Бас бет Авторы Посты от Shingis

Shingis

2233 ПОСТЫ 0 КОММЕНТАРИИ

Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар

Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттері, тартылған банк аралық рессурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды: немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу т.б. арқылы көрсетіледі.

Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк б.т.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспондентік шоттардағы (Орталық банкте және басқа да коммерциялық банктерде) қалдықтармен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады

Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:

  • депозиттиерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
  • тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамсыз ету;
  • активтерді зиянсыз сату
  • тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.

Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

  • банк капиталының базасы;
  • банк активтерінің сапасы;
  • депозиттердің сапасы;
  • сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
  • мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
  • сауатты менеджмент;
  • банктің жоғары дәрежелі беделі.

Банк капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды.Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.

Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.

Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелері өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.

Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшалай фомаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, тағы басқа факторларға байланысты.

Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады

Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және бактің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.

Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: рессурстарды орналастыру бағыттарыбойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъетілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.

Банк өтімділігін анықтайтын фактор – банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюібанктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады.Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етуінің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесіықпал етеді.

Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге деген тәуелділігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес өз базасының даму перспективаларының жоқтығын көрсетеді.

Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім сома бойынша сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер алдында міндеттемелерді орындауыинвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшалары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді.

Менеджмент, яғеи жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықтадалады:

  • банк саясатының болуы және оның мазмұны
  • стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;
  • банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;
  • әр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;
  • білікті мамандардың болуы;
  • қажетті ақпарат базасының болуы;
  • банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.

Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.

Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
  • бағалы қағаздар нарығының дамуы;
  • банкаралық несие нарығының дамуы;
  • қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;
  • орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі;

Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғашарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктерді тұрақты депозиттік базаны құруы, операциялардың тиімділігіне қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтерінің сапалығын жоғарылатуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.

Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттарқұрудың оңтайлы вариантын қамтамасыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.

Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстрды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі.Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан р түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы жалпы қаржылық конъюктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.

Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы жабуға мүмкіндік береді.

Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым-қатынастың дәрежесін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділіктің белгілібір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақытында шешуге мүмкіндігі бар.

Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторларымен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптаатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі тенденцияларымен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.

  1. Банк өтімділігін басқару әдістері

Әлемдік банктік тәжірибеде өтімділікті басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай әдістерге мыналар жатады:

  1. Қаражаттардың ортақ қоры әдісі негізінде банк ресустарының құралу көздеріне қарамастан, активтердің әр түрлі түрлеріне бөлу жатыр. Сызба түрінде бұл әдісті мынадай түрде көрсетуге болады:
Қаражаттарң көздері         Қаражаттардың   ортақ   қоры Қаражатардың орналасуы
Талап ету депозиттері Алғашқы резервтер
Мерзімді депозиттер Екінші ретті резервтер
Несиелер
Акционерлік капитал мен резерв қорлар Бағалы қағаздар
Ғимараттар мен жабдықтар

Осы әдісте қаражат өтімділігінің барбар деңгейінің, яғни «табыстылық-өтімділік» арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Ең біріншіден, активтердің алғашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Екінші ретті резервтер көлемі несиеге сұраныс пен салымдардың мөлшерімен анықталады, демек олар неғұрлым көп болса , соғұрлым салымдар көлемі бойынша көп резервтер талап етіледі.Активтердің үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлесі тиеді. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі ұзақ жоғары дәрежелі бағалы қағаздар жатады.

  1. Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне – «банктегі банктер» әдісі жатады: Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі қамтамасыз етуді және сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді.
Қаражаттардың көздері Қаражаттардың орналасуы
Талап ету салымдары банкі Алғашқы резервтер
Екінші ретті резервтер
Мерзімді салымдар банкі Несиелер
Бағалы қағаздар
Негізгі капитал банкі Ғимараттар мен жабдықтар

Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден таратылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдалынатын «табыстылық - өтімділік» орталары анықталады. Мұндай орталар «банктегі – банктер» деп аталады, яғни банкте «талап ету салымдар банкі», «мерзімді салымдар банкі» және «негізгі капитал банкі» болады. Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондықтан «талап ету салымдар банкісі» қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа қысқа мерзімді несиелерге беріледі. «Мерзімді салымдар банкі» мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді несиелерге, сондаай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.

«Банктегі банктер» әдісінің «қаражаттардың ортақ қоры» әдісінен артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік береді.

  1. Активтерді басқарудың «ғылыми басқару» әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы және табыстар мн шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасындакүрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.

Ғылыми басқару әдісі мынадай үш сұрақтарға жауап беруге тырысады: Мәселенің мәні неде? Оны шешүдің қандай варианттары бар? Варианттардың ең жақсысы қандай?

Басқару бойынша мамандар өндірістік мәселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп аталатын ғылыми әдістерінің бірін қолданады. Бұл әдіс операциялардың табыстылық пен өтімділік жағынан шектеулерді ескеріп, пассивтерді басқарудағы проблемалы активтерді басқару мәселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге әкелетін детермендеу моделін ұйғарады, шектеулердің сипаты дәл анықталуы тиіс. Мақсатты қызметі үздіксіз және нақты анықталуы қажет, яғни шешімді анықтайтын әр айнымалы мақсатты қызметке және шектеулерді көрсететін теңдеуге өз үлесін қосуы керек. Сонда бағдарламаны бірнеше рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын әрекеттестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.

Ғылыми әдістердің негізгі кемшілігі – олар ұсақ банктерде қолданылмайды, себебі оған сәйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметшілер және ірі моделдерді есептеуге қуаттылығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты.

3.Өтімділікті бағалау көрсеткіштері

Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктің өтімділігі мынадай екі әдіспен есептеледі:

  • Баланстың өтімділігін көрсететін және баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэффиценттер негізінде;
  • Сәйкес кезендердегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айнымалдардың талдауын ескеріп, өтімді қаржаттарға потенциалды қажеттілігін анықтау негізінде.

Коэффиценттік әдіс баланс баптары арасында белгілі бір сандық қатынастарды бекітуді білдіреді. Бұл әдіс әр түрлі көрсеткіштерді пайдаланады.

Алғашқы тобының екі көрсеткіші өтімді активтер мен депозиттер арасындағы қатынасты көрсетеді:

  1. Алғашқы резервтер (касса+Орталық банктегі корреспонденттік шот) / Депозиттер
  2. (Алғашқы резервтер+Екінші реттегі (мемлекеттік бағалы қағаздар) резервтер) / Депозиттер

Бірінші көрсеткіш деңгейі банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін 5-10%-дан төмен болмау керек, ал екіншінің деңгейі 15-25%-дан. Жапонияда 30-%-дан төмен емес болуы міндетті.

АҚШ-та өтімділікті бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады.

Оның бірі – берілген несиелер мен депозиттер сомаларының қатынасы. Олардың арасында мынадай тәуелділік бар: бұл қатынастын мәні неғұрлым 1-ден көп болса, банк өтімділігі соғұрлым төмен болады. Сонымен қатар, несиелердің жалпы активтер сомасының үлесі есептелінеді, ол активтердің диверсификациясын көрсетеді. Бұл көсеткіш 65-70% аралығында болуы керек және активтің қолма-қол қаражаттарға тез алмастыру қабілетін бейнелейтін көрсеткіш: өтімді активтердің жалпы активтер сомасына қатынасы арқылы табылады.

Банктің ресурс базасының сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тобы да қарастырылады.

Депозиттердің тұрақтылық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш негізгі депозиттер (талап ету депозиттері+жинақ шоттар) сомасының жалпы депозиттер мөлшеріне қатынасы немесе тұрақсыз депозиттердің (мерзімді және жинақ салымдары) тартылған ресурстар сомасындағы үлесі түрінде 75 пайыздан жоғары болса, онда банк өтімдіболып есептелінеді.

Банктің ресурс базасының сапалығы коммерциялық банктің сыртқы көздеріне банкаралық несиелерге шығу мүмкіндігі көрсеткішімен сипатталады, оның формласы:

Орталық банк және басқа да банктерден алынған қарыздар

Тартылған қаражаттар сомасы

Көптеген елдерде, мысалы Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, коммерциялық банктің өтімділік көрсеткіштері мерзім бойынша топтастырылған баланстың активті және пассивті баптардың қатынасы негізінде есептелінеді. Мысалы, 3 ай мерзімге салынған активтер осы мерзімге тартылған талап ету депозиттерге, мерзімді депозиттерге және басқа да ресурстарға қатынасы арқылы өтімділік коэффициенті шығарылады.

Банк өтімділігі динамизм жағдайында болатындығын ескеріп, шетел сарапшыларының пікірлері бойынша, өтімділік деңгейі баланстық қатынастар негізінде есетелген қаржылық коэффицентерімен толық бағаланбайды. Сондықтан банктің бар активтері мен пассивтері бойынша қолма-қол қаражаттарының ағыны негізінде өтімділікті бағалау тәжірибесі біртіндеп енгізілді.

Осы әдістің қиыншылығы – кейбір қаржылық құралдары бойынша төлем мерзімі талап етілгенге дейінгі депозиттер қарастырылмаған, ал екінші қиыншылығы – бөлек қарыздарды өтеу перспективасын дұрыс бағалауда жатыр. Сол себептен осы әдістің қолданылуы мынаны білдіреді:

  • Активтер мен пассивтер бойынша төлем мерзімдері туралы ақпараттың жоғары сапалылығы мен уақытында алынуы
  • Банктің қарыздар мен депозиттер жағдайының өткен және болашақтағы тенденцияларын талдаудың жоғары сапалылығы.

Осы әдіс Жапония, АҚШ және басқа да еуропа елдерінде кеңінен пайдаланылады.

Біздің тәжрибемізде пруденциялық нормативтер қатарындағы өтімділік коэффициенті көмегімен активтер мен міндеттемелерді өзара салыстыу арқылы банк өтімділігіне баға беріледі.

4.Банк өтімділігінің коэффициенті

Банк өтімділігінің коэффициенті – бұл банк балансының мәліметі бойынша белгіленетін, несиелік және өтімді деп аталынатын активтер жиынтығының активтердің жалпы сомасына немесе пассивтің бірқатар тиісті баптарына арақатынасын көрсететін көрсеткіші.

Өтімділіктің қаржылық коэффициенттері:

  • Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелердің қатынасына тең болатын ағымдағы өтімділік коэффициенті (% есебімен)
  • Дебиторлық берешектің ағымдағы міндеттемеге қатынасын қоса алғанда өтімді құнды қағаздар мен қолма-қол ақша сомасына тең өтімділіктің шапшаң коэффициенті (% есебімен)

Сондай-ақ өтімділік коэффициентіне мына көрсеткіш жатады:

К өтім, өзіндік қаражаттың (банк капиталының) міндеттемелердің сомасына қатысты қатынасы.

К өтім, дамыған елдердің көбісінде төлем қабілеттілігін сипаттау үшін пайдаланылады. Банк міндеттемесі мен капиталының арасындағы бұл арақытынас банк міндеттемесінің оның өзіндік қаражатымен қаншалықты өтелгенін көрсетеді.

Коммерциялық банктердің өтімділік коэффициентін, әдетте, орталық банк белгілейдіжәне ол міндетті сипатқа ие немесе ұсыныс түріндегі сипатқа ие болады.

Франция мен Германияда өтімділіктің міндетті коэффициенті анықталған, ал, басқа елдерде орталық банк коммерциялық банктердің өтімділік коэффициентін белгілемейді. Коммерциялық банктердің өтімділік коэффициентін белгілемейтін бұл елдердің орталық банкісі тек кейбір коэффициенттердің есептелуін ғана талап етеді әрі оны қадағалап отырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін реттеудегі ролі мынада: ҚР Президентінің «Ұлттық банк туралы» Жарлығына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің қызметі Ұлттық банк белгіленген нормативтермен (пруденциялық нормативтермен) реттеледі.

Капитал жеткіліктілігі коэффициенті мен жарғылық қордың аз шамадағы мөлшерінен өзге онда аз немесе 0,2-ге тең болатын өтімділік коэффициенті анықталған. Бұл өтімді активтердің барлық міндеттеме сомасына қатынасы.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Коммерциялық банктер операциялары. Мақыш С.Б. 2004
  1. Ақша айналысы және несие. Мақыш С.Б. 2004ж
  1. Банк ісі. Н.Н. Хамитов
  1. Банки Казахстана
  2. Ақша, несие, банкі. 1999ж

Банк менеджменті туралы деректер

ЖОСПАР

Кіріспе

I тарау Банк менеджментіне жалпы сипаттама

1.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері

1.2. Банк менеджментінің негізгі бағыттары

II тарау Банктердегі басқару процессіне сипаттама.

2.1. Банктердегі басқаруды ұйымдастыру

2.2. Банктерді басқару принциптері

III тарау Банктік менеджментті жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.

Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.

Менеджменттің негізін өз ісін басқару субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды.

Менеджменттің негізгі фигурасы өзі айналысып отырған істің даму болашағын көре білуге қабілетті, алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсіби басқарушы болып табылады. Осыған байланысты менеджер жоғары біліктілік, ой-өрісі кең, тәуекелге бара білетін қайсар, белгіленген жоспарды іске асыру, ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы қажет.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелілігін көтеруде маңызды факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке соңғы жылдары ерекше мән беріп жүр.

Менеджменттің негізгі мақсаты-басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен пайда табу. Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен, қатаң бәсекелестік жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.

I тарау Банк менеджментіне жалпы сипаттама.

1.1. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері.

Банктік менеджмент — бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.

Менеджмент — ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым.

Банктік менеджмент — клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен онұперациялар жасау және жаңа нарыктар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.

Басқару катынасы менеджмент предметі болып саналады. Банкті басқару қатынасы баскару процесіңдегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзара байланысының неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау — маңызды баскару кызметінің бірі болып саналады.

Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері беліп көрсетіледі.

Банк капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді басқару әдістерін жасау банктік менеджменттің объектісі болып саналады.

Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжымды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатыңдықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторларының қатарына жатқызылады. Соңғы жылдары оған айрықша маңыз берілуде, өйткені менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты — неғүрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады.

Пайда алуға ұмтылу — менеджменттің жаңғыз ғана мақсаты емес. Казіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қоғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қызметіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өндіруді ұлғайту — кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этикасын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзінің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қайтарыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады. /2.166-172б/

Менеджмент ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей қағидаларды сипаттайды:

  • нақты мақсаттарға жетуге басқару субъектісінің әрекетін бағыттау;
  • мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәтижесі;
  • өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару процесінің кешеңділігі;
  • үздіксіздікті қамтамасыз ететін болашақ және ағымдағы жоспарлаудың бір тұтастығы;
  • жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде қабылданатын басқару шешімдерін бақылау;
  • бүкіл ұжымның және оның әрбір мүшесінің табысқа жетуі үшін шығармашылық белсеңділікті материалдық және моралдық ынталандыру;
  • мүмкіндігін барынша жоғары түрде пайдалануға мүмкіндік беретін ұжымның әрбір мүшесіне жеке тұрғыдан келу;
  • әрбір кызметкердің өзінің біліктілігін арттыруға, кызмет аясында жаңа білім игеру мен тұрақты окуға деген қызығушылығы;
  • ұжымдағы оң психологиялық ахуалға бағдарлану;
  • қызметтік және басқару міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігі.

Банк қызметкері үшін менеджмент негіздерін білу екі тұрғыдан маңызды болып саналады. Ең алдымен, банк экономисі банк клиенті болып саналатын немесе болғысы келетін кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, кооперативтердегі менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет.

Менеджменттің барлық қағидалары, мақсаттары мен міңдеттері банктерге де тән болып саналады.

Банктік менеджментті тұтастай түрдегі "менеджмент" түсінігінен жеке түрғыда зерттеуге болмайды. "Менеджмент" - бұл басқару жүйесі, басқаруға деген келістер, бұл - адам ойлары мен оның әрекеттерінің жиынтығы.

"Банктік менеджмент" - жетекшінің, жауапты қызметкерлердің білім-біліктілігі мен шеберлігі арқылы қарастыру көзделеді.

Адам — басты түлға.

Машықтанған — жетекші немесе жетекші — кәсіби шебердің дұрыс екеңдігін түсіну маңызды болып табылады.

Банк менеджері мынадай сапаларға ие болуы тиіс: өз ісін жетік білу; жоғары эрудиция; құзырлылық; клиенттермен сөйлесе білу; қабылданатын шешімдерге илану, мәдениет, әдеп.

Егер менеджмент сапасыз болатын болса, банктің жұмыс нәтижесі де нашар болады.

Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғамдық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзіне тән өзгешеліктері бар.

Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіретін шарттық қатынас маңызды орын алады. Әріптестік қатынастарға сенім, өзара тиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты белгілер тән болып саналады.

Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік менеджменттің өзіндік мақсаттарын айқындайды:

  • ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргізуші субъекті ретіндегі банктің • несие беруші мен салымшы мүдделерінің сақталуы мен банк сенімділігінің кепілі ретіңде банк балансының өтімдігін камтамасыз ету;
  • іскерлік байланыстардың ұзактығы мен тұрақтылығын келістіретін, банк көрсететін қызметтердің көлеміне, құрылы-мына және сапасына деген клиенттердің қахеттіліктерін жо-гары деңгейде қанағаттандыру;
  • аталмыш ұжымның өндірістік, коммерциялық жөне әлеуметтік проблемаларын табысты шешудің үйлесімі;
  • олардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудын, қайта да- ярлаудың жөне орналастырудың тиімді жүйесін жасау.

Банктік менеджмент атап көрсетілген мақсаттарга сәйкес бірсыпыра сандық, сапалық жөне әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады.

Сандық көрсеткіштердің банк қызметін басқарудың барлық аясына қатысы бар. Банк клиенттерінің саны мен олардың шоттары (есептері), депозиттер көлемі, несие салымдары, инвестициялар; банк жасайтын операциялар мен қызметтердің көлемі - міне, бұл жалпы қызмет нәтижелерін талдау мен бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің кейбір тізімі ғана.

Сапалық көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады. Бірінші топты банктің кірістер мен шығыстар көрсеткіштер құрайды. Банктің тиімділігін (рентабельділігін) басқару соның көмегімен жүзеге асырылады. Екінші топ қаражаттардың айналым жасау жылдамдығының, операцияларды жасауға жұмсалатын еңбек шығындарының, құжаттарды өңдеу жылдамдығының көрсеткіштерін қамтиды. Үшінші топқа банк көрсететін қызметтердің көлемі, құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері кіреді. Бұған сондай-ақ іскерлік келіссөздердің конфиденциалдығы мен ақпараттардың сақталуын қамтамасыз етудегі банктің қабілетін жатқызуға болады.

Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби даярлықтарының дамуын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік мәселелерді шешу дәрежесін сипаттайды.

Банктік менеджменттін тағы бір ерекшелігі, салымдар мен депозиттер иегерлерінің мүдделерін қорғау мақсатына мемлекет тарапынан банк қызметінің неғұрлым тез реттелетіндігімен байланысты.

Макро - және микро деңгейлердегі несие қатынасы мең ақша айналымы, ақша операцияларын орындау кезіндегі айтарльіқтай тәуекелдің болуы сияқты басқару аясының аса кеңдігі, банк қызметін басқарудың тағы бір өзгешелігі болып саналады. Атап көрсетілген тәуекел ақша нарығы, яғни институттар қызметі үшін тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың күрделі әрекеттерінен туындайды. Сондықтан да банкте неғұрлым жауапты шешімдерді ұжым болып қабылдау қағидасы қолданылады, несие берушілерді болуы мүмкін тәукелдерден қорғаудың алуан түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңесі мен филиалы арасындағы несие операцияларын жасау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады. Банктік менеджментті екі көзқарас тұрғысынан үйрену көзделеді:

  1. Банк қызметі                                 2. Ұжымды басқару

тарапынан тарапынан

(жүмыстың өзімен)

Банктің мақсаты  Жетекші

Банктің  Орындаушы

міндеттері

Қабылданатын  Олардың

шешім жауапкершілігі

Банктің күрделі операциялары адамдар арқылы атқарылады. Олар операцияларды басқарады, клиенттерге қызмет көрсетеді, ақша аударымдарының сенімділігіне жауап береді.

Банктер алуан түрлі қызметтер көрсетеді (әлемдік тәжірибеде — коммерциялық банктер 200-250-ге дейін қызмет түрлерін көрсетеді).

Банк қызметкерлері өте білікті болуы қажет, банктің ішіңде және сыртында болып жатқандардың бүкілін (экономиканы, нарықты, заңдарды және т.б.) білуі тиіс.

Дамыған еддердің (АҚШ; Англия, Франция, Жапония) коммерциялық банктеріндегі үжым менеджменттетінде былайша топтастырылады:

  1. Жоғары басшылық ► Стратегиялық шың
  2. Жауапты қызметкерлердің деңгейі

(бөлімдердің, комитеттердің,              ► Техникалық қүрылым

сарапшылардың бастығы)

  1. Арнайы қызметкерлер, қызмет ►   Қосымша (көмекші) деңгей

көрсету процесі

  1. Операциялық зал,

касса, инкассация,                        ►  Жұмысшылар бөлігі

инспекторлар, басқа кіші

қызметкерлер

Атап көрсетілген топтарға мыналар жатады: Банк стратегиясын айқындайтын, басты идеяларды туғызатын Директорлар Кеңесі, банк Президенті және вице-президенттер.

Банктегі бүкіл қызметтер мен операцияларды, негізгі жүмыстарды орындайтын несие комитеті, депозиттік бөлім, қаржы бөлімі, аудит, бөлім бастықтары деңгейіндегі талдау бөлімі, бас мамандар.

Заңгер, психолог, социолог, бағдарламашы, математик, физик, геолог және ғылыми орталықтар банктің позициясын күшейтеді, сапаға әсерін тигізеді.

Инспекторлар, бөлімдердің қызметкерлері, бухгалтерлер, кассирлер, техниктер, инкассаторлар және т.б. орындалатын жұмыстың барлық түрлерін тексереді және құжаттық түрде жүзеге асырады.

1.2 Банктік менеджменттің негізгі бағыттары

Банктік менеджмент екі келіс (көзқарас) арқылы анықталатын екі бағыт тұрғысынан қаралады:

1-ші багыт:                               2-ші бағыт:

Банк қызметін басқару-      Қызметкерлерді (ұжым-

ды ұйымдастыру:                 ды) басқаруды ұйымдас-

  1. 1. Қызметті жоспарлау тыру

а) стратегиялық                    1 Басқару үлгілерін талдау

б) шешу тактикасы               а) жапондық

  1. 2. Банк бағытын айқын- б) американдық

дау;                                        2. Ұйымдық кұрылым жэ-

  1. 3. Клиенттерді тандау,

несие беру аясын іріктеу;      3. Жетекшінің қол астын-

  1. 4. Маркетинггік зерттеу; дагыларга қатынасы;
  2. 5. Активтерді басқару; 4. Жұмыскерлердің шешім
  3. 6. Пассивтерді басқару; қабылдау білушілігі;
  4. 7. Меншікті капиталды      5. Жұмыскерлерді

басқару;                                   көтермелей білушілік;

  1. 8. Коммерциялық банкте- 6. Біліктілікті арттыру;

гі тәуекелдерді басқару.     7. Шиеленісті бәсеңдету.

Процесс кезінде болашақтағы іс-әрекетті айқындайтын банк саясаты жоспарлау баңктік басқарудың неғұрлым жауапты бөлігі болып саналады.

Нақты бір банктің даму тұжырымдамасын қалыптастыру. соған сәйкес кезеңдерге арналған ағымдағы міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыру шарларын жасау, айтылған жұмыстардың құрамды бөлігі болып қатысады. Сондай-ақ несие, депозиттік, инвестициялық, пайыздық саясат - банк саясатының құрамды бөлігі болып саналады.

Коммерциялық банктердің экономикалық тұрғыдан негізделген банк саясатын қалыптастыруға көшуі: ұйымдық, экономикалық, ақпараттық сияқты, тым болмағанда үш мәселені анықтап алуды талап етеді./4. 233б/.

Ұйымдық мәселе, негізгі идеялардың пайда болуынан бастап, оларды нақтылы шаралар түрінде жүзеге асырғанға дейінгі жоспарлаумен, банк саясатының тетіктерін жасаумен айналысатын бөлімдерді айқындап алуды болжайды.

Соған сәйкес саясат калыптастыру кезіндегі банктік менеджмент аналитикалық жұмыстардың құрамды бөлігі болып саналады. Банк ісіндегі маркетинг мыналарды білдіреді; аталмыш аймақтағы, сондай-ақ одан тысқары жерлердегі көрсетілетін банк қызметтеріне деген сұраныс пен ұсынысты талдау; әртүрлі көрсетілетін қызметтерді (несие беру, инвестициялау, кеңестер беру, аударымдар арқылы есеп айырысуларды ұйымдастыру, лизингтік операцияларды жүргізу және т.б.) канағаттандырудағы аталмыш банктің алатын орнына баға беру; тиісті операцияларды әртүрлі банктердің жүзеге асыруына жұмсайтын шығындар мөлшерімен (нормасымен) салыстыру.

Маркетинг, ең алдымен, олардың орналасқан жерлеріндегі банктің нақты және әлеуетті клиенттерін анықгап алуды болжайды. Шетелдік тәжірибеде аумақтық болып құрылған көптеген коммерциялық банктер, елдің барлық аумағында өз банктерінің филиалдарын құра отырып, өзі қызмет көрсететін аумақтың шегінен шығып кетеді.

Банк бір мезгілде несие ресурстарының көлемі мен құрылымы, тиісті операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығындар деңгейі, банктің техникалық жарақталуы, кадрлардың біліктілігі көзқарасы тұрғысынан өзінің мүмкіндіктерін зерделейді. /6. 268б/

Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағытттарының қатарына жатады; ол белгілі бір кезеңге белгіленген банктің саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас (двуединая) екі міңдетті: баланстың өтімдігін сақтай отырып, банктің табысты жұмысын қамтамасыз ету міндетін алдыға қояды. Бұл міндеттер қалыптасқан ахуалға жүйелі түрде талдаулар жасау негізінде ғана орындалады. Белгілідей, әр түрлі активтер банкке әртүрлі көлемде пайда әкеледі, тәуекел дәрежелері де әртүрлі. Сондықтан да банктер қаржыларды салу мерзімдеріне, олардың пайдалылығы мен тәуекел дәрежелеріне қатысты барлық активтердің жіктеуін жүргізуі тиіс.

Пассивтерді басқару процесі кезінде келесідей міндеттер шешілетін менеджменттің дербес бағытын білдіреді:

  • міндетті резервтерді құруды қамтамасыз ететін бөліктен басқа, банкте кіріс әкелмейтін қаржылардың болуына жол бермеу;
  • банктің клиенттер алдындағы тиісті міндеттемелерін орындауы және активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіруі;
  • банктің "арзан" ресурстарды тарту есебінен кірістер алуын қамтамасыз ету.

Банктің меншікті қаржыларын басқарудың оның өтімдігі мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін айрықша маңызы бар. Банктің активті операцияларын кеңейту және депозиттер көлемінің өсуі кезінде банктің меншікті капиталын көбейту қажеттілігі туындайды. Меншікті капиталды басқару оның жеткілікті өлшемдерін негіздеуді, сондай-ақ осы жеткілікті бағалай білуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді тандауды болжайды. Банк шығарған акциялар бойынша дивидендтер саласындағы саясат меншікті капитадды басқарудың тиімді құралы болып қатысады. Дивидендтерді көбейту акция бағаларының көтерілуіне, осыған орай, қосымша акциялар сатудың мүмкіндігіне, меншікті акциялардың көбеюіне және соған сәйкес меншікті капиталдың өсуіне әкеледі.

Банк жұмысының тиімділігін (рентабельділігін) оның кірістері мен шығыстарын, несие беру мен инвестициялардан алынған шекті кірістер мен тартылған қаржылар бойынша шектеуге кірмейтін шығындарды, қаржылық нәтижелердің тұрактылығын қамтамасыз етуді, тәуекел шығындарын бақылауды болжайды. Күдікті және шығынды операцияларды, банктің алатын пайда көлеміне әсерін тигізетін алыпсатарлық операциялардың себептерін талдауға айрықша назар аударылады.

Банк қызметіндегі тәуекелдерді баскару тәуекел - менеджмент деп аталады. Банк қызметінде тәуекел әртүрлі операцияларды орындау кезінде катысады: несиені қайтару және ол үішн пайыздар төлеу тәуекелі, жабдықтаушының қаржыны уақытында алу тәуекелі, пайда алу тәуекелі, өтімдік тәуекелі және т.б. Тәуекелсіз кәсіпкерлік те жоқ. Сондықтан да басты мәселе соларды басқара білу болып табылады. Тәуекелдерді басқару процесінде шеішлетін басты міндеттер мыналардан түрады: а) тәуекелдің туындауы мүмкін жағдайларын тани білу; б) болжанатын шығынның ауқымын бағалау; в) алдын алу тәсілдерін немесе оның орнын толтыру көздерін табу. Тәуекелді басқару шығындардың пайда болуының откен барлық жағдайларын, аталмыш нақты клиент үшін олардың көрініс беру ықтималдылығын болжау, болуы мүмкін шығынды алдын алу немесе орнын толтыру тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады.

Менеджменттің мазмұнына сондай-ақ еңбек ұжымын басқару тұжырымдамасын жасау да кіреді. Шетел тәжірибесінде менеджменттің екі үлгісі бар:

жапон үлгісі банк қызметінің жоғары түпкі нәтижелерге жетуіндегі ұжымның ролін тануға негізделеді;

американдық үлгі — ұжымның бүкіл қызметінде шешуші рол атқаратын түлғаға бағдарланады.

Шешімдер қабылдау, бақылау жауапкершілігі мен ұйымдастыру, қол астындағылармен жетекшінің қарым-қатынасы, еңбекақы төлеу жүйесі, басқару сапасын бағалау, менеджерлер даярлау және т.б.с. сияқты басқарудың бүкіл жүйесі осы екі идеяға негізделіп құрылады.

Ұжымды басқарудың басты міндеттері оның әрбір мүшесінің өз әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыру, адамдардың бойында энтузиазм мен қандай да бір істі орындауға деген ынта ықыласын туғызу үшін жағдай жасаудағы менеджердің қабілетінен тұрады.

Ұжым еңбегін ұйымдастырудағы менеджердін шеберлігі мен біліктілігі, оның ұжым мүшелері арасында міндеттерді айқын етіп бөле білуі, нақты міндеттер қоя білуі, тиісті міндеттерді орындауға белгіленген уақытты қарай отырып, оларды белгілі бір көрсеткіштермен (саңдық және сапалык) білдіре алу, ақпараттық база мен техникалық құралдарды қамтамасыз ету, оларды жедел және маңыздылықтарына қарай жіктей отырьш, тапсырмаларды орындаудың кезегін айқындау қабілетіне негізделеді. Коммерциялық банкті басқару көрсетілген екі бағыт бойышна бүкіл талаптардың орыфндалуына талап етеді. Банк операциялары күрделі және принципті. Банк қызмегін басқару сапасы (1) қызметкерлерді басқару деңгейіне қатысты (2) болады.

II тарау Банктердегі басқару процессіне сипаттама.

2.1. Банктердегі басқаруды ұйымдастыру

Пайда табуға ұмтылу - менеджменттің бір ғана мақсаты емес Қазіргі менеджментте қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру факторы менджмент қызметінде басты орындағы әлеуметтік этика рөлі артып отыр. Кәсіпкерліктің әлеуметтік этикасын арам олжаға, пайданы өсіруге ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауар өндірісі мен қызмет көрсетуді кеңейту анықтайды. Соңғы жылдары менеджмент мақсатына адам бойындағы қабілеттерге жол ашатын ұжымдағы элеуметтік мәселелерді шешу ісі де кіретін болды.

Менеджмент ғылым ретінде барлық қызмет саласына ортақ мына принциптерді сипаттайды:

  1. Басқару субъектісі әрекетінің нақты мақсатқа жетуге бағытталуын.
  2. Олардың алға қойған мақсаттарының, нәтижесінің және құралдарының ортақтығын.
  3. Құрамына жоспарлау, талдау, реттеу және бақылау енетін басқару процесінің кешенділігін.
  4. Олардың араларының үзілмеуін қамтамасыз ететін келешекке арналған және ағымдағы жоспардың бірлігін.
  5. Оларды іске асырудагы маңызды фактор ретінде қабылданған бақылауды.
  6. ¥жымның және оның әрбір мүшесінің шығармашылык белсенділігін, табыстылығы мен жетістігін материалдык және моральдық тұрғыдан ынталандыруды.
  7. Ұжымның әрбір мүшесімен оның мүмкіндігін пайдалануға жол ашатын жеке жұмысты.
  8. Жұмысшылардың кәсіптік деңгейін көтеруге, үнемі оқуға және қызметтің жаңа білімі мен салаларын меңгеруге мүдделілікті.
  9. Ұжымдағы жақсы психологиялық жағдайға бағдарлануды.
  10. Функционалдық және басқарушылық міндеттерді шешетін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігін.

Банк қызметкеріне менеджмент негізін білу өте маңызды. Ең алдымен банк экономисі (кәсіпорын, ұйым, кооператив) банктің клиенті болып табылатын немесе клиенті болғысы келетін кәсіпорын, ұйым, кооператив менеджменті деңгейін бағалай білуі қажет.

Шетелдік экономикалық әдебиеттерде кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының, олардың несиені өтеу қабілетінің жоғарылығының маңызды факторы менеджмент сапасы болып табылады дегенді жазып жүр. Германияда шамамен 40% фирма және жеке кәсіпорындар менеджмент сапасының нашарлығына байланысты банкротқа ұшырады. Сондықтан менеджмент деңгейін бағалау клиенттің несиені өтеу қабілетін талдаудың және онымен несиелік қатынасқа баруда тәуекел деңгейін анықтаудың құрамдық элементтерінің бірі болып табылады.

Германияның коммерциялық банк қатарында практикалық (тәжірибелік) қызметінде тиісті фирманың менеджментті 10 балдық жүйе бойынша рейтінгілік бағалау қолданылып жүр.

Мәселен, 1 балл - барлық салада жоғары кәсіби және жеке біліктілік; 3 балл - жақсы біліктілік, әсіресе жекелеген салада; 5 балл - орташа біліктілік; 7 балл - жекелеген салаларда айқын әлсіздік; 10 балл - төмен деңгей.

Балдардың өсуі қауіп-қатер дәрежесінің өсуін білдіреді, ең көп шамадағы балда фирмамен несиелік, қатынас орнату проблемалы болып саналады.

Ақша нарығының ұдайы өзгеріп отыратын жағдайында жұмыс істейтін банк үшін міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік беретін менеджменттің орны бөлек.

Банк менеджментінің ерекшеліктері банк менеджментінің Коғамдық еңбек бөлінісі бөлімшесінің қызметімен байланысты нақты өзіндік ерекшелігі болады.

Айтылып кеткендей, банк бизнеспен айналысатын өзінше өзгешелігі бар кәсіпорын ретінде алға шығады. Ол несие ресурстарын қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж кәсіпорынға, ұйымға, кооперативке, халыққа, мемлекетке телем негізінде беретін кәсіпорын болып табылады.

Сонымен қатар, банк басқа біреулердің (бөтен) ақшасымен «жүмыс істейді». Онда айналым шеңберінен босаған әр түрлі меншік иелерінің, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік кәсіпорындар мен қоғамдардың, кооперативтердің, жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары шоғырланады. Осының нәтижесінде банк қоғамдық капиталды бөлуші әрі сақтаушы ретінде алға шығады. Бұл клиенттерге тиесілі ақшалай қаражаттардың сақталуына банктін жауапкершілігін арттырады әрі банктің қоғамдағы маңызды орнын айқындайды.

Сонымен, банк тек өзінің немесе жекеше шыққандардың ғана емес, сонымен бірге, қоғамның мүддесін де танытатын кәсіпорын ретінде көзге түседі. Банк мүдделерді ұштастырып отырмаса баланстың өтімділігін қамтамасыз ете алмайды әрі осыған байланысты банктің ақша нарығындағы позициясы тұрақты болмайды.

Банк қызметінде серіктестік сипатқа ие келісімшарттық қатынас маңызды орын алады. Серіктестік қатынасқа сенім, өзара пайда, шешімнің бірауыздылығы және әрекеттің бір жерден шығуы секілді белгілер тән. Несие мәмілесі өзара пайдалы болуы үшін тараптар оның шарттарын бірігіп талдайды, келіспей қалған жағдайда ымыраға келеді. /5.185б/

Жеке және ұжымдық мүдделердің ұштасуы банк менеджментінің мазмұнында қалайша көрініс табады? Ең алдымен, ол банк менеджменті алға қоятын мақсаттардың өзіндік ерекшелігін анықтайды:

  • ақшалай нарық жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті ретінде банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету;
  • банк сенімділігінің кепілдігі ретінде банк балансысының өтімділігін қамтамасыз ету;
  • іскер байланыстың тұрақты болуына әрі ұзаққа созылуына септігін тигізетін банк қызметінің ауқымы, құрылымы, сапасы арқылы клиенттің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру;
  • ұжымның өндірістік, коммерциялық және әлеуметтік проблемаларының сәтті шешілуін ұштастыру;
  • әлеуетті мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды дайындаудың, қайта дайындаудың және орналастырудың тиімді жүйесін құру.

Аталмыш мақсаттарға сәйкес банк менеджменті сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады.

Сандық көрсеткіш банк қызметін басқарудың барлық саласына қатысты, қызметтің жалпы нәтижелерін талдау және бағалау үшін пайдаланылады әрі ол мыналарды қамтиды:

  • банк клиенттері мен олардың шоттарының саны, депозиттердің, несие салымдарының, инвестицияның мөлшері;
  • банк орындайтын операциялар мен қызмет көрсетулердің ауқымы.

Сапа көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:

  1. Банктің кірістері мен шығыстарына қатысты көрсеткіш. Осы көрсеткіштің көмегімен банктің пайдалылығы басқарылады.
  2. Қаражат айналымының жылдамдық көрсеткіші, операцияларды орындауға кететін шығынның еңбек сыйымдылығының, көрсеткіші, құжаттарды өңдеуден өткізудің жылдамдық көрсеткіші.
  3. Көрсетілетін банк қызметінің ауқымы, құрылымы және сапасы бойынша клиенттер тілегін қанағаттандыру деңгейінің көрсеткіштері, банктің іскерлік келіссөздердің құпиялылығын, ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету қабілеті.

Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби дайындығының қалай дамығандығын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблеманы шеше білетін деңгейін сипаттайды.

Банк менеджментінің өзге ерекшелігі мынаған байланысты: мемлекет банк қызметін ақшалай слымдар мен депозит иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында қатаң реттеп отырады. Банк қызметін реттейтін мұндай зандардан басқа несие мекемелерінің өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған міндетті нормативтер мен ережелер бар. Бұл басқаруды ұйымдастыру тұрғысынан алғанда нені білдіреді? Біріншіден, міндетті нормативтер мен ережелерді (ұйғарымдар) сақтау себебі бойынша дербес шешім қабылдаудың белгілі бір шекарасы болады. Екіншіден, тұрақты түрде өзгеріп отыратын ақшалай нарық конъюнктурасы жағдайында менеджердің банк өтімділігін қамтамасыз ету жолдарын іздестіру (белгіленген нормативтерге қарай) мүмкіндігі.

2.2  Банктерді басқару принциптері

Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.

Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.

Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.

Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:

  1. Бірінші топ банк құзыреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.
  2. Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқару мен байланысты.

Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие олардың негізгілерінің мазмүнын қарастырайық.

1) Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады.

Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.

Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткісіштерінің келешекте қалайша өзгеретінің анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылыктарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.

  1. Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.

Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңце банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен Қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық-математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.

  1. Пассивтерді басқару менеджменттің дербес бағытын бідіреді. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:
  • міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуың-жол бермеу;
  • банк өз клиенттерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіру;
  • банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.

Осы міндеттердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозиттік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуы ақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция айналымының тұрақтылғын қажет етеді. /1. 144-147б/

Менеджмент міндеттері:

  1. Өзіндік банк қаражатын басқару оның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде айрықша маңызды орын алады. Банктің активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігі пайда болады.

Өзіндік банк капиталын басқару оның жеткіліктілігінін, сондай-ақ осы жеткіліктілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді тандаудың өлшемдерін негіздеуді қажет етеді. Өзіндік банк капиталын басқарудың тиімді құралына банк шығарған акция бойынша дивидендтер саласындағы саясат жатады. Дивидендтердің артуы акция бағасын өсіреді және осыған орай қосымша акцияларды сатудың, өзіндік капитал өсуінің ықтималдығын тудырады.

  1. Банк жұмысының пайдалылығын басқару оның кірісгері мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шекті шығындарын және несиелеу мен инвестициядан түсетін шекті табысын, каржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз егілуін, ысырап қатерін бақылауды қажет етеді. Банк алатын пайданың шамасына әсерін тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық операциялардың арту себебіне, күмәнді және залалды операциялардың талдауына айрықша назар аударылады.
  2. Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді басқаруға тәуекелдік - менеджменті жатады.

Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады: несиенің және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай қалу қатері, пайданың алынбай қалу қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б.

Тәуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет. Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:

  • қауіп-қатер пайда болуының ықтимал жағдайын көре білу;
  • болжалды зиянның ауқымын бағалау;
  • ескертудің тәсілін немесе оның орнын толтыратын көзді табу.

Қауіп-қатерді (тәуекелдікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын болжауға, ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Қатерлерді басқару проблемасы банк қызметін үйымдастыру-№ең, жауапкершілік жүйесімен жэне банк жүмыскерін еңбекке экономикалық түрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты.

Шетелдік іс-тәжірибеде жекелеген несие операциясын орындау кезінде негізі жоқ шешім қабылдау қатерін кеміту үшін құзыреттілікті шектеу принципі пайдаланылады. Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу туралы шешім қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары операцияларды орындамайды. Мұны көбінесе басқарудың ұжымдық органы орындайды.

  1. Менеджмент мазмұны сонымен қатар еңбек ұжымы әзірлейтін басқару түжырымдамасын да қамтиды.

Шетелдік іс-тәжірибеде менеджменттің екі үлгісі бар:

  • жапондық үлгісі банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол жеткізуде ұжымның атқарған рөлін тануға (мойындауға) негізделеді;
  • американдық үлгі бүкіл ұжым қызметінде шешуші рөл ойнайтын тұлғаға бағдарланады.

Осы бастапқы екі идеяға қарай шешім қабылдауды, қызметкерлердің жауапкершілігін бақылауды, басшылардың бағыныштылармен қатынасын, еңбекақы жүйесін, басқару сапасын бағалауды, менеджерлерді дайындауды және т.б. қамтитын басқарудың бүкіл жүйесі құрылады.

Ұжымды басқарудағы басты міндет - менеджер әрбір қызметкердің бойындағы әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды терең ойлауға үйретуі қажет.

Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеу мынаны көрсетіп берді: қаржылық қатынастағы жетістіктің 85%-і менеджердің әріптестерімен тіл табыса білу қабілетіне, яғни оның жеке басынын қасиетімен әрі адамдарды басқара білуімен байланысты.

¥жымды басқаруда менеджер білуі тиіс үш фактордың орны ерекше:

  • ұжым жұмысын ұйымдастыра білу;
  • әр қызметкермен тіл табыса білу;
  • ұжым алдына қойылған міндеттерді шешу үшін әр қызметкерге ықпал етудің тәсілін таба білу.

Менеджердің ұжым еңбегін ұйымдастыра білуі міндеттерді ұжым мүшелеріне жаңылыспай бөліп беру, нақты тапсырмалар беру, оларды нақты көрсеткіштермен (сандық және сапалык) көрсету, тиісті тапсырманың орындалу уақытын анықтау, акпараттық базамен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету,міндеттерді мерзімділігі мен маңыздылығына карай жіктей отырып, оларды орындаудың кезегін анықтау қабілеттеріне негізделеді.

Менеджердің әр ұжым мүшесімен тіл табыса білуі біршама дәрежеде оның жеке басының қасиетіне байланысты, ол әр қызметкердің мінез-құлқын жақсы білуі керек әрі ұжым жұмысының нәтижесі басшы мен бағыныштының ынтымақтасып жұмыс істегендеріне қарай болатынын сезінуі тиіс.

Дамыған елдердің кәсіпорындарында билік орындаушыға (атқарушыға) беріледі. Сондықтан да іскерлік сипатындағы әңгімеде иландыра білудің маңызы жоғары әрі пікірлесушінің мінез-кұлқын білген дұрыс.

Бағыныштыға қатысты басшыға тән мінез-құлық стилінің екі түрі болуы мүмкін:

  • түсіндірмелері болатын директивалық нұсқаудың негізінде;
  • шешім қабылдауда, бастама көтеруде құқықтар беру. Мінез-құлықтың тиісті түрі қызметкердің өз еңбегінің нәтижесін арттырудағы кұзыреттілігі мен мүдделілігінің деңгейлеріне қарай таңдалады.

Францияда осы өлшемдер бойынша басшы мінез-кұлқын анықтайтын мамандардың төрт тобы бөліп көрсетіледі:

  • еңбек нәтижесіне құзыретті және мүдделі емес (мінез-құлықтың директивалық-ықыластандырғыш түрін пайдаланады);
  • еңбек нәтижесіне құзыретті болмаса да мүдделілік танытады (әдетте жас маман (тұрақты басшылықты қажет етеді);
  • құзыретті, алайда, мүдделі емес (мүдделілік жүйесін құру қажет);
  • құзыретті және мүдделі (бастама көтерудің кең ауқымды құқығын білдіреді).

Еңбекке деген ынтасын және энтузиазмын ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл - менеджердің ең жауапты әрі күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі үшін оған (қызметкерге) алғыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осының барлығы менеджерді дайындаудың әэне қайта дайыидаудың арнайы жүйесін қажет етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана қарастырмай, сонымен қатар ұжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік әңгімелесудің өнеріне үйретуі керек.

III тарау Банктік менеджментті жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасындағы банктік басқарудың жоспарлауы. Стратегиялық жоспарлау ретінде ең алдымен ағымдағы және келешектік жоспар мен олардың уақтылы орындалуына бақылау жасалуы түсініледі. Банктердің көшпілігінде басқару процесі үш деңгейде өтеді. Шешімдерді мыналар қабылдайды:

а)жоғарғыбасшылық; ә) бөлімше басшылары;

б)мамаңдандырылған функциональды бөлімдердің басшылары. Стратегиялық жоспарлар, әдетте, 3-5 жыл мерзімге дейін құрылады.         Стратегиялық жоспарлаудың кейбір жалпы жағдайлары бар:

  • банктің жалпы стратегиясын эксперттер тобы әзірлейді және алғашқы инвестиция бөлінгенге дейін жоғары басшылық мақұлдап, қолдауы тиіс;
  • стратегия жасап шығару барысында нақтылы іске асатын мақсаттар қойылып, оларға жетудің нақты жоспарлары жасалады;
  • ұсынылатын жұмысты орындайтын мамандар аясы анықталады;
  • қызметкерлерді, менеджерлерді және техникалық еңбеккерлерді даярлаудың стратегиясы ойластырылады;
  • стратегиялық және ағымдағы жоспарлар үйлестіріледі,
  • негізгі құрам мен тиісті тәртіппен даярланады;

Жоғары басшылық тарапынан стратегиялық жоспарлардың орындалуын үнемі бақылау жүзеге асырылады. Банктегі қаржылык менеджмент мыналарды басқарады:

  • банктің меншікті капиталын;
  • активтерін;
  • қарыздың (заем) қаражатын;
  • пассивтерін;
  • пайданы;
  • инвестициялық қоржынды;
  • коммерциялық банктің өтемпаздығы.

Меншікті капитал - АҚ, не болмаса ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) нысанында құрылған коммерциялық банктің қай-қайсысының да қаржылық ресурстарының қажетті, ажырағысыз бөлігі. Меншікті капиталды жарғылық қор түрінде қалыптастыру дегеніміз - коммерциялық банктің іс-әрекеті басталуы алдындағы ізашар, міндетті түрде болатын кезең.

Меншікті капиталды басқару сапасы былайша бағаланады:

а) тартылған капиталдың (облигациялар, ұзақ мерзімді сипаттағы вексельдер) акционерлікке қатынасын анықтау (50%-тен аспауы тиіс);

ә) дивиденд төлемдерін ұқсас банктер тобы бойынша тиісті орташа көрсеткіштермен салыстырумен.

Әлемдік банк тәжірибесінде банк капиталының жеткіліктілігін бағалаудың негізгі көрсеткіштері мыналар:

  • банк жарғылық капиталының ең аз шамасы;
  • I және II деңгейдегі капитал арасындағы арақатынас (негізгі және екінші реттегі);
  • тәуекелді ескеріп, безбенделген, I деңгейдегі капиталдың активтерге қатынасы ретінде есептелетін капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
  • «левереджа» (тетік) коэффициенті;
  • жиынтық капитал мен активтердің өсуі қарқының арақатынасы;
  • активтердің сапасы.

Отандық тәжірибеде банктің меншікті капиталына мыналар кіреді:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • әр түрлі қорлар;
  • ағымдағы жылдың пайдасы.

Банктің белсенді операциялары банктің елеулі және белгілі бір бөлігін құрайды.

Активтерді басқарудың негізгі принциптеріне мьшалар жатады:

- активтер құрылымының мақсатқа сәйкес жөн-жосығын сақтау;

- белсенді операцияларды әртараптандыру (диверсификациялау);

- тәуекелділікті бақылау және резервтер құру; - активтердің табысты болуын қалау.

Басқару жүйесіндегі коммерциялық банк. Стратегиялық менеджмент коммерциялық банкті басқару мәселелерін қаржы нарығының объектісі ретінде қамтиды.

Отандық банк жүйесін реформалау процесі елдің қаржылық секторын дамытуда өзінің жетекші орында екендігін көрсетті. 2003 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жұмыс істейтін банктердің жалпы саны 38-ге жетті, оның ішінде мемлекеттік - 2.

2002 жылдың ішінде банктердің жиынтық мемлекеттік капиталы 32%-ға (37,9 млрд теңге) асты және 161,2 млрд теңгені құрады. Банк капиталдануының айтарлықтай өсуі жалпы банк жүйесінің баянды тұрақтылығының артуын айғақтайды. Сонымен бірге, 2003 жылдың 1 қаңтарында 33 банктің жиынтық меншікті капиталы 1 млрд теңгеге тең болды немесе артты. Капиталдандыру мен банктердің ресурстық базасының өсуі жағдайында депозиттердің едәуір түсімі есебінен банк активтерінің ұлғаюы жалғаса береді. 2002 ж. ішінде банктің жиынтық активтері 40,2%-ке өсті және 1145 млрд теңге сомасын құрады.

Республикада банк жүйесінің нығаюы мен қаржылық қызмет көрсететін қазақстандық сатушылардың клиеттерінің мүддесін қорғауға мүмкіндік беретін шаралар қабылдануда. Оларға мыналар жатады, мысалы:

  • халықтың және зейнетақы қорларының ақшалай салымын 1999 ж. теңгенің құбылмалы бағамын енгізу кезінде құнсызданудан қорғау мақсатымен теңгелік депозиттерді айырбастау (конвертация) (бір валютаны қолданыстағы валюталық бағам бойынша басқасына айырбастау; қағаз ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігі);
  • депозитгердің (оның ішінде заттай және талап етілгенге) кепілді міндетті сақтандыру қорының пайда болуы;
  • 2000 ж. наурызында «ҚР-ның банк құпиялары мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдау.

Коммерциялық банк стратегиясын құрудың типтік схемасына мыналар кіреді:

а) жалпы мақсат;

ә) уақытша ауқым;

б) стратегиялық бағдар:

  • банктің болашақтағы рөлі;
  • басқару міндеттері;

в) банктің жағдайын талдау:

  • банктің жағдайын (статусын) бағалау;
  • бэселестік позиция;
  • клиенттермен қарым-қатынас;
  • каржылық жағдай;

г)іс-әрекеттің жаңа ауқымын игеруде артықшылықтарды анықтау:

  • жаңа қаржылық қызмет көрсету;
  • жаңа қаржылық қүралдар;
  • жаңа клиенттер;

ғ) жаңа өндірісті құру жоспарын жасау;

д) нақты каржылық міндеттерді анықтау;

е) банктік әлеуеттің дамуы;

ж) стратегиялық жоспарлау мен жедел жоспарларды үйлестіру;

з) қосарланушы талдау жүргізу.

Коммерциялық банктің несиелік операцияларын басқаруға мыналар кіреді:

  • несиелік қатынастар технологиясы;
  • несиелік тәуекелділік.

Коммерциялық банктің пайдасын басқарудың құрамдас элементтері бұлар:

  • банк кірістерін басқару;
  • банк пайдасын қалыптастыруды бақылау;
  • сандық және сапалық тұрғыдан алғанда банктің табыстылығы мен пайда деңгейін бағалау;
  • банктік өнім мен көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау.

Коммерциялық банктің өтеу алатындығы (өтемпаздығы) оның іс-әрекетіне берілетін сапалық сипаттама болып табылады. Ол коммерциялық банктің активтерді ақшалай қаражатқа уақтылы және шығынсыз есебінен салымшылардың қажеттіліктілектерін қанағаттандыруға қабілеттілігін көрсетеді./3.220-222б/

Қорытынды

Осы курстық жұмысымызды қорыта келе, банктік менеджмент-жаңа нарықтар құру үшін банктің, жекелеген орындаушыларының қызығушылығына әсер ету және клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдайлар мен операциялар жасау процесі.

Басқару қатнасы менеджмент предметі болып саналады. Банк капиталымен оның ресурстарымен басқару әдістерін, сондай-ақ активтер мен пассивтерді басқару кешені банктік менеджменттің объектісі болып табылады.

Банктік менеджментің қызметі: ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

Банктік менеджмент банктік қызмет көрсетудің жаңа нарықтарын құру, өзгерістерді басқаруға, адам және ұйымдастыру әлеуетін артыруға қаржылық материалдық ресурстарды сауатты пайдалануға, коммерциялық есептер мен баланстар негізінде банк қызметін коммерцияландыруға бағдарланған.

Банктік менеджментінің ерекшелігі алға қойған мақсаттарға қатысты банктік менеджменттің бірқатар счандық, сапалық және әлеуметтіккөрсеткіштерді орындауға бағдарланатындығынан тұрады.

Сандық көрсеткіштердің банк қызматін басқарудың бүкіл аясына қатысы бар. Банк клиенттерімен олардың есеп шоттарының саны, депозиттер көлемі несие салымдары, инвеститциялар: банк жасайтын операциялар мен қызметтер көлемі.

Сапалық көрсеткіштер-банктің кірістері мен шығыстарын көрсеткіштері, қаржы айналымын жылдамдық көрсеткіштері, операцияларды жасауға жұмсалатын көп еңбекті қажет етушілік шығындар көрсеткіштері, банк көрсететін қызметтердің көлемі, құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің талант-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері.

әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби даярлықтарын дамытуды, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблемеларды шешу дәрежесін сипаттайды.

Банктік менеджментті екі келіс тұрғысынан зерттеп-үйрену көзделеді: яғни банк қызметі тарапынан оған банктің әртүрлі операцияларын басқару жатады: ұжымды басқарудың екі үлгісін-жапондық басқару үлгісін және американдық басқару үлгісін бөліп көрсетеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Хамитов Н.Н. Банк ісі. Алматы: Экономика, 2006 ж.
  2. Искакова З.Д. Банк ісі: оқу құралы. Қарағанды, 2006 ж.
  3. Бердалиев К. Менеджмент: оқу құралы. Алматы: Экономика, 2005 ж.
  4. Указ Президента РК, имеющий силу Закона "О банках и банковской деятельности в РК" от 31 августа 1995г.
  5. Финансовый анализ: Учебник /Под ред. Ефимовой О.В.- М.: Бухгалтер, 2002г. - 528с.
  6. Финансовый анализ в коммерческом банке: Учебник /Под ред.Шеремета А.Д.- М.:Финансы,2001г. - 256с.
  7. Финансовый анализ в коммерческих и некоммерческих организациях: Учебник /Под ред.Гвозденко А.А.-М.:Финансы,2001г. - 320с.
  8. Финансовый анализ коммерческой деятельности: Учебник /Подред.АбрютинойМ.С.-М.:Финпресса,2002г. - 176с.
  9. Финансовый менеджмент: Учебник /Под ред.Павлова Л.Н.-М.:ЮНИТИ,2001г. - 269с.
  10. Финансово-кредитный словарь /М.: Финансы и статистика 1983г.І-Ш тома.
  1. Управление финансами: Учебное пособие Под ред. Кукукиной И.Г.-М.: Юристъ,2001г.
  2. Управление финансами: Учебное пособие /Под ред. Тренева Н.Н.- М.: Финансы,2000г.
  3. Банковское дело.Стратегическое руководство/ Под ред.Платонова В., Хиггинс М.: Консалтбанк,2001г.
  4. Банковские риски под.ред. Зотова В.С., Бишкек,2000 г.
  5. Банковское дело Под ред. Лаврушин О.И.-М.: Изд.РОСТО,1992г.

Банк мекемесіндегі кассалық операциялардың есебі мен ұйымдастырылуы

Депозиттік операциялар туралы түсінік.

Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.

Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:

  • банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
  • басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
  • депозиттік операциялар;

Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.

Депозиттік операцияларды жүргізу кезінде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегінде келесі ережелерге негізделеді:

  • депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негізделіп ұсынылады;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде депозиттік операциялар субъектісінің әр түрлілігіне және депозиттердің әр түрлі нысандарының үйлесімділігіне ұмтылыс болады:
  • депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелік салымдардың мерзімдері мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерісінде банк балансының өтімділігін жоары деңгейде қамтамасыз ететін мерзімдік депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің (активті операцияға тартылмаған) ең аз болуына талпынуы керек;
  • депозиттерді тартуға әсер ететін банктік қызметтерді дамыту және қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін жоғарылату шараларын қарастырған жөн;

Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзі болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының ірі сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиімді пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға табысты негізде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, іскер фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкімет мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

Депозиттердің түрлері.

Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:

  • мерзімді депозиттер;
  • талап етілмелі депозиттер;
  • жинақ салымдары;
  • бағалы қағаздар;

Бірінші топ – талап етілмелі депозиттер. Олар сондай-ақ чектік депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде банк пен салымшы арасында келісім-шарт жасалады. Чектік депозит – бұл міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқы беретін шот. Чектік депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауіпсіздігімен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар олар бірінші талап бойынша нақты ақша алуға мүмкіндік береді. Чектік депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемі керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгілейді. Бұл кезде төлем мөлшері бір ай көлемінде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруімен өзгертіледі. Егер салымшы бір ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткілікті баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбір кездерде бұл төлемдерді алудан бас тартады.

Талап ету депозиттік шотының ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;
  • ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегімен алынуы мүмкін;
  • шот иесі банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбір жазылған чек үшін коммиссия төлеуі;
  • Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы;

Талап  ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін контокоррент – бірыңғай шт болып табылады. Контокоррентте банк қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және тағыда басқа түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. Контокоррентті шот ерекше сенімділік белгісі ретінде тек сенімді клиенттерге және бірінші сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесі шығындардың түсімдерден артуы кезінде әрбір жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банктен жасалған келісімге сәйкес анықталған сома шегінде несие алуға мүмкіндігі бар.

Талап ету депозитіне сондай-ақ овердрафт шотын жатқызуға болады. Овердрафт – банк пен клиент арасындағы келісімге сәйкес, банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот. Бұл да несие алмасуды білдіреді. Овердрафттың контокорренттен айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өткенде, овердрафт шоты қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкіндігін шектемейді. Овердрафт ағымды шоты жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.

Талап ету депозиттің басқа түрі – нау-шоттар – пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау-шоттар – бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешенін ұсынады.

Депозиттік шоттардың келесі түрі – автоматтық аудару шоттары(АТS шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін депозиттің түрі. Банктер салымшының келісімін жетекшілікке ала отырып, пайыз әкелетін шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектік шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туындаған кезде автоматты түрде қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейін сақтауға және бір мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға мүмкіндік береді. Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулеріне «банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын чектер» деп аталатын шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер – банк қызметкерлері беретін төлемі кепілденген чектер. Банктер чекті куәландыру кезінде, куәландырылған чекте көрсетілген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке шотта ұстайды. Сонымен қатар, чекті банк қызметкерлерінің бірі немесе банктің меншікті шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің жүргізілуін күте отырып, қызметкерлер жазған чек сомасына теңестіріп депозит құрайды. Талап ету депозиттері бойынша эксплициттік (анық түрде белгіленген) пайыздық кірістер төленбеуіне байланысты банктің көптеген клиенттері осы типтес депозиттердегі қаржыларының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы әдістерінің бірі автоматты тазалау шоттары қолданылатын мүмкіндіктерді пайдалану. Мұндай шоттармен ағымды операцияларды жүргізе отырып, банк клиентпен келісілген аз шекпен асатын кез-келген ақша сомасынан шотты «тазартады» (немесе оларды аударады) , оларды пайыздық кіріс әкелетін қаржылық құралдарға орналастырады.

Көптеген банктер өзінің клиенттерінен компенсациялық балансты ұстануды талап етеді, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кіріс әкелмейтін нысанды, яғни банктерге банктік қызметтерді төлеу үшін қажет. Компенсациялық баланс яғни ақша қорларын тартуға орташа шығындарды азайту жолымен қорлардың орташа құнын төмендету тиімді болып табылады. Кейбір жағдайларда компенсациялық баланс несие ұсыну, сондай-ақ банктік қарыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келісімді ұстану қызметтері үшін төлемді ұсынады.

Депозиттің келесі тобы – жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келісім негізінде ашылады. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.

Жинақ кітапшаларындағы шоттар – бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін чектік емес депозиттер. Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:

  • кітапшалы жинақ салымында тұрақты мерзімінің болмауы;
  • банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда бпнктер ол талапты аз қояды:
  • шоттың жоғары шегін белгілеу мүмкіндігі;
  • салым иесінің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргізілген операциялардың барысы жазылатын жинақ кітапшасын ұсыну міндеттемесі;
  • шоттағы міндетті аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың болмауы;

Жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар жинақ кітапшаларындағы щоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы кезеңдік жазбалар жазбаның жүргізілу тұрғысынан жинақ кітапшаны ауыстырады. Олар бойынша осындай пайыз төленеді және олар осындай функцияны орындайды.

Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгізілген жинақ салымдарының бір түрін ұсынады. Қазіргі кезде оларда жинақ кітапшасындағы шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшері нарықтық пайыздық мөлшерлерінің өзгеруімен реттеленетіндігін және бұл шоттарды қолдану кезінде операцияларды тіркеу үшін жинақ кітапшасының қосылмайтындығын есептемегенде, көптеген ұқсас сипаттары бар.

Жинақ салымдарының ерекшелігі мынадай:

  • бұл шоттардың анықталған мерзімдері жоқ;
  • салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бірдей ала алады;
  • бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етілген, қазір банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы;
  • осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын жазуға құқылы;
  • бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында қолданылады;
  • банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесінен белгіленген төлем алынады;
  • егер салымшылар – корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша белгіленген резервті сақтауға міндетті;

Кең тараған топтардың бірі – мерзімдік салымдар, оған мерзімдік салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кіреді. Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге салынады. Салымшылар басқа депозиттерге қарағанда неғұрлым үлкен пайыз алады және салым салымшыға алдын ала келісімде көрсетілген мерзімде қайтарылады. Банктер салымды өз қарауы бойынша келіскен мерзім ағымында толық пайдалана алады. Депозиттің бұл типін ашу үшін мерзімдік депозит туралы келісім жасалынады. Бұл салымдар қабылданатын мерзім 4 топқа бөлінеді:

  1. 30 күннен 89 күнге дейін;
  2. 90 күннен 179 күнге дейін;
  3. 180 күннен 359 күнге дейін;
  4. 360 күннен жоғары;

Мерзімді салымнан қаржы алу үшін банкке күні бұрын хабарланған салымшының арнайы өтінішінің түсуі талап етіледі, оның мерзімі белгіленеді. Егер клиент банкті қаржы алу туралы хабардар етсе, банк болатын өзгерістерді ескере отырып, өзінің активті операцияларын басқа көз есебінен қайта қаржыландырады, қаржыларды алу кейбір шығындармен байланысты, сол себепті банк клиент кірісін азайтуға құқылы.

Депозиттердің төртінші тобы – бағалы қағаздар, депозиттер түрі ретінде былайша бөлінеді:

  • аталған банкке тиесілі кәсіпорындар мен ұйымдардың, кооперативтің, акционерлік қоғамдар мен компаниялардың акциялары және облигациялары;
  • сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялар мен облигациялар;
  • шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар (шетел валютасындағы аккредитивтер);
  • депозиттік сертификаттар;

Депозиттік сертификаттар қаржылық құралдардың ең бір кең тараған түрі. Депозиттік сертификат – эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы, салымшы немесе оның құқық қабылдаушының мерзімі аяқталғанда салым бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын куәландыратын жазбаша куәлік.

Депозиттік сертификат – кірісті бағалы қағаздың бір түрі, сол себепті ол сатылған тауар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ оларды бір заңды тұлғадан екіншісіне жолдауда шектеулер болады. Талап ету құқын ұсыну – цессия, ол депозиттік сертификаттың сыртқы бетінде екі жақта мәмілемен рәсімделеді: өз құқын ұсынушы тұлға – цедент пен құқық алушы цессионарий. Сертификатты қайтару мерзімі жеткенде, банк сертификатты және қаржы түсетін шот көрсетілген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету құқын ұсыну туралы келісімнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкілетті тұлғалар аты-жөнін, мөрінің және қолдарының сәйкестігін тексереді.

Депозиттік сертификаттың екі түрі болады:

  • жолданбайтын – салымшыда сақталадыжәне төлем мерзімі жеткенде банкке ұсынылады;
  • жолданатын – екінші нарықта сатылуы немесе басқа тұлғаға өтуі мүмкін;

Жолданатын депозиттік сертификаттар капиталды кез – келген мерзімге тиімді инвестициялауға көмектеседі, ал қажет болған жағдайда сертификаттарды тез қолма-қол ауыстыруға болады.

Сертификаттар келесі белгілер бойынша бөлінеді:

Шығарылуы бойынша:

  • бір рет;
  • сериямен шығарылатын;

Рәсімдеу тәсілі бойынша:

  • арнайы;
  • ұсынушыға;

Төлеу шарттары бойынша:

  • анықталған есеп айырысу кезеңі аяқталғанға дейін пайыздық мөлшері үнемі төленіп тұратын сертификаттар;
  • сертификатты өтеу күні пайызы төленетін сертификаттар;

Депозиттік сертификаттар жаңа шығарымдармен, салымның басқа түрлеріне немесе талап етілмелі депозиттеріне қолма-қол емес аударымдармен және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады. Банкте шығарылатын сертификаттар баспалық тәсілмен шығарылуы және осы сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

Сертификаттарда міндетті түрде келесі деректемелер болуы тиіс:

  • аты;
  • сертификатты ұсыну себебі;
  • ұсыну күні;
  • салым сомасы;
  • депозитке енгізілген соманы қайтаруға банктің сөзсіз міндеттемесі;
  • сертификат сомасын талап ету күні;
  • пайыз мөлшері және есептелетін пайыз сомасы;
  • эмитент банктің аты және мекен-жайы (иеленушінің арнайы сертификаты үшін);
  • банк мөрімен бекітілген, осындай міндеттемелерге қол қоюға өкілетті екі тұлғаның қолы;

Банк сертификаттар шығарады және меншікті сертификаттарды шығару мен орналастыру шарттарын еркін дайындайды. Өз сертификаттарын тиімді орналастыру үшін банктер келесі міндеттемелерді назарға алады:

  • инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
  • салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;
  • пайыздық мөлшер қайта қараудың икемді механизімін;
  • шығарымды стандартты шарттарын (еселік, номинал және т.б.);
  • номинал құны қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;
  • кең жарнаманы;

Жай депозиттік сертификаттармен рәсімделген мерзімдік салымдармен салыстырғанда, сертификаттар бірнеше артықшылықтарға ие:

  • сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржылық делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейді;
  • екінші нарық арқылы сертификат иесі үшінші тұлғаға, сақтаған мерзімі үшін кіріс ала отырып, банк ресурстарының көлемін өзгертпей-ақ жедел сатуы мүмкін;

Сертификаттап бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелі шоттары мен мерзімдік салымдардағы кірістерге сияқты табыс салығы салынбайды. Мерзімдік салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетіспеушілігі оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы.

Депозиттерді сақтандыру қорлары. Депозиттерді сақтандыру жүйесі.

Депозиттерді қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 60 жыл. Салымдарды кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.

Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жалпылама қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшыраған жағдайда да, үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі. Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады, бір немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге түгелдей қауіпті жағдайдан құтылуға болады. Бұл кезде банктердің міндетіне сақтандыру қорларында белгіленген көлемдегі депозиттерді сақтау бойынша төлемдерді жасау кіреді. Шығындарды жабу үшін сақтандыру жарналары жетіспеген жағдайда мемлекеттік бюджет қаржылары қолданылады. Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерін қайтару кепілдігін беру банктік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бірі болып табылады. Банк жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында Қазақстанда депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жұмысы жүргізілді. 1999 жылы қараша айында екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру немесе сақтандыру ережесі, ал 1999 жылы ЖАҚ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі» банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандыру) Қазақстандық қоры құрылды. Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ал оның мақсаты – депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі банктерге салынған жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету. Қор жұмысының ең басында қатысушылап болып Қазақстанның ең ірі және тұрақты банктері тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық жағдайы қауіп тудырмайтын, активтері күн сайын Ұлттық банктің банктік қадағалауымен бақыланатын жүйелі банктер.

Қор ұлттық банк атынан, мемлекет атынан салымдарды орналастыруға негізгі кепілші болып табылады және егер банктердің қызметі өзінің жақсы гуманитарлық қағидаларын ұстанғаны. Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру ережесіне негіз болған. Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады. Салым үш валютаның бірінде жүзеге асырылуы мүмкін: теңгеде, АҚШ долларында және еурода. Кепілдеу лбъектісі болып, сыйақы мөлшері (сыйақы пайызы) бекітілген, мөлшерден артық емес салымдар бойынша келесі сыйақы мөлшері белгіленіп, қайтару міндеттемесін қор кепілденген:

2001 жылдың 1 шілдесінен:

- теңгеде жылдық есеппен 16 пайыз;

- доллар және еурода жылдық есеппен 6 пайыз;

2001 жылдың 1 қазанынан:

- теңгеде жылдық есеппен 14 пайыз;

- доллар және еурода жылдық есеппен 8 пайыз;

Салымдар (депозиттер) және олар бойынша есептелген сыйақы сомалары міндетті түрде салым қай валютада болса, сол валютада толық қайтарылады. Қор әрбір салымшыға қайтарылуы міндетті салым мөлшерін төлеп отырады, олар келесідей көлемде:

Мерзімді салымдар (депозиттер) бойынша:

Теңгеде – салынған салым (депозит) сомасы, бірақ 400 мың теңгеден артық емес, сондай-ақ қатысушы банктің Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50% шегінде банктік операцияны жүргізуге лицензияны қайтарып алғанға дейін есептелген сыйақы мөлшері.

АҚШ доллары және еурода – салынған салымның (депозиттің) 90% сыйақысыз, бірақ 360 мың теңге шетел валютасына балама сомасынан артық болса.

Талап ету салымы бойынша теңгеде – салынған салым сомасы қайтарылады.

Бір салымшы әр түрлі валютада салынған мерзімді салымдар бір салым түрі ретінде қарастырылып, анықталған ережелерге сәйкес төленеді. Сонымен қатар, қайтару есебі салынған мерзімді салым сомасының 400 мың теңгеден аспайтын көлемінде жүзеге асырылады. Салымшы өзінің әр түрлі валютада салған мерзімді салымы бойынша төлемдерді қайтару кезегін өзі анықтауға құқылы. Жиналған резервтер салымдар бойынша жетіспеген соманы қалпына келтіруге жеткіліксіз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы есебінен төленеді, ал қалғаны қор есебінен қарызға алынады. Қор өз несиесін таратылушы банкке қойылатын регрестік талаптар арқылы, қатысушылардың шектен тыс жарнасы есебінен қайтарып алады. Қор мен қатысушы банк міндетті күнтізбелік және басқа да жарналар енгізу тәртібі мен мерзімдері және негізгі ережеге сәйкес банк төлемдері туралы келісім жасауы тиіс. Сондай-ақ аталған келісімшарттарының орындалуы үшін жауаптылық, соның ішінде қордың күнтізбелік мерзімде төленбеген ақша сомасын, басқа да жарналарды және төлемдерді банк келісімінсіз алу құқығы қарастырылған. Міндетті күнтізбелік жарна мөлшері әр қатысшы банк үшін олардың қаржылық жағдайына Ұлттық банк бекіткен әдіспен жеке бекітіледі және салымдар (депозиттер) мен ол бойынша қосылған сыйақы бойынша міндетті күнтізбелік жарнаны енгізу алдындағы есептік тоқсанның соңғы күніне 0,125 пен 0,375 пайызға дейінгі мөлшерді құрайды, оларды қайтару 13 сәуірдегі 2002 жылы №136 ҚР екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесімен кепілденеді.

Қордың 80 пайыздан кем емес бөлігін Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына қосу қарастырылған, оның міндеттемесі – бүгінгі күні Қазақстанда резерв қаржыларын инвестициялау үшін ең сенімді құрал. Сонымен қатар құралдар тізімі, қорға инвестициялауға болатын ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Пайыздарды есептеу есебі.

Қарыздық пайыз – ақша қаражаттарын қарыздық құн үшін қарыз алушыға, сондай-ақ ақша қаржыларын, несие және қаржы нарықтарында орналастырушы делдал – кредиторға (банкке) уақытша пайдалануға беруін білдіреді.

Банктік пайыз өлшемі уақытша бос ақша қаржыларын орналастыру және кіріс алу тәуекелімен байланысты, ақша және несие ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстар пайда болатын сандық шектеуге ие. Бос ақша қаржыларының иесі пайыздың жоғары деңгейін және аз тәуекелділікті таңдай отырып, орналастырудың оңтайлы нұсқаларын іздейді. Ақша қаржыларын тарту кезінде банктер салыстырмалы қаржы тарут сипатына байланысты жеке кредиторларға қолданылмайтын сараланған пайыздық мөлшерлермен белгілейді. Банктік пайыз мөлшері депозиттік келісім-шартта белгіленеді.

Банк тартылған ақша қаражаттарына пайыздарды берешек қалдығына есептеп, есептеу әдісіне сәйкес банк шығындарына жатқызады. Есептеу әдісіне, ағымды айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей, ағымды айда қосылған пайыздар, тартылған ақша қаржылары бойынша оның шығындарына жатқызылады. Пайыздарды есептеу келесі тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

  • жай пайыздар формуласымен;
  • күрделі пайыздар формуласымен;

Банктердің қосылған пайыздар сомасына ұлғайған негізгі борыштың өскен сомасын тартылған қаржылар бойынша білдіреді. Өскен сома, банктік пайыздардың капиталданғандығын білдіреді, яғни депозиттің жалпы сомасын ұлғайтады. Банктердің тартылған қаржылары бойынша мына формулалар қолданылады.

  • Жай пайыз формуласы:

S = P * (1 + I * t / K)

Мұнда: I – жылдық пайыздық мөлшерлеме;

t – тартылған ақша қаржылары бойынша пайыз қосылатын күн саны;

K – күнтізбелік жылдағы күн саны;

P – тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы;

S – қайтарылуға жататын ақша қаржыларының бастапқы сомасы және оған қосылған пайыздар

  • Күрделі пайыз формуласы:

S = P * (1 + I * j / K) * n

Мұнда: I – жылдық пайыздық мөлшерлеме;

J – қосылған пайыздарды капиталдандыруды жүргізетін кезеңдегі күнтізбелік күн саны;

K – күнтізбелік жылдағы күн саны;

N – ақша қаржыларын тартудың жалпы мерзімі ағымында қосылған пайыздарды капиталдан – дыру бойынша операциялар саны;

P – тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы;

S – қайтарылуға жататын ақша қаржыларының сомасы, тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы және оған қосылған пайызға тең.

Депозиттерді тарту және қайтару есебі.

Салымшы депозиттік шотты ашпас бұрын, банк пен салымшы депозитті ашуға қатысты екі серіктес құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Банк пен салымшы арасындағы келісім – салымшы жарна енгізіп, банк өз кезегінде оған шот ашып, енгізілген сома туралы белгі қойылатын арнайы кітапшаны жүргізуіне негізделеді. Бұл кітапша клиентке жазба жасалған соң беріледі. Сонымен қатар клиент ақша сомасын жаңадан ашатын шотқа аударады немесе банкпен өз атына түсетін сома немесе сома болашақта ашылатын депозиттік шотқа жазылуы жөнінде келіседі. Клиент пен банк арасында шартты қатынас туындайды ол бойынша, клиент банкке уақытша пайдалануға ақшасын жолдайды, ал банк өз кезегінде пайыз қосуға және клиентке ол ақшаны мерзімі жеткенде немесе хабарлау алған соң қайтаруға міндеттенеді. Заңды түрде мұндай шартты қатынас қарызды білдіреді, ол бойынша клиент – кредитор, ал банк – дебитор болып табылады. Келісім жинақ шотына депозит салынағн соң күшіне енеді.

Депозиттер тарту банк үшін маңызды міндет, сондай-ақ депозиттік операциялардың дұрыс бухгалтерлік есебін ұйымдастыру маңызды. Салым операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудағы міндет әр салым бойынша ақша қаржыларының дәл есебін қамтамасыз ету және банк мекемесінің қызметін басқару үшін қажетті ақпаратты алу. Бұл міндетті орындауға депозиттікоперациялардың тиісті синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі. Аналитикалық есептің мәні – нақты салымшы депозиттері, ал синтетикалық есептің мәні – депозиттердің анықталған түріне жататын депозиттер.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Міржақыпова С.Т. «Банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы қаласы - 2004 жыл.
  1. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» «Экономика» баспасы,Алматы – 2000 жыл.

Банк маркетингісі туралы түсінік

Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.

Мәселен, 1650 жылы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет әр түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру, сатып алушының тауарды қайтып беруіне әрі өз ақшасын  қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімнің болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылды.

Экономиканың, социологияның және басқарудың түйіскен жерінде дербес ғылым ретінде болатын маркетингтің теориялық негіздерін американдық Сайрес Маккормик (1809-1884 жж.) жасады. Тарихта ол алғашқы комбайнды құрастырушы ретінде белгілі. Тек техникалық білімі болса да, ол нарықты зерделеу және талдау, баға саясаты мен сервистік қызмет көрсетудің негізгі түрлері мен оларды таңдау секілді казіргі заманғы маркетингтің бағыттарын құрып кетті. Мұның бәрі «Интернешнл Харвестер» фирмасының өркендеуіне әкелді.

XX ғасырдың 20-30-жылдарында маркетингке қатысты көптеген жарияланымдар пайда болды. Ағылшын экономисі Еджеми Маккарти маркетинг мазмұнын түсіндіріп беруге арналған үлгіні ұсынды. Бұл үлгі - тауар (product)., бага (ргісе), нарық (рlасе) пайда (profit) - негізгі төрт элемент бойынша «4-Р» атауына ие болды.

Маркетинг кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50-ші жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол 60-шы жылдары банк қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыратын сала ретінде әйгілеген жарнама компаниясынан кейін ене бастады.

1970-ші жылдары маркетингтің маңыздылығын бағалаған банктер өздерін және өз қызметтерін жарнамалай бастады. Бұл уақытта жекелеген банк қызметінің маркетингісі пайда болды.

Кейінгі 80-ші жылдар банк маркетингісінің коммерциялық банктерді басқарудың тұтас жүйесі ретінде ресімделеуімен сипатталды. Бүгінгі таңда банктер маркетингтің әдістері мен тәсілдерін пайдаланып жүр.

Маркетинг дегеніміз не және оның банк саласцна енуІне не себепкер болды?

Америкалық маркетинг ассоциациясы берген маркетинг анықтамасы кеңінен тараған.

Маркетинг - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағынын өндірушіден тұтынушыға бағыттайтын кәсіпкерлік қызметтің түрі. Ол тек нарыққа және нақты тұтынушыға қажетті өнімдерді өндіруге әрі өткізуге бағдарланады.

АҚШ-та маркетингке жұмсалатын шығын тауардың түпкілікті бағасының, шамамен алғанда 60%-ін құрайды. Бұл бүгінгі күнгі жағдайдағы маркетингтің маңыздылығын көрсетеді. Әлбетте өндіруші тек аса қажет жағдайда ғана мұндай шығыс шығаратынын ескеруіміз керек: ол (өндірущі) нарықтан өз орнын алып, бәсекелестік күресте басқаларына төтеп беруі тиіс.

70-шы жылдары күшейген банк жүйесіндегі бәсекелестік стратегиялық жоспарлаудың және маркетинг принциптерін пайдаланудың объективті қажеттілігін тудырды.

Бәселестіктің күшеюіне әлем экономикасындағы белгілі бір тенденцияның дамуы себеп болды. Оның негізгілері:

  1. Банк институттарының интернационалдануы. Олардың аса ауқымды өсу мүмкіндіктері мен дамуы банктердің көп ұлтты сипатқа ие болуына, олардың шетелдік нарықтарға шығуына әкелді. Бұл өз кезегінде әлі күнге дейін ұлттық аяда қалған көптеген проблемаларға интернационалдық сипат берді.
  2. Барлық елдерде банктерге бәсекелес болып табылатын көптеген банктік емес мекемелер пайда болып, дамыды.
  3. Банк индустриясының әртараптануы (жан-жақты дамуы). Банк көрсететін қызмет спектрі ұлғайды әрі ақшалай қаражатты қарызға алудың (мәселен, облигация шығару) банктік емес әдістері дамыды.
  4. Ақпараттық технологияның және коммуникация құралдарының осы заманғы техниканың негізінде (базасында) дамуы қаржылық институттардың аймақтық және ұлттық қызметін кеңейтті.
  5. Банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес институттар арасында қаражат тарту және несие беру бойынша бәсекелестік күшейді. Банктік қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік өнеркәсіптегі бәсекелестікке қарағанда кешірек (кейін) пайда болса да, банк жүйесіндегі бәсекелестіктің формалары мен қарқындылығы, ішінара алғанда басқа салаларға тән кіру барьерінің (мысалы, патенттік қорғау) болмауынан әр түрлі әрі жоғары.
  6. Мемлекеттік реттеумен байланысты банктік қызмет көрсету нарығында бағалық бәсекелестікке шектеу қойылған, сондай-ақ процент мөлшерінің белгілі бір шектен аса алмауы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Егер банк процент мөлшерін жоғары белгілейтін болса, пайда ала алмай қалады. Бірінші планға банк өнімінің сапасын басқару және оны нарықта жылжыту проблемасы шығарылады.

Әрине, бұл тек банктік қызмет көрсету нарығының және ондағы банк маркетингісін белсенді дамытуға банктерді мәжбүрлейтін бәсекелестіктің жалпы даму заңдылығы ғана.

Осы тенденциялардың дамуы нәтижесінде қаржылық қызмет көрсетулер мен өнімдер бүкіл әлемде біркелкі тұрпатқа (типке) айналды. Осының салдарынан банктің өз араларында және басқа несие институттарының арасында бәсекелестік күрес айтарлықтай күшейді. Бәсекелестіктің күшеюі банктердің пайдасын кемітті. Банктер нарықтағы өз позициясын сақтап қалуы үшін әрі жаңа позицияны жаулап алуы үшін өздері жүргізіп отырған несие саясатын тұрақты түрде ырықтандырып отыруға және осыған орай қатердің көбісін өз мойындарына алуға мәжбүр. Қатердің көбеюі де коммерциялық банк табысының азаюына өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты банктер маркетинг стратегиясың жасауға, жаңа қызмет түрлерін игеруге, әрбір клиент үшін күресуге ұмтылады.

Әрине, банктер маркетингтің көптеген тұжырымдамалық принциптерін өнеркәсіптен алды, өйткені, маркетингтің негізгі мақсаты, міндеттері, әдістері және тәсілдері нарық жағдайында жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде бірдей, яғни, бір-біріне ұқсас, сәйкес болып келеді.

Сонымен бірге банк өнімінің, яғни банк орындайтын кез келген операция мен кез келген қызмет көрсетудің өзіндік ерекшелігіне сәйкес айырмашылықтар болады. Осы өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, банк маркетингісіне анықтама берейік.

Банк маркетингісі — бұл клиентураның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы нарықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі.

Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту, өз қызметтерін өткізудің салаларын ұлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі таңда банктің әрбір басшысы мен әр маманы маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметгерді өткізетін сатушыға айналуы қажет.

Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға және осы базада (негізде) банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттерді тартуға, банктің қызмет көрсету салаларын ұлғайтуға септігін тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.

Банк саласында салымшылардың санын арттыруды ғана көздемейтін, сонымен бірге қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жақсартып отыруды мақсат тұтатын біріктірілген маркетинг (интегрированный маркетинг) басымдыққа ие болып келеді. Банк саласындағы маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: Коммерциялық банктер салымшылардың қаражатын тартуға ғана мүдделі емес, сонымен қатар олар тартылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т.б. несиелеу арқылы белсенді пайдалануға да мүдделілік танытады. Бұл маркетингті коммерциялық банктердің салымшылармен қатынасында және несие салымында кешенді түрде дамытудың қажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың мақсаттары әр түрлі: біріншісі - банкке клиентті салымшы ретінде тарту; екіншісі - банк үшін ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланатын салаларға несие ресурстарын бағыттау.

Банк маркетингісі түпкі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға - табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты ұғымды пайдалануға бағытталады.

Бүгінде маркетинг - бұл тиянақты дайындауды, терең әрі жан-жақты талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің белсенді жұмысын қажет ететін банктің стратегиясы мен философиясы.

Банктер ең алдымен өз өніміне емес, клиенттердің нақты қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүге-шегесіне дейін зерделеп, клиенттердің банк қызметіне қатысты өзгеріп отыратын талғамдарын және олардың қандай қызмет түріне артықшылық беретінін талдау қажет. Әр клиентке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын анықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете білу керек.

Банктің маркетингілік қызметін жүзеге асыруға қажетті жалпы принциптері мынадай:

  1. Нақты нарықтық мақсатқа - барлық банк жұмыскерлерінің қозғалыстағы еңбек мотивіне қол жеткізу.
  2. Маркетинг - бұл кешенді міндеті бар жүйе (жоспарлау талдау, реттеу және бақылау).
  3. Маркетингті ағымдағы кезеңге де, алдағы кезеңге де және бір-бірімен өзара байланыстырып жоспарлау.
  4. Маркетингті нақты іс жүзіне асырудың негізіне қабылданған маркетингілік шешімдерді тұрақты түрде бақылау жатады.
  1. Маркетингтің сәтті болуы әрбір жұмыскердің бастамасын және белсенділігін тұрақгы түрде ынталандырып, олардың біліктілігін арттырып отыруға байланысты.
  1. Маркетингті ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастырғанда ғана сәтті жүзеге асыруға болады.

Банк маркетингісінің негізгі мақсаттары:

  1. Сұранысты тудыру әрі ынталандыру.
  2. Жұмыс жоспарларын және қабылданатын шешімдерді негіздеу.
  3. Көрсетілетін қызметтің ауқымын ұлғайту.
  4. Банк табысын барынша арттыру және нарықтық үлесті көбейту.

Әлеуметтік фактордың рөлі артқан бүгінгі жағдайда маркетинг банк жұмыскерінің жаңашыл ойын және мақсатты бағыты бар әлеуметтік саясатты нақты техникалық тәсілдермен ұштастыратын құрал ретінде түсіндірілетін болды.

Жаңа тәсілдеменің негізінде «Барлығы клиент үшін» дейтін принцип жатыр. Банк клиенттің айтылған пайданы алуына жауапты. Басымдықтардың ішінде: ең алдымен - клиент пайдасы, содан кейін - банк мүддесі. Клиентке бағдарлану - жетістікке жеткізетін басты фактор.

Банктегі маркетингтің негізгі міндеттері:

  1. Қаржы нарығында орын алып жататын ұдайы өзгерістер жағдайында банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
  2. Көрсетілетін қызметтің ауқымы, кұрылымы және сапасы бойынша клиенттің талап-тілегін барынша қанағаттандыру арқылы онымен тұрақты қатынасты қалыптастыру.
  3. Банктің коммерциялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік проблемаларын олардың кешенінде және өзара байланыстырып шешу.
  4. Несиегерлермен әрі салымшылармен ынтымақтастық құрудың және банк имиджін жасаудың маңызды шарты ретінде банк өтімділігін қамтамасыз ету.

Бұл міндеттер сәтті шешімін табатын болса банктің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жақсарады.

Маркетингілік қызметті ұйымдастырудың негізгі элементтері:

  1. Нарықтың жағдайын және оның даму келешегін кешенді түрде зерделеу арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерге сатып алушының әлеуетті сұранысын жедел әрі шынайы анықтау.
  2. Өнімнің жаңа үлгілерін жасау бойынша ғылыми-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ тұтынушылардың көптеген талап-тілегін қанағаттандыратын тиісті қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру.
  3. Өндірісті және қаржыландыруды үйлестіру әрі жоспарлау.
  4. Өнімді өткізудің және бөлудің оңтайлы жүйелерін құру әрі жетілдіру.
  5. Барлық қызметті өткізуді ұлғайту шараларының аясында өзгерген жағдайларға сәйкес жүйелі түрде реттеу әрі түзету.

Маркетингінің құрамдық  элементтері мен әр түрлі шараларында оның бірнеше түрі болады.

Банк маркетингісінің тәсілдері:

  • клиенттермен тіл табысу;
  • акционерлерге дивидендтерді және пайдалы қызметті қамтамасыз ету;
  • өзге несиелік және банктік емес мекемелердің өнімдерімен салыстырғанда банк қызметін пайдалану барысында клиенттерге артықшылықтар тудыру;
  • банк жұмыскерін қызмет көрсетулерді өткізуге материалдық тұрғыдан мүдделі етіп қою.

Клиентпен тіл табысу аясында банк маркетингісі белсенді маркетингке және бәсең маркетингке айналады. Белсенді банк маркетингісі мыналарды:

  • тікелей маркетингті, яғни, поштаны, телефонды және теледидарды пайдаланатын белсенді жарнаманы;
  • халықтың арасында, оның ішінде, көшеде сауалдама жүргізуді;
  • әлеуетті клиентпен жеке тіл табысуды, оның қажеттілігін зерделеуді, оның ішінде, оның қажетгілігін банк жұмысының процесінде зерделеуді;
  • жекелеген маркетингілік проблеманы талқылау үшін банкұйымдастыратын пікірталас клубына ұқсас клубты білдіретін «фокус-групп» құруды қамтиды.

Бәсең маркетинг — банктің қызметі мен жағдайы, оның қызмет пайдасы туралы материалдардың баспасөзде жариялануы. Нарықтағы өз орнын нығайтқысы келетін банктер маркетингтің осы екі тәсілін пайдалануы керек.

Қазіргі заманғы банк іс-тәжірибесінде, әсіресе клиентке дербес қызмет көрсетуге айрықша көңіл бөлінеді. Тікелей маркетинг бағдарламасының негізгі мақсатына бұл келешегі зор, яғни, перспективалық клиентке көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беріп қана қоймай, оны дереу әрекетке жетелеу жатады.

Тікелей маркетинг жүзеге асырылғанда клиентке дербес қызмет көрсетуге айрықша көңіл бөлінеді. Бұл маркетинг тәсілі клиенттер үшін жаңа қажеттіліктерді тудыруға бағытталған, өйткені буклеттерді және басқа да жарнамалық ақпараттарды жөнелту, сондай-ақ телебағдарламаларға хабарламаларды қосу үшін тікелей маркетинг объктілерінің мекенжайы банк картотекаларының негізінде жасалады.

«Фокус-тобына» кеңірек тоқталу қажет. Ол клиентпен жеке қатынасқа құрылған маркетинг әдісін дамытудың маңызды факторы болып табылады. «Фокус-топ» клиенттің талап-тілегін анықтауға бағытталған әрі белгілі бір проблематика бойынша өткізіледі.

Атауынан көрініп тұрғандай, топтың назары бір тақырыпқа ауады және шоғырланады. «Фокус-топ» банктің 8—10 клиентінен жасақталады. Талқыланған проблема күрделі болған жағдайда топқа банк сарапшысы кіреді. Пікірталасты төреші басқарады. Ол (төреші) мамандығы бойынша маркетинг саласындағы психолог, зерттеуші болуы мүмкін.

Төреші топқа банк қызметінің жаңа өнімі бойынша іскерлік жоспарды, назар аударылған тақырып бойынша зерттеудің нәтижесін қамтитын, талқылауға арналған негізгі материалдарды береді. «Фокус-топ», мысалы, жаңа қызмет түріне нарықтық сұранысты қалай анықтауды, оны зерделеудің әдістерін, жаңа өнімді ұсынудың қаншалықты мақсатқа лайықты болатынын, оны нарықта жылжытудың шартын, жарнамалау тәсілін, оған клиентураның қалай қарайтынын жэне т.б. талқылайды. Проблемаларды талқылау бойынша пірікталастың нәтижесі оны калай шешуді болжап береді. Маркетинг бойынша мамандардың одан ары жұмыстарын жалғастыруына қажетті материалдарға пікірталастың магнитофондық және бейне жазба (видеозапись) түрлері жатады.

Банк жұмысы туралы қоғамның пікірін білу үшін «имидж ревизиясы» немесе оны тұтынушының көзінше бағалау әдісі қолданылады. Ревизия көпшілікке сауалнама жүргізу арқылы және сегментті түрде жүзеге асырылады. Көшедегі жүргіншілерден қысқа сұхбат алынады. «Имидж ревизиясының» басты мақсаты -жарнамаға кеткен шығыстардың ақталғанын немесе ақталмағанын анықтау.

Коммерциялық банктер өз өнімдерін нарықта жылжытудың жаңа әдістерін әзірледі. Сатуға колайлы жағдай тудыру бойынша бағдарламаның қаншалықты сәтті жүзеге асырылғанын бағалауда бірқатар жалпылама көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен, бұл дербес банк бөлімшесінің қызметкерлерін қамтитын «пайда орталығының» банкте болуы. Әрбір мұндай орталық сатуды дамыту бойынша өзіндік бағдарламаларын әзірлейді. Маркетингілік бағалау істелінген жұмысты аяқтайды.

Банк маркетингісінің құрамдық бөліктері:

  1. Нарықты тануға қажетті ақпараттарды алу (жинау);
  • Тауарларды зерделеу және оның бағаларын анықтау (тауар-баға);
  • Көрсетілетін қызметтерді өткізуді ұйымдастыру. Ақпаратты алу (жинау) мақсатына коммерциялық банктің нақты (игерілген) әрі әлеуетті нарығын анықтау, оның қажеттіліктер мен алдан күткендерін зерделеу жатады. Нарық сипаттамасы үшін банкке тиесілі жалпы үлес, оның ішінде, қарыздар мен депозиттердің үлесі және жекелеген қызмет көрсету түрлері нарығының үлесі анықталады әрі коммерциялық банк нарығы өзге де бәсекелесуші бір тұрпаттағы несие мекемелерінің нарығымен салыстырылады. Нарықты детальды түрде зерделеуде оның сегментациясының маңызы зор.

Банктік қызмет көрсету нарығын және оның әлеуетті тұтынушыларын зерделеу үшін банктер тұрпаттандыру және сегменттеу секілді өнеркәсіп маркетингісінің дәстүрлі тәсілдерін пайдаланады.

Тұрпаттандыру тұтынушылардың тобын әлеуметтік сипаттамаларына қарай, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және демографиялық факторлар бойынша анықтауды ұйғарады. Тұрпаттандырудың құралы ретінде сараланған табыс және тұтыну балансысының талдауы, жинақтамалық зерттеуі пайдаланылады.

Нарықтық сегменттеу нарықты тұтынушалар сұранысының өзіндік ерекшелігімен де, ұсыныстың өзіндік ерекшелігімен де сипатталатын жекелеген учаскілерге бөлуді ұйғарады .

Сегменттеудегі мақсатжекелеген тұтынушы тобының көрсетілетін нақты қызмет түріне қатынасын анықтау. Банктер нарықты сегменттерге бөлу арқылы көрсетілетін қызметке қатысты ұсынысты тұтынушыларға және әлеуетті нарықтарға сәйкес реттеуге әрі ұзақ мерзімді нарықтық стратегияны әзірлеуге мүмкіндік алады.

Банктер нарықты екі принцип бойынша сегменттейді:

- өнімдікке (несиелік қызмет көрсету нарығы, операциялық қызмет көрсету нарығы, инвестициялық қызмет көрсету нарығы, сенімгерлікпен қызмет көрсету нарығы);

- клиенттікке (жылжымайтын мүліктің меншік иелері, корпорациялар, үкіметтік нарық, сенімгерлікпен қызмет көрсету бөлімінің клиенттері).

Нарықтың жекелеген сегментін бөліп алудың мағынасы: банк өзінің күш-жігерін бүкіл нарыққа жұмсамай, белгілі бір сегментке ғана бағдарланады.

Тұрпаты бір қызмет көрсетулерге сұранысы бар әрі олардың ақысын төлеуге дайын клиент топтары, әдетте, нарық сегменті, деп аталады. Банктер нарықты сегменттей отырып, мынадай алғышарттарға сүйенеді:

  • нарық сегменті айтарлықтай нақты кескінге ие болуы керек;

әр түрлі сегмент туралы жиналған ақпарат оларды талдауға әрі бағалауға жеткілікті болуы тиіс;

  • алынған сегмент банкке біршама пайда әкелетіндей болуы қажет;
  • іріктелген сегменттерде банктің қызмет көрсетулерді жылжытуға қажетті арналары және жарнамасы болады және т.б.

Нарықты сегменттеу - банктік қызмет көрсетудің үлкен іс-тәжірибесін және білімін қажет ететін күрделі әрі еңбек сыйымдылығы бар процесс. Сегменттеудегі мақсат - қандай да бір тұтынушылардың тобын белгілі бір нарыққа бөліп қана қоймай, сонымен бірге, банктің осы қызмет түріне әр түрлі талап қоя алатын тұгынушылар мен пайдаланушыларды іздеп табу.

Нарықты сегментгеу банктік қызмет көрсетулерді жылжыту ісінде ешқандай нәтиже бермейтін тұтынушылар тобының, әдеттегі, логикалық және статистикалық талдауына айналмауы керек.

Сегменттеу - бір жолғы емес, тұрақты процесс, өйткені нарықтағы жағдай, тұтыну және тұтынушылардың әдеттері, сондай-ақ банктік қызмет көрсетулердің жиыны өзгеріп отырады.

Маркетологтар әдетте сегменттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оның бірнеше белгілерін бөліп көрсетеді.

Нарықты сегменттеудің негізіне банктік қызмет көрсету сипаты (несиелік, операциялық, инвестициялық, басқадайлары), клиентуралық белгі (заңды және жеке тұлғалар, корпорация, корреспондент-банктер, үкімет) жатады.

Сонымен қатар, географиялық, демографиялық, психомәдени және мінез-құлықтық (бағыттық) сегменттеулер де пайдаланылады.

Кәсіпорын нарығын сегменттеу барысында кәсіпорынның ауқымы, қызмет саласы, онда жұмыс істейтін жұмысшылардың саны, басшының деңгейі және сұраныс сипаты (бастапқы немесе қайталама) ескеріледі.

Географиялық сегменттеудің бірлігі ретінде елдер, аумақты географиялық учаскілер, экономикалық аудандар, қалалардың ықшам аудандары алға шығады. Банк ең алдымен жуық нарықты зерделейді. Географиялық сегменттеу кәсіпорындар мен жеке тұлғалар нарығын зерделеуде қолданылады.

Демографиялық сегменттеу жеке тұлғалар нарығымен байланысты. Бұл сегменттеу халықты әлеуметтік-кәсіби жағынан (жер шаруашылығымен айналысушыларға, жұмысшыларға, қызметкерлерге, еркін кәсіп иелеріне, дәрігерлерге, сәулетшілерге заңгерлерге және жеке іспен айналысатын өзге де тұлғаларға персоналға қызмет ететін жоғары және орта буын басшыларына) бөлуге, сондай-ақ жасына, жынысына, отбасы жағдайына, табысына, білім деңгейіне қарай бөлуге негізделеді. Банк мүдделілік танытқан халық тобын бөліп алады да, олармен салым ақшаны барынша көп тарту үшін, несиені ұтымды орналастыру үшін және т.б. үшін жұмыс істейді.

Демографиялық сегменттеудің кұнды қағаздар нарығын дамытуда маңызы зор, өйткені, бұл жағдайдағы коммерциялық банктің негізгі салымшыларына халық жатады.

Психомәдени сегменттеу жеке тұлғаның банк көрсететін белгілі бір қызметке катысты мінез-құлқын ескереді. Ол тұлғаның жеке ерекшеліктеріне және әлеуметтік жағдайына тәуелді болады. Бұл арада тұрақты белгілер халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарын біріктіреді.

Мінез-құлықтың сегменттеу банк клиентінің досьесін - банк арқылы өткен шот пен операция жағдайын зерделеу негізінде жүзеге асырылады. Халықты француздық банктер мінез-құлқы бойынша былайша жіктейді:

  1. Бүгінгі күнмен өмір сүретін, яғни ертеңгі күнін ойламайтын адамдар.
  2. Авантюристер.
  3. Пайдаланушылар, яғни, мінез кұлықтарында бәсеңдік танытатын, алайда материалдық құндылықтарға құрметпен қарайтын реалистер.
  4. Оқиға ортасында жүруді қалайтындар.

Нарық жағдайы туралы ақпараттарды зерделеудің негізінде коммерциялық банктер өз стратегиясын жасайды. Бұл стратегиялар әр түрлі болуы ықтимал:

  • игерілген қызметтерді өзінің ескі клиенттеріне сату;
  • ену (кіру) стратегиясы (бұрынғы қызметтерді жаңа клиентке ескі нарықта сату);
  • даму стратегиясы (ескі қызметтерді жаңа нарықта сату);
  • жаңа қызметтерді өткізу стратегиясы (жаңа қызметтерді игерілген ескі нарықта сату),
  • әртараптандыру (жан-жақты дамыту) стратегиясы (жаңа қызметтерді жаңа нарықта сату). Бұл стратегия тұрпаты банк үшін ең тәуекелдік деңгейі жоғары тұрпат болып табылады.

Банк маркетингісінің екінші құрамдық бөлігі (тауарды зерделеу және оның бағасын анықтау (тауар - баға)) көрсетілетін қызметтердің сипатын және олардың бағасын зерделеуді ұйғарады. Бағаны анықтау үшін көрсетілетін банк қызметінің түріне қарай өзіндік ерекшелігі бар олардың нарықтағы қалыптасу заңдылығын білу керек.

Маркетингтің үшінші бөлімінде (қызметтерді өткізуді ұйымдастыру) банк көрсетілетін қызметтерді өткізудің шарттарын зерделеуге бағдарланады. Оның қатарына банктің бөлімдері мен филиалдарын орналастыру туралы дұрыс шешім қабылдау, несие мекемесінің тұрпатын таңдау, банктің ішкі құрылымы, персоналдың міндеттері және т.б. жатады.

Банктің маркетинг стратегиясы, нарықтағы жетістік, маркетингтің үлкен жетістігі ахуалды жүйелі түрде ұғуға, банктің күш-жігерін нақты үйлестіруге, мақсаттар мен міндеттерді дәл белгілеуге және жетістіктерді бағалаудың ең жетілген әдістерін пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық жоспардың сапасымен анықталады.

Маркетинг стратегиясы кез келген банк үшін стратегиялық жоспардың негізгі элементі болуы тиіс. Банктің маркетингілік стратегияны әзірлеудегі нақты жұмысының негізгі кезеңдері қандай?

Бұл саладағы жоспарлау банктің күшті және әлсіз жақтарын, банк өз қызметінде алдағы 3-5 жыл ішінде кездестіруі мүмкін қолайлы және жағымсыз факторларды детальды түрде талдай алатын экономикалық болжау бойынша тәжірибелі мамандарды жасақтаудан басталады. Бұл арада банк жұмыс істейтін орта мен жағдай тиянақты талданатын болады. Саяси және экономикалық факторлардың ықтимал ықпалы, банк зандарының ықтимал өзгерістері, технологиялық және әлеуметтік факторлар қарастырылады.

Сонымен катар соңғы 2-3 жыл ішіндегі банк қызметінің пайдасы, активтегі табысы, операциялардың өскен мөлшері, басқа банктермен салыстырғандағы банкаралық нарықтағы позициясы, төленген дивңдендтердің мөлшері, жұмыскерлердің саны мен кәсіби дайындық деңгейі және өзге де шешуші көрсеткіштері параллельді түрде талданады.

Бұл материалдар 3-5 жылдан кейін қайталануы мүмкін ағымдағы ахуал мен банктің жағдайыи сипаттайтын құжаттың негізін құрайды.

Стратегиялық міндеттерді анықтағаннан кейін топ банктің ағымдағы жағдайынан алға қойылған мақсатына жылжудың желісін қалыптастырады. Банк басқармасының қарауына және бекітуіне ұсынылатын баяндама жасалады. Міндеттердің бекітілуі мен оның көрініс табуы жыл сайынғы нақты сандық көрсеткіштерде түрленіп отырады.

Маркетинг стратегиясын банк мақсатына маркетинг құралы арқылы қол жеткізудің ең жақсы жолы ретінде анықтауға болады. Маркетинг стратегиясының сәтті жүзеге асуы мынадай факторларға байланысты:

  • банктің ұйымдық құрылымыңда банк бизнесінің, маркетингтің жаңа формаларын әзірлеумен айналысатын стратегиялық тұрғыдан дамытудың арнайы тобын құру;
  • стратегиялық жобаларды жүзеге асырушы жұмыскерлерді ынталандыратын арнайы жүйені ұйымдастыру;
  • стратегиялық жоспарлаудың артықшылықтарына банк басшылығын иландыру, яғни стратегиялық жоспарда қарастырылатын міндеттердің басшылықтарына банк басшылығының мүдделілік деңгейін көтеру;
  • банктің стратегиялық жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру қызметіне барлық деңгейдегі басшыларды тарту;
  • стратегиялық жоспарлы бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы, яғни қалайша орындалып жатқаны жөнінде оған жауапты барлық тұлғалар үшін ақпарат жүйесін ұйымдастыру;
  • нақты бақылау жүйесін қалыптастыру.

БАНК ІСІНДЕГІ БӘСЕКЕ

Әдетте бәсеке деп белгілі бір нарықтағы заңды тұлғалар арасындағы қарсылықтықты айтады. Теориға сәйкес ол – қарсыластың сол нарықтағы сатып алушылар мен сатушлардың санына, сондай – ақ олардың операцияларының ауқымына байланысты анықталады. Егер де біз банктік бәсеке туралы айтсақ, онда оның еркін нарықтағы бірқатар белгілерін қарастыруға болады.

Бірінші белгісі – капиталдар нарығында қаржылай қызмет көрсететін көптеген қаржылық институттардың болуы.

Екіші белгісі - әрбір нарыққа қатысушыларда толық ақпарыттар көлемінің болуы. Онсыз ол әрекетін дұрыс таңдай алмайды.

Үшінші белгісі – барлық қатысушылардың нарыққа шығарылатын қаржылық өнімдерінің (депозиттер, несиелер және басқа да қызметтер)  бырыңғайлығы.

Төртінші белгісі – ешбір қатысушы басқа қатысушылардың қабылдаған шешімдеріне ықпал ете алмайды. Бәсекелестік кез келген істе керек және ол еркін нарықта тиімді. Бәсекелестік бар жерде кез келген қызмет тиімді болады, өнімге немесе қызметке деген баға төмен және тұтынушыларға тиімді. Осыған байланысты банктік капиталы неғұрлым мол шоғырланған ақша нарығындағы қарыздар бойынша пайыздар, аз шоғырланған нарыққа қарағанда жоғары болуы тиіс, сөйтіп тиісінше банктің табысы да соғұрлым жоғары болады деген қорытынды туады. Әйтсе де, банк ісіндегі бәсекелестікті зерттеу нәтижесі мұндай болжамдардың болу мүмкіндігін сөзсіз құптамайды.

Зерттеулердің біреуі банктердің көп болған сайын пайыз деңнейі соған сәйкес төмендейтінін көрсетсе, басқалары – керісінше, яғни банктердің шоғырлануымен несие үшін пайыздық мөлшерлеме деңгейі арасындағы байланыс әлсіз екенін көрсетеді.

Тәжірибеде ірі банктер майдаларға қарағанда жинақ салымдары бойынша жоғарырақ пайыз төлейді, қарыз бойынша төменірек пайыз алады.

Ірі банктердің ірі клиенттерге қарыз беруі кішігірім банктердің ұсақ – түйек қарыз берулеріне қарағанда азырақ тәуекелге барып, әрі елеусіз шығындар жұмсауымен байланысты болады. Сонымен қатар, ірі банктерде мерзімді салымдардың салмақты бөлігі  ірі депозиттік сертификат нысанында болып табылады, олар бойынша басқарушылық шығындар көлемі шамалы және салыстырмалы түрде жоғары пайыздар төлейді. Ірі банктер ынталылырақ болады және олар банк қызметінің жаңа салаларында жаңашылдар болып шығады өз активтерінің көп бөлігін несиелік операцияларға бағаттайды.

Әлемдік банктік индустрия 60 – жылдаржың соңынан бастап біршама өзгерістерді басынан өткізді. 70 – 80 жылдары белсенділік көрсеткен бәсекелестік бірқатар фактоарлармен шарттастырылады.

Біріншіден, банктік индустрия интернационалдану тенденциясына ие болды. Бұл шетелдік бәсесекелестік нарықтарға өзара енуіне әкелді, нәтижесінде жалпы нарықта ерекше көрінген ақшалай банктермен болады. Осында пайда болған шетелдік банктер жаңа банктік қызметтер, жаңа мәдениет т.б. тәрізді клиенттердің сұраныстардың қанағаттандыруға қатысы қызметтердің түрлерін өздерімен бірге ала келді.

Екіншіден, салымдардың салықтық жүйесін өзгертетін дәстүрлі капиталдардың жаңа нарықтары ашылды. Бануктердің пассивтерінің үлкен бөлігі дамып келе жатқан банкаралық нарық, бағалы қағаздардың әр түрлерін шығару мен сатудың және сол сияқтылардың арқасында басқа банктердің қаражаттары есебіне құрыла бастады.

Үшішіден, банктік индустрия оны банктік заңылықтар тарапынан тежеуге қарамастан көптеген елдерде диверсификациялана бастады. Банктер – банкткік емес операциялар сферасына еніп, маңызы боынша әмбебап несиелік мекемелер болды. Банктедің бөлек типтері арасындағы шекараның қойылуы – банктер арасында ақпал ету сферасы үшін бәсекелестікті нығайтты.

Төртіншіден, өткір бәсекелестіктің көрінісінің бірі болып ақша нарығына жұмыс істеп қаржылық мекелердің акцияларын құру, не сатып алу жолымен өзіне жаңа несиелік және есеп айырушылық, инвестициялық, т.б. операцияларды игерген банктік емес қаржылық – несиелік  мекемелер мен ірі қаржылық корплрацяладың басып кіруін атауға болады.

Бесіншіден, бәсекелестік банктік қызметтегі жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша да өсе түсті. Жинақ және қарыдық банктердің ынтасы бойынша жүргізілетін салымшылардың қаражаттарын тиімді тарту олардың коммерцичлық банктермен бәсекелетігін шиеленітіре түсті. Олар салымшылардан жауап алу ушін халық қолма – қол бөшекті қаржылық қызметтері әлде қайда кеңейтті, олардың сапасын жоғардатты – бүл дегеніміз тұлғалық займдар, несиелік қаржыландру, сақтандыру алғашқы және қайталанбалы кепілге салулармен операциялар, т.б. Көптеген банктердің депозиттік қоймасының негізін, олар үшін басқа қаржылық институттармен қатал күрес жүріп жатқан клиенттердің аз табысты контингенті құрайды.

Сонымен, қазіргі кезде банктік индустрия көбірек бәсекелестік қабілетті болды.

Әр түрлі қаржылық институттар арасындағы болған дәстүрлі ерекшеліктер тез өшірілуде. Бәсекелестерді көбі өз қызметін ұлттық шекара шеңберінен тыс жерлерге таратып глобальді көлімде қызмет ете алды. Бұдан басқа заң жағынан қойылатын шектеулермен ұсталынбайтын көптеген нарық субьектілері  пайда болды, бұл бұларға бәсекелестік күресте сөзсіз артықшылық берді.

Бізді елде банктік жүйедегі өткір бәсекелестік туралы айтуәлі ерте. Бізде банктер саны көп, бірақ олар әлі де бәсекелестікке қабілетсіз.

ТҮЙІН

  1. Коммерциялық банктердің керемет мүмкіндігімен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама – ақшаларды құру мен жою болп табылады. Ақшаны құру несиелік жүйенің икемделігімен іске асады. Өзінің дипозиттік және несиелік операцияларымен бос уақытша бос ақша қаражаттарын шоғыландырып, оларды несие түрінде, сонымен, олар халық шаруашылығын ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен  қаражаттарын құрайды. Сонымен қатар, банктер өз қызметі үрдісіне ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиентті банктегі өз шотынан қолма – қол түрде ақша алғанда және несиені өз шотынан ақшаны аудару арқылы өтелген кезде болады.
  2. Банктік орындайтын операцияларының экономикалық мазмұны мен көлемі – банкті ұйымдастырушық жағын құрудың негізгі критерийі болып табылады.
  3. Банктің негізгі қызметтері: уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру, экокомикамен тұрғындарды несиелендіру, қолма – қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру мен жүргізу, инвестицялық қызмет пен басқада қаржылық қызметтер.
  4. Банктердің ақша қаражаттарын оларды табысты орналасыру мақсатында салымдарға тарту жұмыстары депозиттік (пассивтік)  операциялар деп аталады.
  5. Экономика мен тұрғындарды несиелендіру – банктік қызметтің ерекше облысына және банктердің активтік операцияларына жатады. Осыған байланысты банктер несиелік институттарға жатады.

Несилік операциялар – бұл несие беруші мен несие алушының арасында біріншінің екіншіге ақша қаражаттарын төлемділік, мерзімділік және қайтарылымдылық шартымен беруі  бойынша қарым – қатынасы.

  1. Несиенің екі нысаны: ақшалай және тайаурлық, тиеісінше, несиелендірідің – тікелей және жанама коммерциялық екі түрі бар.
  2. Несиенің негізгі принціптері: мерзімділік, төлемділік және қамтамасыз ету болып табылады. Несиені қамьамасыз етудің басты түрлеріне: кепіл болу, кепілдеме, бағалы қағаздар, тауар және басқадай мүліктердің кепілі және қозғалмайтын мүлік құжаттары жатады.
  3. Қарыздар мерзімі бойынша: қысқа, орта және ұзақ мерзімді болады; төтенше жағдайларға қжет – перманетті, құрылыстық, тұтынушылық несие және кепілхат бексеьді кепілге салу, лизинг арқылы берілетін қарыздар бар.
  4. Қарызды беру қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражат болмаған жағдайда қарыздың мақсаттық бағытына сәйкес ашылатын жекелеген шоттар арқылы тауарлыматериялдық құндылықтар (ТМҚ)  және көрсетілген қызметтер, келісім шартта белгіленген қарыздардың пайдаланылмаған қалдықтарының сомасы шегінде акредетивтер мен чектік кітапшалар ашу үшін жүзеге асырылады.
  5. Қарызды пайдаланғандығы үшін төленетін төлем көлемі (пайыз)  оны пайдалану мерзіміне, қарыз алушының төлем қабілетсіздігі тәуелділігіне, несиелік ресурстар үшін төлеміне абьектінің сипатына, банктердің мөлшерлемелеріне, т.б. факторларға тәуекелі белгіленеді.
  6. Қолма – қолсыз есеп айырыласу – бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысының, яғни шаруашылық органдарының шоттары бойынша оларға төлемдер бойынша міндеттемелерінің орындалу тәртібі жөніндегі ақшалай сомалардың жазбалар түрінде аударылуын сипаттайды. Қолма – қолсыз есеп айырысудың кең етек алуы қолма – қол ақша қозғалысы ауқымын шектеумен айналыс шығындарын азайтуға, шаруашылық мәмілелерді аяқтауға мүмкіндік береді.
  7. Есеп айырысу кезінде келесідей төлем құралдар қолданылады: төлем тапсырма, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер (тапсырмалр).
  8. Есеп айырысу операцияларының арасында негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Чектер мен вексельдің көмегімен жүгізілетін инкассалық операциялар, аккредитивтер көмегімен жүргізілетін есеп айырысу, аударым операциялары.
  9. Инвистиция түсінігінде халық шаруашылығына оны кеңейту мен қайта құру, сондай – ақ табыс табу мақсатында ұзақ мерзімге қаражаттарды салуды тусіну керек.
  10. Бағалы қағаздар сол не басқа қаржылық мәмілесін жасау жәйлі қозғалысы бағалы қағаздар нарығын құрайды.

Банк менеджменті туралы реферат

Жоспар.

  1. Кіріспе
  1. Негізгі бөлім.

2.1 Банк менеджментінің негізгі бағыты

2.2 Менеджердің банктегі қызметі

2.3 Банк маркетингісі

  1. Қорытынды
  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  1. Кіріспе.

Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микродеңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.

Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторларды ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.

Банк операцияларының  келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология  негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы - жақсы білуді, келіссөздер жүргізе  білуді  талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.

Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мең дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.

Мәселен, 1650 жьшы «Минуи» сауда фирмасының бір қызметкері Токиода әмбебап дүкенге ұқсас дүкен ашады. Бұл дүкенде алғаш рет  әр  түрлі тауарлардың сұранысы мен ұсынысы, өтімді тауарлардың өндірісіне тапсырыс туралы ақпараттарды топтастыру, сатьш алушының тауарды қайтып беруіне әрі өз ақшасын қайтарып алуына мүмкіндік беретін кепілдікті мерзімнің болуы, жарнама секілді бірқатар маркетингтің негізгі принциптері пайдаланылды.

  1. Негізгі бөлім.

2.1 Банк менеджментінің негізгі бағыты.

Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға  бөлуге  болады:

1.Бірінші топ банк құзыреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.

2.Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқарумен байланысты.

Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады.

Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың кұрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.

Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерінің келешекте қалайша өзгеретінін анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылықтарды бөліп алудың жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.

  1. Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесінде бір-тұтас  екі  міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің  салдарынан қалыптасатын  ахуалдың иегізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк  жұмысының пайдалы-лығын  қамтамасыз  ету.

Әр алуан активтердің банкке әркелкі  пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді  қаражат  салымының  мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңде банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен қатар  пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық-математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.

  1. Пассивтерді басқару менеджменттің дербес бағытын білдіреді. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:
  • міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуына жол бермеу;
  • банк өз клиегатерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіру;
  • банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.

Осы міндеттердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозиттік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуы ақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция айналымының тұрақтылығын қажет етеді.

Менеджмент міндеттері:

L Өзіндік банк қаражатын басқару оның өтімділігі мен төлем қабілетілігін қамтамасыз етуде айрықша маңыды орын алады. Банктің активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігі пайда болады,

Өзіндік банк капиталын басқару оның жеткіліктілігінің, сондай-ақ осы жеткіліктілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді таңдаудың өлшемдерін негіздеуді қажет етеді. Өзіндік банк капиталын басқарудың тиімді құралына банк шығарған акция бойынша дивидендтер саласындағы саясат жатады. Дивидендтердің артуы акция бағасын өсіреді және осыған орай қосымша акцияларды сагудың, езіндік капитал өсуінің ықтималдығын тудырады.

  1. Банк. жұмысының пайдалылығын басқару оның кірістері мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шекті шығыңдарын және несиелеу мен инвестициядан түсетін шекті табысын, қаржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз етілуін, ысырап қатерін бақылауды қажет етеді. Банк алатын пайданың шамасына әеерін тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық операциялардың арту себебіне, күмәнді және залалды операциялардың талдауына айрықша назар аударылады.
  2. Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді басқаруға тәуекелдік-менеджменті жатады.

Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады: несиенің  және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай  қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай қалу қатері, пайданың  алынбай  қалу  қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б.

Тәуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет. Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:

  • қауіп-қатер пайда болуының ықтимал жағдайын көре білу;
  • болжалды зиянның ауқымын бағалау;
  • ескертудің тәсілін немесе оның орнын толтырағын көзді  табу.

Қауіп-қатерді (тэуекелдікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын болжауға, ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын ала негіздеуге қүрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Қагерлерді басқару проблемасы банк қызметін ұйымдастырумен, жауапкершілік жүйесімен және банк жұмыскерін еңбекке экономикалық тұрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты.

Шетелдік іс-тәжірибеде жекелеген  несие операциясын орындау кезінде негізі жоқ шешім қабылдау қатерін кеміту үшін құзыреттілікті шектеу принципі пайдаланылады. Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу туралы шешім қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары операцияларды орындамайды. Мүны көбінесе басқарудың ұжымдық органы орындайды.

4, Менеджмент мазмұны сонымен қатар еңбек ұжымы әзірлейтін басқару тұжырымдамасын да қамтиды.

Шетелдік іс-тәжірибеде менеджменттің екі үлгісі бар:

  • жапондық үлгісі банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол жеткізуде ұжымның атқарған рөлін тануға (мойындауға) негізделеді;
  • американдық үлгі бүкіл ұжым қызметінде шешуші рөл ойнайтын тұлғаға бағдарланады.

Осы бастапқы екі идеяға қарай шешім қабылдауды, қызметкерлердің жауапкершілігің бақылауды, басшылардың бағы-ныштылармен қатынасьш, еңбекақы жүйесін, басқару сапасын бағалауды, менеджерлерді дайындауды және т.б. қамтитын басқарудың бүкіл жүйесі құрылады.

¥жымды басқарудағы басты міндет — менеджер әрбір қызметкердің бойындағы әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды терең ойлауға үйретуі қажет.

Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеу мынаны көрсетіп берді: қаржылық қатынастағы жетістіктің 85%-і менеджердің әріптестерімен тіл табыса білу қабілетіне, яғни оның жеке басының қасиетімен әрі адамдарды басқара білуімен байланысты.

¥жымды басқаруда менеджер білуі тиіс үш фактордың орны ерекше:

  • ұжым жүмысын ұйымдастыра білу;
  • әр қызметкермен тіл табыса білу;
  • ұжым алдына қойылған міндеттерді шешу үшін әр қыз-меткерге ықпал етудің тәсілін таба білу.

2.2 Менеджердің банктегі қызметі.

Менеджердің ұжым еңбегін ұйымдастыра білуі міндеттерді ұжым мүшелеріне жаңылыспай бөліп беру,  нақты тапсырмалар  беру, оларды нақты көрсеткіштермен  (сандық және сапалық),  көрсету, тиісті тапсырманың орындалу уақытын анықтау, ақпаратық базамен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету, міндеттерді мерзімділігі мен маңыздылығына қарай жіктей отырып оларды орындаудың кезегін анықтау қабілеттеріне негізделеді.

Менеджердің әр ұжым мүшесімен тіл табыса білуі біршама дәрежеде оның жеке басының қасиетіне байланысты, ол әр қызметкердің  мінез-құлқын жақсы білуі керек әрі ұжым жұмысының нәтижесі басшы мен бағыныштының ынтымақтасып жұмыс істегендеріне қарай болатынын сезінуі тиіс.

Дамыған елдердің кәсіпорындарында билік орындаушыға (атқарушыға) беріледі. Сондықтан да іскерлік сипатындағы әңгімеде иландыра білудің маңызы жоғары әрі шкірлесушінш мінез-құлқын білген дұрыс.

Бағыныштыға қатысты басшыға  тән мінез-құлық стилінің екі түрі болуы мүмкін:

1) түсіндірмелері болатын директивалық нұсқаудың негізінде;

2) шешім қабылдауда, бастама көтеруде құқықтар беру. Мінез-құлықтың тиісті түрі қызметкердің өз еңбегінің нәтижесін артгырудағы қүзыреттілігі мен мүдделілігінің деңгейлеріне қарай таңдалады.

Францияда осы өлшемдер бойынша басшы мінез-құлқын анықтайтын мамандардың төрт тобы бөліп көрсетіледі:

1) еңбек нәтижесіне құзыретті және мүдделі емес (мінез-құлықтың директивалық-ықыластандырғыш түрін пайдаланады);

2) еңбек нәтижесіне қүзыретті болмаса да мүдделілік танытады (әдетте жас маман (тұрақты басшылықты қажет етеді);

3) құзыретті, алайда, мүдделі емес (мүдделілік жүйесін құру қажет);

4) құзыретті және мүдделі (бастама көтерудің кең ауқымды құқығын білдіреді).

Еңбекке деген ынтасын және энтузиазмын ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл - менеджердің ең жауапты әрі күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі үшін оған (қызметкерге) алғыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осы-ның барлығы менеджерді дайындаудың және қайта дайындаудың арнайы жүйесін қажет етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана қарастырмай, сонымен қатар ұжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік әңгімелесудің өнеріне үйретуі керек.

2.3 Банк маркетингісі.

Экономиканың, социологияның және басқарудың түйіскен жерінде дербес ғылым ретінде болатын маркетиштің теориялық негіздерін американдық Сайрес Маккормик (1809-1884 жж.) жасады. Тарихта ол алғашқы комбайнды құрастырушы ретінде белгілі. Тек техникалық білімі болса да ол нарықты зерделеу және талдау, баға саясаты мен сервистік қызмет көрсетудің негізгі түрлері мен оларды тавдау секілді қазіргі заманғы маркетингтің бағыттарын құрып кетті. Мұның бәрі «Интернешнл Харвестер» фирмасьшың өркендеуіне әкелді.

XX ғасырдың 20—30-жылдарында маркетингке қатысты көптеген жарияланымдар пайда болды. Ағылшын экономисі Еджеми Маккарти маркетинг мазмұнын түсіндіріп беруге арналған үлгіні ұсынды. Бұл үлгі - тауар (product), баға (price), нарық (place), пайда (profit) — негізгі төрт элемент бойынша «4-Р» атауына ие болды.

Маркетинг кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50~ші жылдары кеңінен тарағаны мәлім. Банк саласына ол 60-шы жылдары банк қызметін еңбек жемісін сақтайтын әрі белгілі бір қызмет көрсетулерге деген қажеттіліктерді қанағаттандыратын сала ретінде әйгілеген жарнама кампаниясынан кейін ене бастады.

1970-ші жылдары маркетингтің маңыздылығын бағалаған банктер өздерін және өз қызметтерін жарнамалай бастады. Бұл уақытта жекелеген банк қызметінің маркетингісі пайда болды.

Кейінгі 80-ші жылдар банк маркетингісінің коммерциялық банктерді басқарудың тұтас жүйесі. ретінде ресімделеуімен сипатталды. Бүгінгі танда банктер маркетингтің әдістері мен тәсілдеріш пайдаланып жүр.

Маркетинг дегеніміз не және оның банк саласына енуіне не себепкер болды?

Америкалық маркетинг ассоциациясы берген маркетинг анықтамасы кеңінен тараған.

Маркетинг - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағьь нын өндірушіден тұтынушыға бағыттайтын кәсіпкерлік қызметтің түрі. Ол тек нарыққа және нақты тұтынушыға қажетті өнімдерді өндіруге әрі өткізуге бағдарланады.

АҚШ-та маркетингке ясұмсалатын шығын тауардың түпкілікті бағасының, шамамен алғанда 60%-ін құрайды. Бұл бүгінгі күнгі жағдайдағы маркетингтің маңыздылығын көрсетеді. Әл-бетте өндіруші тек аса қажет жағдайда ғана мүндай шығыс шығаратынын ескеруіміз керек: ол (өндіруші) нарықтан өз орнын алып  бәсекелестік күресте басқаларына төтеп беруі тиіс.

70-шы жылдары күшейген банк жүйесіндегі бәсекелестік стратегиялық жоспарлаудың және маркетинг принциптерін пайдаланудың объективті қажеттілігін тудырды.

Бэселестіктің күшеюіне әлем экономикасындағы белгілі бір тенденцияның дамуы себеп болды.

Оның негізгілері:

1.Банк институттарының интернационалдануы. Олардың аса ауқымды өсу мүмкіндіктері мен дамуы банктердің көп ұлтты сипатқа ие болуьша, олардың шетелдік нарықтарға шығуына әкелді. Бұл өз кезегінде әлі күнге дейін ұлттық аяда қалған көптеген проблемаларға интернационалдық сипат берді.

2.Барлық елдерде банктерге бәсекелес болып табылатын көптеген банктік емес мекемелер пайда болып, дамыды.

3.Банк иңцустриясының әртараптануы (жан-жақты дамуы)-Банк көрсететін қызмет спектрі үлғайды әрі ақшалай қаражатты қарызға алудың (мәселен, облигация шығару) банктік емес әдістері дамыды.

4.Ақпараттық технологияның және коммуникация құралдарының осы заманғы техниканың негізінде (базасында) дамуы қаржылық институттардың аймақтық және ұлттық қызметін кеңейтті.

5.Банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес институттар арасында қаражат тарту және несие беру бойынша бэсекелестік күшейді. Банктік қызмет көрсету нарығындағы бәсекелестік енеркәсіптегі бәсекелестікке қарағанда кешірек (кейін) пайда болса да банк жүйесіндегі бәсекелестіктің формалары мен қарқындылығы, ішінара алғанда басқа салаларға тән кіру барьерінің (мысалы, патенттік қорғау) болмауынан әр түрлі әрі жоғары.

6.Мемлекеттік реттесімен байланысты банктік қызмет көрсету нарығында бағалық бэсекелестікке шектеу қойылған, сондай-ақ процент мөлшерінің белгілі бір шектен аса алмауы да өз әсерін тигізбей қоймайды. Егер банк процент мөлшерін жо-ғары белгілейтін болса, пайда ала алмай қалады, Бірінші планға банк өнімінің сапасын басқару және оны нарықта жылжыту проблемасы шығарылады.Әрине, бұл тек банктік қызмет керсету нарығының және ондағы банк маркетингісін белсенді дамытуға банктерді мәжбүрлейтін бэсекелестіктің жалпы даму заңдылығы ғана.

Осы тенденциялардың дамуы нәтижесінде қаржылық  қызмет көрсетулер мен өнімдер бүкіл әлемде біркелкі түрпатқа (типке) айналды. Осының салдарынан банктің өз араларында және басқа несие институттарының арасында бәсекелестік күрес айтарлықтай күшейді. Бәсекелестіктің күшеюі банктердің пайдасын кемітті. Банктер нарықтағы өз позициясын сақтап қалуы үшін әрі жаңа  позицияны жаулап алуы  үшін өздері жүргізіп отырған несие саясатын тұрақты түрде ырықтандырып отыруға және осыған орай қатердің көбісін өз мойындарына алуға мәжбүр. Қатердің көбеюі де коммерциялық банк табысының азаюына өз әсеріи тигізеді. Осыған байланысты  банктер маркетинг стратегиясын жасауға,  жаңа қызмет түрлерін игеруге, әрбір клиент үшін күресуге үмтылады.

Әрине, банктер маркетингтің көптеген тұжырымдамалық принциптерін өнеркәсіптен алды, өйткені, маркетингтің негізгі мақсаты, міндеттері, әдістері және тәсілдері нарық жағдайында жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде бірдей, яғни, бір-біріне үқсас, сэйкес болып келеді.

Сонымен бірге банк өнімінің, яғни банк орындайтын кез келген операция мен кез келген қызмет көрсетудің өзіндік ерекшелігіне сәйкес айырмашылықтар болады. Осы өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, банк маркетингісіне анықтама берейік.

Банк маркетингісі - бұл клиентураның нақты қажетгіліктерін ескере отырып, банк өнімдерінің ең тиімді әрі пайдалы наықтарын іздестіруге және пайдалануға бағытталған қызмет түрі. Пайданы тұрақты түрде өсіріп отыру, клиентураны тарту3 өз қызметтерін өткізудің салаларын үлғайту, нарықты жаулап алу кез келген банктің мақсаты болып табылады. Бүгінгі танда банктің әрбір басшысы мен әр маманы маркетингтің сарапшысы болуы керек. Банктің барлық персоналы қаржылық қызметтерді еткізетін сатушыға айналуы қажет.

Банк саласындағы маркетинг несие ресурстарының нарығын зерделеуге, клиенттің қаржылық жағдайын талдауға және осы базада (негізде) банкке салым ақшаны тартудың мүмкіндіктерін, өзгерістерді болжауға, сондай-ақ, жаңа клиенттерді тартуға, банктің қызмет көрсету салаларьш ұлғайтуға септігіи тигізетін шарттармен қамтамасыз етуге бағытталады.

  1. Қорытынды.

Банк саласында салымшылардың санын арттыруды ғана көздемейтін, сонымен бірге қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жақсартып отыруды мақсат тұтатын біріктірілген маркетинг (интегрированный маркетинг) басымдыққа ие болып келеді.

Банк саласындағы маркетингтің өзіндік ерекшелігі мынада: коммерциялық банктер салымшылардың қаражатын тартуға ғана мүдделі емес, сонымен қатар олар тартылған қаражатты әр түрлі кәсіпорындарды және т.б. несиелеу арқылы белсенді пайдалануға да мүдделілік танытады. Бұл маркетингті коммерциялық банктердің салымшылармен қатынасында және несие салымында кешенді түрде дамытудың қажеттілігін тудырады. Бұл екі саланың мақсаттары әр түрлі: біріншісі - банкке клиентті салымшы ретінде тарту; екіншісі - банк үшін ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланатын салаларға несие ресурстарын бағыттау.

Банк маркетингісі түпкі есебінде бірыңғай мақсатты жүзеге асыруға - табысты және шаруашылықтағы уақытша босаған ақшалай қаражатты ұтымды пайдалануға бағытталады.

Бүгінде маркетинг - бұл тиянақты дайындауды, терең әрі жан-жақты талдауды, басшыдан бастап төменгі буынға дейінгі барлық банк бөлімшелерінің белсенді жүмысын қажет ететін банктің стратегиясы мен философиясы.

Банктер ең алдымен өз өніміне емес, клиенттердің нақты қажеттіліктеріне бағдарлануы керек. Сол себепті де нарықты бүгешегесіне дейіи зерделеп, клиентіердің банк қызметіне қатысты өзгеріп отыратын талғамдарын және олардың қандай қызмет түріне артықшылық беретінін талдау қажет. Әр клиентке қатысты қаржылық қызмет көрсетудің нақты формасын анықтап, әрбір мәміленің пайдалылығын көрсете білу керек.

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.ҚР Президентінің 1995 жылдың 30 наурызындағы №2155 «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі туралы» Жарлығы (ҚР Президентінің 20.07.95 ж. №2370, 02.08.95 ж. №2396, 05.12.95 ж, №2672, 27.01.96 ж. № 2830 Жарлықтарына, ҚР 03.07.96 ж. № 18-1, 07.12.96 ж. №50-1, 11.07.97 ж. №154-1, 08.12.97 ж. №200-1,. 29.06.98 ж. №236-1 заңдарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).

2.ҚР Президентінің 1995 жылдың 31 тамыздағы «Қазақстан Рес-публикасывдаш Банктер мен банк қызметі туралы» Жарлығы (1996 жылдың 6 наурызында, 1996 жылдың 7 желтоқсаныңда және 1997 жылдьщ 11 шілдесінде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса ескергенде).

3.1996 жылдың 24. желтоқсаныгідағы №54-1 ҚР «Валюталық реттеу туралы» заңы. (1997 жылдың 11 шілдесіндегі №154-1 ҚР заңымен, 1998 жылдың 9 шілдесіндегі №277-1 ҚР Заңымен өзгерістер енгізілді).

4.1997 жылдың 28 сәуіріндегі №97-1 ҚР «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыс туралы» заңы.

5.ҚР Ұлттық банктің 1997 жылдың 23 мамырыидағы №2? 9 «Пруденциалдық нормативтер туралы» Ереже» қаулысы (ҚР Үлтгық банк Басқармасының 27.10.97 ж. № 380, 28.08.98 ж. № 157 қаулыларына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).

6.27.10.94 ж. №26 «Қарыз алушының. несиені өтеу жараушылығын банктердің талдауы бойынша әдістемелік нұсқау» Хаттамасы.

7.ҚР Үлгтық банкісінің 1997 жылдың 23 мамырындағы №222 «Ең аз шамадағы резервтік талаптар туралы» Ереже.

8.1995 жылдың 29 наурызындағы ҚР «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы» заңы.

9.1996 жылдың 14 сәуіріндегі ҚР «Валюталық реттеу туралы» заңы.

10.1997 жылдың 5 наурызындағы ҚР «Құнды қағаздар нарығы туралы» заңы (Казахстанская правда, 1997 жылдың 11 наурызы).

Балхаш көлі туралы деректер

  1. Кіріспе................................................................................ 2 – 3

2) Балхаш көлі........................................................................... 4

3) Балхаштың тарихы............................................................ 5 – 7

4) Балхаш пен оның ихтиофаунасының зерттеу полигонына айналуы.................................................................................8 – 15

5)Балхаш көлі «табиғи парадокс» және оның құрып кету қаупі.................................................................................... 16 – 20

6) Қорытынды.....................................................................21 – 23

Қолданылған әдебиеттер......................................................24

Кіріспе.

Экология проблемаларын терең зерттеу ғылымдар жүйсінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмайды. Бұл проблемалар адамзатқа өзін қоршаған ортамен одақтасып табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жандүниедеге болған әсерін сезіп байқап,мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін,таралған аумағын, экономикаға келтірер зиянын,жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп,оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе.Табиғатты қорғау мемлекет тің басты міндеті,адамзаттың абзал ісі.Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.

 Ғылым мен техниканың ғарыштап өсуі,өндіріс орындарының географиялық аумақтарда алдын–ала зерттемей,талғамсыз орналасуы,ядролық,бактериялогиялық, химиялық,ракеталық сынақтарды өткізілуі,үлкен қалалардағы урбанизация мәселелерінің күрделенуі,ауылдың жерлердегі жер – суының эррозияға ұшырып жатуы үлкен проблема екені анық. Қазіргі Қазақстандағы экологияның жағдай төмен, тіршілік өмірге қауіпті деуге болады.Мәскеу профессоры «Химия қауіпсіздігі» одағының президенті Лев Федорович айтуынша:« Ресей мен Қазақстан ең бір ластанған экологиялық аймаққа жатады деді».

Совет заманында Қазақстан жерінде асығыс,сұрапыл, сапасыз жүргізілген әртүрлі индустриялды–аграрлы реформалар кесірінен,су – жер және өзге  ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың,Қазақстан жерінде әр–түрлі ядролық, биологиялық қарудың әскери және өзге де мақсатта жүргізілген сынақтары нәтижесінде қазіргі Қазақстанның экологиясы өте қауіпті жағдайда. Соған мысал ретінде «Тың жерді игеру» желеуімен жүргізілген қате реформаның нәтижесінде Қазақстандағы миллиондаған гектар жер эррозияға ұшырады ( бұның нәтижесінде тек экологиялық емес демографиялық проблемалар асқынып кетті ),батыстың капиталистік елдерімен болған қарсыластықтың нәтижесінде, әскери қару – жарақ жасау жарысында ( гонка вооружений ) Семей полигонында және өзге де Қазақ жеріндегі жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде, сынақтардан кейінгі болған радиацияның әсері жергілікті тұрғындар үшін ғаламат қайғы–қасіретке айналды. Ал су проблемалары сол кездегі және қазіргі уақыттағы су ресурстарын дұрыс қолданбау,өзен суларының  мөлшерден тым көп,ретсіз алынуының  нәтижесінде пайда болды. Соған мысал ретінде Арал теңізі мен қазіргі Балхаш көлінің проблемаларын алсақ болады.Қазіргі уақытта Каспий теңізіндегі және оның маңындағы мұнай ресурстарын кеңінен игерілуінен, бұрғылау жұмыстарының көптеп жүргізілуінен оның экологиясы өте қауіпті жағдайда. Соған қоса Каспий теңізінің көтеген фауна өкілдеріне құрып кету қаупі төніп тұр.

Қазақстанның экологиясындағы су проблемасының орны ерекше.Себебі атақты ғалымдардың айтуынша алыс емес болашақта адамзат су көзінде тапшылықты сезінетін болғандықтан су басты ресурстардың біріне айналады, тіпті су үшін соғыстар кәдімгі үйреншікті көрніске айналуы мүмкін.Ал Қазақстанның өзінің су ресурстарының проблемаларын қарастырып,оны шешуі болшақ ұрпақтардың жарқын болашағы үшін өте маңызды.Бұндай міндетті түрде қарастырылып, шешілуі керек проблемаларға Арал теңізінің,Балхаш көлінің, Каспий теңізінің өзгеде өзендер мен көлдердің алдында тұрған қайғылы тағдырларын жатқызса болады.

Негізгі бөлім.

А) Қазақстандағы ең үлкен көл (Каспийді теңіз деп қарастырғанда). Көлемі 18 430 миллион шаршы метрді алып жатыр. Арал мен Каспийден кейінгі Балхаш көлінің экологиялық жағдайы қуантарлық емес.Адамның қоршаған ортаға келтіріп жатқан кешірілмес қиянаты,келіп жатқан зияны көбейіп көбейіп отыр. Балхаш көлінің маңындағы үлкен мыс қорыту зауытының және өзгеде кәсіпорындардың бұл жердің экологиясына келтірген зардабы орасан зор.Соның зардыптарынан жергілкті тұрғындар мен Балхаш көлінің аң–құсы қасірет шегуде. Мысалға 14 жасқа дейінгі балалардың 75%-і,ересек жастардың78%-і,үлкендердің 64%-і әр түрлі тіс ауруларына шалдыққан, онкологиялық аурулар,нәрестелердің шетінеп кетуі,құстардың жаппай қырылып қалу кең етек алған.Балхаштың экологиялық жағдай жылдан–жылға нашарлап барады. Ал ең қорқынышты ахуалдың бірі–қытайлықтардың Балхаш көлінің нәрі–Іле өзенінің өз жерінен бастау алатын бөліктерінде қарқынды құрылыс жұмыстарын (каналдар салу,жаңа қалалар соғу, өнеркәсіпті дамыту сияқты) бастауы. Егер Қытай көршіміз,Іле өзенінің 15%-ін бөгеп,сол мөлшердегі суды,Қазақстанға жібермесе, Балхашта экологиялық апат болуы мүмкін. Соған көл маңындағы, Іле бойындағы ирригациялық жұмыстарды нақты жүйеде жүргізілмеуі, оның байлығын ( сексеуіл, қамыс және тағы басқа ) керексіз пайдалану, Балхаштағы балықты заңсыз аулаудың кең етек жайылуы кінәлі. Сол себебті Балхаштың тағдыры тек Қазақстанның ғана емес, ол Қытайдың көмегіне және Іле өзенінің суын дұрыс пайдалануына тікелей байланысты.

Ал енді Қазақстанның экологиялық проблемасының бірі болып саналатын Балхашқа  кеңірек тоқталып кетейік.

Б) Ал,Балқаштың пайда болу тарихы,оның «ата тегі» ерекше.

Геологиялық тарихтың кейінгі кезеңінде Тәңір тау (Тянь-Шань) әлі жоқ кезде,қазіргі Балқаш-Алакөл ойысының ауданы тегіс таулардан тұратын. Сол дәуірде Орталық Азияның климаты ыстық әрі ылғалды болуына себепті бұл аумақта етегін қырыққұлақ басқан қылқан жапырақты ну ормандар таралады. Басарал аралындағы ақ түсті каолинді саз балшықтар Балқаш тарихының сол өте ертедегі кезеңінен тікелей куәлік етеді.Кейінірек осыдан 2,5 млн.жыл бұрын жер қыртысының дифферциялық тектоникалық қозғалыстары басталады да, жердің алғашқы бетінде бірінші әжімдер - болашақ тау жоталары пайда болады.Осылайша Шу-Балқаш суайырғының күмбезі көтерілді. Солтүстік Балқаштың жатық шоқылары қалыптаса бастайды және қазіргі кездегі Жоңғар Алатауының орнында төбешіктер пайда болды. Климатта өзгеріске ұшырады:ылғалдылығы азайып континентальдылығы арта түсті. Аумақтың ландшафты Африка саванналарының түріне өтті.

Бір жарым млн.жыл бұрын Шу-Іле суайырғы мен Солтүстік Балқаш өңірінің ұсақ шоқылары шапшаң өсе бастады.Жер бетінің жеке бір орында бұлайша көтерілуі, оның басқа бір жерін төмендеуге мәжбүр етті.Осылайша Алакөл ойысы пайда болды,ол көтерілген барлық таулардың ортасынан тау аралық Эмел (Еміл) ойысы ерекшеленеді. Пайда болған таулар мен алғашқы пра-көлдердің жағдайлары өте тұрақсыз еді. Балқаш ойысының шарасы (табаны) әлі дайын емес еді, сондықтан да алғашқы тау өзендері суларын қоршаған төбелерден шығысқа, Алакөл және Эмел (Еміл) ойысына қарай ағызды. Сол замандағы климат суықтығы мен континентальдығы өсе түсуімен сипатталады. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де климаттың салдарынан өзгеріп отырды: кең аңғарларда шамшат ормандары шуласа, төбелер мен өзен аралықтарында тау пісте, лаврлар өсіп жатты.

Климаттың жалғасқан суықтауымен континентальдылығының күшеюі суайрықтардағы далалардың кеңеюінеалып келді,бірақ бұл процесс Алакөл мен Балқаш ойыстарында орын алады. Мұндағы климат жазды ыстық және аясыз қысымен ерекшеленетін субтропикалық күйінде қалды. Оған Кеңтүбек түбегінен табылған саванналық-далалық ландшафтарын мекендеген Іле түйе құсы жұмыртқасының қауызы дәлел болды.

Жер қыртысының жаңа қозғалыстары Солтүстік Балқаш өңірінде ұсақ шоқылы жер бедерінің қалыптасуына алып келсе,Жоңғар Алатауында жекелеген таулар мен тау аралық ойыстар жүйесін қалыптастырды.Кішігірім төбелер Хантәңірі секілді төбелері көк тіреген шындармен алмасты. Олар осыдан 500 мың жыл бұрын бірінші мұзқұрсануға ұласты. Мұзқұрсанудың соңынан Алатау өзендерінің ағындысы күрт өсті, мұздық суларының қуатты ағындары тау беткейлерін бұза бастады және ысырындыларымен аумақтың бедерін айтарлықтай дәрежеде өңдеуден өткізді. Атропогеннің ортасында (осыдан 200 мың жыл бұрын) Орталық Азияның таулары әлдеқашан түбегейлі қалыптасып болды, жалпы ауытқуы 1000-2000 м аралығындағы олардың тоқтаусыз көтерілуі (жылына 2,5 м жылдамдықпен) уақытша өзен, көл және ойыстар пайда болуымен ұласып отырды. Өз кезегінде олардың пайда болуынан жоқ болуы тез өтетін. Көтерілген тауарлар күшті тау ағындарымен араласып отырды. Дәл осы кезде пра-Балқаш ойысы пайда болады және әсіресе оның батыс бөлігі өзен сулармен толыса бастайды.

Орта антропогеннің екінші жартысында (шамамен 100 мың жыл бұрын) Тәңіртау тауларының  күшті мұзқұрсануы өтеді де,ал оның соңын ала – күшті жылыну басталды. Мұздықтардың қарқынды еруін шақырған су ағындары қазіргі Балқаштың бесігі болған Балқаш-Алакөл ойысын және шағын-шағын уақытша көлдерді ернеулерінен асыра толтырды. Ертедегі Балқаштың тайыз су батыс бөлігі, ойымызша, оқта-текте ғана толтырылып отырған және мүмкін көлге ат берген шексіз батпақ иеліктерінен тұрды.

Балқаштың одан бергі антропогендік тарихын бірінен соң бірі кезектесіп алмасып тұрған трансгрессия мен регрессия фазалары түрінде көзге елестеуге болады. Балқаштың деңгейінің ең жоғарғы көтерілуі мен төмендеуінің 7 кезеңін бөліп қарауға болады. Көл тарихы таулық мұзқұрсану мен мұнда жатқан неотектоникалық процесстермен тығыз байланысты. Жер қыртысының қозғалысы, таулардың түзілуі, климаттың өзгеруі, мұздықтардың пайда болуы мен еруі тау көлдерінің бірнеше қайта пайда болуы және бұзылуы, өзен ағындысының қалыптасуы және өзендердің ұзаруы сияқты күрделі табиғат  процестері Балқаштың пайда болуына алып келді. Ғалымдар Балқаш-Алакөл ойысының тұтас палеотарихында ежелгі көл шұңқырлар орындары өзгермегенін дәлелдеп шықты. Тек жағаларының сұлбасы ғана өзгеріп отырған.

Балқаш өңірінің дүниесі қатал да әсем. Жазда мұнда құмды және шаңды дауылдары патшалық құрса, ал қыста қарлы борандар құтырады. 480С құбыжық ыстық  және жауын-шашынсыз жаз. Мұндай климаттық жағдайлар бұл өлкеде тіршілік болмайтындай көрсетеді. Алайда, олай емес. Табиғат бізге нешінші рет екені белгісіз, өсімдік пен жануарлар дүниесінің бейімделуге деген таңғажайып мүмкіндіктерін көрсетумен келеді. Мүмкін сондықтан да Балқаш өңірінің кез келген мекендеушісімен (сорақ немесе жыңғыл тоғайы, немесе кішкене кесіртке т.б.) кездесу таң қалдыруынан танбайды.

В) Қуаңшылық дәуірден көлдің деңгейі төмендеп отырған. Ежелгі Балқаштың айдыны жекелеген иірімдерге бөлініп кететін және көл шұңқыры тұтастай дерлік  құрғап қалуы мүмкін еді.Климаттың қайталай ылғалдануы ежелгі Алатау мен Тарбағатай тауларынан ағып түсетін және көлге жаңа мекендеушілер алып келетін өзен  сулары ойыстың суға толыуын алып келетін. Осы себеп көлдің ихтиофаунасының қайталанбауы мер түрлік құрамының кедейлігіне түсінік береді. ХІХ ғасырдың соңында Балқаш пен Алакөлдің көлдерінде балықтың бар жоғы 4 немес 6 түрі ( ихтиологтар балықтың қайсысы жеке түр екіендігі жөнінде әзірше бір шешімге келген жоқ ) кездесетін.

Бәрінен аздау туғызатын айтарлықтай «жас» көлдің «кәрі» мекендеушісі балқаш алабұғасы болатын. Ол кезінде Балқаш алабына тұтас таралған болатын. Алабұғаның пелагиялық (көлдік) нысананың ірі экземплярларының тұрқы (ұз) 50 см-ге және салмағы 1,0-1,5 кг-ға жететін.

Алабұғаның (солтүстікке таман таралған тұқымдастардың өкілі) қалай және қашан Балқаш алабына тап болғаны осы күнге  шейін белгісіз.Мүмкін,ерте замандарда Ертіс пен Солтүстік Балқаш өңірінен шекаралық өзендері салдарынан біресе осы, біресе өзге алапқа жалғасып бағытын өзгертеуі мүмкін. Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес.

Балқаштың және оның салаларының «аборигендері» не тұқы тұқымдастарына (шармай, көкбас, көкталма),вьюн (жалаңаштар) тұқымдастарына жатады. Олар таулар арқылы мезгіл-мезгіл бағытын өзгертетін өзендермен жеткен деп есептелінеді.Көлемі аса зор болған ежелгі Балқаштың негізінен балықтардың өзендік түрлерімен толтырылуын осылай түсіндіреді.Және неліктен олар әдетте көлге тән түрлермен балқаш үшін болған ұрыста тез жеңіліске душар болғанын пайымдайды.

Орта Азия мен Қазақстанда шармай мен көкбастың бірнеше түрі кездеседі.Бұл балықтарды мамандар тұқы балықтардың ерекше кіші тұқымдастары – ажыраған құсақтарға жатқызады.Бұл тұқысдамтар өзінің атын балықтың анальдық тесігінің екі жағын ала орналасқан екі қатар үлкейген теңгешелері – «ажырауға» қатысты алған.Қызықты   ерекшелік: бұл балықтардың ұрғашысы еркегінен  әлдеқайда ірі болып келеді.Кейбір зерттеушілер Қазақстанда шармайдың (қарабалық) 5 түрі бар десе,ал өзгелері 2 түрін – кәдісге және Балқаш шармайына бөліп қарайды.Балқаш шармайы екі түрге – Іле және балқаш шармайына бөлінеді. Мойындау керек: кейбір суқоймалардағы балықтардың  биологиясын аз білетініміз сонша, олар адам ықпалымен өзгеру жылдамдығы шапшаңдап, тіпті бұл жануарлардың кейбір нысандары оларды жан-жақты зерттегенше жойылып кетті!

Балқаштың өзінде бірнеше экологиялық нысандармен ерекшеленетін, қазір кездеспейтін Балқаш шармайы тіршілік ететін. Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінің және көлдің өзге де салаларының төменгі ағысында Балқаш шармайы оны тау етегі зонасында толық алмастыратын. Іле шармайымен қатар жүретін.Ағыстың жоғарғы жағында жалаңаш көкбас, ал тау ағындарының басында – теңгелі көкбас тіршілік ететін.

Шармайдың ең ірі экземплярының тұрқы 80 см-ге жетіп,салмағы 10 кг-нан асатын, Шармайдың денесі типтік өзендік балықтардың нысанында жіне тегіс сары жасыл қола түстес болып келеді. Ұзындығы бойынша түрлер ажыратылатын екі жұп мұрты бар, шармайдың денесінде дұрыс орналасқан теңге қатарлары болмайды. Бұл сипат теңгешілердің ұзындықтары түрлі өлшемде болуымен айқындалады. Алайда, ел таңқалдыратыны шармай мен жалаңаш көкбастың уылдықытары аса улы. Уылдырық шашар уақыт таянған сайын уылдырықтағы удың шоғырлануы күшейе түседі. Бұрынырақ бұл балықтардың құрсақ терісіне төселген көмірдей қап-қара төсеніші улы деп қате есептеліп келді. Бәрібір,шармайды улы уылдырығы да сақтап қала алмады.

Оның жойылып кетуіне себеп, көлге бәсекелес балықтардың жіберілуі, бейбіт көлде жыртқыштардың пайда болуы және ірірек ұрғашы балықтардың көбірек аулау,болып табылады. Өкінішке орай,Оңтүстік Қазақстан үшін «шармай» және «көкбас» атаулары бұл жерлердің ескі тұрғындарының естеліктеріне тақырып болатын аңыз болып қана қалды. Өз кезінде шармай тұран жолбарысы, алматы апорты немесе Алатаудың қарлы шыңдары сияқты өлкенің символы болған жоқ па еді.

Жалаңаш және теңгешелі көкбастар - шармайға қарағанда ұсақ түрлер. Жалаңаш көкбастың теңгешелері кеуде жүзбеқанаттарының артында, бүйір қапталын бойлай, ажырау мен құрсағында орналасқан. Теңгешелі көкбас тұтас теңгеше басқан болып келеді,алайда олар біркелкі орналаспаған,дұрыс қатарлар түзбейді,ал теңгешелері бір-біріне асылмайды. Жалаңаш көкбастың тұрқы мен салмағы кейде балықшы үшін «әжептеуір» болып саналатын мөлшерде болуы мүмкін,сондықтан да жергілікті балықшылар ірі балықтарды көкірегін кере «форель» (патшабалық) деп атайды.Патриот балықшыны мұртшаларының, тістерінің, майлы жүзбеқанаттарының болуы немесе болмауы, теңгешелерінің саны немесе түсі қызықтырмайды! Көлдің таулық немесе жазықтық салаларында жалаңаш көкбастан өзге талма балық пен голецтердің бірнеше түрлері тіршілік етеді. Балқаш алабының өзендік бөлігінде қарапайым талма балықтардың бірнеше түршелері тіршілік етеді: қарапайым,Зайсан,Балқаш және Жетісу талма балықтары. Бұл балықтардың денесі ұсақ теңгешелер басқан және түрлі өлшемдегі дақтар немесе жолақтармен әшекейленген. Әсіресе,Зайсан талма балығы үйлену киіміндей әсем. Еркек балықтың негізгі түсі - тік  жолақпен өрнектелген жасыл қола түс; құрсағы мен анальдық жүзбеқанаты қызыл, ал кеуде жүзбеқанаттары сүттей ақ жолақпен қоршалған.Талма балықтардың бәрі бүгінге дейін зерттеушілер үшін жұмбақ болып қалып отыр.

Жалаңашбалықтар - өзенде жасаушылар. Бұл балықтарды оның аузының айналасында 3 жұп мұртшаларынан, ұзын әрі жіңішке құйрық сабағынан және дененсіндегі теңгешелерінің болмауынан жеңіл ажыратуға болады. Әрбір жалаңаш балықтың қайталанбас түсі бар. Кез келген нысандағы және орындағы күңгірт дақтардан тұрады. Дақтары мүлде бірдей бірнеше экземплярларды табу өте қиын. Сондықтан да жалаңаш балықтарды жүйелеу мәселесі міне жүз жыл бойы ихтолог ғалымдарды ұйықтатпайды, себебі жалаңаш балықтың Қазақстанда сегіз әлде он бір, жалпы қанша түрі бар екенін ешкім де дәл білмейді.

Жалаңаш балықтың әдеттегі ұзындығы - оттық қораптан шай қасықтың ұзындығына дейін. Бұрын Балқаш пен Алакөлде ұзындығы 22 см-ге жететін «аса зор» жалаңаш балықтар кездесетін! Олар  аса салпы ерін балықтар түріне жататын. Бүгінде көлде жалаңаш балықтар қалған жоқ: олар жыртқыштарға ұнағанға ұқсайды.

Осымен Іле-Балқаш алқабының алабының аборигендік ихтифаунасының құрамы жөніндегі әңгімені аяқтауға болар еді, егер зардапты көп көрген көл үлкен өзгеріс дәуірін бастан кешпесе. ХХ-ғасырдың басында сазан Балқашқа түсіп, онда тіршілік үшін тамаша жағдай табады.

1929 жылы Түрксіб құрылысшылары аягөз өзеніне Ертіс алабынан сібір тарақ балығын жібереді. 1945 жылға қарай бұл шағын ғана, үйір сүйгіш тұқы балық тұқымдастарына жататын балық алапқа түгелдей таралып үлгіреді.

Халықтан шыққан «жерсідіргіштер» суқоймалардың фаунасының қалыптасу мәселелерімен айналысатын ихтиологар мен гидробиологтарға көптеген бас қатыратын жұмбақтар жасырды деуге болады. Алайда, олардың әрекеттері балқаштың ихтифаунасын реконструкциялау бойынша ресми жұмыстармен салыстырғанда ауызға алуға келмейді. Кеңес өкіметі орныққан соң, « табиғаттан қайырымдылық күтуді » қажет деп таппаған мемлекет, табиғатты өзгерту туралы курсты ашық деп жариялады. Осылайша далада қолдан жасалған теңіздер, ал шөлде өзендер пайда болды. Балықтар құри бастады, ал дала ландшафтары егістікке айналды.

Жануарлар әлемі де естен шығарылған жоқ. Алайда, аңдардың ішінде де, құстар арасында да су қоймалар бастан кешірген радикалды өзгерістер мысалын табу қиын. Тек Орта Азияның суқоймалары ғана су экожүйесінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу полигонына айналдырылды. Ал Балқаш көлі табиғатты батыл өзгертушілердің сәтсіздіктері мен қателіктерінен тұратын хрестоматиялық мысалға айналды.

Бірінші рет Балқашқа жоспарлы түрде балық жіберу балықтардың бағалы түрлерінің реалын кеңейту мақсатында жүргізілді. 1930-1931 жж. Іле өзеніне Арал каязының жынысы жетілмеген бірнеше мың данасы жіберілді. Арал каязы - ірі, тұқы тұқымдас тұщы су балығы. Ал 1933-1934 жж. –ересек Арал шоқырының бірнеше жүздеген данасы жіберілді. Шоқыр өтпелі бекіре балықтарына жатады және Балқаш өңірінің тұрғындары ғылыми атаулардың бастарын  ауыртып жатпай жай ғана «бекіре» деп жиі айтады. Балқаштағы  шоқыр жиырма жасар шағында ұзындығы бір жарым метрге,салмағы 20 кгшамасына жетеді. Оған уылдырық шашу үшін тасты,малатасты грунт пен ағыс қажет. Мұндай уылдырық,шашатын орындардың көпшілігі бұрын Іле өзенінің қапшағай шатқалынан өтер тұста болатын. Бүгін каяз бен шоқыр Қазақстанның Қызыл кітабының мекендеушілері.Себеп - Сырдария мен Іле өзендерінде жүргізілген су құрылыстары.

1948 жылы Алматының балық шаруашылығының суқоймаларына Зайсан көлінен ойғақ балығын жіберу сәятсіз аяқталады. Оңғақ - көлдер мен ағысы шабан, арнасы балдыр басқан өзендер мекендеушісі.Оңғақтың денесінің нысаны мөңке балыққа, ал түсімен – шармайға, жұқа әрі ұсақ теңгешелермен - форельге ( патшабалық ),ал дәмдік сапасы жөнінен оңғақ балыққа тең келері жоқ. Оның еті семіз, өте нәзік, аздап тәтті, қантамырларының қалың желісінен сәл қызғылт реңкте. Оңғақты Еуропада өте бағалайды және оның тұқы балықтан шабан өссе де ,балық өсіретін шаруашылықтары өсіруге ұмтылуда. Балқаштағы оңғақтың таралу аясы өте тар.

1950-1960 жж.арасында алдымен Қаратал өзеніне, соңынан Тоқырауын мен Іле өзендеріне Алтай өлкесі мен Қостанай облыстарына бозша мөңке жіберілді. Бүгін бұл тұқы тұқымдастардың күй талғамайтын өкілі Балқаш алқабында барлық жерде кездеседі: атыраулық көлдерден өзен-салалардың таулықтелімдеріне дейін. Бозша мөңке - ғажайып балық. Ол оттек тапшылығы мен ластанған суға да шыдамды, денесінің бір бөлігінің мұздануын және тіпті суқойманың қысқа мерзімге құрғауын да көтереді. Қазақстанның кейбір көлдеріндегі тіршілік жағдайы соншалықты қатал болғандықтан оларда тек мөңке балық қана өседі. Сол себепі мөңке балық суқойманың жағдайының биоиндикаторы болып есептелінеді. Бозша мөңкенің Балқашта пайда болуы мен оның көптеп өсіп-өнуінің өзі экологтар үшін судың ластану белгісі болып табылады.

Бозша мекенің кейбір түрлері көбеюдің  балықтар арасындағы сирек кездесетін тәсілі – гиногенезді пайдаланады. Ниногенетикалық популяцияарда барлығы дерлік ұрғашы, олар уылдырықты туыс түрлермен бірге шашады. Дегенмен олардың ұрпақтарында буданның пайда болуы мүмкін емес. Барлық шабақтар тек мөңке болып шығады және түгелдей дерлік ұрғашы мөңке.

Арал теңізінен Балқашқа 1949 ж. табан балықты жіберу тәжірибесі табысты өтті. Өкінішке орай,  «табысты» сол кездің өзінде ғалымдар бұл ғылыми тұрғыдан негізделмеген шешімге қарсы болды және оның мақсатқа сай екендігіне күмән білдірді, алайда олардың пікірлеріне ешкім құлақ та аспады. Табан балық жаңа орынды өте жақсы игерді де өзінің санын  жылдам көбейтуге кірісті. Дәл осы табанды көлге жіберумен мамандар көлден шармайдың ығыстырылып шығарылуы мен сазан санының кеми бастауын байланыстырады.

1957ж. Балқашқа көксеркені жібереді. «Көксеркеге» дейінгі кезеңде Балқашта типтік жыртқыш балықтар болған емес. Тек шырмайдың аса ірі экземплярлары ғана кейде жыртқыштықпен айналысатын. Көксеркені жіберу бағалы емес ихтифаунамен-жалаңаш балықтармен және алабұғамен күресу керектігімен негізделеді. Балқаш алабұғасын Қызыл Кітапқа енгізу - бұл есептеулердің дұрыстығы мен дәлдігінің дәлелі!

Балықтардың жаңа түрлерін жерсіндірудегі табыс күткендегіден асып түсті: олардың көпшілігі жерсініп кетті және көптеген ұрпақ берді. Алайда Адамның (тілегі) мүддесі мен оның ғажап болжамдары табиғаттың қайтпас заңдарымен әр кезде сәйкес келе бермейді. Жоспарланған балық түрлерін жіберу мен заңсыз мекендеушілердің нәтижесінде Балқаштың кейбір аборигендері жойып қана қойған жоқ, сонымен бірге көлдің ихтифаунасының жалпы трансформациясының басқарусыз процесі басталады. Қарқынды түрде көбейген табан мен көксерке,Балқаш алабұғасының қорын тез арада кұртып жібереді,онан соң шармайға ауысты,сазан кәсіптік  маңызын жоғалтты. Мұның барлығы жыртқыштардың өз популяциясына теріс әсер етті. Балқаш көлін мекендеушілері тек табан мен көксерке болып қалған суқоймаға айналды. Алайда бұл Адамның тек жалғыз ғана жансақтығы емес. Көксеркемен бірге көлге  өзге де жыртқыштар - беріп,ақмарқа және жайын кездейсоқ тап болған еді.

Көксерке мен беріп алабұға тұқымдастарына жатады және бір-біріне ұқсастығы сонша, маман емес адамға оларды ажырату өте қиынға соғады. Ең дұрыс белгі – көксеркенің жақ сүйегіндегі төрт азу тістің және ұзын келген көзінің артқы шегіне кіріккен жақалды сүйекшенің болуы. Берште азу тістер жоқ,ал қысқа сүйекше тек көздің жартысына дейін ғана. Бұл балықтардың биологиясы да өте ұқсас. Екеуі де ашық көріністегі үйірлі жыртқыштар. Көксерке - ашық су кеңістіктерін, үлкен тереңдікті және таза әрі оттегіге бай суды сүйеді. Ал берш нулы биотоптарға бейімдеу келеді. Көксерке де,берш те тіпті қысқа сәт қана ауада болуға шыдамайды және асуға түскенде тез өледі. Бұл балықтар уылдырықтарын құмды қайырларда қазылған шұңқырларға немесе тасқа шашады. Еркектері уылдырықты шабақтар пайда болғанша адал қориды,алайды өскін шабақтарды басқа да аңшылық объектілерінен ажырата қоймайды. Айта кету керек, «жастардың» өздері де өсу барысында артта қалған «інілері,ана-қарындастарымен» тамақтанудан тайынбайды. Жыртқыштар әлемінің заңдары құрлықта да, суда да қатал.

Балқашқа жіберілген қарапайым, немесе еуропалық жайын – дүние жүзіндегі ең ірі тұщысулық балық, кейде  ұзындығы 5 метрге жетеді,ал салмағы 300 кг-ге жетеді. Балқашта мұндай ірі жайындар әзірше кездесе  қоймаса да, мұнда ұзындығы 2 метрден асатын және салмағы 50-60 кг болатын жайындар ежелден сирек құбылыс емес.

Жайын жылылықты сүйеді, маусым айында атырауларында уылдырық шашады. Уылдырықты суасты өсімдіктерін жапыра жасалған дөрекі ұяға шашады және ұрпағына шабақ шыққанша қориды. Жыртқыш жайын тамақ таңдамайды: оның зор аранына сиятын және қимылдайтын нәрсенің бәрі оның мәзіріне кіреді. Ірі жайын әуесқой балықшы немесе суасты аңшылығы үшін күткен олжа. Ақмарқа - балқаш тұқы тұқымдастарының  ішіндегі жалғыз жыртқыш. Ақмарқаның уылдырық шашуы өзендердің бастауларында ерте көктемде өтеді. Ерте уылдырық шашу - бұл жыртқыш ұрпақтарының өзге түрлердің қорғансыз жас өскіндеріне аңшылық жасауына мүмкіндік береді.

ХХ ғасырдың ортасы жерсіндіру жұмыстарының жаңа толқынымен аталып өтті. Бұл кезеңде ақсаха,  көксерке, табан,қаракөз және форель жіберу жұмыстарымен байланысты екінші толқынға тұтас келеді.

Солтүстік каспийлік қаракөз (торта туыстасы) – тұқы тұқымдастардың ішіндегі халыққа жаппай белгілі және сүйікті өкілі. Қаракөз Балқашқа жерсініп кетті,  айтарлық маңызды кәсіптік объектіге айналды,оның аулану көлемі сазанмен теңесті.

Балқаш алабының тау өзендері мен көлдеріне албырттың бірнеше түрлері жіберілді. 1964 жылға дейінгі аралықта уылдырық күйінде Чехославакиядан әкелінген  форель (патшалық) Бартоғай форель шаруашылығында жіберілді, бірнеше мәрте Шілік өзеніне, Көлсай, Қайыңды көлдеріне жіберілді. 1966 жылы Түрген форель шаруашылығында - Қазақстандағы осы бағалы балық түрін шығаратын негізгі өндіріс орны құрылды.

Осы кезде Орта Азия мен Қазақстанда алғашқы болып Қиыр шығыстық өсімдік жейтін балықтар пайда болады. Бұл балықтардың ерекше қасиеті - тамаққа су өсімдіктері мен балдырларды пайдалану - өзге «еуропалық» түрлерде сирек кездеседі. Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан КСРО-ның әуропалық бөлігінде шығыс Еуропаға және Кубаның суқоймаларына өсімдік жейтін балықтарды таратуды сынау полигонына айналдырылды.

Амур мен дөңмайдың балық - Қиыр Шығыс пен Қытай және Оңтүстік  Шығыс Азия өзендерінің мекендеушілері қореқтенеді, дөңмайдың балық – желбезектері арқылы су қабаттарын сүзу жолымен бір клеткалы балдырлармен қореқтенеді. Бұл балықтар уылдырық шашу үшін өзен ағысына қарсы жүзеді, сондықтан да шектелген көлдер мен әуіттерде табиғи түрде бұл балықтардың уылдырық шашуы мүмкін емес. Қапшағай СЭС-ің бөгеті бұл бағалы кәсіптік түрлерінің санын балқашта да,Қапшағай бөгенінде де шектеулі факторға айналдырды.

Г) Тағы да,көлдің тұз қоры мен оның қалыптасу мерзімі арасындағы сәйкессіздік ақиқаты көзге ұрады. Егер Балқаш суының қазіргі тұздылық дәрежесін негізге ала отыып есептесек, онда көлдің жасы бар жоғы 50 жылға жуықтайды. Барлық минералсыздану факторларын есепке алсақ,онда кейбір есептеулер Балқаштың жасы барлығы 20-25 мың жылды құрайтынын көрсетеді. Алайда, геологтардың пікірінше, көлдің жасы одан айтарлықтай  көп дегенге саяды. «Тұздар қайда кеткен?» - деуден танбайды зерттеушілер ұрпақтан ұрпаққа.

ХХ ғасырдың басында көз көргендердің шөл даланың ортасындағы тұщы көл туралы таңжағайып әңгімелерін белгілі саяхатшы , әрі ғалым Лев Семенович Берг тарапынан қызығушылық туғызады. Шөл ортасындағы жауған атмосфералық жауын-шашының шамасы одан буланған ылғалда бірнеше есе аз көл тұзды болуға тиіс қой. Балқаш туралы «ғылымға жат» ойлардың терістігін дәлелдеу мақсатымен Л.С.Берг 1903 жылы көлге экспедиция ұйымдастырады және таң қалуға мәжбүр болды. «Балқаш, ол туралы басым ойларға қарамастан тұщы көл. Оны Балқаш көлінің жағасын түгелдей басып өткен топографтар да растайды. Көңіл қоюға тұратын дәлел климаты құрғақ континентальды елде, шөл ортасында орналасқан жауатын атмосфералық жауын-шашын мөлшері жылына  200 мл-ден аспайтын, тұйық тұщы көл, географиялық парадокс болып табылады», деп жазды көргендеріне таң қалған ғалым. Бергтің жеңіл қолымен қазір де көлді осы атаумен атайды. Көлдің кезекті жұмбақтарымен бетпе-бет келген зерттеушілер Бергтің көріпкелдік сөзімен Балқашты «географиялық парадокс» деп атаудан танбайды. Көлдің мұндай жұмбақтары әлі де аз емес.

Әйтсе де, көл тұздарды қайда жасырады? Сарыесік бұғазымен Ұзынарал түбегі арқылы көлдің екі бөлікке бөлінетіні бәрімізге белгілі. Балқашқа негізінен Іле өзенімен келіп түсетін су бағытта - батыстан шығысқа қарай ағады. Көлдің батыс бөлігі ағысты әрі тұщы, себебі барлық тұздарды ағыспен көлдің тұйық әрі тұзды шығыс бөлігіне алып кетеді. Бірақ та, тұздар шөгетін көлдің шығыс бөлігінің аса тұзданбағандығы  таң қалдырады.

Сөйтсек, көл тұздан құтылудың бірнеше тәсілін игергенге ұқсайды. Біріншіден, тұздар суда ерімейтін қосылыстар түріндегі тұнбаға отырады: Батыс Балқашта - олар кальциттер, ал Шығыс Балқашта - негізінен доломиттер. Көлді тұздардан тазартуда және оларды ерімейтін қосылыстарға айналыдыруда химиялық  процестерден өзге планктон үлкен роль атқарады. Бір қатар тұздарды аса ұсақ су өсімдіктері мен жәндіктер суды сүзгілей отырып жұтады және оларды көл табанына шөктіреді. Оңтүстік жағалаудағы көптеген теңіз қолтықтары мен тайыз шығанақтары көл тартылған кезде одан бөлініп, Балқаштан тұздардың біраз бөлігін сортаңы шағын көлдер түзеді.  Олар жылдам құрғайды,су буланып кетеді,ал тұз тұнбағы шөгеді және  оны құм басады. Әрине, ұздардың қорытатын және өзінде жинайтын ерекше боилогиялық сүзгілерді – қамыс нуларын еске алмауға болмайды.

Сонымен,еріген тұздарды түптік шөгінділердегі ерімейтін қосылыстарға айналдыратын биотосы. Балқаштың тұщы бөлігінің тіршілігінің негізі болып табылады. Бұл көлді тұздардан тазарту процесінде байқалмайтын бактериялар мен микроскопиялық су өсімдіктерінен  балықтар мен құстарға дейінгі Балқашты  мекендеушілер түгел атсалысады. Іленің атырауының әрбір текше метр топырағында қазіргі кезде 100 кг шамасында тұз болса, ал ондағы топырақтың 1 метр қабатында көмілген тұздардың мөлшері кемінде 25 млн. тоннаны құрайды! Көл деңгейі төмендеген жағдайда тұз алмасудың осы үйлесе теңдескен жүйесі өте жеңіл бұзылуы мүмкін. Онда тұздардың шөгінділері көлден тыс қалады да,Балқаш өңірінің құтырған желдері оларды жетісу аумағына шашуды бастайды.

Тұзды қайраңдар өздерінің қорқынышты билерін бастайды. Олар қазір де Оңтүстік Балқаш өңірінде сирек емес. Көлдің үнсіз қорғаушыларының шабыуылдаушы тұз патшалығымен күресуге енді шамамыз жетпейді. Балқаштың биотасының тірлік құрамы мыңдаған жылдар барысында қалыптасса, енді экологялық тепе-теңдіктің кез келген бұзылуы апаттық зардаптарға апарып  соқтырады. Тұздардың кірісі мен шығысы арасында диспропорция туындайды, көлдің тұщы суды сүйетін мекендеушілерін қырғынға ұрындыратын қарқынды тұздану басталады, Балқаш 20 жылға жетпей құрып кетуі мүмкін !

Балқаштың екінші жұмбағы - ол оның тасындыларды жеңудегі фантастикалық күресу мүмкіншілігі (қабілеті). Жетісу өзендері суының құрамындағы ерімейтін саз бен құмның өте молдылығымен сипатталады. Бір литр судағы тасындылардың шамасы осындай мөлшердегі суда еріген тұздардың көлемін төрт есе асып түседі. Дөрекі арифметикалық есептеулер Балқаш ойысының бар-жоғы 250-300 жылда тасындылар шөгіндісіне толып үлгеретінін көрсетіп отыр.Алайда,көл мыңдаған жылдар тіршілік етуде! Жұмбақ көл тасындыларды қайда ғана жасырады?Ғалымдар Балқаштың өзен атырауларынан қорған жасағанын айтады.Қатты тасындылардың шабуылын тежеп ұстау үшін шекаралық застава ретінде өзендер таулардан түскен соң атырауларында оңдаған және жүздеген тарамдар мен жеңсалаларға бөлініп кетеді; олардың арасында тасындыларды жинақтаушы көлдер пайда болады. Су шыны мөлдірлігіне дейін тазаланады, ал атырау біртіндеп биіктей береді және орнын ауыстырады.

Көлдің тайыздығы және күшті желдер көптеген мүйістер, шығанақтар, аралдар және құмды қайрандар тудырады. Олар көлге регрессиялық фазада Балқаштың деңгейі қатты құлаған кезде көлдің өзін-өзі сақтауына мүмкіндік туғызады. Желдер мен ағыстар көлден тайыс мүйістер мен  қолтықтарды бөліп тастайды,көлдің ауданы азаяды, жеке иірімдері бір-бірінен жекеленеді, Балқаштан булануға кеткен шығын қысқарады  және регрессия бәсеңдейді. Дана көл өзін-өзі құтқарады.

Көл неліктен Балқаш деп аталынған, (батпақ деген сөз бе)? Бір кездерде көлді атпен кешіп өтуге болғаны туралы әңгімелерді қалай түсіндіруге болады? Сөйтсек, табиғатынан тайыз көл климаттық ырғаққа сәйкес біресе құрғап отырады екен. Әлдеқашан, XVI – ғасырда,«кіші мұздақ кезеңінде» Балқаш толысудың ең жоғарғы сатысында батпақ деп аталуына түсінік береді.

Балқаштың тайыздығы көлдің келесі гидродинамикалық ерекшелігін айқындайды. Еуразияның терең сулы көлдерімен салыстырғанда  Балқаштың суы жақсы араласады. Сондықтан дауыл табанынан түптік шөгінділер қабатын көтеретін қуатты желдік ағыстар пайда болады, жағадағы зор құм массаларын су айналымына тоғытады. Өз кезегінде құмдар жағалық үйме жалдар – барқандар,дюндер тұрғызады, ал көлдің батыс бөлігіндегі тайыз көл иірімдерінде,су айналым орындарында, кезбе құмдар пайда болады. Олар аңғал балық аулау кемелерін «аулайды».

Түз алмасу мен тұз шығарудың феноменальды тәсілінен өзге көл зерттеушілерге тағы да бірқатар жұмбақтар ұсынады.Көлден неліктен хемогендік шөгінділердің табылмағанына ғалымдар көп уақыт түсіне алмай жүрді. Терең сулы көлдерде желдік ығу ағысатары өтпейтін түпкі қабаттарда органикалық заттардың ыдырау өнімдері болып табылатын өмір қышқыл газ (көмір тес қос тотығы) үздіксіз жинақталады. Хемогендік шөгінділер су түбінен көтерілген көмірқышқыл газдың ұсақ көпіршіктерімен кездеседі де, олармен химиялық реакцияға түседі және көл табанына шөгетін суда еритін бикарбонаттарға айналады.Ал,суы тайыз Балқашта тұрақты желмен араластыру процесіне байланысты көл табанында көмір қышқыл газы кездеспейді.

Тағы да бір жұмбақ Іле мен Балқаш суындағы органикалық заттардың аздығымен байланысты. Балқаштағы биоценоз тіршілігі тұтасымен көлдің жағасын,тайыз сулы мүйістер мен қолтықтарды қоршаған қамыс нуларында шоғырланған ба деген ой туындайды.Көлдің бұл биологиялық ерекшелігі жазғы ыстықтарда ірі жанды жандырып өтетін күн сәулесінің тік радиациясымен айқындалады. Осыған байланысты Балқашта биоценоздау массасының өсуі болмады, мысалы, жоғары су өсімдіктерінің нулары күшті дауылдарда тұрақты түрде жойылып отырады. Міне, неліктен көгілдір Балқашқа евтрофикация (улану) процесі қауіпті емес екендігі: оны өсімдіктер баспайды және Еуразияның шағын көлдеріндей батпаққа айналмайды.

Мұнымен көл жұмбақтары таусылмақ емес. Оны осы кезге дейін оған жүргізілген кез келген байыпты зерттеулер Балқаштың жаңа таңданарлық ерекшеліктерін ашқаны және ашып жатқаны аздай, олар өз кезегінде жаңа жұмбақтар мен сұрақтардың тұтас тізімін туғызады. Алғашқы болып көл жұмбақтарын шешуге тырысқан экологтар мен геоморфолог ғалымдар еді. Олар, көлдің 35 млн. жылдан астам уақыт тіршілік ететінін анықтады және осы мерзімде тарнсгрессия - табан көтерілу мен регрессия дәл сондай су деңгейінің төмендеуінің бірнеше стадиясын басынан өткізді. Палсоклиматтанушылар мен географтар көлдің деңгейінің шамамен және көлдің келбетінің 1850 жылдық ырғақпен өзгеретінін анықтады.

Өзеннің шөл далада шалқып жатуына Балқаш Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауынан ақырай ағып шығып, суын көлге құйып жатқан тау өзендеріне қарыздар. Көл солтүстіктегі зор тау аралық ойыста жатыр. Кейбір геологтар өз кезінде диаметрі жүздеген километр  болатын осы шұңқыр өте ертеде алып метиориттің соққысынан пайда болды деген тұжырым айтқан болатын. Демек, Балқаштың тегі жерден тыс болғаны ғой?! Тартымды тұжырым? Бірақ, дәлелденуі қиын. Дегенмен де, егер жұмбақ көл ғалымдарға кезекті шарадасын жасыратын болса, ешкім де таңданбас еді.

Балқаш өңірі Қазақстан картасында сары түске – күн мен шөлдің түсіне боялған. Зүбәржаттай көгілдір Балқаш көлі мен Іле өзені атырауының жасыл ұшбұрышы лаулаған қызғылт жиек құрсау. «Шөлде нендей жазық болуы мүмкін? Құмдар, аптап ыстық, елсіз» дер біреу және оның қателесетіні рас. Бұл жерге жасалған қызықты саяхат ғажайып және өзінше ерекше дүниені ашады. Бұл өлкедегі қатал табиғаттың сыртқы кедейлігі мен тапшылығының артында өзіндік көзге ұрмайтын және керемет ғажайып сұлулық жасырынған. Ландшафтардың әртүрлілігі, таңғажайып жартастар, тұранғы тоғайлары,Балқаштың құмдақ жағажайлары бар тып-тыныш мүйістері, шексіз құмдар және сайын дала күмістей жалтылдаған ақ сәулелер толқынданған. Бұл миниатюрадағы Қазақстан. Бұл өлкені апаттан арашалау және сақтау парыз.

Қорытынды.

Қазіргі уақытта өзінде осынша ма кереметтер мен ғажайыптарды өзінің бойына жинаған,дүниедегі «экологиялық парадокстың бірі» болып саналатын Балхаш көліне орасан зор қауіп төніп тұр.Адамның санасыз жүргізген саясатынан Балхаштың экологиялық тепе – теңдігі бұзылып, ол жақын уақыттың өзінде бұрын үлкен теңіз болып,кейін сол адамның ойланбай істелген істерінің нәтижесінде аз – ақ уақыттың ішінде құрып кеткен Арал теңізінің кейпін киіуі мүмкін.Ал бұндай жағдай өріс алса,ол Қазақстан үшін тек қана зардабы көптеген жылдарға созылатын экологиялық апат қана болмайды,ол елдің экономикасын орасан зор көлемде материалды шығын ұшыратады, болашақ ұрпақтың есіндегі өшірілмес қайғы – қасіретке айналады және біздің еліміздің жарқын болашаққа еркін аяқ басуымызға үлкен тежеу болады.

Сол үшін біз бұл Балхаштың экологиялық ақуалы болашақ ұрпақтарымыздың мойына ауыр жүк болып ілінбеуі үшін, мүмкіндігімізше өзіміздің бар қауқарымызды салып,ұлан – ғайыр жеріміздегі бұл бір таңғажайып өлкені сақтап қалуымыз керек. Себебі қазіргі Қазақстан сонау байырғы заманнан бері, ата – бабамыздан келе жатқан,біз үшін тапсырылған аманат екенін ұмытпау керек. Ал,бізге оны болашақ ұрпақ үшін аталарымыз бергендей аман – есен аманат ретінде тапсыру міндет. Соған байланысты үкімет басшыларынан бастап әр қарапайым қазақстандыққа дейін бір күнмен өмір сүрмей,тек өз басының қажеттіліктерін қамтамасыз етумен айналыспай, болашақтың қамында ойластырғаны жөн. Ойланбай жасалған кез – келген қадам әрқашанда қиындыққа ұрындыратынын және оның өзі жайлы күтпеген жерден хабар беретінін есте сақтау керек. Тарихтың сабағы үйрететіндей адамның қолынан ең жақсы келетіні қирату, себебі оған дейін миллиондаған жылдар бойы тұрған табиғаттың кереметтері,адамның әрекетінің кері әсерінен не бәрі жарты ғасырда жоқ болып, жоғалып кетеді.

Балхаштың және өзге де Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу үшін міндетті түрде қолда бар ресурстарды біріктіре отырып,мүмкін болса қажетті мөлшерде қаржыны бөліп және көмекке көптеген дүниежүзілік табиғат қорғаумен айналысатын әртүрлі бірлестіктерді, ұйымдарды тарта отырып, дүние жүзіндегі және көрші елдермен одақтаса,атқарылған жұмыстар үстінен қатал бақылау орнату арқылы, бұл проблемаларды шешуге болады. Балхашты сақтап қалу үшін ең алдымен оның бұрынғы экологиялық тепе – теңдігін қайта орнына келтіру керек. Ол үшін ең алдымен Балхаштың су қорын қалыптастыратын,оған келіп құйатын өзендердің суын ауылшаруашылық қажеттіліктеріне алудың жүйесін реттеу,су ресурстарын ретсіз қолдануды тоқтату, көлдің жағасындағы өнеркәсіп орындарындағы зиянды қалдықтарын сыртқа тастауын реттеу,оларға жаңа технологияларды қолдануды міндеттеу,себебі қазіргі уақытты жаңа технологияларды қолдану арқасында өнеркәсіптердің табиғатқа келтіретін зиянын еселей кемітуге болады, бұл жерлерді мемлекеттің өз тарапынан қамқорлығына алуы керек. Балхаштың тағдырына қазіргі уақытта Қытай мемлекетінің тарапынан үлкен қауіп төніп тұр. Себебі қазіргі Қытайда бұрын соңды болмаған экономикалық жарылыс болып,бұл ел керемет қарқынмен дамып жатыр. Бірақ Қытайдың бұндай қарқынмен дамуы кейбір елдерге қолайсыз жағдай тудыруда. Сол елдердың бірі Қазақстан. Қазір күшті дамып келе жатқан Қытай, өзінің батыс ауданын жаппай,кеңінен игере бастады. Бұрынғы қалалар үлкейіп, жаңа қалалар салына бастады. Өнеркәсіп кеңнен дамып, ауылшаруашылығының дамуыда да бір жерде тоқтап қалған жоқ. Қарамай мұнай кенішін игеру үшін,мол су ресурсы керек деген желеумен Ертіс – Қарамай су каналын салмақшы. Оның жоспарланған ұзындығы 300 километр,ал ені 22 метр. Ал егер ол салынса бүкіл Рессейдің Сібірі мен Қазақстанның Шығысы мен Павлодар облысы су тапшылығын сезінетіні сөзсіз. Егер де Қазақстанның бұл жерлерде екі миллион халқы тұратынын ескерсе,жағдай тіпті нашар болуы мүмкін. Ал жақын уақытта Қытай тарапынан Балхаш көлінің нәрі болып табылатын Іле өзенінің өзінде басталатын бөлігін бөгеп , өзінің батыс аудандарын сумен қамтамасыз ету мақсатында онда құрылыс жұмыстарын бастау жәйлі мәлімдеме берді. Бұл мәселелердің өзі қазірігі уақытта үлкен дау – дамай туғызуда. Ескертетін бір жәйіт ол, егер де Қытай өз тарапынан Іле өзенін 15%-ін бөгеп онда құрылыс жұмыстарын бастаса және сондай көлемде суды ұстап қалса онда Балхашта сөзсіз жақын уақытта экологиялық апат орын алуы мүмкін. Бұндай апатты болдырмау үшін Қытаймен екіжақты және кеңейтілген келіссөздер жүргізіп ( көбінесе Қытай тарапынан өзге елдердің пікірімен , жағдайымен онша санаса бермейтіні біраз қыңжылтады ),бұл проблеманы тез арада шешу керек.

Бірақ адам баласы бірлесіп істесе шешілмейтін дау – дамай,мүмкін емес іс жоқ. Сол себебті біздің Балхаштың және өзгеде экологиясы нашарлап кеткен жерлердің жарқын болашағына деген үмітіміз мол.

Бұл өлкелерде бұрын көрмеген және ауыз аштырар ғажайыптар өте мол. Бұл орындардың әсемдігі ежелден адам үшін шабыт көзі болатын. Ол дала және шөлдер, өзендер мен көлдер, құстар мен жануарлар туралы ғажайып аңыздар туғызды. Әрбір геологиялық атау осы жерлердің ежелгі поэзиясынан ақпарат береді. Ежелгі адам табиғатқа аялай қарайды білді, ол өзінің жаны барға деген қатынасын сезінді, қазіргі глобалдық экологиялық апат және зілзалалар кезінде қоршаған әлемге деген адамның ойлы қатынасының проблемасы актуальдылыққа ие болды. Қазіргі адамның әрбір қадамы есепті және сақ болғаны жөн. Не үшін қолдан шөлдер жасауымыз  керек, егер онсыз да Қазақстанда олар жеткілікті болса?

Қолданылған әдебиеттер.

  1. «Экологиялық бағдарлама». Алматы. Атамұра. 2004 жыл.
  2. «Қазақстанның Республикасының экологиялық ахуалы және оны мәдени қайта құру негіздері» Жақсыбеков,Әбдіғапшар ,Сейдуллаұлы.
  3. «Қазақстанның экологиялық қолайсыз аймақтары». Алматы 1991 жыл.
  4. «Қазақстанның қазіргі экологиясы».Нұрихан Нұрманқұлқызы Сейдақұлова. Алматы. Мерей. 2002 жыл.
  5. «Қазақстанның биосферасы : жер,су,радиоэкологиялық жағдайы». Нұрихан Құрманқұлқызы Сейдақұлова. Алматы. 2001 жыл.
  6. «Экология мен табиғатты тиімді пайдалану». Алматы. Ғылым. 2004 жыл.
  7. «Экология Казахстана». Панин Михаил Семенович. Семипалатинск.2005 год.
  8. «Экология». Бейсенова Әлия Сәрсенқызы. Алматы. Ғылым 2001 жыл.

Балқытып дәнекерлеуді жіктеу және оның негізгі түрлері

Дәнекерлеу процесін энергия мен заттың қайтымсыз өзгерістерімен байланысты екі негізгі физикалық құбылыс: энергияны басқарып, енгізу мен заттар қозғалысын анықтайды.

Энергияны енгізу – дәнекерлеудің қажетті шарты болып, қосымша энергиясыз қосылысатын беттер активтелуі мүмкін емес. Енгізілетін энергияның түрі мен түзілім сипаты дәнекерлеудің процесінің түрін анықтайды. Затты енгізу тек балқытып дәнекерлеудің кейбір түрлері кезінде қажет болып, мұндағы энергияның бір бөлігін бұл жағдайда балқытылған материалға енгізілуі мүмкін.

Қазіргі кезде жіктемесі негізгі физикалық, техникалық және технологиялық белгілер бойынша жүретін дәнекерлеу процестерінің 150-ден астам түрі бар.

Жіктеудің негізгі белгілері болып дәнекерлік қосылысты алу үшін қолданылатын энергия түрі табылады. Осы белгілері бойынша барлық дәнекерлеу процестері мына үш кластық: терминалық, термомеханикалық немесе механикалық түрлердің біріне жатады.

  • Кесте

Металдардың физикалық қасиетіне қарай дәнекерлеу әдісінің түрлері.

Қысымсыз жалынды дәнекер (термиялық клас) Қысымды дәнекер
Термомеханикалық клас Механикалық клас
Доғалы Электрлішлакты Плазмалы Электронды-сәулелік Лазерлік Термитті Газды Контакталы Диффузионды Ұсталық Газдыпре р Жоғарғыжиілік Пешті Салқын Сырғымалы Ультрадыбыстық Жарылғышты Магнитті-импульсті  

1.1 кестеге сай термиялық класс жылулық энергияларды: доғалық, электрошлактық, плазмалық, электронды-сәулелік, лазерлік және газды энергияларды пайдаланумен жүзеге асатын балқытып дәнекерлеудің барлық түрлерін қамтиды. Термомеханикалық класқа жанулық энергия мен қысымды пайдаланудағы дәнекерлеудің барлық түрлері бірігеді: контактылық, диффузиялық, ұсталық, газдыпрестік түрлері және т.б. механикалық класқа механикалық энергияны қолданумен жүзеге асатын қысыммен дәнекерлеудің барлық түрлері жатады: суық, үйкелістік, ультрадыбыстық және жарылыстық дәнекерлеу.

Дәнекерлеу процестерін жүктеудің техникалық белгілері болып дәнекерлеу аймағында металды қорғау әдістері, процесс үздіксіздігі мен оның механикалану дәрежесі табылады. Әрбір дәнекерлеу түрлері үшін жіктеудің технологиялық белгілері жеке анықталады. Мысалы, доғалық дәнекерлеу мына белгілер бойынша жіктелуі мүмкін: электрод түрі, қорғау сипаты мен автоматтану дәрежесі.

Электродтық материал түрі бойынша балқығыш және балқымайтын электродтармен доғалық дәнекерлеуді ерекшелейді. Балқығыш электрод болып болат шыршықтар мен сымдар, альюминий, титан, мыс, никель және басқа да металл балқымалары, ал балқымайтын болып – көмірлі, графиттік және вольфрандық шыршықтар табылады.

Қорғаныш сипаты бойынша қоршаған орта әсерінен дәнекерленетін металл мен дәнекерлеулік ваннадан шлакпен, газды шлактық және газдықорғанышты доғалық дәнекерлеу тәсілдері бөлініп алынады.

Атмосфералық газдардан қыздырылатын электрод ұшымен сол доғаны, дәнекерлеу ваннасын қорғау әдісі бойынша доғалық дәнекерлеу мына түрлерге бөлінеді: жабық электродты, қорғаныштық газдағы, флюс астындағы, өзіндік қорғанушы ұнтақтық сымды, ваккумдағы және аралас қорғанышты дәнекерлеулер. Дәнекерлеу процесінің автоматтану дәрежесі бойынша қолдық, механикалық және автоматты болуы мүмкін.

Балқытып дәнекерлеудің кеңінен қолданылатын әдістеріне тән ерекшеліктерін қарастырайық.

Қолдық доғалы дәнекерлеу. Дәнекерлеуді даралық жабынды электродтармен орындайды. Мұндай электрод бетіне жабын қапталған металл шыршық түрінде болады.

Жабынды электродтық қолдық дәнекерлеу – дәнекерлеу конструкциясын дайындаудың ең кеңінен тараған әдістерінің бірі. Ол қарапайымдылығымен, әмбебаптылығымен, әртүрлі кеңістік жағдайлар мен қиын қолжетерлік орындардағы қосылысудың орындалу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Оның кемшілігі – процестің төмен өнімділігі мен дәнекерлеуші біліктілігіне дәнекерлену сапасының тәуелділігі.

Флюстік доғалы дәнекерлеу. Флюспен дәнекерлеу кезінде дәнекерлік сыммен флюс доғаның жану аймағына беріліп, жылу әсерінен негізгі металл үгінділері мен электодтық сым мен  флюс бөлігі балқыйды. Доға маңына металл буымен және флюс материалымен толыққан газды кеуек түзіледі. Доғаның тасымалдану шамасы бойынша балқыған флюс шлак түзе отырып, дәнекерлік ванна бетінде балқиды. Балқыған флюс доғаның жану аймағын атмосфералық газ әсерінен қорғап табандық металл сапасын едәуір жоғарылатады.

Флюс қабатты дәнекерлеуді орташа және жуан қалыңдықтағы металлдарды қосу үшін қолданады. Дәнекерлік электрод класстағы оралған сым түрінде болады. Доғаның жану аймағына сым берілісі механикаланған, ал дәнекерленетін деталь бойымен доға қозғалысы қолмен немесе арнайы механизмдермен орындалады.

Флюстік доғалы дәнекерлеу жоғары өнімділігімен және алынатын қосылыс сапасымен ерекшеленеді. Процесс кемшіліктеріне қалыңдығы үлкен емес металдарды дәнекерлеу қиындығын жатқызуға болады.

Қорғаныштық газдардағы доғал дәнекерлеу. Электрлік доға дәнекерлеу аймағына арнайы берілетін қорғаныштық газдар ортасында жанады. Бұл кезде балқымайтын да, балқитын да электродтарды пайдалануға болады, ал процесті қолмен де, механикалық немесе автоматты әдіспен де орындауға болады.

Қалыңдығы жоғары металл деталдерді балқымайтын электродпен дәнекерлеу кезінде отырғызбасын қолданылады. Қорғаныштық газ ретінде көмір қышқылды газды, аргонды, гелийлі, кейде азотты қолданады. Соңғы кездері газдар қоспасын: көмірқышқылдық газбен аргонды, оттегімен аргонды, аргонды гелиймен немесе көмірқышқылды газ және оттегімен қолданады.

Дәнекерлеу процесінде қорғаныштық газдарды доғаның жану аймағына дәнекерлік ваннадан атмосфералық газдарды ығыстырады. Қорғаныштық газдардағы дәнекерлеу жүзеге асу әдістерінің сан алуандылығымен ерекшеленіп, металлдар мен балқышалардыңкеңшеңберін біріктіру үшін қолданылады. Негізгі кемшілік – ашық алаңшада дәнекерлеу кезіндегі мүмкін болатын қорғаныштық бұзылу. Электрлішлактық дәнекерлеу процесінің сызбасы:

Электрлішлактық дәнекерлеу. Дәнекерлеу процесі доғасыз болып табылады. Доғалық дәнекерлеуден ерекшелігі негізгі және отырғызба материалды балқыту үшін балқытылған электроөткізгіштік шлак (флюс) арқылы дәнекерлік тоқтың өтуі кезінде байланысты жылу қолданылады.

Дәнекерлеуді төменнен жоғарыға қарай көбінесе дәнекерленетін деталдар арасындағы саңылаулы тік бағытта ооорындайды. Табанда қалыптастыру үшін саңылаудың екі жағынан дәнекерлеу бағытында қозғалатын сумен салқындаушы мыс кристаллизаторларды орнатады.

Электрлішлактық дәнекерлеуді электрод түрі, электрод тербелісінің болуы дәнекерлік тоқтың жалпы өткізбесі бар электрод санымен жіктейді. Электрод түрі бойынша электрлішлактық дәнекерлеу сымды және пластинкалы электрод, сонымен бірге балқушы мундштук дәнекерленуіне жіктеледі; Электрод тербелісінің болуы бойынша – тербелмейтін және тербелмелі электродты дәнекерлеуге; Электродтар саны бойынша – бір электродтыққа, екі электродтыққа және көп электродтыққа бөлінеді.

Негізінен электрлішлактық дәнекерлеуді қалыңдығы 50 мм - ден бінеше метрге дейінгі деталдарды қосу үшін қолданады. Оның негізгі кемшіліктері – алып қондырғы мен шектеулі кеңістіктік орын.

Плазмалық дәнекерлеу. Дәнекерлеу процесі тығыздығы үлккен электрлік разряд арқылы газ ағынын жіберуге негізделген. Нәтижесінде плазма деп аталатын жоғары температуралы ионданған газ алынады.

Плазмалық дәнекерлеуді әртүрлі метериалдардың жұқа қабатты бұйымдарынан да, қалыңдығы үлкен деталдарын дайындау кезінде де орындауға болады. Плазматүзгіш газ ретінде көбінесе аргон, гели немесе азот қолданылады. Плазматүзгіш газ құрамымен шығыны электродпен дәнекерленуші материал түріне тәуелді. Бұл әдісті негізгі кемшілігі болып газдың жоғары шығыны мен электродтың төменгі тұрақтылығы табылады.

Электронды-сәулелік дәнекерлеу. Дәнекерлеуді қалдықтың қысымы 13 мПа-дан жоғары емес арнайы ваккумделген камерада жүргізеді.

Металды қыздырумен балқыту үшін қажетті энегия жылдам қозғалушы электрондармен дәнекерлеу орнын қарқынды түрде соққылау нәтижесінде бөлінеді. Электрондар қозғалысының үдеуі анод пен катод арасындағы (100 кВ-қа дейінгі) жоғары кернеумен себептендіріледі. Электрондар ағыны жеңішке сәулеге фокустеніп, деталдардың қосылысу орнына бағыталады. Дәнекерлеуді электрондық сәулені тербелтпей және тербелтіп орындауға болады.

Бұл әдіспен қиын балқитын және химиялық белсенді металдарды дәнекерлеу жүзеге асырылып, қалыңдығы кішкене деталдардағы аз қалдықтық деформациялы тар, әрі терең табандарды орындайды. Оның негізгі кемшіліктері – қондырғының күрделілігімен вакуумды қамтамысыз ету қажеттігі.

Лазерлік дәнекерлеу. Балқытып дәнекерлеудің бұл әдісін жүзеге асыру кезінде қыздыру үшін лазердің сәулелену энегиясы қолданылады. Лазерлер сонымен бірге кесуде, балқытуда, беттік өңдеуде, саңылауларды өңдеу мен басқа да көптеген машина құрастыру салаларындағы әртүрлі конструкциялық материалдардың өңдеудің басқа да түрлерінде қолданылады.

Лазермен дәнекерлеу кезінде вакуум керек емес. Оны тіпті сәулелеу генераторынан едәуір қашықтықтан ауада қолдануға болады. Лазерлік дәнекерлеудің негізгі кемшіліктер болып қондырғының күрделілігі мен материал бетінен сәуленің шағылысуы кезіндегі энергия жоғалуы табылады.

Балқаштың экологиялық проблемалары туралы реферат

Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупін болжамдайды. Олардың а йтуынша, Балқаш көлінің құрғап кету қаупі бар.

Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті халқының тұрмысы және аймақтағы экономикасы үшін орасан зор мәні бар.

Би-Би-Си тілшісі Джил МакГиверинг Балқаш көлінің солтүстік жағалауына барып, сондағы жағдайды зерттеп көрген.

Көл жағасында тұратын жергілікті тұрғындардың кейбірі көлдегі су деңгейінің соңғы 30-40 жылдың ішінде айтарлықтай азайғанын айтады. Көбі 3 миллион халықтың тұрмысына қажетті суды қамтамасыз етіп, аймақтың қантамыры қызметін атқарып келетін Балқаш көлі құрғап кетпей ма деп қорқады.

Джил кездестірген Егор есімді орыс жігіті көлдің өзгергені туралы былай деп айтып берді:

"1968-69 жылдармен салыстырсақ, Балқаштың су деңгейі күрт төмендеді. Қазір өзіміз тұрған жерімізде бұрын су болатын. Анау тұрған мұнарадан жұрт парашютпен суға секіретін. Кафелер тұрған жерде де су болатын бұрын", - дейді Егор.

Су деңгейінің төмендегеніне табиғи өзгерістер ықпал еткен де шығар. Алайда, Балқашқа қауіп төндіретін басты күш - ол адамның іс-әрекеті.

Көлдің негізгі қайнар-көзі Іле өзені болып табылады. Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем боп шығады.

Соның үстіне Іле Қытайдан келіп ағады. Қытай болса, Іле суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр.

Көлдің деңгейін жіті қадағалап жүретін ғалымдар Балқашты қорғаудың арнайы шаралары енгізілу керек дейді. Алайда арнайы шаралар тұрмақ, көлдің құрғап біту қаупі астында қалғанын былайғы жұрт біле де бермейді екен.

Бұл туралы зейнетке шыққан ғалым Михаил Сироткин айтады:

"Халықтың басым бөлігі Балқашқа құрғап кету қаупі төніп тұрғанын білмейді. Балқаштың бір бөлігі құрғап кетсе ғой, сонда ғана ел-жұрттың көзі ашылып, кейбірі не істеу керек деп қимылдай бастайтын шығар. Ол заңды да. Өйткені, проблеманың бар екенін халық әзірше білмейді", - деп шағымданады Михаил Сироткин.

Әйтсе де, қарапайым халық қауіптің бар екенін білмегенімен, ғалымдар бұл проблемамен талай жыл айналысып келеді. Наталья Воробьева - биология ғалымы. Балқаштың шынымен-ақ аянашты халде қалғанын ол мойындап отыр.

"Балқаш көлі құрғап кетсе, климат өзгереді. Аймақ шөлге айналып, экологиялық апат орын алады. Арал теңізі айналасында Балқашқа қарағанда адам аз тұрды. Балқаш құрғап кетсе, жергілікті халық көше бастайды, жаппай эмиграция басталады", - дейді Наталья.

Оның осы сөздерін тағы бірқатар ғалымдар растап отыр. Кейбірінің айтуынша, Балқаш аралдың тағыдырын тартса, зардап шегетін Қазақстан ғана емес бүкіл Евразия аймағы болмақ.

"Халықаралық қауымдастық Балқаш көліне өз назарын аударады деп үміттенеміз. Балқаш тек біздің ғана табиғи қазынамыз емес - бүкіл әлемнің қазынасы. Аралдың ғаламдық дәрежедеғі ықпалы жөнінде бәрі де біледі. Оның құрғап кетуі тек Орталық Азияға ғана әсер етпей, Қытай, Монғолия, Еуропаға да теріс әсерін тигізді. Балқаштың Арал сияқты құрғап кетуіне жол беру - барып тұрған қылмыс.

Балқаштың жағасына келіп, көлге көз тастасаң, мөлдір суы көкжиекке шейін созылып, күннің көзіне жылтырайды.

Алайда, көлдің құрғап кетуін болдырмау шаралары бүгіннен бастап еңгізілмесе, Балқаштың суы, көлді мекендеген құстар, айналасында тұратын халық он жылдан кем уақыт ішінде осы жерден ғайып болуы әбден мүмкін.

Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.

Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.

Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.

Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.

Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.

Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:

  1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.
  2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.
  3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.
  4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру. 5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық анаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.

Балқаштың экологиялық проблемасының сыры мен мұңы

Қуаңшылық дәуірден көлдің деңгейі төмендеп отырған. Ежелгі Балқаштың айдыны жекелеген  иірімдерге бөлініп  кететін және көл шұңқыры тұтастай дерлік құрғап қалуы мүмкін еді. Климаттың қайталай ылғалдануы ежелгі Алатау мен Тарбағатай тауларынан  ағып түсетін және көлге жаңа мекендеушілер алып келетін өзен сулары ойыстың суға толыуан алып келетін. Осы себеп көлдің ихтиофаунасының қайталанбауы мер түрлік құрамының кедейлігіне түсінік береді. ХІХ ғасырдың соңында Балқаш пен Алакөлдің көлдерінде балықтың бар жоғы 4 немес 6 түрі (ихтиологтар балықтың қайсысы жеке түр екіендігі жөнінде әзірше бір шешімге келген жоқ) кездесетін.

Бәрінен аздау туғызатын айтарлықтай «жас» көлдің «кәрі» мекендеушісі балқаш алабұғасы болатын. Ол кезінде Балқаш алабына тұтас таралған болатын. Алабұғаның пелагиялық (көлдік) нысананың ірі экземплярларының тұрқы (ұз) 50 см-ге және салмағы 1,0-1,5 кг-ға жететін.

Алабұғаның (солтүстікке таман таралған тұқымдастардың  өкілі) қалай және қашан Балқаш  алабына тап болғаны осы күнге шейін белгісіз. Мүмкін, ерте замандарда  Ертіс пен  Солтүстік Балқаш өңірінен шекаралық өзендері салдарынан біресе осы, біресе өзге алапқа жалғасып бағытын өзгертеуі мүмкін. Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес.

Балқаштың және оның салаларының «аборигендері» не тұқы тұқымдастарына (шармай, көкбас, көкталма), вьюн (жалаңаштар) тұқымдастарына жатады. Олар таулар арқылы мезгіл-мезгіл бағытын өзгертетін өзендермен  жеткен деп есептелінеді. Көлемі аса зор болған ежелгі Балқаштың негізінен балықтардың өзендік түрлерімен толтырылуын осылай түсіндіреді. Және неліктен олар әдетте көлге тән түрлермен балқаш үшін болған ұрыста тез жеңіліске душар болғанын пайымдайды.

Орта Азия мен Қазақстанда  шармай мен көкбастың бірнеше түрі кездеседі. Бұл балықтарды мамандар тұқы балықтардың ерекше кіші тұқымдастары – ажыраған құсақтарға жатқызады. Бұл тұқысдамтар өзінің атын балықтың анальдық тесігінің екі жағын ала орналасқан екі қатар  үлкейген теңгешелері – «ажырауға» қатысты алған.  Қызықты   ерекшелік: бұл балықтардың ұрғашысы еркегінен әлдеқайда ірі болып келеді. Кейбір зерттеушілер Қазақстанда шармайдың (қарабалық) 5 түрі бар десе, ал өзгелері 2 түрін – кәдісге және Балқаш шармайына бөліп қарайды. Балқаш шармайы екі түрге – Іле және балқаш шармайына бөлінеді. Мойындау керек: кейбір суқоймалардағы балықтардың биологиясын аз білетініміз сонша, олар Адам ықпалымен өзгеру жылдамдығы шапшаңдап, тіпті бұл жануарлардың кейбір нысандары оларды жан-жақты зерттегенше жойылып кетті!

Балқаштың өзінде бірнеше экологиялық нысандармен ерекшеленетін, қазір кездеспейтін Балқаш шармайы тіршілік ететін. Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінің және көлдің өзге де салаларының төменгі ағысында Балқаш шармайы оны тау етегі зонасында толық алмастыратын. Іле шармайымен қатар жүретін. Ағыстың жоғарғы  жағында жалаңаш көкбас, ал тау ағындарының басында – теңгелі көкбас тіршілік ететін.

Шармайдың ең ірі экземплярының тұрқы 80 см-ге жетіп, салмағы 10 кг-нан асатын, Шармайдың денесі типтік өзендік балықтардың нысанында жіне тегіс сары жасыл қола түстес болып келеді. Ұзындығы бойынша түрлер ажыратылатын екі жұп мұрты бар, шармайдың денесінде дұрыс орналасқан теңге қатарлары болмайды. Бұл сипат теңгешілердің ұзындықтары түрлі өлшемде болуымен айқындалады.  Алайда, ел таңқалдыратыны шармай мен джалаңаш көкбастың уылдықытары аса улы. Уылдырық шашар уақыт таянған сайын уылдырықтағы удың шоғырлануы күшейе түседі.  Бұрынырақ бұл балықтардың құрсақ терісіне төселген көмірдей қап-қара төсеніші улы деп қате есептеліп келді. Бәрібір, шармайды улы уылдырығы да сақтап қала алмады.

Оның жойылып  кетуіне себеп, көлге бісекелес балықтардың жіберілуі, бейбіт көлде жыртқыштардың пайда  болуы және ірірек ұрғашы балықтардың көбірек аулау, болып табылады. Өкінішке орай, Оңтүстік Қазақстан үшін «шармай» және «көкбас» атаулары бұл жерлердің ескі тұрғындарының естеліктеріне тақырып болатын аңыз болып қана  қалды. Өз кезінде шармай тұран жолбарысы, алматы апорты немесе Алатаудың қарлы шыңдары сияқты өлкенің символы болған жоқ па еді.

Жалаңаш және теңгешелі көкбастар - шармайға қарағанда ұсақ түрлер. Жалаңаш көкбастың теңгешелері кеуде жүзбеқанаттарының артында, бүйір қапталын бойлай, ажырау мен құрсағында орналасқан. Теңгешелі көкбас тұтас теңгеше басқан болып келеді, алайда олар біркелкі орналаспаған, дұрыс қатарлар түзбейді, ал теңгешелері бір-біріне асылмайды. Жалаңаш  көкбастың тұрқы мен салмағы кейде балықшы үшін «әжептеуір» болып саналатын мөлшерде болуы мүмкін, сондықтан да жергілікті балықшылар ірі балықтарды көкірегін кере «форель» (патшабалық) деп атайды.  Патриот балықшыны мұртшаларының, тістерінің, майлы жүзбеқанаттарының болуы немесе болмауы,  теңгешелерінің саны немесе түсі қызықтырмайды! Көлдің таулық немесе жазықтық салаларында жалаңаш көкбастан өзге талма  балық пен голецтердің бірнеше түрлері тіршілік етеді. Балқаш алабының өзендік бөлігінде қарапайым талма балықтардың бірнеше түршелері тіршілік етеді: қарапайым, Зайсан, Балқаш және Жетісу талма балықтары.  Бұл балықтардың денесі ұсақ теңгешелер басқан және түрлі өлшемдегі дақтар немесе жолақтар әшекейленген.  әсіресе, Зайсан талма балығы үйлену киімінде әсем. Еркек балықтың негізгі түсі - тік жолақпен өрнектелген жасыл қола түс; құрсағы мен анальдық жүзбеқанаты қызыл, ал  кеуде жүзбеқанаттары сүттей ақ жолақпен қоршалған. Талма балықтардың бәрі бүгінге дейін зерттеушілер үшін жұмбақ болып қалып отыр.

Жалаңашбалықтар - өзенде жасаушылар. Бұл балықтарды оның аузының айналасында 3 жұп мұртшаларынан, ұзын әрі жіңішке құйрық сабағынан және дененсіндегі теңгешелерінің болмауынан жеңіл ажыратуға болады. Әрбір жалаңаш балықтың қайталанбас түсі бар. Кез келген  нысандағы және орындағы күңгірт дақтардан тұрады. Дақтары мүлде бірдей бірнеше экземплярларды табу өте қиын. Сондықтан да жалаңаш балықтарды жүйелеу мәселесі міне жүз жыл бойы ихтолог ғалымдарды ұйықтатпайды, себебі жалаңаш балықтың Қазақстанда сегіз әлде он бір, жалпы қанша түрі бар екенін ешкім де дәл білмейді.

Жалаңаш балықтың әдеттегі ұзындығы - оттық қораптан шай қасықтың ұзындығына  дейін. Бұрын Балқаш пен Аоакөлде ұзындығы 22 см-ге жететін «аса зор» жалаңаш балықтар кездесетін! Олар аса салпы ерін балықтар түріне жататын. Бүгінде көлде жалаңаш балықтар қалған жоқ: олар жыртқыштарға ұнағанға ұқсайды.

Осымен Іле-Балқаш алқабының алабының аборигендік ихтифаунасының құрамы  жөніндегі әңгімені аяқтауға болар еді, егер зардапты көп көрген көл үлкен өзгеріс дәуірін бастан кешпесе. ХХ-ғасырдың басында сазан Балқашқа түсіп, онда тіршілік үшін тамаша жағдай табады.

1929 жылы Түрксіб құрылысшылары аягөз өзеніне Ертіс алабынан сібір тарақ балығын жібереді. 1945 жылға қарай бұл шағын ғана, үйір сүйгіш тұқы балық тұқымдастарына жататын балық алапқа түгелдей таралып үлгіреді.

Халықтан шыққан «жерсідіргіштер» суқоймалардың фаунасының қалыптасу мәселелерімен айналысатын ихтиологар мен гидробиологтарға көптеген бас қатыратын жұмбақтар жасырды деуге болад. Алайда, олардың әрекеттері балқаштың ихтифаунасын реконструкциялау бойынша ресми жұмыстармен салыстырғанда ауызға алуға келмейді. Кеңес өкіметі орныққан соң, «табиғаттан қайырымдылық күтуді» қажет деп таппаған мемлекет, табиғатты өзгерту туралы курсты ашық деп жариялады. Осылайша далада қолдан жасалған теңіздер, ал шөлде өзендер пайда болды. Балықтар құри бастады, ал дала ландшафтары егістікке айналды.

Жануарлар әлемі де естен шығарылған жоқ. Алайда, аңдардың ішінде де, құстар арасында  да су қоймалар бастан кешірген радикалды  өзгерістер мысалын табу қиын. Тек Орта Азияның суқоймалары ғана су экожүйесінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу полигонына айналдырылды. Ал Балқаш көлі табиғатты батыл өзгертушілердің сәтсіздіктері мен қателіктерінен тұратын хрестоматиялық мысалға айналды.

Бірінші рет Балқашқа жоспарлы түрде балық жіберу балықтардың бағалы түрлерінің реалын кеңейту маөқсатында жүргізілді.  1930-1931 жж. Іле өзеніне Арал каязының  жынысы жетілмеген бірнеше мың данасы жіберілді. Арал каязы - ірі, тұқы тұқымдас тұщы су балығы. Ал 1933-1934 жж. –ересек Арал шоқырының бірнеше жүздеген данасы жіберілді. Шоқыр өтпелі бекіре балықтарына жатады және Балқаш өңірінің тұрғындары ғылыми атаулардың бастарын ауыртып жатпай жай ғана «бекіре» деп жиі айтады. Балқаштағы шоқыр жиырма жасар шағында ұзындығ бір жарым метрге, салмағы 20 кг шамасына жетеді. Оған уылдырық шашу үшін тасты, малатасты грунт пен ағыс қажет. Мұндай уылдырық, шашатын орындардың көпшілігі бұрын Іле өзенінің қапшағай шатқалынан өтер тұста болатын. Бүгін каяз бен шоқыр Қазақстанның  Қызыл кітабының мекендеушілері. Себеп - Сырдария мен Іле өзендерінде жүргізілген су құрылыстары.

1948 жылы Алмаының әуіт шаруашылығының суқоймаларына Зайсан көлінен ойғақ балығын жіберу сәятсіз аяқталады. Оңғақ - көлдер мен ағысы шабан, арнасы балдыр басқан өзендер мекендеушісі. Оңғақтың денесінің нысаны мөңке балыққа, ал түсімен – шармайға, жұқа әрі ұсақ теңгешелермен - форельге (патшабалық), ал дәмдік сапасы жөнінен оңғақ балыққа тең келері жоқ. Оның еті семіз, өте нәзік, аздап тәтті, қантамырларының қалың желісінен сәл қызғылт реңкте. Оңғақты Еуропада өте бағалайды және оның тұқы балықтан шабан өссе де балық өсіретін шаруашылықтары өсіруге ұмтылуда. Балқаштағы оңғақтың таралу аясы өте тар.

1950-1960 жж. арасында алдымен Қаратал өзеніне, соңынан Тоқырауын мен Іле өзендеріне Алтай өлкесі мен Қостанай облыстарынаң бозша мөңке жіберілді. Бүгін бұл тұқы тұқымдастардың күй талғамайтын өкілі Балқаш алқабында барлық жерде кездеседі: атыраулық көлдерден өзен-салалардың таулықтелімдеріне дейін. Бозша мөңке - ғажайып балық. Ол оттек тапшылығы мен ластанған суға да шыдамды, денесінің бір бөлігінің мұздануын және тіпті суқойманың қысқа мерзімге құрғауын да көтереді.  Қазақстанның кейбір көлдеріндегі тіршілік жағдайы соншалықты қатал болғандықтан оларда тек мөңке балық қана өседі. Сол себепі мөңке балық суқойманың жағдайының биоиндикаторы болып есептелінеді. Бозша мөңкенің Балқашта пайда болуы мен оның көптеп өсіп-өнуінің өзі экологтар үшін судың ластану белгісі болып табылады.

Бозша мекенің кейбір түрлері көбеюдің балықтар арасындағы сирек кездесетін тәсілі – гиногенезді пайдаланады. Ниногенетикалық популяцияарда барлығы дерлік ұрғашы, олар уылдырықты туыс түрлермен бірге шашады. Дегенмен олардың ұрпақтарында буданның пайда болуы мүмкін емес. Барлық шабақтар тек мөңке болып шығады және түгелдей дерлік ұрғашы мөңке.

Арал теңізінен Балқашқа 1949 ж табан балықты жіберу тәжірибесі табысты өтті. Өкінішке орай, «табысты» сол кездің өзінде ғалымдар бұл ғылыми тұрғыдан негізделмеген шешімге қарсы болды және оның мақсатқа сай екендігіне күмән білдірді, алайда олардың пікірлеріне ешкім құлақ та аспады. Табан балық жаңа орынды өте жақсы игерді де өзінің санын жылдам көбейтуге кірісті. Дәл осы табанды көлге жіберумен мамандар көлден шармайдың ығыстырылып шығарылуы мен сазан санының кеми бастауын байланыстырады.

1957ж. Балқашқа көксеркені жібереді. «Көксеркеге» дейінгі кезеңде Балқашта типтік жыртқыш балықтар болған емес. Тек шырмайдың аса ірі экземплярлары ғана кейде жыртқыштықпен айналысатын. Көксеркені жіберу бағалы емес ихтифаунамен - жалаңаш  балықтармен және алабұғамен күресу керектігімен негізделеді. Балқаш алабұғасын Қызық Кітапқа енгізу - бұл есептеулердің дұрыстығы мен дәлдігінің дәлелі!

Балықтардың жаңа түрлерін жерсіндірудегі табыс күткендегіден асып түсті: олардың көпшілігі жерсініп кетті және көптеген ұрпақ берді. Алайда Адамның (тілегі) мүддесі мен оның ғажап болжамдары  табиғаттың қайтпас заңдарымен әр кезде сәйкес келе бермейді. Жоспарланған балық түрлерін жіберу мен заңсыз мекендеушілердің нәтижесінде Балқаштың кейбір аборигендері жойып қана қойған жоқ, сонымен бірге көлдің ихтифаунасының жалпы  трансформациясының басқарусыз процесі басталады. Қарқынды түрде көбейген табан мен көксерке Балқаш алабұғасының қорын тез арада кұртып жібереді, онан соң шармайға ауысты, сазан кәсіптік маңызын жоғалтты. Мұның барлығы жыртқыштардың  өз популяциясына теріс әсер етті. Балқаш көлін мекендеушілері тек табан мен көксерке болып қалған суқоймаға айналды. Алайда бұл Адамның тек жалғыз ғана жансақтығы емес. Көксеркемен бірге көлге өзге де жыртқыштар - беріп, ақмарқа және жайын кездейсоқ тап болған еді.

Көксерке мен беріп алабұға тұқымдастарына жатады және бір-біріне ұқсастығы сонша, маман емес адамға оларды ажырату өте қиынға соғады. Ең дұрыс белгі – көксеркенің жақ сүйегіндегі төрт азу тістің және ұзын  келген көзінің артқы шегіне кіріккен жақалды сүйекшенің болуы. Берште азу тістер жоқ, ал қысқа сүйекше тек көздің жартысына дейін ғана. Бұл балықтардың биологиясы да өте ұқсас. Екеуі де ашық көріністегі үйірлі жыртқыштар. Көксерке - ашық су кеңістіктерін, үлкен тереңдікті және таза әрі оттегіге бай суды сүйеді. Ал берш нулы биотоптарға бейімдеу келеді. Көксерке де, берш те тіпті қысқа сәт қана ауада болуға шыдамайды және асуға түскенде тез өледі.  Бұл балықтар уылдырықтарын құмды қайырларда қазылған шұңқырларға немесе тасқа шашады. Еркектері уылдырықты  шабақтар пайда болғанша адал қориды, алайды өскін шабақтарды басқа да аңшылық объектілерінен ажырата қоймайды. Айта кету керек, «жастардың» өздері  де өсу барысында артта қалған «інілері, ана-қарындастарымен» тамақтанудан тайынбайды. Жыртқыштар әлемінің заңдары құрлықта да, суда да қатал.

Балқашқа жіберілген қарапайым, немесе еуропалық жайын – дүние жүзіндегі ең ірі тұщысулық балық, кейде ұзындығы 5 метрге жетеді, ал салмағы 300 кг-ге жетеді. Балқашта мұндай ірі жайындар әзірше кездесе қоймаса да, мұнда ұзындығы 2метрден асатын және салмағы 50-60 кг болатын жайындар ежелден сирек құбылыс емес.

Жайын жылылықты сүйеді, маусым айында атырауларында  уылдырық шашады. Уылдырықты суасты өсімдіктерін жапыра жасалған дөрекі ұяға шашады және ұрпағына шабақ шыққанша қориды.  Жыртқыш жайын тамақ таңдамайды: оның зор аранына сиятын және қимылдайтын нәрсенің бәрі оның мәзіріне кіреді. Ірі жайын әуесқой балықшы немесе суасты аңшылығы үшін күткен олжа. Ақмарқа - балқаш тұқы тұқымдастарының ішіндегі жалғыз жыртқыш. Ақмарқаның уылдырық шашуы өзендердің бастауларында ерте көктемде өтеді. Ерте уылдырық шашу - бұл жыртқыш ұрпақтарының өзге түрлердің қорғансыз жас өскіндеріне аңшылық жасауына мүмкіндік береді.

ХХ ғасырдың ортасы жерсіндіу жұмыстарының жаңа толқынымен аталып өтті. Бұл кезеңде ақсаха, көксерке, табан, қаракөз және форель жіберу жұмыстарымен байланысты екінші толқынға тұтас келеді.

Солтүстік каспийлік қаракөз (торта туыстасы) – тұқы тұқымдастардың ішіндегі халыққа жаппай белгілі және сүйікті өкілі.  Қаракөз Балқашқа жерсініп кетті, айтарлық маңызды кәсіптік объектіге айналды, оның аулану көлемі сазанмен теңесті.

Балқаш алабының тау өзендері мен көлдеріне албырттың бірнеше түрлері жіберілді. 1964 жылға дейінгі аралықта уылдырық күйінде Чехославакиядан әкелінген форель (аптшалық) Бартоғай форель шаруашылығында жіберілді, бірнеше мәрте Шілік өзеніне, Көлсай, Қайыңды көлдеріне жіберілді. 1966 жылы Түрген форель шаруашылығында - Қазақстандағы осы бағалы балық түрін шығаратын негізгі өндіріс орны құрылды.

Осы кезде Орта Азия мен қзақстанда алғашқы болып Қиыр шығыстық өсімдік жейтін балықтар пайда болады. Бұл балықтардың ерекше қасиеті - тамаққа су өсімдіктері мен балдырларды пайдалану - өзге «еуропалық» түрлерде сирек кездеседі. Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан КСРО-ның әуропалық бөлігінде шығыс Еуропаға және Кубаның суқоймаларына өсімдік жейтін балықтарды таратуды сынау полигонына айналдырылды.

Амур мен дөңмайдың балық - Қиыр Шығыс пен Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия өзендерінің мекендеушілері қореқтенеді, дөңмайдың балық – желбезектері арқылы су қабаттарын сүзу жолымен бір клеткалы балдырлармен қореқтенеді. Бұл балықтар уылдырық шашу үшін өзен ағысына қарсы жүзеді, сондықтан да шектелген көлдер мен әуіттерде табиғи түрде бұл балықтардың уылдырық шашуы мүмкін емес. Қапшағай СЭС-ің бөгеті бұл бағалы кәсіптік түрлерінің санын балқашта да, Қапшағай бөгенінде де шектеулі факторға айналдырды.

Тағы да, көлдің тұз қоры  мен оның қалыптасу мерзімі арасындағы сәйкессіздік ақиқаты көзге ұрады. Егер Балқаш суының қазіргі тұздылық дәрежесін негізге ала отыып есептесек, онда көлдің жасы бар жоғы 50 жылға жуықтайды.  Барлық минералсыздану факторларын есепке алсақ, онда кейбір есептеулер Балқаштың жасы барлығы 20-25 мың жылды құайтынын көрсетеді. Алайда, геологтардың пікірінше, көлдің жасы одан айтарлықтай көп дегенге саяды. «Тұздар қайда кеткен!» - деуден танбайды зерттеушілер  ұрпақтан ұрпаққа.

ХХ ғасырдың басында көз көргендердің шөл даланың ортасындағы тұщы көл туралы таңжағайып әңгімелері белгілі саяхатшы әрі ғалым Лев Семенович Берг тарапынан қызығушылық туғызады.  Шөл ортасындағы жауған атмосфералық жауын-шашының шамасы одан буланған ылғалда бірнеше есе аз көл тұзды болуға тиіс қой. Балқаш туралы «ғылымға жат» ойлардың терістігін дәлелдеу мақсатымен Л.С.Берг 1903 жылы көлге экспедиция ұйымдастырады және таң қалуға мәжбүр болды. «Балқаш, ол туралы басым ойларға қарамастан тұщы көл. Оны Балқаш көлінің жағасын түгелдей басып өткен топографтар да растайды. Көңіл қоюға тұратын дәлел климаты құрғақ континентальды елде, шөл ортасында орналасқан жауатын атмосфералық жауын-шашын мөлшері жылына 200 мл-ден аспайтын, тұйық тұщы көл, географиялық парадокс болып табылады», дкеп жазды көргендеріне таң қалған ғалым. Бергтің жеңіл қолымен қазір де көлді осы атаумен атайды. Көлдің кезекті жұмбақтарымен бетпе-бет келген зерттеушілер Бергтің көріпкелдік сөзімен Балқашты «географиялық парадокс» деп атаудан танбайды. Көлдің мұндай жұмбақтары әлі де аз емес.

Әйтсе де, көл тұздарды қайда жасырады? Сарыесік бұғазымен Ұзынарал түбегі арқылы көлдің екі бөлікке бөлінетіні бәрімізге белгілі. Балқашқа негізінен Іле өзенімен келіп түсетін су бағытта - батыстан шығысқа қарай ағады. Көлдің батыс бөлігі ағысты әрі тұщы, себебі барлық тұздарды ағыспен көлдің тұйық әрі тұзды шығыс бөлігіне алып кетеді. Бірақ та, тұздар шөгетін көлдің шығыс бөлігінің аса тұзданбағандығы таң қалдырады.

Сөйтсек, көл тұздан құтылудың бірнеше тәсілін игергенге ұқсайды. Біріншіден, тұздар суда ерімейтін қосылыстар түріндегі тұнбаға отырады: Батыс Балқашта - ола кальциттер, ал Шығыс Балқашта - негізінен доломиттер. Көлді тұздардан тазартуда және оларды ерімейтін қосылыстарға айналыдруда химиялық процестерден өзге планктон үлкен ороль атқарады. Бір қатар тұздарды аса ұсақ су өсімдіктері мен жәндіктер суды сүзгілей отырып жұтады және оларды көл табанына  шөктіреді. Оңтүстік жағалаудағы көптеген теңіз қолтықтары мен тайыз шығанақтары көл тартылған кезде одан бөлініп, Балқаштан тұздардың біраз бөлігін сортаңы шағын көлдер түзеді. Олар жылдам құрғайды, су буланып кетеді, ал тұз  тұнбағ шөгеді және оны құм басады. Әрине, тұздардың қорытатын және өзінде жинайтын ерекше боилогиялық сүзгілерді – қамыс нуларын еске алмауға болмайды.

Сонымен,  еріген тұздарды түптік шөгінділердегі ерімейтін қосылыстарға айналдыратын биотосы. Балқаштың тұщы бөлігінің тіршілігінің негізі болып табылады. Бұл көлді тұздардан тазарту процесінде байқалмайтын бактериялар мен микроскопиялық су өсімдіктерінен балықтар мен құстарға дейінгі Балқашты мекендеушілер түгел атсалысады. Іленің атырауының әрбір текше метр топырағында қазіргі кезде 100 кг шамасында тұз болса, ал ондағы топырақтың 1 метр  қабатында көмілген тұздардың мөлшері кемінде 25 млн. тоннаны құрайды! Көл деңгейі төмендеген жағдайда тұз алмасудың осы үйлесе теңдескен жүйесі өте жеңіл бұзылуы мүмкін. Онда тұздардың көпғасырлық шөгінділері көлден тыс қалады да, Балқаш өңірінің құтырған желдері оларды жетісу аумағына шашуды бастайды.

Тұзды қайыңдар өздерінің қорқынышты билерін бастайды. Олар қазір де Оңтүстік Балқаш өңірінде сирек емес. Көлдің үнсіз қорғаушыларының шабыуылдаушы тұз патшалығымен күресуге енді шамамыз жетпейді. Балқаштың биотасының тірлік құрамы мыңдаған жылдар барысында қалыптасса, енді экологялық тепе-теңдіктің кез келген бұзылуы апаттық зардаптарға апарып соқтырады. Тұздардың кірісі мен шығысы арасында диспропорция туындайды, көлдің тұщы суды сүейтін мекендерін қырғынға ұрындыратын қарқынды тұздану басталады, Балқаш 20 жылға жетпей құрып кетуі мүмкін!

Балқаштың екінші жұмбағы - ол оның тасындыларды жеңудегі фантастикалық күресу мүмкіншілігі (қабілеті). Жетісу өзендері суының құрамындағы ерімейтін саз бен құмның өте молдылығымен сипатталады. Бір литр судағы тасындылардың шамасы осындай мөлшердегі суда еріген тұздардың көлемін төрт есе асып түседі. Дөрекі арифметикалық есептеулер Балқаш ойысының бар-жоғы 250-300 жылда тасындылар шөгіндісіне толып үлгеретінін көрсетіп отыр. Алайда, көл мыңдаған жылдар тіршілік етуде! Жұмбақ көл  тасындыларды  қайда ғана жасырады? Ғалымдар Балқаштың өзен атырауларынан қорған жасағанын айтады. Қатты тасындылардың шабуылын тежеп ұстау үшін шекаралық застава ретінде өзендер таулардан түскен соң  атырауларында оңдаған және жүздеген тарамдар  мен жеңсалаларға бөлініп кетеді; олардың арасында тасындыларды жинақтаушы көлдер пайда болады. Су шыны мөлдірлігіне дейін тазаланады, ал атырау біртіндеп биіктей береді және орнын ауыстырады.

Көлдің тайыздығы және күшті желдер көптеген мүйістер, шығанақтар, аралдар және құмды қайрандар тудырады. Олар көлге регрессиялық фазада Балқаштың деңгейі қатты құлаған кезде көлдің өзін-өзі сақтауына мүмкіндік туғызады. Желдер мен ағыстар көлден тайыс мүйістер  мен қолтықтарды бөліп тастайды, көлдің ауданы азаяды, жеке иірімдері бір-бірінен жекеленеді,  Балқаштан булануға кеткен шығын қысқарады және  регрессия бәсеңдейді. Дана көл өзін-өзі құтқарады.

Көл неліктен Балқаш деп аталынған, (батпақ деген сөз бе)? Бір кездерде көлді атпен кешіп өтуге болғаны туралы әңгімелерді қалай түсіндіруге болады? Сөйтсек, табиғатынан  тайыз көл коиматтық ырғаққа сәйкес біресе құрғап отырады екен. Әлдеқашан, XVI –ғасырда, «кіші мұздақ кезеңінде» Балқаш толысудың ең жоғарғы сатысында батпақ деп аталуына түсінік береді.

Балқаштың тайыздығы көлдің келесі гидродинамикалық ерекшелігін айқындайды. Еуразияның терең сулы көлдерімен салыстырғанда  Балқаштың суы жақсы араласады. Сондықтан дауыл табанынан түптік шөгінділер қабатын көтеретін қуатты желдік ағыстар пайда болады, жағадағы зор құм массаларын су айналымына тоғытады. Өз кезегінде құмдар жағалық үйме жалдар – барқандар, дюндер тұрғызады, ал көлдің батыс бөлігіндегі тайыз көл иірімдерінде, су айналым орындарында, кезбе құмдар пайда болады. Олар аңғал балық аулау кемелерін «аулайды».

Түз алмасу мен тұз шығарудың феноменальды тәсілінен өзге көл зерттеушілерге тағы да бірқатар жұмбақтар ұсынады. Көлден неліктен хемогендік шөгінділердің табылмағанына ғалымдар  көп  уақыт түсіне  алмай жүрді. Терең сулы көлдерде желдік ығу ағысатары өтпейтін түпкі қабаттарда органикалық заттардың ыдырау өнімдері болып табылатын өмір қышқыл газ (көмір тес қос тотығы) үздіксіз жинақталады. Хемогендік шөгінділер су түбінен көтерілген көмірқышқыл газдың ұсақ көпіршіктерімен кездеседі де, олармен химиялық реакцияға түседі және көл табанына шөгетін суда еритін бикарбонаттарға айналады. Ал, суы тайыз Балқашта тұрақты желмен араластыру процесіне байланысты  көл табанында көмір қышқыл газы кездеспейді.

Тағы да бір жұмбақ Іле мен Балқаш суындағы органикалық заттардың аздығымен байланысты. Балқаштағы биоценоз тіршілігі тұтасымен көлдің жағасын, тайыз сулы мүйістер мен қолтықтарды қоршаған қамыс нуларында шоғырланған ба деген ой туындайды. Көлдің бұл биологиялық ерекшелігі жазғы ыстықтарда ірі жанды жандырып өтетін күн сәулесінің тік радиациясымен айқындалады. Осыған байланысты Балқашта биоценоздау массасының өсуі болмады, мысалы, жоғары су өсімдіктерінің нулары күшті  дауылдарда тұрақты түрде жойылып отырады. Міне, неліктен  көгілдір Балқашқа евтрофикация (улану) процесі қауіпті емес екендігі: оны өсімдіктер баспайды және Еуразияның шағын көлдеріндей батпаққа айналмайды.

Мұнымен көл жұмбақтары таусыомақ емес. Оны осы кезге дейін оған жүргізілген кез келген байыпты зерттеулер Балқаштың жаңа таңданарлық ерекшеліктерін ашқаны және ашып жатқаны аздей, олар өз кезегінде жаңа жұмбақтар мен сұрақтардың тұтас тізімін туғызады. Алғашқы болып көл жұмбақтарын шешуге тырысқан экологтар мен геоморфолог ғалымдар еді.  Олар, көлдің 35 млн. жылдан астам  уақыт  тіршілік ететінін анықтады және осы мерзімде тарнсгрессия - шабан көтерілу  мен регрессия дәл сондай су деңгейінің төмендеуінің бірнеше стадиясын басынан өткізді. Палсоклиматтанушылар мен географтар көлдің деңгейінің шамамен және көлдің келбетінің 1850 жылдық ырғақпен өзгеретінін анықтады.

өзінің шөл далада шалқып жатуына Балқаш Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауынан ақырай ағып шығып, суын көлге құйып жатқан тау өзендеріне қарыздар. Көл солтүстіктегі зор  тау аралық ойыста жатыр. Кейбір геологтар өз кезінде диаметрі жүздеген километр болатын осы шұңқыр өте ертеде алып метроситтің соққысынан пайда болды деген тұжырым айтқан болатын. Демек, Балқаштың тегі жерден тыс болғаны ғой?! Тартымды тұжырым? Бірақ, дәлелденуі қиын. Дегенмен  де, егер жұмбақ көл  ғалымдарға кезекті шарадасын жасыратын болса, ешкім де таңданбас еді. Ал, Балқаштың пайда болу тарихы, оның «ата тегі» ерекше.

Геологиялық тарихтың кейінгі кезеңінде Тәңір тау (Тянь-Шань) әлі жоқ кезде, қазіргі Балқаш-Алакөл ойысының ауданы тегіс таулардан тұратын. Сол дәуірде Орталық Азияның климаты ыстық әрі ылғалды болуы себепті бұл аумақта етегін қырыққұлақ басқан қылқан жапырақты ну ормандар таралады. Басарал аралындағы ақ түсті каолинді саз балшықтар Балқаш тарихының сол  өте ертедегі кезеңінен тікелей куәлік етеді.  Кейінірек осыдан 2,5 млн.жыл бұрын жер қыртысының дифферциялық тектоникалық қозғалыстары басталады да, жердің алғашқы бетінде бірінші әжімдер - болашақ тау жоталары пайда болады. Осылайша Шу-Балқаш суайырғының күмбезі  көтерілді. Солтүстік Балқаштың жатық шоқылары қалыптаса бастайды және қазіргі кездегі Жоңғар Алатауының орнында төбешіктер  пайда болды. Климатта өзгеріске ұшырады: ылғалдылығы азайып континентальдылығы арта түсті. Аумақтың ландшафты Африка саванналарының түріне өтті.

Бір жарым млн.жыл бұрын Шу-Іле суайырғы мен Солтүстік Балқаш өңірінің ұсақ шоқылары шапшаң өсе бастады. Жер бетінің жеке бір орында бұлайша көтерілуі, оның басқа бір жерін төмендеуге мәжбүр етті. Осылайша Алакөл ойысы пайда болды, ол көтерілген барлық таулардың ортасынан тау аралық Эмел (Еміл) ойысы  ерекшеленеді. Пайда болған таулар мен алғашқы пра-көлдердің жағдайлары өте тұрақсыз еді. Балқаш ойысының шарасы (табаны) әлі дайын емес еді, сондықтан да алғашқы тау өзендері суларын қоршаған төбелерден шығысқа, Алакөл және Эмел (Еміл) ойысына қарай ағызды. Сол замандағы климат суықтығы мен континентальдығы өсе түсуімен сипатталады. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де климаттың салдарынан өзгеріп отырды: кең аңғарларда шамшат ормандары шуласа, төбелер мен өзен аралықтарында тау пісте, лаврлар өсіп жатты.

Климаттың жалғасқан суықтауы мен континентальдылығының күшеюі суайрықтардағы далалардың кеңеюіне алып келді, бірақ бұл процесс Алакөл мен Балқаш ойыстарында орын алады.  Мұндағы климат жазды ыстық және аясыз қысымен ерекшеленетін субтропикалық күйінде қалды. Оған Кеңтүбек түбегінен табылған саванналық-далалық ландшафтарын мекендеген Іле түйе құсы жұмыртқасының қауызы дәлел болды.

Жер қыртысының жаңа  қозғалыстары Солтүстік  Балқаш өңірінде ұсақ шоқылы жер бедерінің қалыптасуына алып келсе, Жоңғар Алатауында жекелеген таулар мен тау аралық ойыстар жүйесін қалыптастырды. Кішігірім төбелер Хантәңірі секілді төбелері көк тіреген шындармен алмасты. Олар осыдан 500 мың жыл бұрын бірінші мұзқұрсануға ұласты. Мұзқұрсанудың соңынан алатау өзендерінің ағындысы күрт өсті, мұздық суларының  қуатты ағындары тай беткейлерін бұза бастады және ысырындыларымен аумақтың бедерін айтарлықтай дәрежеде өңдеуден өткізді. Атропогеннің ортасында (осыдан 200 мың жыл бұрын) Орталық Азияның таулары әлдеқашан түбегейлі қалыптасып болды, жалпы ауытқуы 1000-2000 м аралығындағы олардың тоқтаусыз көтерілуі (жылына 2,5 м жылдамдықпен) уақытша өзен, көд және ойыстар пайда болуымен ұласып отырды. Өз кезегінде олардың пайда болуынан жоқ болуы тез өтетін. Көтерілген тауарлар күшті тау ағындарымен араласып отырды. Дәл осы кезде  пра-Балқаш ойысы пайда болады және әсіресе оның батыс бөлігі өзен сулармен толыса бастайды.

Орта антропогеннің   екінші жартысында (шамамен 100 мың жыл бұрын) Тәңіртау тауларының күшті мұзқұрсануы өтеді де, ал оның соңын  ала – күшті жылыну басталды. Мұздықтардың қарқынды еруін шақырған су ағындары  қазіргі Балқаштың бесігі болған Балқаш-Алакөл ойысын  және шағын-шағын уақытша көлдерді ернеулерінен асыра толтырды.  Ертедегі Балқаштың тайыз су батыс бөлігі, ойымызша, оқта-текте ғана толтырылып отырған және мүмкін көлге ат берген шексіз батпақ иеліктерінен тұрды.

Балқаштың одан бергі антропогендік тарихын бірінен соң бірі кезектесіп алмасып  тұрған трансгрессия мен регрессия фазалары түрінде көзге елестеуге болады. Балқаштың  деңгейінің ең жоғарғы көтерілуі мен төмендеуінің 7 кезеңін бөліп қарауға болады. Көл тарихы   таулық мұзқұрсану мен мұнда жатқан неотектоникалық процесстермен тығыз байланысты.  Жер қыртысының қозғалысы, таулардың түзілуі, климаттың өзгеруі, мұздықтардың пайда болуы мен еруі тау көлдерінің бірнеше қайта пайда болуы және бұзылуы, өзен ағындысының  қалыптасуы және өзендердің ұзаруы сияқты күрделі табиғат процестері  Балқаштың пайда болуына алып келді. Ғалымдар Балқаш-Алакөл ойысының тұтас палеотарихында ежелгі көл шұңқырлар орындары өзгермегенін дәлелдеп шықты. Тек жағаларының сұлбасы ғана өзгеріп отырған.

Балқаш өңірінің дүниесі қатал да әсем. Жазда мұнда құмды және шаңды дауылдары патшалық құрса, ал қыста қарлы борандар құтырады.  480С құбыжық ыстық және жауын-шашынсыз жаз. Мұндай климаттық жағдайлар бұл өлкеде тіршілік болмайтындай көрсетеді. Алайда, олай емес. Табиғат бізге нешінші рет екені белгісіз, өсімдік пен жануарлар дүниесінің бейімделуге деген таңғажайып мүмкіндіктерін көрсетумен келеді. Мүмкін сондықтан да Балқаш өңірінің кез келген мекендеушісімен (сорақ немесе жыңғыл тоғайы,  немесе кішкене кесіртке т.б.) кездесу таң қалдыруынан танбайды. Бұл өлкелерде бұрын көрмеген және ауыз аштырар ғажайыптар өте мол. Бұл орындардың әсемдігі ежелден адам үшін шабыт көзі  болатын. Ол дала және шөлдер, өзендер мен көлдер, құстар мен жануарлар туралы ғажайып аңыздар туғызды. әрбір геологиялық атау осы жерлердің ежелгі поэзиясынан ақпарат береді. Ежелгі Адам табиғатқа аялай қарайды білді, ол өзінің жаны барға деген қатысыне сезінді қазіргі глобалдық экологиялық апат және зілзалалар кезінде қоршаған әлемге деген Адамның  ойлы қатынасының проблемасы актуальдылыққа ие болды. Қазіргі Адамның әрбір қадамы есепті және сақ болғаны жөн. Не үшін қолдан шөлдер жасауымыз керек, егер онсыз да Қазақстанда олар жеткілікті болса?

Балқаш өңірі Қазақстан картасында сары түске – күн мен шөлдің түсіне боялған. Зүбәржаттай көгілдір Балқаш көлі мен  Іле өзені атырауының жасыл ұшбұрышы лаулаған қызғылт жиек құрсау. «Шөлде нендей жазық болуы мүмкін? Құмдар, аптап ыстық, елсіз» дер біреу және оның қателесетіні рас. Бұл жерге жасалған қызықты саяхат ғажайып және өзінше ерекше дүниені ашады. Бұл өлкедегі қатал табиғаттың сыртқы кедейлігі мен тапшылығының артында өзіндік көзге ұрмайтын және плештелена сұлулық жасырынған. Ландшафтардың  әртүрлілігі, таңғажайып жартастар, тұранғы тоғайлары, Балқаштың құмдақ жағажайлары бар тып-тыныш мүйістері, шексіз құмдар және сайын дала күмістей жалтылдаған ақ селеуле толқынданған. Бұл миниатюрадағы Қазақстан. Бұл өлкені  апаттан арашалау және сақтау парыз.

Балқаш көлінің экологиялық жағдайы

Жопары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
  1. Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
2.Балқаш өңірінің сипаттамасы
  1. Балқаш көлінің ерекшелігі
  2. Қауіп төндірген Балқаш
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

1.1. Балқаш өңірінің сипаттамасы

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі күн түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуан дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.

ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақұйрық, түлкі мен борсық мекендейді. Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.

Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары торањѓы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жүке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өң өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып аң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.

ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейдікелетін қу. Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.

Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.

Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44 шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым.

1.2. Балқаш көлінің ерекшелігі

Оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.

Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.

Іле – Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады. Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік кәсіпорынның алдыңғыларының бірі – "Балқашмыс" АҚ орын тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын құнарлы жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр.

Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.

Бектауата тау массиві

Қызғылт гранитті құздары, саялы көктерек тоғайлары, шалғындық шөптері мол Солтүстік Балқаш өңірінің оазисі – Бектауата туристерді қызықтырады, еліктіреді. Мың метрден астам биіктікке бой созып жатқан Бектауата шыңын ашық күндері жүздеген шақырымнан көруге болады, сондықтанда оның Балқаш өңірінің маягы деп аталуы да тегін емес.

Бектауата тауы көлемі жағынан онша үлкен емес (4000 га) алайда оның қойнауын шатқалды келеді, мұнда әр алуан құбылыстағы шыңдар мен жартастар көп орналасқан. Бұл таудың атына байланысты Әулие Атабек туралы аңыз бар.

Бектауата тау сілемінде үңірлердің пайда болуы табиғи құбылыс, өйткені желдің, жамбырдың әсерінен тау жыныстары әр түрлі өзгерістерге ұшырап отырады.

Бұл үңгірлерге күн сәулесі терең бойлап түседі, сондықтанда мамандар бұл таудағы үңгірлерді "қоладан жасалған" немесе "хрустальды погреб" деп атайды. Әсемдігі жағынан сирек кездесетін осы көріністер және үңгірге кіретін жол тіктеме жартасты, гранитті құздардың арасында. Бектауата жерінің қуаңдығына қарамастан әр түрлі өсімдіктерге бай. Оқымысты-ботаниктер 500 га жерде 300 түрлі шабындық және далалық өсімдіктердің өсетінін анықтаған және оның ішінде 50 түрлісі дәрілік өсімдіктер: шимұрын, тобылғы, долана, ырғай, қарақат т.б. Бұл жерде сирек кездесетін Кесслер таспашөбі сақталған, "Бектауата тиіні" деп аталатын өсімдік Қызыл кітапқа енгізілген. Табиғаттың құбылысына таң қалатын тағы бір жағдай мұнда жалаң таста арша өседі. Бұл ағаштың ерекшелігі сонда – ол айлап жаңбырсыз күндер болсада тас қуысынан ылғалды бойына тартады. Бұл жерде сирек кездесетін тырбиған көртышқан кездеседі, арқар бар. Кең даланың көгалды жерлері көптеген құстарға бай: кептер, алабұлбұл, сарғалдақ, сандуғаш, шақшақай, сарыторғай. Әрине осы табиғи байлықтарды қорғау керек, сақтау керек.

Бектауата тау қойнауында көгілдір тау хрустальдары (су тас) және сирек кездесетін минерал-кварцтық түрлері кездеседі. Табиғат құбылысынан өзгеріске ұшыраған тау жыныстары ғажайып формаларға айналып, қазір әр түрлі атауларға ие болған: "Саңырауқұлақ", "Сандық", "Тасбақа", "Үш тіс" және "Сарықұлжа".

1.3. Қауіп төндірген Балқаш

Қоршаған ортаның жанашырлары "Балқаш көлі Арал тағдырының кебін киюі мүмкін" деп дабыл қағып отыр. Балқаш өңірі аясының кеңдігі мен онда халықтың тығыз қоныстануы аталған проблеманы одан бетер ушықтырып отыр. Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр.

Қоршаған ортаның жанашырлары "Балқаш көлі Арал тағдырының кебін киюі мүмкін" деп дабыл қағып отыр. Балқаш өңірі аясының кеңдігі мен онда халықтың тығыз қоныстануы аталған проблеманы одан бетер ушықтырып отыр. Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр.Балқаш көлі Арал тағдырының кебін киюі мүмкін. Қоршаған ортаның жанашырлары осылай дабыл қағып отыр. Балқаш өңірі аясының кеңдігі мен онда халықтың тығыз қоныстануы аталған проблеманы одан бетер ушықтырып отыр. Бұл аймақта 3 миллионға жуық қазақстандық тұрады. Сондықтан бұл шаруа жедел түрде шешімін табуды қажет етеді. Бұл жөнінде бейсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова және "Табиғат" экологиялық қорының жетекшісі Мэлс Елеусізов құлағдар етті. Осы ретте қыркүйектің аяғында Балқаш өңірінің экологиялық мәселелеріне арналған екінші халықаралық форум өтпек. Айта кету керек, бірінші форум осыдан бес жыл бұрын өткен болатын. Айткүл Самақованың айтуынша, алдағы форумда талқыланатын маңызды мәселенің бірі-Қытай жағы тарапынан аймақтағы тұрақты даму бағдарламасына қатысты шешім қабылдау болмақ.

24:06 Қытай жағы бүгінде қаншама өндіріс өндіріп жатыр. Суды өздеріне алып, қалдықтарын жіберіп, сол суды ластап жатқанннан біз бекеротырмай қарап жатырмыз.

Балқаш көлі- ұзындығы 700 шақырымға жуық қайталанбас табиғи су қоймасы. Балқаш суының 80 пайызын Іле өзенінен алады екен.Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр. Бұл өз кезегінде орташа тереңдігі 6-ақ метр Балқаш көлінің тартылып, түбіндегі тұздың ауаға ұшуына, сөйтіп жақында орналасқан тау мұздықтарының еруіне және көлдің айналасында мекендейтін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін болады, дейді "Табиғат" экологиялық қорының жетекшісі Мэлс Елеусізов 28:00 жалғыз олардан емес, біз жақтан да көп мәселелер туып жатыр. Орман, су, балық, ауылшаруашылық қалдық су қалдығы соның бәрі бар. Соның бәрін дұрыс шешу керек. Екіншіден дүние жүзінің халықтарын көтеріп Қытайға қысым жасамаса болмайды.Балқаш көлі кезінде сазан балығымен аты шыққан болатын.Одан жылына 11-12 тонна балық ауланатын. қазір бұл жүйе түбегейлі өзгерді. Көл суының тартыла бастауы, су тұздылығының артуы, жем қорының азаюы сияқты тікелей және жанама факторлар Балқаш -Іле алқабындағы балық қорының дағдарысқа ұшырауына теріс әсерін тигізбей қоймайды. Басқосуда қоршаған ортаны қорғау министрі жуырда өтетін Балқаш форумында осы көлге қатсты мемлекеттік бағдарлама қабылданатынын да жеткізді.Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаншалықты қаражат керек екенін де жасырмады. Іле-Балқаш өңірі мен Балқаш көліндегі экологиялық мәселелерге қоғам назарын аударту және көлдің экожүйесін сақтап қалу дәл бүгінгі таңда елімізге қажетті-ақ.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. google.kz
  2. baribar.kz
  3. География оқулығы 9-сынып.

Балқаш көлі туралы реферат

Жоспар

І.Кіріспе…………………………………………………………………..3

ІІ. Негізгі бөлім

1.1 Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы…............4

1.2 Балқаш көлі алабының құрылымы……………………………………….......8

1.3. Балқаш –Алакөл алабы…………………………………………………….....10

ІІІ. Қорытынды………………………………………………………………...15

Әдебиеттер………………………………………………………………………16                                          

                                     Кіріспе

Балқаш — Қазақстаннын, солтүстік-шығысында орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы шақырым, көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 605 шақырым, ені тар жерінде 8 шақырым. Жыл мезгіліне байланысты суының деңгейі өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көлін көптеген саяхатшылар мен ғалымдар зерттеген. Олардың ішінде неміс ғалымы Гумбольдт, орыс ғалым-саяхатшылары И.В. Мушкетов, Л.С. Берг, т.б. зерттеушілерді атауға болады. Балқаш, Алакөл көлдерінің табиғаты мен қазаншұңқырларының пайда болуында ұқсастық бар екенін алғаш рет қазақ халқының дарынды ұлы Шоқан Уәлиханов зерттеп жазды. Ол Балқаш алабына тығыз байланысты Іле және Жоңғар Алатаулары табиғатына, Балқашқа құятын Іле өзеніне ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі теңіз деңгейінен 342 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы тік, сай-жыралармен көп тілімделген, ал оңтүстік жағалауы жайпақ. Балқаш көлінің батыс және шығыс жағалауы палеозой жыныстарынан (порфир, туф, гранит, тақтатас, әктас) түзілген. Іле өзені оңтүстік жағалауында кең атырау жасап қүяды. Балқашта көптеген ірі шығанақтар, мүйістер, түбектер бар. Ірі шығанақтары — Алакөл, Қарақамыс, Кеңтүбек, аралдары — Басарал, Тасарал. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Тоқырау, Мойынты өзендері құяды.

Балқаш көлі өңірінің климаты континентті. Жаздағы ауаның орташа температурасы +24°, қыстағы орташа температурасы —8°-қа жуық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 мм. Көлді желтоқсаннан сәуірге дейін мұз басып жатады. Жазда көл суының температурасы +27°-қа жетеді. Балқаш көлінің табиғат байлықтары. Көл әртүрлі моллюска, шаян тәрізді ұсақ жәндіктер мен планктонға бай. Балықтың 20-дан аса түрі бар. Оның 6 түрі — тек Балқашта өсетін балықтар.  

1.1 Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы.

Балқаш алабұғасы, шармай аққайрасы, т.б. Су тышқаны (ондатра) жерсіндірілген. Іленің атырауында өскен қамыстардан малға жылына 1 млн. т дейін шөп дайындайды. Жабайы аңдарға бай. Көлдің суын жағалауында орналасқан кәсіпорындар пайдаланады. Көлде кеме қатынасы үзілмейді.

Балқаш көлі экологиясы. Балқашқа құятын Іле өзеніне Қапшағай су қоймасы салынғалы бері суының деңгейі 2 м төмендеді. Қазір Балқаш көлі түрлі өндіріс қалдықтарымен ластанған, оған әсіресе Балқаш мыс комбинаты көп зиян тигізуде. Мыс комбинаты Балқаш көлінен жылына 59 млн. текше м суды өндіріске пайдаланады. Пайдаланған су жақсы тазартылмай, көлге қайта жіберілетіндіктен, қазір көл суы құрамында мыс 14—54 есе артып, молибден, мырыш қалдықтары көл түбіне шөгіп, тіршілік көзін жоюда. Экологиялық жағдайы өте нашарлағандықтан, көлден ауланатын көксерке балығы қоғам дамуының қазіргі жағдайында өмір беруді дамытуға, өндірістің барлық үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл қойылып отыр. Балқаш көліңің- су жинау алабы 413 000 шаршы шақырым аумаңты алып жатыр. Оньщ 350 400 км2 (85%) бөлігі Қазаң мемлекетінің шегінде жатса, ал өзге бөлігі (15%) Қытай Халық Республикасында орналасқан.Бұл көл алабының гидрографиялық желісі жеткілікті дәрежеде дамыған (0,6—-3,0 км/км2), әрі ағынды қалыптасатын белдемінің айтарлықтай бөлігі аумағында орналасқан (Іле өзенінің жоғарғы ағысы). Ал ағын сусыз кеңістіктерден тұратын Қазақстан аумағында гидрографиялық желінің жиілігі 0,01 км/км2-ге дейін құлдырайды.

Аймақтың түстік және түстік-шығыс бөлігінде, яғни Іле өзенінің алабында аумағы тау жоталарының үзіліссіз дерлік белдеуі шектейді : ең биік нүктелері 4800... 6000 м болатын Үлкен Алатау (Іле Алатауы) және Күнгей Алатау, Теріскей Алатау мен Сарыжаз, одан әрі шығысқа қарай. Шығыс                                                                                             Көктекетау (4525 м) және терістікте олармен параллель бағытта биіктігі (4368 м) мен Нарат (4112 м). Іле өзенінщ жоғары ағысының терістігін Ереңқабырға (5500 м) мен Борохоро (4715 м) жоталары шектесе, ал одан әрі терістік-батыста оны Түстік Жоңғарияньщ жоталары — Тышқантау (4359 м) мен Бежінтау (4187 м) шектейді. Одан әрі терістік-шығыс бағытта аймақты Жоңғар Алатауының (Арқас) жоталары қоршап жатыр. Арқастың өзі бірнеше параллель жоталардан (терістік және түстік) тұрады. Олар өзара тауаралық ойыстармен бөлінген және терістік шығыстан түстік-батысқа қарай созылып жатыр. Көксу өзенінің бастау алар шамасында олар теңіз деңгейінен есептегенде 4454 м көтерілген, Жоңғар Алатауының өзен желілерінің басты суайрығы болып табылатын біртұтас тау торабына бірігеді (Бесбақан тауы). Бұл тау тізбектері альпі (алып) типтес, тік биік шынды және терең аңғарларға бөлінген болып келеді. Балқаш көлі алабының ең биік нүктесі Баянқол өзенінщ бастауында (Мұзарт, 6400 м БЖ). Мұнда мүздьщтар, тас мұздар, тас қорымдары, біріккен шөгінді конустарының сілемдері, тау ормандары және басқада таулық ландшафтардың түрлері шоғырланған. Бұлардан тау ағынын қалыптастырушы жүйелер (ТАҢЖ) құралады

Аймақтағы тау тізбектерін бір-бірінен бөліп жатқан өзендердің терең депрессиялық аңғарлары батыстан келген ылғалды ауа массаларының тауларға тереңдей енуіне, сөйтіп бұл ылғалдың осы тау ағынын қалыптастырушы жүйелерге атмосфералың жауын-шашын түрінде түсуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар, мүнда ТАҢЖ бетінде атмосфералық ылғал конденсацияға ұшырап, соның бір бөлігі беттік ағындыға айналса, екінші бөлігі жерасты су ресурсын толықтырады. Конденсация қалыптасатын жерде төмен атмосфералық қысым аймағы қалыптасады, сондықтан да бұл аймаща қосымша ылғалды ауа ағыны ұмтылады. Бұл жағдай өз кезегінде тау жуйелері ағынын қалыптастыру күшін күшейтеді. Осы көрсетілген ылғалға байланысты Балқаш көлінің алабында қалыптасатын, жыл сайын жаңаратын су ресурстарының көлемі 28,85 км3 оның 16,05 км3-і аумағында қалыптасты,                                                                                      

аумағында (Текес өзенінің жоғарғы ағысын қоса есептегенде) қалыптасады екен. Осы ағындының айтарлықтай бөлігі биік таулардағы қар мен мұздықтардың еріген суынан қалыптасады, сондықтан да ұсынылып отырған мақала да осы проблемаға бағышталған.  

Балқаш көлі алабының орографиялық құрылысының нобайлық сызбасы.

Гидрологиялық және атмосферадағы ылғалды конденсациялау тұрғысынан қарасақ, аумақ ландшафының ерекше әрі аса маңызды элементіне мұзқұрсануды жатқызар едік. Себебі, алаптағы негізгі өзендер түгелдей мұздықтардан бастау алады. Мұздықты тұрақты жұмыс істейтін фабрика немесе тұщы су сақтайтын ғасырлық қойма деп қарастыруымызға болады.

2 Балқаш көлі алабының құрлысы.

Балкаш көлі алабындағы мұзқұрсану және муздық ағынды (ҚХР аумағы да кіреді)

Балқаш көлі алабының Қазақстан аумағындағы бөлігінің қазіргі заманғы мұзқұрсануы және ондағы мұз ресурстары туралы мәліметтер «Каталог ледников СССР» атты кітапта жинақталған. Ал Шығыс Түркістандағы мұзқұрсанудың мөлшері туралы дерек соңғы кезге дейін белгісіз болып келді. Бұл ақтаңдақ соңғы кезде қытайлық мамандар тарапынан 4 томдық Тяньшан (Тәңіртау) мұздықтарының каталогін дайындау арқылы толықтырылды.

Еріген мұздықтың ағындысына (3,544 км3) мұздықтың абляция белдеміндегі маусымдық қар жамылғысының еріген суы мен жаңбыр суын қосуға тиіспіз. Мұздың ағындысының бұл қосымшасы мамандардың бағалауынша алаптағы жалпы өзен ағындысының 3%-ін құрайды екен. Олай болса Балқаш келінің су жинау алабында қалыптасатын жалпы мұздың ағындысының көлемі 4,28 текше шаңырымға тең немесе алаптан түсетін жалпы ағындының 17,5 процент бөлігін құрайды екен.                                                                                             

  1. 3 Балқаш –Алакөл алабы

Іле өзені Шыгыс Тянь-Шань тауларынан басталатын Текес және Күнгес өзеңдерінің қосылуынан пайда болады, Өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км5 оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Республика шегіндегі ірі сала-лары — Талғар, Қаскелең, Күрті, Шелек, Шарын, Өсек; Қаскелеңнің саласы Үлкен және Кіші Алматы өзеңдерінің таудан шығар аралығында Қазақстанның астанасы —- Алматы қаласы орнадасқан.

Қапшағай шатқалына төмен Іленің көне атырауы Бақанастың (Шетбақанас, Ортақбақанас, Нарынбақанас) кұрғақ арналары бөлініп шығады. Іленің аңғары 200 м~ден (Қапшағай байатқалы) 15 км-ге дейін кеңейеді.Суының молдығы Іле республикадағы үшінші өзен, Жылдық орташа су шығыны 472 м/сек.  Негізінен қар жане мұз суымен қортенеді. Өзеннің ең жоғарғы деңгейі шілде-тамыз айларында байқалады. Өзен қарашаның аяғында қатып, сәуірдің басында мұздан ашылады.

Іле алабындағы тау өзендерінде тастылайлы тасқындар (селдер) жиі болып тұрады. Тасқындар жолындағы тау беткейлерік бұзады, өзен арнасын өзгертеді, көпірлер мен құрылыстарды талқандап, халық шаруашылығына көп зиян келтіреді. 1963 жылғы шілденің 17-сінде болған жойқын сел әдемі Есік көлінің табиғи бөгенін бұзып келді жойып жіберді. Соңғы кезде селге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы, тау беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғызылған, шөп , бөгендер салынуда. Көлінің бассенні шөл және шөлейт зона-ларды.Біразын және биік таулы аймақтың біраз жерін қамтиды. Балқаш-Алакөл тобындағы көлдерге құятын көпшілік өзендер өзінің жоғарғы ағысында Тянь-Шань, Жоңғар биік таулы аймақтарындағы жоталардан басталып, тау өзені сипатында болады. Тек Балқаш көліне солтүстіктен және солтүстік-шығыстан құятын шағын өзендер ғана жазықтық өзендер болып есептеледі.

Таулы аймақтарда бұл бассейннің өзендері әжептәуір шөл зонасында өте  сирек. Балқаш-Алакөл тобыңдағы көлдердің ірі өзендеріне: Іле, Қаратал, Леп-сі, Тентек, Аякөз т. б. жатады.

Балқаш көлі бассейніндегі ең басты өзен. Оның ұзындығы 1 384 км, мұның 740 километрі Қазаңстан территориясында, бассейнінің жалпы ауданы 150 000 кв км-ден артығырақ. Іле екітау өзенінің Күнтес пен Текестің қосылуынан құралады. Қазақстанда ол Іле ойысы деп аталатын тау аралық кең жазық арқылы ағып өтеді. Өзеннің арнасы тарамдарға жиі бөлініп кетеді, олардың аралықтары қамыс пен бұталар  аралдар арқылы бөлініп жатады. Арнаның ені әдетте 200—300 м, жейде бір километрге жетеді және одан да артып кетеді. Іле поселкесінен төменірек, Қам шағай шатқалы ауданында арна кенет тарылады. Осы жерде ГЭС пен плотина құрылысы жобаланып қолға алынды.Қапшағай шатқалынан шығар жерде өзен Оң түстік Балқаш бойының құмды шөлін басып өтеді. Ол Балқаш бірнеше тарамдар жасап құяды. Тарамдар қамыс пен бұта өскен жалпаң атырауға жайылып кетеді. Атыраудың ауданы шамамен 6 500 кв км-дей. Іленің төменгі ағысында одан ескі арналар бөлініп кетеді. Оларды Бақанас деп атайды. Қазақстан территориясында Ілеге бірнеше салалар қосылады, олардың ірілері — Шарын, Шелек, Талғар, Қаркелең және Курті. Бұлар Солтүстік Тянь-Шань жоталарынан басталады. Іленің көпшілік салалары мұздың пен таудағы қар суымен қоректенеді. Іленің өзі суды негізінен жауын-шашыннан жинайды, оның ішінде қысқы қар суы ба-сым. Сондыңтан Іле аралас қоректенетін өзендердің типіне жатады және ұзақ уақыт тасиды.

Оның көктемгі тасуы апрельдің аяғы мен майдың басынан басталады. Таудағы қар мен мұздыңтар ерігенде көктемгі тасу жазға (июль — август) жалғасып кетеді. Күзге ңарай өзеннің деңгейі біртіндеп төмендейді, сөйтіп қыста ең төмен деңгей болады.

Іле өзені мен оның салаларының шаруашылық маңызы өте зор. Ол өн бойында кеме жүруге қолайлы. Мұнымен қатар одан балық ауланып, ағаш ағызылады. Өзеннің салалары жер суару және электр энергиясын алу үшін пайдаланылады. Іленің шаруашылың мәні, асіресе Қапшағай ГЭС-інің құрылысына байланысты барынпга артады.

Қаратал өзені айтылып отырған бассейннің екінші ірі өзені. Ол үш өзеннің нағыз Қаратал, Көксу және Биже өзендерінің қосылуынан құралады, ¥зындығы 372 км, бассейнінің ауданы 1422 кв км. Өзен жоғарғы ағысында нағыз тау өзендері болып табылады.

Таудан шыққаннан кейін өзері 213 кмқ қашыңтықта жазықты бойлап, құмды шөлдердің аралығымен өтеді.

Қаратал аралас қоректенетін өзендердің типіне жатады. Өзен апрельдің аяғынан июньнің соңына дейін тасиды. Жаз айларында ол таудағы қар мен мұздықтың күшті еруіне байланысты жоғары деңгейін сақ тайды.

Аякөз өзені Балқашқа солтүстік және солтүстік-шығысынан келіп құятын өзендердің ішіндегі ең ірісі. Оның ұзындығы 500 -дей, бассейнінің ауданы 11000 кв км. Аякөз Шығыстау, Қалба және Тарбағатай басталатын бірнеше салалардан құралады. Ол көпшілік жерінде белесті-төбелі жазықты бойлай ағады. Су апрельдің аяғында тасиды, төмен деңгей жаздың аяң кезінде болады.

Балқаштың солтүстік және батыс жағалаулары биік, жарқабақ келеді, маусымдық және уақытша ағатын суларға байланысты көптеген аңғарлармен және сайлармен тілімденген. Оңтүстік және шығыс жағалау көлдің біртіндеп шегінген кезінде қалдырған шөгінділерінен тұратын аккумулятивті құмды жазық құрайды. Бұл жағалаудың кей жерлерінде қамыс қопалар өскен. Көлдің орташа тереңдігі 6 ж-дей, оның батыс бөлігінде тереңдік 5—6 ж-ден 10—12 м-ге дейін, шығысында одан біраз артық, солтүстік-шығысында 26 ж-ге дейін жетеді Балқаштың су балансы оған келіп құятын өзендерге (Іле мен Қаратал) және көл бетінен булануға байланысты. Грунт суының маңызы онша емес. Көлдің батыс және шығыс бөліктеріне келетін беткі ағынның мөлшері бір-бірінен үлкен айырма жасайды. Егер көлдің батыс бөлігіне келетін ағынды 100% деп алсақ, онда шығыс бөлігінде                                                                                                          

батыспен салыстырғанда 23% болады. Осындай айырмашылыңңа байланысты суының сапасы да батыс және шығыс бөліктерінде бір-бірінен айырма жасайды. Көлде ағыс екі түрде көрінеді:

  1. Ағынды ағыс — Іле өзенінің суының келіп қосылуынан пайда болып, көлдің батыс бөлігінде өтеді, ол сағат тілінің айналу бағытына сәйкес келеді.
  2. Жел ағысы — солтүстік-батыс желдердің әсерінен пайда болады және қатты желдердің кезінде айқын көрінеді.

Басқа көлдер сияқты Балқаштың да деңгейі шұғыл-ауытқып тұрады. Оның ауытқуы ең алдымен көп жылғы кезеңде байқалады.

Маусымдық ауытқу да анық көрінеді. Көлдің деңгейі әдетте келіп қосылатын ағынның артуына байланысты көктемде көтеріліп, июль айына дейін созылады. Бұдан кейін күздің аяғына дейін деңгей төмендей береді. Мұнан соң қысқы уақыттарда буланудың азаюына байланысты келдің деңгейі бірсыпыра көтеріледі.

Климаттың шұғыл континенттігіне байланысты көл суының температурасы қыста төмен, жазда жоғары болады. Беткі судың температурасы жазда 20—24°, кейде 27°-қа дейін жетеді. Қыста ол 0°-тан төмен. Көл ноябрьден бастап қата бастайды. Мұздың қалыңдығы 70 см-те дейін жетеді. Ол 120—140 күнге дейін жатады. Көл мұздан апрельдің алғашқы жартысында-ақ арыла бастайды. Қыс аса жылы болған жылдары мұз желдің бетін түгелдей жаппайды. Жалпы алғанда Балқаш тұзды көлдердің типіне жатады, бірақ тұздылық онда біркелкі емес. Оның батыс бөлігі онша тұзды болмайды, ал ірі өзендер — Іле, Қараталдың сағасы тұ-сында суы тұщы, шығыс жағы тұзды.

Судың минералдануы жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп тұрады. Ең көп минералданатын кезі ұыс, өйткені бұл кезде өзен суының ағыны әжептәуір азаяды, аз минералданатын көзі — июль.

Қорытынды  

Балқаш фаунаға өте кедей, молюскілер мен шаян тәрізділердің кейбір                                                                                                            түрлері бар. Балықтардан: балқаш алабұғасы, ақ балықтың екі түрі және сазан, губач, сибирь елеңі кездеседі, қолдан табан балық, теңге балық, ұсақ бәкіре жіберілген.

Алакөл үлкендігі жөнінен Балқаш-Алакөл ойысындағы көл. Оның ауданы 2 076 кв км. Алакөл маңайындағы Сасык көл, ¥ялы және Жалаңаш көлдерімен бір кезде жалғасып жатқан, ал қазір олар бөлек топ құрайды. Ертеде ол Балқашпен қосылып жатқан. Барлық топ Балқаш-Алакөл ойысының оңтүстік-шығысында жатыр.

Топтағы ең үлкені Алакөл. Оның солтүстік, солтүстік-батыс жағалауы аласа және аккумулятивті типке жатады. Мұнда құм шағылдар мен ұсақ қойнаулар көп. Қазіргі уақытта қойнаулардың біразы қамыс, қоға өскен сортаңға айналған.

Оңтүстік батыс және батыс жағалаулары биік және көлге тік жар жасап құлаңды. Көл қазан шұңқырында алты терраса бар, олардың биіктігі 2 ж-ден 65 ж-ге дейін болады. Бұл террасалардың және оларға іргелес жатқан көл шегінділерінен тұратын бірсыпыра кең сортаңды жазықтардың болуы, таяудағы өткен кездерде көлдердің аумағының қазіргіден үлкен болғандығын және ойыстың терең бөлігінде сақталған осы көл дәлелдейді.

Әдебиеттер

  1. Соседов И. С. и др. Методика территориальных водно-балаисовых обобщений в горах.- Алматы: Наука КазССР, 1976..
  2. Соседов И. С. и др. Водный баланс и водные ресурсы северного склона Джунгарского Алатау. Алматы: Наука КазССР, 1984..
  3. Токмагамбетов Г. А. Ледники Заилийского Алатау - Алматы: Наука КазССР 1976..
  4. Мачерет Ю. Я., Черкасов П. А., Боброва Л. И. Толщина объем леднив Джунгарского Алатауподаннымаэрорадиозондироеания. - МГИ, 1988. С. 59-71.
  5. География және табиғат –2006,N 2.
  6. Коринский В.А. , Щенев В. А. , Душина И. В. – Материктер мен мұхиттар географиясы. Алматы,2001.
  7. Төкенов Б.Географияны оқыту әдістері –География және табиғат. 2003, 8.Сейсенов А. Географиялық карталарды оқыту. География окружающая среда 2005 , N 3 .
  8. Қазақстанның физикалық герграфиясы.-Алматы,1999.

Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері.

Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы, әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудін, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашкы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінін жинақталуы-нан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі кажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамнын көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі кол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады.

  1. 2. Мидың ана құрсағында дамуы.

 Сезім міүшелерінің даму ерекшеліктері. Мүшелерді жаттықтырудың маңызы. Бала, көпшілік хайуанаттардың төліне қарағанда, әлдеқайда әлжуаз болып туа-ды. Жаңа туған нәресте сыртқы - әсердің көпшілігіне аяқтары мен қолдарын жөн - жосықсыз қимылдатып, қозғалтумен жауап береді. Алайда туа біткен мінез-құлық формаларының көптеген түрлерінің жоқтығы баланың әлсіздгі емес, керісінше күштілігі болып табылады.

Нәрестенің негізгі ерекшелігі —- жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексізді. Егер органикалық қажеттілік дәрежеде қанағаттандырылса, онда олар кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа қажеттіліктер (әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым-қатынас қажеттіліктері) қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.

Әсерленуге ұмтылу өзінің негізінде бағдарлау рефлексімен байланысты және баланың сезім мүшелерінің  әсерленуге әзірлігіне қарай дамиды. Жаңа туған баланың көру аппараты мен есту аппараты өмірінің бірінші күнінен бастап қызмет еткенмен, олардың жұмысы әлі де жетілмеген. Көру реакциясы жақын маңдағы жарықты ғана, есту реакциясы тек анық дыбысты ғана сезеді. Өмірінің алғашқы апталары мен айларында көру мен есту тез жетіледі. Бала заттардың қозғалысын көзімен бақылап, одан соң тұрған нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Ол жай дыбысқа, атап айтқанда үлкендердің даусына елеңдей бастайды. Көру және есту тітіркендіргіштерге жауап ретінде бала әзірге сәл уқытқа ғана аяқ-қолының, басының қимылын тоқтатады, жылауын қояды, көру және есту шоғырландыруы туады.

Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынады: оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамырақ дамиды. Баланы алдымен қозғалысы жетілетін хайуанаттар тәнінен осы ерекшеліктері ажыратады.

Көру және есту аппараттары жұмысының дамуы, сыртқы тітіркендіргіш-терге реакцияны жетілдіру баланың нерв жүйесінің, ең алдымен оның миының пісіп жетілуі нәтижесінде жүзеге асады. Жаңа туған нәресте миының салмағы үлкен кісі миының 1/4-дей болады. Баладары нерв клеткаларының саны үлкендермен бірдей болғанымен, сәбиде ол клеткалар жеткіліксіз дамыған.. Осыған қарамастан туған бойда-ақ (тіпті шала балада да) шартты рефлекстердің пайда болуына толық мүмкіндік бар. Мұның өзі баланың сыртқы дүниемен байланыс орнатуына мидың жоғары бөлігі үлкен ми сыңарларының қыртысы, қатысатынын дәлелдейді. Бала өмірге келген алғашқы күннен бастап мидың салмағы тез артып, нерв талшықтары өседі және миелиндік қорғаныш қабыққа оранады. Мұның өзінде әсіресе сыртқы әсерге байланысты учаскелер тез қалыптасады. Үлкен ми сыңарлары қыртысының көру аясының көлемі екі апта ішінде бір жарым есе өседі.

Бірақ, мидың өсіп-жетілуі жаңа туған сәбидің сезім мүшелерінің дамуын өз-өзінен қамтамасыз етуі мүмкін деп ойлау дұрыс болмас еді. Бұл даму баланың сырттан алатын әсерінің ықпалымен өтеді. Оның үстіне мұндай әсерсіз жетілуінің өзі мүмкін емес. Жаңа туған кезеңдегі мидың дұрыс жетілуіне қажетті жағдай-сезім мүшелерін (анализаторларды) жаттықтыру, соның көмегімен сыртқы әлемнен алынатын әр түрлі сигналдардың миға өтуі. Егер бала сезіммен байланысты (сенсорлық) оқшаулау жағдайына тап болса (сыртқы әсердің жеткілікті мөлшерде болмауы), оның дамуы шұғыл тежеледі. Керісінше, егер сәби жеткілікті дәрежеде әсерленсе, онда бағдарлау рефлекстерінің тез дамуы (көру және естуге көңіл тоқтатудың пайда болуынан көрінеді) пайда болады, кенінгі қнмылдарды! меңгеруге және психикалық процестер мен сапалардың қалыптасуына негіз қаланады. Баланың нерв жүйесі мен сезім мүшелерінің дұрыс: дамуына қажетті көру және есту әсерінің түп негізі және бұл өте таңызды, осындай ықпалды ұйымдсатыушы болуы тиіс.  Үлкендер бір нәрсені баланың бетіне тақап, өзінің бетін төмен иіп, онымен сөйлеседі, сөйтіп сәбидің бағдарлау реакциясын белсенді ете түседі.

Эмоциялық өрісті дамыту. Жандану комплексі. Жаңа туған нәресте өмірге алғашқы қадамын шыңғырып жылаудан бастайды, бұл ілкіде шартсыз рефлекторлы сипатта болады. Алғашқы айқай-дауыс саңылауының тарылуының нәтижесі. Тарылу алғашқы тыныс рефлекстерін шығарады. Кейбір ғалымдар бірінші айқайды ұнамсыз сезімнің (эмоция) алғашқы көрінісі деп есептейді: тарылу тыныстың қысылуын туғызады. Осы жағдайда, шынында да бұлшық ет реакциясы мен эмоциялық көзқарасты ажырату ммаңызды емес, өйткені жаңа туған нәрестенің өмірлік тәжірибесі әлі жоқ. Алайда сәби жылу, ұйқы, тамақтану қажеттілігіне байланысты ұнамсыз түйсіктерге алғашқы күннен бастап-ақ шыңғырып жылаумен жауап береді деп сендіруге әбден болады. Баланың жылауы оның қарны ашуымен, жаялығының сулануымен т. б. негізделеді. Дұрыс тәрбие жағдайында нәрестенің құлақ тұндырарлық «іңгәсі» қарсылық сезімін күштірек білдіретін жылауға ауысады. Жылау әр түрлі қиналудың, дененің ауруы ма немесе жан қайғысы ма (әрине кейінірек) табиғи белгісіне айналады.

Ұнамды көңіл күйді білдіретін жымиып күлу жылаудан кейін пайда болады. Жағымды сезімнің алғашқы белгілері жымиып күлу сәби дүниеге келгеннен кейінгі бірінші айдың соңы мен екінші айдың басында, оның өзінде ол бала-ның көзі бір нәрсеге түскенде, немесе үлкендердің жылы сөз айтып, еркелете шақырғанына жауап ретінде байқалады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: жағымды сезімнің пайда болуы үшін тек органикалық қажеттіліктің ғана қанағаттандырылуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана жойып, бала қуанышты әсерге бөленетіндей жағдай жасайды. Бірақ мұндай қуаныш әлдебір әсер алудан, әсіресе үлкендерге байланысты әсерленуден шығады.

Бірте-бірте  балада үлкендерге бағытталған жандану комплексі деп аталатын ерекше әсерленгіш қозғаушы реакция пайда болады. Жандану комплексі дегеніміз баланың өзіне қарап еңкейген адамға, көз тоқтатуы, оған жымиып күлімсіреуі қолдары мен аяқтарын қозғап, жай дыбыстар шығаруы. Үлкендермен қарым-қатынас жасау кезінде туған бұл көріністер — баланың алғашқы әлеуметтік қажеттілігі. Жандану комплексінің пайда болуы жаңа туған кезең мен нәрестелік кезең арасындағы  шекара болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология. А, «Қазақ университеті», 1992 ж
  2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
  3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
  4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
  5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
  6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
  7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
  8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
  9. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
  10. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.

Баланың мектепке бейімделуі туралы реферат

Жоспар

  1. Алты жасар бала мектепте
  2. Танымдық процестер.
  3. Алты жасар бала - жеке адам.
  4. Алты жасар баланың дүниетанымын көз қарасын қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны және қызметі.

Алты жасқа дейінгілер психикасының басты ерекшелігі — тәңірегіндегілерден ұйрену қасиетін баланың тез қабылдайтьшдығы. Осының арқасында ол айналадағы болмыс пен табиғат кұбылыстарына, адамдардың әлеуметтік тіршілігіне қатысты эмоциялық қатынас жайында мағлұмат беретін сөздерді оңай меңгереді. Бұл ретте жалпы ақыл-ой дамуы мен осыған байланысты дүние көрінісінің баланың өмір жағдайына, тәрбиесіне тікелей қатысты болатынын есте тұтқанымыз жөн.

Қазіргі заманғы алты жасар баланын, ақыл-ой дамуы ерекшеліктеріне объективтік тұрғыдан талдау жасау үшін дүние керінісі туралы бала түсініктеріне және танымдық процестердің даму ерекшеліктерін талдауға арнайы жүгінген пайдалы. Бұл орайда сонымеи бірге алты жасар баланың жеке басы дегеніміз не, оған қандай сезімдер тән және бұл сезімдердін, әсер күші қандай дейтін. нәрселерге дұрыс бағдар жасалуы тиіс.

АЛТЫ ЖАСАР БАЛАНЫҢ АҚЫЛ-ОЙ ДАМУЫНЫҢ

ЖЕТІСТІҚ ЖАҚТАРЫ

Алты жасар бала дүниетанымының бастапқы келбеті қандай, жаратылыс құбылыстары мен қоғамдық құбылыстарды бала қалай түсініп саралайды, эстетикалық талғамы қандай дегендерді білу өте маңызды. Бұл үшін алдымен кейбір баланың өзіндік танымынан байқалатын дүние көрінісінің бірнешеуін алып қарастырғанымыз жөн сияқты. Бұл ретте алты жастағылардьщ танымдық процестерінің даму ерекшеліктері арнайы талданатындықтан, типтік көріністер жеке керіністің тасасында қалмауға тиіс.

Ойлауды дамыту. Психикасы дұрыс қалыптасқан балаға тән нәрсе —оның білуге құштарлығы. Баланың білмекке құмарлығы үнемі айналадағы дүниені танып-білуге және өз санасында осы дүниенің өзіндік бейнесін жасауға бағытталған. Бала ойын үстінде тәжірибе жасайды, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділікті анықтауға тырысады. Мәселен, ол қандай заттың батып, қандай заттың батпай жүзіп жүретіндігін өздігінен ажырата алады. Оның санасында айналадағы өмір құбылыстары жайында көптеген сұрақтар туады. Ақыл-ой жағынан бала неғұрлым белсенді болса, сұрақтарды да көбірек қояды және сұрақтары алуан түрлі болып келеді. Алты жасар бала жарық дүниедегі атаулының бәрін: тіпті мұхиттың тереңдігін де, ондағы жануарлардың қалай демалатынын да, Жер шары көлемінің қандай екендігін де, төменде қар еріп кеткен кезде таудағы қардың, ерімеу себебін де білгісі келеді. Бала білуге талпынады, білімді меңгеру үстінде оны «не үшін?», «қалай?», «неліктен?» деген сан алуан сұрақтар мазалайды. Ол: білімге жүгінуге, жағдайға, орай өзі білмейтін сұрақтарға қисынды: жауап іздеуге тырысады. Алты жасар бала кейбір мәселелерді шын жағдайға орай шешудің жолдарын қарастырады, ол тіпті оларды ойша шешуі де мүмкін. Ол нақты жағдайды болжамдап, оны көз алдына елестетуге әрекет те жасайды. Міндеттерді шешуде осындай ішкі әрекеттер нәтижесінде іске асатын ойлаудың мұндай түрі — көрнекі-бейнелі ойлау деп аталады.

Бейнелі ойлау алты жасар бала ойлауының негізгі түрлері. Бала, әрине, кейбір жағдайларда логикалық ойлауы да мүмкін, бірақ бір ескерер жайт — бала бұл жаста көрнекі құралдардың көмегімен білімді меңгеруге бейім тұрады.

Алты жасар баланың ойлауы белгілі бір проблемалық жағдайлардың дұрыс шешімін табуға қажетті білімнің жоқтығынан өзіндік ақыл-ой позициясымен (яғни этоцентризммен) ерекшеленеді. Атап айтқанда, бала өз тәжірибесінде заттардың ұзындық, көлем, салмақ, т. б. қасиеттерінің сақталуы туралы мағлұматтарды игере алмайды. Жүйелі білімнің болмауы, ұғымдардың толық қалыптаспауы баланың ойлауында қабылдау логикасының жетекші роль атқаруына әкеп соғады. Нақтырақ айтсақ, баланың су, құм, пластилин және т. б. заттардың белгілі бір көлеміне бірдей дәрежеде баға беруі қиын, өйткені оның көз алдында ыдыстың пішініне немесе жаңадан пайда болатын тұрақты қалыптық пішінге орай піл заттардың көлемі де өзгеріске ұшырап отырады. Бала заттардың әр сәт сайын жаңа бір қырынан өзгеруін өз көзімен көруге мәжбүр боларлық жағдайды бастан кешеді.

Зейінді дамыту. Баланың айналадағы дүниені зерттеп білуге деген танымдық белсенділігі оның зейінің қашан да құмардан шыққанға дейін ұзақ уақыт бойы бақылау объектісіне бағыштайды. Егер алты жасар бала өзі үшін маңызды ойын ойнап отырса, онда ол екі, ал кейде үш сағат бойына алаңсыз ойнай беруі мүмкн. Осылайша ол тіптен ұзақ уақыт бойы тапжылмастан аса зейінімен сурет салып, әлденені құрастырып немесе өзі үшін мәнді бірденені дайындап отыра беруі де ықтимал. Баланың айналысып отырған өз ісіне деген мұндай құмарлығы — зейін қоюдың жемісі. Егер бала қызықтырмайтын немесе өзіне мүлде ұнамайтын, қалай болса солай қарайтын қарекетпен айналысатын болса, қалжырайды, жан-жағына алаңдап, өзін мүлде бақытсыз сезінеді.

Бір нәрсеге бала зейінін шоғырландыруға көмектесуге болады.

Ересек адам өзінің ақыл-кеңесімен жөн сілтеу арқылы бала зейінін шоғырландыра алады. Бұл ретте ол балаға тапсырылған істі орындау қажеттігін ескерте отырып, оны қалай жүзеге асыру жолдарын да үйретеді. Балалар Альбомдарыңызды ашыңыздар. Қолдарыңа қызыл қарындаш алып, мына жерден — жоғарғы сол жақ бұрыштан шеңбер сызыңдар, т. т. деген сияқты). Алты жасар бала қарекетін іске асыру үшін өз бетімен жоспар құра да алады. Бұл орайда ол өзінің не істеу керек екенін, оны қалай жүзеге асырып,

қайсыбір істі қалай жүйелі атқару қажеттігін ауызбен айтып жете алады. Бала зейінін шоғырландыруда жоспар құрудың орны ерекше.

Дегенмен. Алты жасар бала өз мінез-құлқын ырықты түрде билей-алғанмен, оның бойында ықтиярсыз зейін басымдау болады. Балалардың бір сарынды да зауықсыз қарекетке зейін қоюы екіталай. Зейіннің мұндай ерекшелігі қарекетке, ойын нышандарын енгізіп, жұмыс түрін жиі өзгертіп отыруға бірден-бір негіз болып табылады. Алты жастағылар ой міндеттерін шешуге зейін қоюға қабілетті келгенмен, бұл орайда зейіннің қуат-күшін тез сарқып алатындары сөзсіз.

Есту дамыту. Мектепке дейінгі жас — естің жедел дамитын кезеңі. Есті жетекші танымдық процеске таңып жүр. Шынында да, мектеп жасына дейінгі баланың сөзді игеріп алатыны соншалық, ол ана тілінде емін-еркін сөйлей біледі. Баланың есі бала үшін мәнді оқиғалар мен мағлұматтарды тұтып алады да, оны сақтап қалады. Мектепке дейінгі балалық шақ адамның бүкіл өмірінде ұмытылмас естеліктер қалдырады.

Алты жасар бала бұл кезде ықтиярлы түрде есте сақтайды. Есте сақтау көңілдегідей ойынның шартына айналған кезде немесе баланың әрекетін жүзеге асыратын мәнге ие болған кезде, бала сөзді, өлеңді, сондай-ақ жүйелі іс-әрекетті, т. б. жадына тез тоқып алады. Ол есте сақтау тәсілдерін саналы түрде біртіндеп меңгере бастайды. Еске сақтауға қажетті деген нәрселерді жадында еселеп сақтайды, олардың мән-мағынасын жете түсініп, ұғынуға тырысады. Алайда ықтиярсыз түрде есте сақтау басымырақ мәнге ие. Бұл жерде мәселе баланың өзі айналысатын іске қаншалықты дәрежеде ынта-ықылас білдіре алатындығында.

Қиялды дамыту. Алты жасар бала өз қиялында алуан түрлі оқиғаларды тудырып, өзі сол оқиғалар ортасынан ең жақсы қасиеттерімен көріне алады. Ойын үстінде қалыптаса келе қиял іс-әрекеттің басқа да түрлеріне ауысады. Ол, әсіресе, баланың сурет салып, тақпақтар мен ертегілерді ойдан шығарған кездерінде ана-ғұрлым айқын оянады. Бұл жерден біз бала творчествосындағы сан алуандықты байқаймыз: балалардың кейбірі нақты шындықты бейнелеуге тырысса, екінші біреулері қиял-ғажайып кейіпкерлер мен жағдайларды тудыруға құштар.

Салған суреттерінің мазмұн бағытына қарай біз балаларды шартты түрде реалистер мен қиялшылдарға бөле аламыз. Алғашқы топтағы балалар өздері көрген заттар мен табиғат құбылыстарын, адамдардың күнделікті өміріндегі нақты оқиғаларды бейнелеуге ұмтылса, екіншілері өздерінің тілек, арман-қиялдарын бейнелеуге талпынады. Сондай-ақ қиял-ғажайып, үрей тудыратын, сиқырлы ертегілер әлемі де баланың ынта-ықыласын өзіне аударуы әбден мүмкін. Халық творчествосының жын-шайтан, су тажалы, орман және су перілері, сиқыршы, періштелер мен ертегілік ханшалар, т. б. осы тектес көптеген кейіпкерлері күнделікті өмірдегі адамдар мен қатар, баланың жанын сала істеген жұмысы мен жемісті іс-әрекетінің мазмұнын айқындайды. Әрине, бала салған суреттің мазмұны семья мәдениеті мен өмірдегі және қиялдағы болмысты баланың бағдар тұтуынан жинақталатын рухани, мәдени байлық дәрежесіне байланысты.

Сан алуан оқиғаларды ойдан шығарып, «өлеңдерді» ұйқастырып, қиялынан ертегі туындата отырып, бала өзіне белгілі желілерді, өлеңдердің шумақтарын көбіне өзі де байқамай, өзгермеген күйінде ала салуы да мүмкін. Алайда кейде ол белгілі желілерді әдейі пайдалану арқылы өз кейіпкерлерінің кейбір қасиеттерін әсірелей отырып, жаңа бейне де жасай береді. Тілі мен қиялы жақсы дамыған алты жасар бала қызықты желілерді ойдан шығарып, суырып салып айта береді, мұнысына өзі де іштей сүйсініп, мақтаныш тұтып, басқалардың да өзін қолпаштауын тілейді. Қиялдың үлкендерге қарағанда бала өміріндегі ролі зор, бала қиялға жиі беріледі де, көп жағдайда шындық өмірден ауытқи береді. Илюша деген бала қияльшдағы Ланка деген итті өзімен бірге бір жыл бойы алып жүріп, оны тамақтандырған, әр түрлі бұйрықтар беріп. кәдімгідей серуенге шығарып жүрген. Үйдегілер аяғын немесе қүйрығын басып, кетпесе екен деп шыр - пыр болып жүрген. Итіне аяғын атасы байқамай басып кеткен кезде жылап жіберген. Туыстары Илюшаның психикалық жай-күйі онша болмады деп мазасына дана бастаған. Бірақ Илюша кенеттен кітап оқуға беріліп кеткел де, ит ұмытылып, жайына қалған.

1 - Қиялды үнемі дамытып отыру — балаға айналадағы дүниені тамтып, меңгертудің ең бір сара жолы, аясы тар жеке тәжірибені кеңейтудің бірден-бір әдісі.

АЛТЫ ЖАСАР БАЛА - ЖЕҚЕ АДАМ

Алты жасар баланы жеке адам деп айта аламыз, өйткені ол өзінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерінің нормаға сәйкес келу-келмеуін бақылауға қабілетті. Оның бойында өзіне-өзі баға бере алатындай белгілер бар.

Баланың жеке басы әлеуметтік жағдайларға, сондай-ақ баланың өзі үшін қайсыбір әлеуметтік жағдай мен адамгершілік, тағы басқа да қадір-қасиеттердің қаншалықты дәрежеде мәнді боламағандығына байланысты дамиды. Психологияда әлеуметтік жағдайы орынның сыртқы факторы деп, ал баланың сыртқы дүниеге, айналасындағы адамдардың ықпалына қатысты ішкі  позициясын ішкі факторы деп атау қабылданған. Жеке бастың дамуы, үшін осы екі фактордың да маңызы бар. Бұл ретте әр түрлі балаларға ықпал ететін бір түрлі жағдай оларда әр қилы мінез-құлық пен әр түрлі жеке бастық іс-әрекет туғызуы мүмкін екендігін ескеру  грек. Бірыңғай жақсы нәтижеге жету үшін әр баланың бабын жеке - жеке таба білген жөн.

Енді алты жасар баланың жеке басының ең басты сипаттарын: сана - сезімінің құрылымын, мінез-құлық, сезім, ерік-жігерінің ерек-жігерін талдап көрейік. Бұл орайда алты жасар баланың өзіне баға беруінің ерекшеліктерін білген маңызды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. С. Мухина “6 жастығылар мектепте”
  2. Н.М. Балдырев “Мектептеді тәрбие жұмысының метадикасы” Алматы 1887 ж.
  3. Әбденбаев С.Ш. “Тәрбие теориясы мен әдістемесі” Алматы, 2004 ж.
  4. “Бастауыш мектеп” Дәуір Алматы, 1995 ж.
  5. О.С. Богданова, В.И. Петрова “Бастаушы кластардағы тәрбие жұмысының методикасы.