ресейде болсын, мейлі Қытайда болсын, бомбы жарылса болғаны Құдайдың құдірері ме, жоқ, адамның құдіреті ме, кім білсен, жел басқа жаққа қарай емес, тек Қазақстанға қарай тұрады екен. Сөйтіп, олардан шығатын өлім сәулесі, біреуі де шашау шықпай, түгелімен Қазақстанның үстіне көп құлайды екен. Бұған өзіміздегі үш тажалдың шығатын өлім сәулесі кеп қосылады. Ол айналасы (Ресейдің меншігі өтіп кеткен) 6117 шаршы шақырым жерді алып жатыр.  Онда Ресейдің 9 атқылау алаңы бар. Ол 9 алаңда зымыран тасығыштарды ғарышқа алып шығатын 15 қондырғы орнатылған.  Қарқаралы қазақтарын шулатқан орта есеппен 25-30 рет ұшып шығыпты. Ал сонда солардың қаншасы жерге құлайды екен десеңізші? 100-ден 8-і құлайды екен. Яғни, бұл жыл сайын «Пртон» қазақ жеріне екіден-үштен құлап тұрады деген сөз. Тіпті бір де біреуі құламаған күннің өзінде  «Протонның» зардабы құлаған кездегісінен артық болмаса, кем емес көрінеді. «Протонды» белгілі биікке алып шығып, өзі түсіп қалатын бірінші сатысында жанып үлгермеген 5 тонна гептил болады екен. Оның шашылғаны шашылып жерге 1 метр тереңдікке дейін сіңіп, 100 жылға дейін «сүр» боп сақталады екен. Бұл «Протонның» жердег сойқаны, ал аспандағы сойқаны бұдан асып түсетін көрінеді. Ғарышқа әр ұшқан сайын ол озон қабатының тас-талқанын шығарады екен. Ал озон қабатының жердегі тіршілік үшін қандай пайдасы бар екені белгілі. Оның пайдасы, Күннен шығатын зиянды сәулелерді жерге жібермей ұстап қалады, Міне, бізді Күннің зиянды сәулесінен қорғайтын осы озон қабатын «Протон», әр ұшқан сайын күл-талқанын шығарып,   тесіп өтеді екен. Сонда тас-талқаны шыққан ол «тесіктің» үлкендігі қандай дейсіз ғой. Бір шеті мен бір шеінің арасы 2 шақырымға дейін болатын көрінеді. Және ол «тесік» табан астында қайта жабылып қоймай, 22 сағат бойы ашық тұрады екен. Яғни, бұл өзінің өлім сәулесін күн 22 сағат бойы біздің үстімізден төгіп тұрады деген сөз. Осы арада. «Соңғы келісім бойынша Ресей «Протонды» Байқоңырдан бұдан былай  ұшырмайтын болды емес пе?» деген сұрақ туады. Иә, ресми хабарға қарағанды Ресей ондай келісімге келген. Бірақ Ресей өзінің осы келісімін орындар ма екен? Мысалға, Байқоңырдың майын алалық. Ресей кезінде Байқоңырды пайдаланатын үшін әр жыл сайын 115 млн. Доллардан төлеп тұруға уәде берді. Ал сол уәдесін орындады ма? Орындаған жоқ. Олай болса, оның: «Бұдан былай «Протонды» Байқоңырдан ұшырмаймын» деген уәдесі де жәй, бос сөз болуы мүмкін бе? Әбден мүмкін. (Айтқанымдай-ақ, Ресейдің бұл уәдесі де бос сөз боп шықты. Қыркүйектің 6-сынан бастап ол «Протонын» Байқоңырдан қайтадан тағы ұшыра бастады. – 18.09.199ж.). Тіпті Ресей уәдесінде тұрып, «Протонды»  ұшырмаған күннің өзінде тажал Байқоңыр біз үшін тажал боп қала береді. Бір-ақ дәлел келтірейін. Мейлі гептилмен ұшатын «Протон» болсын, мейлі гептилсіз жермаймен ұшатын «Прогресс» болсын, зымырантасығыштар ғарышқа ұшқан  сайын дүниенің суын сорып ұшады. Ал ол суды шөл даладағы Байқоңыр қайдан алады? Жердің астынан алады. Ал ол суды сорып алатын құбырдың арнаны қандай екені белесіз бе? Ол құбырдың ішіне түйелі адам кіріп кетеді. Ал енді  осындай құбырмен жер астынан су тартқанда жер астында су қала ма?  Қалмайды. 10 миллондай халқы бар. Мәскеу қаласы 5 минут ішінде қаншы су ішсе, Байқоңыр да әр зымыран ұшқан сайын сонша су ішеді. Ал бұл дегенің шалқар көл. Бір кезде көктем сайын гүл жайнайтың Қызылқұм қазір сұп-сұр Сахараға айналады. Сахараға айналғаны, астында бір тамшы су жоқ. Байқоңыр атты тажал бәрін сорып алды. Бір кезде Қызылқұмдағы әр малшының ауылында суы меймілдеген бір-бір құдық болатын. Қазір олардың біреуі де жоқ. Бәрі қурап кеуіп қалған. Бір кезде қысы-жазы  мыңғырған мал жататын. Қызылқұмда қазір мал да жоқ, малшы да жоқ. Қаңыраған қу дала. Байқоңыр жердің астындағы  суы ғана емес, жердің үстіндегі суды да бір тамшысын  қалдырмай сорып алады. Оны Аралдан көруге болады. Аралдың суы қайда кеткені жөнінде мың түрлі болжам айтамыз. Оның бәрі бо сөз. Аралдың суы ғарышта. Оны о жаққа Байқоңыр сорып әкетті. Міне, Байқоңырдан біздің көріп отырған «пайдамыз». Ал енді осы қалпымызбен кете беретін болсақ,  Қызылқұм ғана емес, Аралдың айналасы ғана емес, бүкіл Қазақстан қураған су далаға айналатын болады. А қазақтың өзі ше? Мен жоғарыда сиыр құсап мөңірейтін, болмаса қой құсап маңырайтын қазақ туралы бекер айтқам жоқ. Гептил  адамды улап өлтіріп қана қоймайды екен, адамның тегін де өзгертеді екен. Ал адамның тегі өзгеруі дегеніміз не? Ол адамның адамдық қасиеттен айырылып, малға айналуы.  Ал малға  айналған қазақ өзінің сиыры құсап неге айналған, өзінің қойы құсап неге маңырасын? Міне, біздің болашағымыз.

Жаңа келісім бойынша Ресей бізге Байқоңырдың майын түгел төлеп тұратын бопты. Тіпті алғашқы майдың 50 миллион долларын осы тамыздан бастап төлейміз депті. Ал қалған 65 миллион долларына оны-мұны кәкір-шүкір беретін бопты. 50 миллион доллар дегеніміз «жаңа орыстардың» қалтасында жүретін, олардың бір күнде жұмсайтын тиыны. Ал 65 миллионның Ресейдің өзінде өтпей қалған кәкір-шүкір. Сода мұның аты не? Мұның аты - қорлау. Ата-бабаларымыз мұндайда: «Оу, бұл сенің қай қорлауың?!» деген. Ал біз ше? «Оу, аға, бұл Сіздің қай қорлауыңыз?» дедік пе? Дегеніміз жоқ. Демек тұрмақ, мұның қорлау екенін сезгеміз жоқ. Сонда бұл не? Тегіміздің өзгере бастағаны емес пе?

Әрине, Байқоңырдың майына 115 млн. доллар емес, одан 100 есе, 1000 есе көп доллар талап етуге болады. Бірақ ол доллармен ауру жерді, ауру елді емдеп, қайта қалпына келтіруге болар ма екен? Болмайды. Ауру жерді, ауру елді емдеп жазатын бір күш бар. Ол – табиғаттың күші. Бірақ табиғаттан да қазір күш кетіп қалды. Енді, жеті тажал жан-жағынан жетпіс жыл бойы жабылса, табиғатта не жан қалсын?  Ал енді осыны сезіп отырған біреуіміз бар ма?  Тағы да жоқ. Осы арада ойға:» Апырмай, тегіміз өзгере бастаған жоқ па екен?» деген жоғарыдағы қорқыныш тағы да келеді. Ал енді осыдан кейін: «Бұл боздаған бозздаған ба, таңға жақын түйенің бәрі боздайд» дейміз бе, демейміз бе?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Егемен Қазақстан 2001ж. Ақпан.
  2. Егемен Қазақстан 2001ж. Қараша.