Бас бет Авторы Посты от Aknur Aknur

Aknur Aknur

1281 ПОСТЫ 0 КОММЕНТАРИИ

Абайдың ақындық кітапханасы жайында

Жоспар:

1.Әуезов таныған шығыстық рухани арналар

2.Абайдың шығыс поэзиясы классиктерімен алғаш танысуы

Лекция мәтіні:

1.Абай шығармаларында елеулі  дәрежеде орын алған шығыспен     творчестволық қарым-қатынас жөніндегі  күрделі проблеманы ғылыми тұрғыдан   толығырақ,  нақтырақ аша түсуде М. Әуезов Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен  жайын анықтай түсудің   жолдарын, берілу тәсілдерін қарастырған. Бұл  жолда зерттеуші, негізінен, Абай шығармаларында тікелей  аталатын,  немесе сөз арасында жанама түрде болса да  нақтылы деректер көзін сілтей  кететін кісілер  мен   бірлі-жарымды кітап аттары,  немесе ақын ойының табиғатын танытатын  терминдік мәні бар сөздерге де  тікелей сүйенген.  М. Әуезов  табан тіреп отырған аталмыш  атау – деректер ғалымның әр жылдар кезінде  жазған ғылыми еңбектерінде,  әсіресе, Абайдың ғылыми өмірбаяны мен  атақты “Абай  жолы” эпопеясында  соншалықты мол түрінде қамтылған.

Абай ақындық өнер жолына  шындап құлай  берілгенге дейін оның  рухани нәр алып сусындар бұлақтары, негізінен, өзі туған халқы  мен шығыс әлемінде жатқаны байқалады.

Абайдың шығыс поэзиясы классиктерімен алғаш танысуы медреседе басталған. Шәкірт ақын  ұлы классиктерге еліктеп, алғаш өлеңдерін жазу үсітінде Фзули, Шамси, Сайхали, Науа, Сағди, Фирдауси, Хафиз аттарын тілге  алып, жеті ақын классиктерден  медет тілейді. Соңыра балаң еліктеу, өнер салыстыру кезеңінен  өткен  соң да, шығыс поэзиясының жеті алыбын  тереңдей оқып, сынмен қарап, творчестволық  тұрғыдан меңгеру үстінде толыға берген.

М. Әуезов шығыс классиктерімен қатар  Абай заманында мектеп – медреселерде қолданылған  оқулықтар мен суфизм  поэзиясының ірі өкілдері Қ. А. Яссауи Сопы Аллаяр, Сүлеймен  Бақырғани  сияқты  сопы ақындарды да Абайдың ақындық кітапханасының  көлемі жайлы мәселеге ендіріп, ғылыми еңбектері мен “Абай жолы” эпопеясында қатар сөз етіп, пікір қозғап отырды.

2. Абай дәуіріндегі саяси-әлеуметтік, тарихи өзгерістерді терең барлап  зерттеген М. Әуезов сол  дәуірде  қазақ халқының рухани болмысында  елеулі орын алған Шығыс тарапынан  ауысып-түйісіп келген  әдеби шығармаларға,  өзіндік жанрлық сипат алған  қисса-дастандарға  да мейлінше мол назар аударған. Абайдағы ақындық өнер жолының өсу,  қалыптасу жолында шығыстық  қисса-дастандардың қазақ арасына жайылу, таралу процесімен  байланыстыра қараған.

Эпопеядағы Абай маңындағы өнер иелері,  әдеби орта өкілдері Көкбай және Мұқалар қазақ өлеңі, әні шежіресімен айналысса, Баймағамбет  европалық роман-әңгімелерді  насихаттауға бейім. Ақылбай, Мағауиялар дастан жанрына берілсе,  “Ысқақ бір жағы Абай арқылы  ұдайы араб, парсы хикаяларын” жадына жиған жан.  Шығыстық қисса-дастандардың көбі, Абайдың  айтуы бойынша, сол  ортада мол таралып, өріс жайған.

Абай заманында араб, парсы, түркі  әдебиетіндегі  тақырып пен сюжеттік желіні негізге алып, назирагөйлік  дәстүрмен немесе аудару  жолымен қисса- дастандар  жазған 140- тан астам  белгілі “кітапшыл ақындар”  тобының дүниеге келуі  әдебиет тарихында елеусіз қалар жай құбылыс емес- ті. Мысалы, Абаймен дәуірлес Майлы, Мәделі, Ораз, Ақылбек, Сәді, Мәулекей, Мақыш, Әріп, Ақық т.б. жазған қисса-дастандар негізінен ХІХ ғасыр ішінде жарық көрді.

Абайдың ақындық кітпханасының  да белгілі дәрежеде орын алғандағын  зерлей зерттеген М. Әуезов  “Абай  жолы” эпопеясында: араб, парсы тілінен, бұрынғы білген тілдерін қайта құрастырып алды... Ғабитхан кітаптарының ішінен көп-көп  асыл бұйымдар тапты... Мұнда Фирдауси, Низами, Физули, Науаи, Бабырлар бар. “Жәмшид”, “Сәидббаттал гази”, “Мың бір түн”, Табари жазған тарих, “Жүсіп-Зылиха”, “Ләйлі – Мәжнүн”, “Көрұғлы” сияқты хикая, дастандар бар” , - деп 25 жасқа дйінгі Абай танымының  шығыстық  түп-төркіндерін көрсетеді. М. Әуезов атап отырған осы қисса – дастандардың  өзіне  ғана ой жіберсекте  те  “Мың бір түн”, “Жүсіп-Зылихалардың” арғы төркіні араб әлемінде жатыр. Ал  шығыс поэзиясының ұлы классиктері мен “Ләйлі-Мәжнүндер” парсы мен түркі тілдес халықтарының     рухани қазыналарына қарай тартса, “Көрұғлы” ортаазиялықтардың әдеби дүниелігінде жатқаны көпшілікке  танымал деректер.

ХІХ ғасырда Петербург, Қазан, Уфа, Ташкент, Орынбор қалаларында түркі тілді  баспалардың жандануына байланысты  қазақ әдебиеті тарихында “Кітаби ақындар” деп аталып кеткен шайрлар тобы қисса-дастан жанрында  өндіре еңбектеніп жатты. Бұл қисса-дастандарда дүниетаным, ерлік пен ездік, адамшылық, махаббат, сезім теңдігі сияқты қоғам өмірі  қажетсінген ой-пікірлер де мол көрініс тапты.

Абай ер жетіп, ғылым жолына түскен шағында  қазақ арасында “Бозжігіт” қиссасы 1874 жылдан бастап 12 рет басылып, мол таралған шығармаларыдың бірі болды. Татар әдебиетінің ұлы классигі Ғ. Тоқай “Бозжігітті” татарларға тән жыр деп қараған. “Бозжігіт” жайлы пікірді Абай туралы естелігінде Көкбай да ескертіп өтеді.

М. Әуезов Абайдың жас  шағында көбірек қызықтаған  шығыстық қисса-дастандар арасынан “Жүсіп-Зылихаға” ерекше назар аударған.

М.Әуезов Абайдың ақындық кітапханасының көлемі жайлы   күрделі мәселені анықтай түсу  жолында кейде  жанама  түрде қатысы бар деректер   көзін де атап кетіп отырады. Ол Абай мұрасы жайлы  ғылыми зерттеулері мен “Абай жолында”   ақын ойының рухани  өрісіндегі іштей  түлеп өсуді суреттеуде кейбір жанама түрдегі  деректерді арнайы  атап көрсетіп отырады.  Абайдың Сабырбай   ақынмен, Сүйіндікпен және Семей руханиларымен пікір таластарын берген тұста көп деректер көзін  өте сәтті түрде аңғартып өткен.

1945 ж. М. Әуезов: “Араб-Иран” мәдениетінің тарихын тереңдеп зерттеген Абай: Рашид – ад – Дин, Мұхаммед Ғайдар, Бабыр, Әбдіғали Баһадур хандай арғы-ергі  тарихшылар еңбегін де  жақсы білген, - деп нақтылы түрдегі деректер көзін атап көрсетсе,  - Ертеден бергі Шығыс ғұламаларының  көп еңбектерін  бертін уақыттарда да үнемі зерттеп отырған”, - деп жалпы тарих, философия және мораль (ахлақ) философиясы саласындағы Абай ойының өріс қойнауларын  жалпылай атағанда да, Абай шығармалары нәр тартқан  шығыстық  белгілерді іздей қалған кісіге адастырмас  дәйекті де  сенімді жолды нұсқап отыр.

Абай өлеңдерін түпнұсқа қалпына келтіру

Жоспар:

  1. Текстологиялық зерттеу саласындағы Мүрсейіт қолжазбасының орны
  2. Ақын шығармаларын бастапқы қалпына келтіру жолдары

Лекция мәтіні:

  1.М. Әуезов атқарған  текстологиялық зерттеулердің ірі саласына Мүрсейіт қолжазбасында бар, бірақ бастапқы асыл түпнұсқа  қалпынан өзгеріп барып,  текстологиялық ауытқуға ұшыраған  өлеңдері мен кейбір өлең жолдарын өз қалпына түсіру жолындағы  жұмыстары жатпақ. Қазіргі күнде асыл түпнұсқа  ретінде ұстанып отырған  Мүрсейіт қолжазбасында Абайдың бірнеше өлеңдері мен өлең жолдарының  түсіп қалуы, текстің өзгеріп кетуі,  не араласып,  бытысуы сияқты елеулі текстологиялық алалықтар бар. Мысалы, 1907 жылы көшірілген Мүрсейіт қолжазбасындағы   “Өлең  деген әр  сөздің ұнасымы”, “Көк тұман  - алдындағы   келер заман”, “Бір сұлу қыз болыпты хан қолында”, “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ”, “Масғұт”, “Жас өспірім замандас қапа қылды” , “Қарға мен түлкі”, “Жолға шықтым бір жым-жырт, түнде жалғыз”, “Ауру  жүрек ақырын соғады жай”, “Тілім саған айтайын” тәрізді шығармаларда 2 өлең  жолынан 52 өлең жолына дейінгі  аралықта кейбір өлең жолдары түсіп,  ұмыт қалған, не бір өлеңнің  басы мен екінші өлеңнің соңы қосылып,  бір  шығарма ретінде беріліп отырған.

Мысалы, қолжазбадағы “Ата-анаға көз қуаныш” өлеңі “Тайға міндік”  деп басталатын өлеңмен қосылып, бір  өлең ретінде берілген.

 Мүрсейіт қолжазбасында өлең атауларының  өзінде де өзгеріске ұшыраған немесе сөздер орны алмасып түскен тұстары да бар. Мүрсейітте “Бір сұлу  қыз тұрыпты хан қолында” деп  басталатын өлеңі “Бір сұлу қыз болыпты хан қолында” деп берілген. Әрі бұл өлең қолжазбада екі ретінде берілген.

Міне, Мүрсейіт қолжазбасының өзі осындай текстологиялық  аутқылықта болғанын, оны шын мәніндегі  табиғи қалпына   келтіру жолындағы М. Әуезов ізденістері қазақ әдебиеті тарихы үшін қаншалықты зор мәні барлығы қадам басқан  сайын  сезіледі.

2.“Масғұт”   поэмасы  да Мүрсейітте 124 жолмен (31 шумақ) берілген. Яғни  бұл поэманың  бірінші бөлімі тұтас әрі тексі  түпнұсқадан ауытқымай дәл беріледі.  Ал екінші бөлімінің  ең соңғы екі шумағы өз алдына дербес, жеке өлең ретінде “Сонымен бет-бетімен тарқап кетті” деген жолдан басталып берілетіні бар. Осы екінші бөлімі 1909 жылғы жинақта мүлде  жоқ.  Мүрсейіт қолжазбасы мен жинақта жоқ қосалқы екінші  бөліміндегі  кейіннен  табылған  44  жол өлеңді (11 шумақ) Көкбай, Тұрағұл т.б. жәрдемімен  бастапқы қалпына келтіріп, тұтас бір шығарма ретінде алғаш рет толық жинаққа табиғи түрде қосылуы М. Әуезов еңбегінің  жемісі болатын – ды.

   Жиырмасыншы жылдар ішінде тек қана М. Әуезов зертеулері арқылы ғана мүлде жоғалып кетуге бет алған өлең жолдарын қайта жаңғыртып   хатқа түсірумен жеткен  шығармалар екенін жазушы архивінде сақталған деректерден ғана білеміз. Ақын шығармаларын бастапқы қалпына келтірудегі        Көкбай атқарған зор  тарихи мәні бар еңбектерді, тіпті орыс Географиялық Қоғамының Семей  бөлімі архивтері де айғақтай түседі.

 

М. Әуезов – Абай шығармаларын жинаушы және текстологы

Жоспар:

1.Абай шығармаларын түпнұсқа қалпына келтіру жолдары

2.М.Әуезов - Абай шығармаларының текстологы

  1.Қазақ әдебиетін зертеу тарихында текстологиялық   жұмыстар  жүргізудің  алғашқы қадамы  да Абай мұрасын зерттеу  саласында жүргізілген  жұмыстармен бірге туды.

 Абай шығармалары мен ақын өмірбаянын арнайы  зерттеуді  20-жылдар басында  саналы түрде қолға ала бастаған М. Әуезов ұлы мұраны тереңірек танып, түбегейлі  меңгеру жолында сүйенер  түпнұсқа дерек  көздері мен текстологиялық жұмыстар жүргізу қажеттілігін кімнен болса да,  ерте сезінді. 1924-жылдың ішінде – ақ Абай шығармаларының толық жинағын құрастырып, жариялауда алдымен қолға алды.  Тұңғыш толық жинақты құрастыру процесінде  асыл түпнұсқа ретіндегі Мүрсейіт Бикеұлының  қолжазба көшірмесінде  хатқа түскен Абай  өлеңдері  мен әлі де хатқа түспей санаулы   кісілер санасында   сақталып келе жатқан, көпшілікке беймәлім  шығармалары мен аса күрделі  текстологиялық зерттеулер жүргізу  қажеттілігі көлденең тұрды.

  Абай шығармаларын асыл түпнұсқа қалпына келтіру мақсатымен автор ақын мұрасын қамтыған деректер көзі мен текстологиялық зерттеулерді   ақын өмірі мен шығармалары жайлы  ғылыми еңбектер жазу жұмысымен  бірлікте жүргізді. М. Әуезов Абай  мұрасын зерттеуді  о баста-ақ бөліп жармай, тұтас алып, қарастыруды мақсат еткен.  Абайтану саласында атсалысқан замандастары   арасында М. Әуезов ақын шығармаларын хронологиялық принцип негізінде  тұтас қамти  зерттеуімен  де  дараланады.

         М.Әуезов Абай мұрасы жайлы зерттеулерінде асыл түпнұсқаға  тірек негіз болар сан қилы  деректер көзіне айрқыша  көңіл бөлді. Бірақ сол ортада туып, сол жерде өссе  де, Абай қолымен жазылған асыл түпнұсқа қолға түспеді. Абай қолымен жазылып қалды деген автограф ретіндегі бір ғана хат пен “Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы” деген шығармасының бір бөлігі  ғана (2-бет) сақталған да  қалған автограф түгелдей  бүгінгі ұрпақ қолына жетпей қалды. Осы себепті М. Әуезов  Абай шығармаларының асыл түпнұсқасы ретінде  1896 жылдан бастап көшіріліп, қолжазба ретінде таратыла бастаған Мүрсейіт Бикеұлы  топтастырған көшірмелерді  пайдаланған. Мүрсейіт көшірмелерінің өзі  (қазір қолда бары 1905, 1907, 1910 ж. қолжазбалар) көптеген текстологиялық  ақаулықтарға  жол беріп алған.  Мұнда, біріншіден,  Абай шығармалары толық қамтылғаны көрініп тұр. Екіншіден, кейбір өлеңдері орынсыз  біріктіріліп, кейбіреулері орынсыз,  ретсіз бөлек өлең ретінде  берілетін жерлері де ұшырасады. Үшіншіден,  қолжазбада Абай қаламынан тумаған  беймәлім өлеңдер де орын алған. Төртіншіден,   ең маңызды нәрсе – Абай шығармаларының жазылу мерзімі, жылдары да көрсетілмеген.

         Міне, М. Әуезов осы олқылықтарды ескере отырып, Абай мұрасын түпнұсқа қалпына келтіру жолында  тірек етіп сүйенер қосалқы деректер  көзін дер кезінде ізденіп, мүлде ұмытылып, жоғалуға айналған  Абай шығармаларын қалпына келтіруде теңдесі жоқ  текстологиялық жұмыстар атқаруға кірісті. Бұл жолда Абай маңында үнемі  болып, көп үлгі, өнеге алған үзеңгі  жолдастары мен ақын шәкірттері қызу атсалысып, мол еңбек сіңірді.  М. Әуезов осылардың санасында  жатқа қалу арқылы сақталып қалған 45 өлеңді (1086 жол) хатқа түсіріп, қайта тірілтті. Абай шығармаларын текстологиялық жақтан салыстырып зертеу жолында ертеде Мүрсейіт, Самарбай, Дайрабай сияқты қарттар  арқылы көшіріліп жазылған  қолжазбаларды Абай ауылының қыздары Уәсила, Әсия, Рахила,  Ғалия, Рабиға, Қаныштардың  қолында сақталаған нұсқалармен де танысқанға ұқсайды. Міне, Абай мұрасын асыл түпнұсқа  қалпына келтірудегі деректер көзінің бір саласы осы аталып өткендермен шектеледі.

2.М. Әуезов ақын мұрасын жинау, текстологиялық жағынан зерттеуде Абай шығармаларының  революцияға  дейінгі таралу жолдарын да анықтап, оларға деректер көзі ретінде сүйеніп  отырғаны байқалады. Зерттеушінің анықтауынша, революцияға дейін Абай шығармалары үш түрлі жолмен: а) баспасөз арқылы;  ә)  қолжазба – көшірме күйінде; б) ел арасында ауызша  жатқа алынып тараған.

   М. Әуезов Абай мұрасына ерте көңіл бөліп, оны жинастыру, деректер жию, жариялау, зерттеу процесінде негізгі қайнар көздері ретінде пайдаланған тірек- негіз іспетінде ұстанған арналары бар.

Абай өмірбаяны және ондағы тарихи деректер көзі

    Жоспар:

1.Абайдың ғылыми өмірбаянында берілген 95 нақтылы деректер

2.Абай өмір сүрген дәуірдің тарихи-әлеуметтік шындығы

3.М.Әуезовтің жазушылық шеберханасы

Лекция мәтіні:

1.М. Әуезов “Абай жолы” эпопеясында Абайдың ғылыми өмірбаянында берілген  95 нақтылы деректерді, ірілі-ұсақты тарихи оқиғаларды, өзіндік соны ой тұжырымдарын  эпопея желісінде творчестволық  қиял күшімен қайта жасап,  тарихи шындықты көркемдік  болмысқа айналдырған. Осы аталмыш 95 деректің 10-ы Абай өмірбаянына қосымша деректер ретінде  берілген әр түрлі естеліктерден  алынғаны да  байқалады. М. Әуезовтің арнайы ескертуінше  роман үшін жинастырған  көл-көсір деректері аса зор  көлемдегі материалға айналғандықтан,  романды жазу процесінде  олардың көбі пайдаланылмай қалған. Өзі жинаған, өмірде шын болған нақты тарихи деректерді жазушы творчестволық қиялы арқылы  көркемдік шындыққа айналдыру  жолында олардың ең басты ең қажетті деген буындарын ғана іріктеп алып, басқаларын қалдырып отырған.

Абай өмірбаяны абайтану саласындағы  бастапқы  зор табысы болуы себепті де осы жөнінде қол жеткен ғылыми  зертеулердегі жетістіктерін эпопеяны жазу  үсітінде творчестволық  жолымен молынан пайдаланып  отырған: Абайдың тұңғыш рет ғылыми өмірбаянын жазуға даярлану ұзақ  жыл  бойы жинап, талдап екшеген  антропонимдер,   билік атаулары, халық ауыз әдебиетінің үлгілері, Абай оқыған кітаптар мен Абай өлеңдері жайлы  танымдардың  баршасы   “Абай жолы” эпопеясы  желісіне алтын арқау  боп еніп отырғаны ерекше  назар аударады және олардың  бұлай эпопеядан орын алуында көп себептер бар.

Биограф ақын өмірбаянын жазуға кіріспес  бұрын Абаймен тікелей, жанама түрде күнделікті өмірде әрқилы талас-тартыс  кезеңдеріне қатысы болған  қилы-қилы тағдыры бар  адамдарға зор көңіл бөліп отырған.  Ақынмен араласқан адамдарды зерттеп, екшей келе, олардың ең қажеттілерін, ақын өмірінде белгілі орны бар дегендерін ғана өмірбаянға ендірген. Мысалы, Абай өмірбаянының  бірінші нұсқасында 1933ж. 106 адам аты аталса, соның 25-і негізгі оқиғалар желісіне  тек жанама түрде қатысатындар.

Бірінші нұсқадан басқа  соңғы үш  нұсқаны қоса  алғанда әр жылға  жүргізілген зерттеулер  нәтижесінде атықталып қосылған 184 адам  аты тыңнан ендірілсе,  соңғы үш нұсқаның  өзінен ғана 148  адам аты  алынып тасталған. Бірақ бұлардың   бәрі де мүлдем ұмыт қалмай, бір сыпырасы “Абай жолы” эпопеясына  түрлі ситуацияларға байланысты ендіріледі. Соңғы нұсқадағы аты  аталған 128 адамның 74-і “Абай жолына” әр түрлі оқиға желісіне қарай басты, эпизодтық кейіпкерлер ретінде немесе  диалог, авторлық  баяндаулар мен лирикалық шегіністерде орын алуы көп нәрсенің сырына  көзімізді жеткізе түседі.

2.Биограф Абай өмірбаянын жазуда ақынмен тікелей немесе жанама түрде байланысты болған  тарихи адамдардың  бәрі де белгілі бір рудан  шығатыны себепті,  ол рулар  жайына да назар салып, терең танып білудің қажеттілігін алдын ала ойластырған. Этнонимдік атауларды олардың жігін, қарым-қатынасын  терең танып білу – Абай жасаған әлеуемттік ортаның  сырына бойлауға сол тұстағы рулар арасында орын алған әр қилы  талас-тартыстың, әлеуметтік  күрестің себебін ашуға  көмектесетін тарихи  қажеттілік болатын.Абай өмірбаянының  бар нұсқасында жалпы  33 ру тілге алынады. Олардың  бәрі де өмірде  болған, Абай өмір сүрген әлеуметтік ортада  жайлаған орта жүздің тобықты, найман, уақ, керей, қаракесек т.б. рулары  болатын.

Абай өмірбаянын жазуда  антонимдер мен этнонимдерді  қолдану заңдылығы Абай өмірін көрсетуде  елеулі орын алған топонимдік атауларды пайдалануда сақталған. Абай өскен ата мекен, өзен, тау, жайлау, қыстау сияқты жер аттары да  араласқан оқиғалар мен  әр түрлі күрес-тартыстарға байланысты алынып суреттеледі.

Абай өмірбаянының барлық нұсқаларында  жалпы саны 104 топонимдік атаулар қамтылған.

Эпопеяда Абай өмірбаянына  байланысты оқиғалар мен түрлі  көріністегі әрекеттердің  мол суреттелуіне байланысты  аталатын 407 жер  аттары ендірілсе,  соның төрттен   бірінен астамы өмірбаянында аталуы  - “Абай жолын” жазуға  даярлықтың қай дәрежеде  жүргізілгенін аңғартады.

Биограф Абай өмірбаянына қажетті  танытқыштық деректерді  ақынға дос-туыс адамдар мен оған қарсы жау кісілер  тобынан жазып алғанда сол дәуірдің  саяси-әлеуметтік  болмысын тарихи шындыққа сай  тануға көбірек назар аударған.

Абай әлеумет ісіне қызу араласқан  шағында патша өкіметі  бұрынғыдай  қазақ елін сырттай билеп төсеуді қойып, енді олардың ішіне еніп, билік жүргізуді жергілкті халық өкілі  үшін болыстық шеңберден  асырмай елді шын тізгіндеп ұстаған кезеңге тұс келді. Осы билік жүйесі негізінде қоздап туындаған биліктің түрлері мен  атаулары осы қызметке  тартылған атқамінерлердің  ірілі-ұсақты  өкілдерінің бәрі дерліктей Абай шығармаларында  мол орын алды.

3.М. Әуезовтің жазушылық лабораториясына көз жүгіртсек, “Абай жолын” жариялау жөнінде   “Знамя” журналымен пікір алысқанда, редакция алқасы жазушыға  қазақ елінің екі жақты орталық  езуде қалып, ұлттық қанауға  ұшыратудағы отаршыл аппаратты толығырақ  ашу керектігі жайында пікір ұсынған еді.

Абайдың “Байлар  жүр жиған малын қорғалатып”, “Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат”, “Күлембайға”, “Сегіз аяқ”, “Тұлпардан тұғыр озбас не қылса да” деп аталатын өлеңдері негізінде  қазақ арасында өтірік арыз, домалақ арыздың таралу себептерінің  әлеуеметтік төркіні  эпопеяда жан-жақты  білгірлікпен суреттеледі.

Абай өмірбаянының  барлық нұсқаларында 52 билік  атауы қамтылса,  олардың өзі өмірбаянда  қайта жаңғыртып жазған  сайын көп  өзгеріске ұшыраған. Абай өмірбаянының ең соңғы нұсқасында  қамтылған 22 билік атауларының 18 – і “Абай жолына” ендірілген. Ал жалпы “Абай жолында” 83-ке жетеді. Бұл сандар осы саладағы  ізденістің қаншалықты  зор көлемде жүргізілгенін көрсетеді емес пе?

Биограф Абай өмірбаянын о баста  жазған кезден –ақ  ақын шығармаларының тууымен  Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуы  жолында  нәр алған рухани бұлақтарын да үңіле зерттеген.  Осылар арқылы Абайдың  ақындық кітапханасы сияқты  аса күрделі тақырыпқа да ерекше көңіл бөліп отырған.

Ұлы ақын қол артқын рухани  қазыналар көзін көрсету  мақсатында батыс, шығыс әлемі  шеңберінде 72 қисса,  дастан,  роман, тарихи-философиялық еңбектер қамтылады.

Қорыта айтқанда, М. Әуезов  өзінің  абайтану саласындағы ғылыми еңбектері мен ақын жөніндегі  көркем  шығармаларының соңғы  нүктесін қойғанға дейін  Абай мұрасының рухани нәр  алған  көздерін анықтау, нақтылы  деректермен толықтыру жолында шындыққа саятын зор ғылыми  зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сөз. сөзге тән басты белгілер. Сөздің көп...

Жоспар:

  1. Сөз және ұғым.
  2. Сөздің лексикалық мәні.
  3. Моносемия және полисемия.
  4. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.
  5. Полисемия және омоним.

Мақсаты: 1. сөз туралы ұғым және оның тілдік құрылымдағы орны, сөздің лексикалық мағынасы және оның құрылымы туралы мәлімет беру.

2.сөздің көп мағыналылығы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, сөз мағынасының кеңеюі және тарылуы туралы мәлімет беру.

1.Сөз - өте-мөте күрделі тілдік единица. Оның күрделі табиғатын ашып айқындау үшін , ең алдымен, сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының ара қатысын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның ара қатысын айқындап алу қажет. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Дыбысталу сөздің материалдық жағын құрастырса, мағына сөздің идеалдық жағын құрайды. Екі жақ – дыбысталу мен мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері . Осы екі жақтың бірлігі – сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек сөз – дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица.

Бізді қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстар адам санасына , оның ойлауына сәулесін түсіріп , бейнеленеді. Олар туралы ұғым пайда болады. Ұғым – заттың немесе құбылыстың жәй ғана бейнесі емес , олардың басты белгілерінің ойда қорытылып , топшыланған бейнесі.Ұғым, тілде сөз арқылы айтылады, сөз мағынасында тіркеледі, бекітіледі.Осы мағынада сөз шындық болмысты бейнелейді. Белгілі бір ұғымдарды білдіретін және ол ұғымдарды өзінің мағыналарында бейнелейтін сөздер өздері белгілейтін ұғымдар арқылы шындық болмыстың белгілі бір жақтарын, ондағы құбылстар мен заттарды топшылап бейнелейді.

Әрбір сөзде белгілі бір мағына болады дедік. Заттар мен құбылыстар сөз арқылы белгіленеді де, сөздердің білдіретін ұғымы мен мағынасы арқылы белгілі болады. Зат пен құбылыс белгілі болмаған жерде немесе олардың ұғымы болмаған жерде, сөз де болмайды. Заттар мен құбылыстар тілдегі сөздерден тыс және оларға тәуелсіз өмір сүреді, бірақ олар сөздер арқылы аталады, сөздердің білдіретін ұғымдары мен мағыналары арқылы аңғарылады. Бізді қоршаған дүниедегі заттармен, құбылыстармен және олардың алуан түрлі белгілерімен адам баласы өзінің қоғамдық өмірі мен тәжірибесінде, еңбек процесінде танысады, оларды ұғынып білуге мүмкіндік алады. Сол заттар мен құбылыстардың және олардың белгілердің өмірде қолданылуы мен түсінілуінде ең басты қасиеті мен ролі сөз мағыналарында қоғамдық ұсыныс ретінде бейнеленеді. Осылай болғандықтан, сөз мағынасын белгілі бір тілде сөйлеуші коллектив мүшелерінің әр қайсысы әр басқа түрде емес, біркелкі түсінеді. Әрбір тілдегі сөздер сол тілді жасаушы, сол тілді қолданушы коллективтің (халықтың немесе ұлтың) барлық мүшелеріне бірдей ортақ, бірдей түсінікті бола алады. Егер тілдегі сөздердің мағыналарын әркім әр басқа түсінетін болса, онда ол тілде сөйлесу, қатынакс жасау, өзара ұғынысу мүмкін болмаған болар еді.

2.Сонымен, сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз дыбыстық комплекстің, ақиқат өмірдегі құбылыстардың бірімен белгілі бір тілде сөйлеуші коллектив арқылы белгіленген байланысы болып саналады. Дыбыстардың тіркесі белгілі бір затқа немесе құбылысқа атау ретінде тіркеледі. Бірақ дыбыс тіркесі өзі белгілеген заттың немесе құбылыстың қасиеті мен сапаларын көрсетпейді.Басқаша айтқанда, дыбысталудың табиғаты мен белгіленетін заттың табиғатының арасында тікелей етене байланыс болмайды. Сондықтан да К.Маркс заттың атының оның табиғатымен ешқандай ұқсастығы, байланысы болмайды дейді. Дыбыс тіркесі мен заттың арасында ешқандай табиғи байланыс болмағандықтан, дүние жүзіндегі әр алуан тілдерде белгілі бір зат немесе құбылыс әр басқа сөзбен аталады. Мысалы, суда өмір сүретін жәндіктің бір түрі қазақ тілінде “балық” деп аталса, орыс тілінде- “рыба”, неміс тілінде – “Fisch”делініп бір ғана жәндік әр түрлі тілдерде әр басқа единицалармен белгіленген. Егер дыбыс тіркесі өзі белгілейтін заттың немесе құбылыстың табиғатын бейнелеп , онымен етене байланыста болса, онда белгілі бір зат немесе құбылыс дүнйе жүзіндегі тілдерде бір ғана сөзбен аталған болар еді де, олардың лексикалық айырмашылығы болмаған болар еді. Егер әрбір сөз өзінің дыбыстық құрамымен заттың табиғи қасиетін бейнелесе, онда сөз мағынасының ауысуы, келтірінді мағынада қолданылуы тіптен мүмкін болмас еді: онда бір ғана затты не құбылысты әр жақтан атайтын мәндес сөздер – синонимдер де, басқа-басқа мағыналы, бірақ біркелкі дыбысталатын сөздер – омонимдер де болмаған болар еді.

3.Тіл-тілдің сөздік құрамында бір емес, бірнеше лексикалық мағыналары бар сөздер жиі ұшырасады. Сөздің лексикалық мағыналарының әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады. Түсінікті болу үшін, мына бір мысалдарға назар аударалық: 1.Ананың сүті – бал, баланың тілі бал (мақал); 2. Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда –ақ берген білім (Сұлтанмахмұт). Бірінші мысалда ана деген сөз “шеше” деген мағынаны білдірсе, екінші мысалда басқа бір мағына – “туған” дегенді білдіреді. Қазақ тіліндегі ана тілі деген сөз тіркесінің мағыфнасы орыс тіліндегі родной язык деген сөз тіркесінің мағынасына сәйкес келеді. Ана деген сөздің әр түрлі мағыналары бір-бірінен семантикалық әр тектестік жағынан ғана емес, қолданылуы, басқа сөздермен тіркесіп жұмсалуы жағынан да ажыратылады. Бұл сөз “шеше” деген мағынасында алуан түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала берсе (мысалы: ананың пейілі , ананың арманы, ананың бақыты және т.б.), “туған” деген мағынасында тіл деген сөзбен ғана (мысалы: ана тілі) тіркесіп жұмсаалады. Ана деген сөздің “туған” деген мағынасының мынадай ерекшелігіне назар аудару қажет: бұл сөз “туған” деген мағынаға тіл деген сөзден басқа сөздермен тіркескенде ғана емес, тек осы сөзбен тіркескенде ғана , ие бола алады.

4Сонымен сөз негізгі мағынасынан басқа туынды мағыналарға ие болып, әр түрлі мағыналарда қолданылуға икем келеді. Әр түрлі мағынасы бар сөз полисемантизмді (көп мағыналы) сөз деп аталады. Ал жалпы көп мағыналық құбылысы полисемия құбылысы деп аталады. Полисемия күллі түркі тілдердің бәрінде де бар. Дүние жүзіндегі әр түрлі тілдердің сөздіктерін алып қарасаңыз, солардың әр қайсысынан да полисемантизмді сөздерді жиі кездестіресіз.

Сөздің бойындағы әр түрлі мағыналардың табиғаты бірдей емес. Тіл білімінде сөздің мағыналарын әр тұрғыдан қарастыру және, осығансәйкес, сөз мағыналарын түрліше топтастырып саралау дағдысы бар. Тарихи тұрғыдан қарағанда, сөз мағыналары негізгі мағына және туынды мағына деп аталатын екі түрге бөлінеді. Мысалы, ер деген сөздің 1. Еркек деген мағынасы - бастапқы негізгі мағына да, 2. Күйеу, бай, 3. Батыл, батыр деген мағыналары – сөздің семантикалық жақтан дамуы барысында кейіннен пайда болған туынды мағыналар.

Тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алып қарағанда, сөз мағыналарын екі түрге бөліп қарауға болады: оның бірі – тура мағына, екіншісі келтінді (немесе ауыспалы) мағына. Мысалы, қараңғы деген сөздің “жарықсыз, ешнәрсені көруге болмайды” деген мағынасы – тура мағына да, “оқымаған, сауатсыз” деген мағынасы - келтірінді (ауыспалы) мағына. Сөздің келтірінді мағынасы бір емес бірнеше болуы мүмкін. Келтірінді мағыналар өз ішнде метафоралық мағына және метафонимиялық мағына болып сараланады.

5.Тіл-тілдің лексикасында дыбысталу бірдей де, мағынасы әр басқа сөздер бар. Мысалы, біз. 1. Мен деген жіктеу есімдігінің көпше түрі; ІІ. Бір нәрсені тесіп, жіпті немесе тарамысты өткізу үшін жасалған үшкір құрал.

Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер деп аталады.

Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы) полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді. Алайда, полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасы барлық омонимдердің күллісіне бірдей қатысты емес. Мысалы, “ауаны ішке тартып, сыртқа шығаратын дене мүшесі” деген мағынадағы өкпе сөзі мен “наз, реніш” деген мағынадағы өкпе сөзінің  омонимдес екендігі ешбір күмән туғызбайды. Басы ашық омонимдес сөздер болғандықтан, бұлар полисемиялы сөзден оңай ажыратылады. Полисемия мен омонимияны ажырату проблемасының қйындығы полисемантизмді сөздермен ұштасып, жапсарласып жатқан омонимдерге қатысты.

Бақылау сұрақтары:
  1. Сөз және ұғым.
  2. Сөздің лексикалық мәні.
  3. Моносемия және полисемия.
  4. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.
  5. Полисемия және омоним.

Лексикология. Лексикологияның міндеті мен зерттейтін объектісі.

Жоспар:

  1. Лексикологияның салалары.
  2. Ономосиология.
  3. Семасиология.
  4. Фразеология.
  5. Этимология.
  6. Лексикография.

                   Мақсаты: лексикология және лекесикография қарастыратын шешуші ұғымдарды меңгерту.

Лексикология  сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамы құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанымен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.

Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы заңдылықтардың жеке, нақтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік құрамы мен оның дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда ( жеке, нақтылы тілдің лексикологиясында) қарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы жалпы лексикологияның жалпы теориялық қағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.

Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүм кін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, замандар бойына қалыптасуы жәнге дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал сипаттама  лексикологияда “Қазіргі ағылшын тілі”, “Қазіргі қазақ тілі” атты пәндердің лексикология бөліміндерінде, аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық құрылымы, лексиканы құруышы арналар мен қат-қабаттар, сөздердің активті және пассив ті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердің қолдану аясы және т.б. мәселелер қарастырылады.

Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу тарихын ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте-мөте күшті.

Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі – мағынаны әрбір сөздің “жаны” десекте болады. Семасиалогияның лексикографиялық жұмыста да маңызы айрықша. Сөздіктерде, әдетте, сөздің мағыналық жақтары талданады. Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмеектесіп, бағыт-бағдар сілтейді.

Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктенекендігін қарастырады. Анығырақ айтқанда, сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, оның мағыналық жағына назар аударылады да, ономосиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аударылады. Сонымен , ономосиология заттар мен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді.

Ономосиологияның диалектологияға да қатысы бар. Ономосиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикологиялық картасы ономосиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілердегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.

Ономосиологияның айрықша бір саласы – онамастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі – антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады.

Лексикология сөздерді тілдің сөздік құрамын құрастыратын единицалар, яғни лексикалық единицалар ретінде қарастырады. Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестерімен де аталады. Тіл-тілдің лексикасында жеке сөздердің айрықша синонимі ретінде қолданылатын тұрақты сөз тіркесі жиі ұшырасады. Олар сөздердің тіркесі болғанымен, мағынасы жағынанжеке сөздермен барабар келіп, бір бүтін лексикалық единица тәрізді қызмет атқарады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады. Мысалы, жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында, қас қаққанша, ауызды ашып жұмғанша (лезде), қаны қайнау (ашулану), мойны жар бермеу (еріну), тайға таңба басқандай (ашық-айқын), он саусағынан өнері тамған немесе ағаштан түйін түйген (өте шебер), ит арқасы қиянда (алыста), үріп ауызға салғандай (сүйкімді) деген фразеологиялық сөз тіркестері әбден лексикаланған да, мағынасы жағынан бір сөз тәрізді болып кеткен. Осылар тәріздес сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұрақты сөз тіркестерінінң түрлерін, олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын қарастырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Лексикологияның салалары.
  2. Ономосиология.
  3. Семасиология.
  4. Фразеология.
  5. Этимология.

Жазудың шығуы мен дамуы. дыбыс және әріп.

Жоспар:

  1. Пиктографиялық жазу.
  2. Идеографиялық жазу.
  3. Буын жазуы.
  4. Әріп жазуы.
  5. Орфография.
  6. Транслетерация және транскрипция.

Мақсаты: 1. жазудың шығуы мен дамуы, жазу түрлері туралы мәлімет беру.

  1. графика және орфография туралы мәлімет беру.

Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін ауызша түрде де, жазбаша түрде де атқара алады. Дыбыстық тіл жазу арқылы таңбаланады. Соның нәтижесінде оның қатынас құралы ретінде қолдану шеңбері кеңейеді. Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық салаларында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал.

Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.

Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады.

Әрбір сурет өздігінен бүтінднй хабарды білдіре алады . Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік нормаларды емес , оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған . Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың… т.б. суреттері қолданған . Мысалы, “мен аң аулауға кеттім” дегенді білдіру үшін адамның суретіне қоса тоғайдың және аңның суреті салынған.

Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі белгілердің , магазиндео мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киімнің, аяқ киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың және т.б. суреттерінің пиктографиялық сипаты бар.

Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеогрммалар деп аталады.Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмасы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырынды идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографияның пиктографиядан басты айырмашылығы  таңбалардың формасында емес , олардың мағынасында. Идеографиялың таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі грамматикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін ) белгілейді.

Идеографиялық жазудың үлгілерін өтө ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған болатын.Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп , соған телінуіне негізделген. Қытай жазууындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айқындалған.

Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді: олар сөздің дыбысталуын емес , мағынасын білдіреді. Сондықтан қытай тілінде омонимдер әр түрлі иероглифтермен белгіленеді, бірақ олардың дыбысталуы мен морфологиялық құрылысы біркелкі болады. Жазудың идеографиялық принципін  қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да көруге болады. Мысалы, “5” деген цифрды алалық. Бұл цифрдың сандық мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да, басқалар да түрліше емес, бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрлардың атының дыбысталуы әр тілде әр түрлі: орысша – пять, қазақша – бес, ағылшынша – fiue.

Цифр белгілі бір ұғымды санның таңбасы ретінде көрсетеді,бірақ ол таңбаның цифр атының дыбысталуына ешбір қатысы болмайды. Осы ерекшелік – идеограммалдар мен идеографиялық жазуға  да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар тәрізді таңбалар деп түсіну керек.

Қазіргі кездегі идеограммалар (математикалық, химиялық, астрономиялық, және т.б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестерімен айтылатын ғылыми терминдерді білдіреді. Мысалы, О-“кислород”,  -түбір, -“Атом ядросы”, һ-“Планк тұрақтысы”. Ғылым саласында жаңадан пайда болған ұғым, ең алдымен , сөз тіркесімен  айтылады да , осыдан кейін барып ол арнаулы таңбамен белгіленеді.

Пиктографиялық жазуға қарағанда, идеографиялық жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнелейді. Идеографиялық жазу сөйлеудің мазмұнынын білдірумен бірге , оның бөлшектері – сөздерді , сөздердің синтаксистік орын тәртібін , кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағынан да ажыратып бере алады.

Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болады. Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш топқа бөліп қарауға болады.

Мұның бірінші түріне ассиро-вавилон , элам, урарт, сына жазулары , майя жазуы, лигатуралы дыбыстық дыбыстық корей жазуы жатады. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез-келген буынды, атап айтқанда , буынның мынадай түрлерін белгілейтін болған: дара дауыстының өзі, А(дауысты) С(дауысыз), С А, С А С; майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздарды да белгілеген.

Буын жазуының екінші түріне крит-микен буын жазуы , кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Жазудың бұл жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді.

Буын жазуының үшінші түріне үнді, жазуының әр түрлі жүйелері ( кхарошти, брахми, жәнет.б.) енеді. Жазудың бұл жүйесінде негізгі таңбалар жеке –дара дауыстыларды (“а”) және дауысыз бен дауыстының  (“ ка”) қосындысын белгілейді.

Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа  бөлінеді.

  • Логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары,
  • Эфиопия, индия (брахма, кхарошти және осылардан жасалған жазулар) буын жазулары.
  • Жапон буын жазуы мен дигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі (корейлік кун-мун).

Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты-дыбыстық жазу ІІ мың жылдықтың екінші жартысында пайда болса , вокалданған-дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің І мың жылдығының басында пайда болды.

Әріп жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды.Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін , әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы – сөздерді ғана емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.

Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Т ілдің дыбыстық жағы оның сөздік құрамы және грамматикалық құрылысымен, өз ара байланыста болады. Осыған орай фонетикалық жазу  тілдің дыбысталу жағын ғана емес, сонымен бірге лексикасы мен грамматикалық ерекшеліктерін де қамти алатындай алатындай болуы керек. Орфография  дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын белгілегенде, тілдің әр түрлі жақтарын және олардың байланысын ескере отырып, нақтылы принциптарге сүйенеді, соларды негіз етіп алады.Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын алты түрлі принципі бар. Олар мыналар:

Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принцип. Фонеметикалық принцип бойынша, әрбір фонема қай позицияда келуіне қарамастан , өзіне бекітілген тұрақты таңба – бір әріппен белгіленеді. Орыс тілінде бір сөздің әр түрлі формалары , мысалы, плода және плод формалары әр түрлі дыбысталғанымен (плода формасында айтылған сөздің құрамындағы ұяң дауыссыз д плод сөзінде айтылуда қатаң дыбысқа айналады), біркелкі жазылады. Орфограграфияның фонематикалық принципі бойынша дуб және дуба формалары да айтылуда бірінде қатаң, екіншісінде ұяң дауыссыз келуіне қарамастан біркелкі ұяң әріппен жазылады.

Фонетикалық принцип сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы, жаздыгүні, қыстыгүні, ашудас деген сөздердің айтылуынша, осылай жазылуы – орфографияның фонетикалық принципіне сүйеніп жазудың нәтижесі. Бірсыпыра сөздердің жазылуында фонематикалық принцип пен фонетикалық принцип бірдей ұштасып, бір-біріне сайма-сай келеді. Мысалы, орыс тіліндегі пол, ток, кот, сом, сам, қазақ тіліндегі ағаш, тас, көл, қорған, аттаныс тәрізді сөздер фонематикалық жақтан да, фонетикалық жақтан да біркелкі жазылып, бір-бірінен ажыраспайды. Солай болғандықтан аталған сөздердің жазылуын фонематикалық принципке де, фонетикалық принципке де жатқызуға болады.

Этимологиялық принцип пен дәстүрлік-тарихи принцип. Этимологиялық принцип сөздердің қалпын емес, шығу тегін сақтап жазуға негізделеді. Мысалы, орыс тілінде “қайық” деген мағынаны білдіретін сөз лотка түрінде емес, лодка түрінде жазылады. Бұлай жазуда сөздің негізі лодочный, лодочка деген сөздердің құрамында кездесетін лод екені ескеріледі.Этимологиялық принцип бойынша жазу сөздердің өткен дәуірдегі қалпын сақтайды. Мысалы, орыс тілінде пчел, пошел, пшенный деген сөздердің құрамындағы е әрпінің орнына қазіргі кезде о дыбысы айтылғанымен, бұлардың ертеректегі қалпы сақталып, этимологиялық принцип бойынша жоғарыда көрсетілген түрде жазылады.

Дәстүрлік-тарихи принцип  этимологиялық принциппен төркіндес, соған ұқсас принцип болып саналады. Орфографияның бұл принципі тілдің ерте кездегі жазу дағдысына негізделеді де, сөздің ертеректегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды көздейді. Мысалы, помощник деген сөз шіркеулік славяндық помощь дегеннен емес, орыс тілінің помочь деген сөзінен жасалғанына қарамастан, дағды бойынша жоғарыда көрсетілген түрде жазылады.

Морфологиялық принцип пен иероглиф принципі. М орфологиялық принцип бойынша жазу сөздердің айтылуына емес, түбір тұлғасын сақтауға негізделеді. Көптеген тілдерде сөздерге сөз тудырушы аффикстер мен сөз түрлендіруші аффикстер жалғанғанда, екі сөз бірігіп немесе өз ара тіркесіп айтылғанда, сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы өзгеріп, әр түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Морфологиялық принцип дыбыстлудағы бұл рекшеліктерді ескермей , сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы, басшы (башшы емес), ұшсын (ұшшын емес), сәнқой (сәңқой емес), көрінбеді (көрімбеді емес), қазанғап (қазаңғап емес), әркім (әргім емес).

Орыс тілінде айтылуда вадавоз, атрез, одзыв, хаждение түрінде дыбысталатын сөздер жазуда морфологиялық принципті гаяныш етудің негізінде водовоз, отрез, отзыв, хождение түрінде жазылады.

Иероглиф немесе символ принципі біркелкі дыбысталатын сөздерді , яғни омонимдерді жазуда бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. Мысалы, орыс тілінде “музыкалы би кеші” деген мағынаны білдіретін бал деген сөз бен “оқушылардың білім дәрежесіне қарай қойылатын цифрлы баға” деген мағынаны білдіретін балл сөзі жазуда біреуінде жалғыз л әрпі , екіншісінде қосарлы лл әрпі қолданылу арқылы ажыратылады. Орыс тілінде “науқан” деген мағынаны білдіретін кампания деген сөзден “бірлестік, серіктестік” компания деген сөз жазуда иероглиф принципі бойынша ажыратылып жазылады. Қазақ тілінде “ жай, күй, жағдай” деген мағынаны білдіретін хал сөзі мен “денедегі кішірек қоңырқай таңба, белгі” деген мағынаны білдіретін қал сөзінің осылайша жазылуы иероглиф принципі мысал бола алады. Бұл принциптің сөздерді бір-бірінен ажыратушы қызметі ескеріліп, ол кейде дифференциальды принцип деп те аталады.

Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық  жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстардың ешбір мәні жоқ. Бұл-бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі фонемаларды белгілей алса, транскрипциялық таңба бір ғана мәнге ие бола алады. Бір фонема жазуда әр түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол әрқашан бір ғана таңбамен белгіленеді.

Транскрипциядан транслитерацияны ажырата білу керек. Транслитерация жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады.Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т.б. басқа жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Пиктографиялық жазу.
  2. Идеографиялық жазу.
  3. Буын жазуы.
  4. Әріп жазуы.
  5. Орфография.
  6.  Транслетерация және транскрипция.

 

Тіл дыбыстарының өзара қарым-қатынасы. фонема ұғымы.

1.Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері.

2.Ассимляция және диссимляция

3.Дыбыс үндестігі

4.Дыбыс және фонема.

5.Фонемалар жүйесі жайлы ұғым.

6.Орфоэпия жайлы ұғым.

: 1. тіл дыбыстарының өзара қарым-қатынасы, фонетикалық  процестер (сөйлеу ағынындағы дыбыстардың өзгеруі), комбинаторлық өзгерістер туралы мәлімет беру.

2.фонема туралы ұғым және оның дифференциалды, интегралды белгілері туралы мәлімет беру.

1.Тіл дыбыстары , әдетте жеке-дара күйінде айтылмай , сөз ішінде немесе сөздердің аралығында бір-бірімен тіркесіп , өз ара тізбектелген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне-бірі ықпал етіп , бірімен-бірі өз ара үндесіп айтылады. Сөз құрамында дауысты дыбыстардың бір-бірімен өз ара үндесіп айтылатыны сияқты , дауыссыз дыбыстар да бір-біріне әсер етіп өз ара үндесіп айтылады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады.

Түркі тілдерінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін , соған сәйкес жуан дауыстының келуі (тау-лар, тоғай-лар), жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін соған орай жіңішке дауыстының келуі (көл-дер, өзен-дер)түрінде болады. Ал түбір сөздің соңындағы қатаң дауыссыздан кейін қосымшаның да қатаң дауыссыз басталуы немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы(қаз-ға, қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп , өз ара үндесуі болып саналады.

2.Дауыстылардың бір-бірімен өз ара үндесуі сингармонизм деп аталады да , дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп өз ара үндесуі ассимляция деп аталады. Лингвистикалық кейбір әдебинттнрде сингармонизм де ассимляцияның бір түрі ретінде қарастырылады. Дауыстылардың бір-біріне әсер етіп , өз ара үндесіп айтылуы да олардың артикуляциясына байланысты екені ескергенде, сингармонизмді ассимляцияның бір түрі ретінде қараудың ешбір оғаштығы жоқ екені рас. Бірақ басқа тілдердегідей емес , түркі тілдерінде сингармонизм құбылысы айрықша орын алады. Бұл құбылыс түркі тілдерінде өте-мөте кең тараған . Осымен байланысты , дыбыстардың өзгеруі , олардың бір-бірімен үндесу мәселерін түркі тілдеріне қатысты сөз еткенде , сингармонизм құбылысына дауыссыздардың үндесу заңдылығымен барабар арнайы тоқталған мақұл.

Сөз құрамында немесе сөздердің аралығында көршілес келген дыбыстардың бірі екіншісіне ықпал етіп , өз ара үндесуі ассимляция деп аталады.

Ассимляцияның нәтижесінде бір дыбыс екінші дыбысты толық бағындыруы да, жартылай бағындыруы да мүмкін . Осыдан келіп , ассимляция толық ассимляция және жартылай ассимляция деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Егер тетелес келген екі дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп , бағындырса , ассимляцияның мұндай түрі толық ассимляция деп аталады. Мысалы, сүзсе деген сөз сөйлеу процесінде сүссе түрінде , басшы деген сөз башшы түрінде айтылады. Бұл сөздердің құрамындағы көршілес дыбыстардың соңғысы (с,ш) өзінің алдыңғы дыбысты (з,с) толық игеріп тұр . Толық ассимляцияның нәтижесінде бір дыбыс екінші дыбысты барлық жағынан – артикуляциялық орны , артикуляциялық жолы, дауыс қатысы жағынан да – түгелдей икемдеп , онымен дәл өзіндей үндеседі.

3.Егер тетелес келген екі дыбыстың бірі екіншісін дәл өзіндей етіп өзгертпей , бір жақты , жартылай ғана икемдесе , онда ассимляцияның мұндай түрі жартылай ассимляция деп аталады. Мысалы , күз-дік , жас-тық деген сөздердегі қосымшалардың бірінде ұяңнан, екіншісінде қатаңнан басталып жалғануы сол түбір сөздердің біреуінің соңғы дыбысы ұяң , екіншісінің соңғы дыбысы қатаң болуына қарай икемделіп үндесуінен . Бұл мысалдардағы көршілес келген дауыссыздардың бірі екіншісін өзіне бір жақты ғана –тек дауыс қатысы жағынан ғана - икемдеп тұр. Ассимляцияның мұндай түрінің жартылай деп аталауы да осыдан.

Диссимляция бір тектес дыбыстардың арасында болады. Біркелкі дыбыстардың немесе өз ара ұқсас дыбыстардың әр басқа дыбыстар немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеруі диссимляция деп аталады.

Нәтижесіне қарағанда , диссимляция – ассимляцияға қарама-қарсы құбылыс . Ассимляция құбылысы бойынша әр басқа дыбыстар біркелкі немесе өз ара ұқсас дыбыстар болып үндессе, диссимляция ққұбылысы бойынша біркелкі немесе өз ара өте жақын , ұқсас дыбыстар әр басқа немесе өзара ұқсастығы аз дыбыстар болып өзгереді. Мысалы, феврарь (латынша februarius) сөзінің февраль болып өзгеріп қалыптасуы – осы аталған диссимляция құбылысының нәтижесі. Орыс тіліндегі верблюд сөзі – велблюд сөзінің өзгерген түрі

4.Тілдегі сөздер бір-бінен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз бен тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін олардың мағынасы мен дыбысталуының әр басқа болуына қарап ажыратылады. Мағына мен дыбысталудың әр басқа болуы сөздердің формаларын да, морфемаларды да ажыратады. Мысалы, біл деген сөздің біле, біліп, білсе және тағы басқа формаларының әр басқа формалар екендігі олардың мағыналары мен дыбысталуындағы айырмашылықтар арқылы белгілі бола алады. Бұл мысалдардан тіл дыбыстарының сөз құрамында келіп, бір-бірінен сөздерді ғана емес сонымен бірге , сөздің формаларын және иорфемаларды ажрататындығын көреміз.

Тіл білімінде дыбыстардың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема – сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын , ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица.

Тіл білімінде фонема туралы ұғымның сыр-сипатын ашып айқындау фонетиканың тарихында жаңа үлкен белес болды және оның мазмұнына тіл дыбыстарын лингвистикалық аспектіде қарастыратын ілім – фонологияны енгізіп, фонетиканың шеңберін кеңейте түсті. Енді, сол фонемалардың табиғатын ашып айқындау мәселеріне келейік.

5.Фонема дегеніміз де – тіл дыбыстары , бірақ ол тіл дыбысы болғанда , сөздердің жігін ажырататын дыбыс . Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды , қайта , олармен тығыз байланыста болады. Фонема да – тілдің материалдық единицасы. Фонемаларды зерттейтін фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика екеуі екі түрлі пен емес , тіл туралы ғылымның бір түтін саласының екі түрлі жағы . Сонымен , фонема деген ұғым сөз мағынасын , сөздің жігін және морфемаларды ажырататын дыбыстар деген ұғымен байланыстырылады.

 Фонема дегеннің ұғымы мен тіл дыбыстары дегеннің ұғымы әр уақытта бірі-бірімен сәйкес келе бермейді. Фонема бір дыбыстан ғана емес, сонымен бірге екі дыбыстан да құралуы мүмкін. Керісінше , кейде екі фонема бір дыбыс түрінде айтылады.Мысалы, орыс тіліндегі детский деген сөзде т мен с фонемасы бір ғана ц дыбысы түрінде айтылады.

Фонемалардың саралап ажыратушы қызметі тілдің өзінің табиғатынан, оның бүтіндей жүйесйнен келіп туады.Тілдегі дыбыстардың бір-бірінен ажыратылуы қаншалықты қажет болса, морфемалардың да жігі ашылып ажыратылуы, сондай-ақ сөзтіркестерінің де шегі айқындалып өз ара ажыратылуы, - тілдің табиғатына тән және қажетті нәрсе. Фонемаларды саралап ажыратушы қызметі бүтіндей тілдің жүйесінен, оның атқаратын қызметінен келіп туады дейтініміз де осыдан.

6.Әрбір халықтың әдеби тілінде айтылудың жалпыға бірдей ортақ және қалыптасқан біріңғай нормалары болады. Солар жайындағы ережелердің жиынтығы орфоэпия деп аталады. Әрбір әдеби тілдің орфоэпиясы дыбыстар мен дыбыс тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерін ғана емес , сонымен бірге сөздер мен фразалардың да дұрыс айтылу ережелерін қамтиды.

Сөз құрамындағы дыбыстар немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар бір-бірімен өз ара үндесіп, үйлесе айтылады. Сөйлеуде олардың үндестігін сақтап, нақышына келтіре айту үшін тілдің дыбыстық жүйесінің табиғатын, дыбыстардың бір-біріне әсер ету заңдылықтарын жете білу қажет.

Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы бойынша сөздердің аралығында қатар келген екі дауысты дыбыстың алдыңғысы сөйлеуде түсіріліп айтылады. Мысалы, торы ала ат, бара алмады, келе алмады, бала ісі, бері отыр деген тізбектер торалат, балмады, келалмады, балісі, беротыр түрінде айтылады.

Әдеби тілдің орфоэпиялық нормаларын қалыптастыруда мектеп , радио, телевидение, театр және киноның атқаратын ролі айрықша күшті.

Әрбір сауатты адам үшін жазудың ережелерін меңгеріп, дұрыс жаза білу қаншалық  қажетті  және міндетті болса, айтылудың ережелерін меңгере білу сөйлеуде үндестікті сақтап айту, жалпыға ортақ қалыптасқан қағидалардан ауытқымау да соншалықты қажет және міндетті болып саналады.

  1. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері.

2.Ассимляция және диссимляция

3.Дыбыс үндестігі

4.Дыбыс және фонема.

5.Фонемалар жүйесі жайлы ұғым.

6.Орфоэпия жайлы ұғым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Буын, оның түрлері. екпін және оның түрлері

1.Буын жасайтын дыбыстар және буын жасамайтын дыбыстар.

2.Әртүрлі тілдердігі сөздердің буын құрылысы.

3.Екпін және оның элементтері.

4.Түрлі тілдердегі екпін мен интонацияның ерекшеліктері.

5.Орыс және қазақ тілдеріндегі дыбыс, буын, екпін, интонациялардың ерекшеліктері.

 1. буын, буынның басты теориялары; буындық және буындық емес дыбыстар туралы мәліметтер беру.

2.екпін және оның түрлері; фразалық логикалық және эмфатикалық екпін; сөз екпінінің типтері туралы мәлімет беру.

1.Буын бір дыбыстан немесе бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады . Кез келген дыбыс буын құрай бермейді . Көпшілік тілдерде буын жасайтын дыбыстар - әдетте дауыстылар.Дауыстылар жеке-дара күйінде де , дауыссыздармен тіркесіп келіп те буын құрай береді. Буын құрайтындар тек дауысты дыбыстар ғана емес , сонымен бірге кейбір тілдерде , мысалы, чех, серб тілдерінде дауыссыз дыбыстар да буын құрай алады . Мысалы, чех тілінде lkv (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанымен , әрқайсысы бір-бір буынды сөз третінде қаралады.

     Сөздердің айтылуыдағы буын саны мен жазылудағы буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес . Кейбір сөздердің жазылудағы буын санынан айтылудағы буын саны көп болса (мысалы, литр сөзі айтылуда екі буынды сөз болып айтылады), керісінше , кейбір сөздердің айтылудағы буын санынан жазылудағы буын саны көп болады (мысалы, Сарыарқа деген сөздің құрамындағы қатар келген дауыссыздың алдыңғысының түсірілуі нәтижесінде айтылуда бір буын кемиді).

2.Дыбыс құрылысы жағынан буын үш түрге бөлінеді : ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.

  • Ашық буын . Бір ғана дауыстыдан болған немесе дауыссыздан басталып , дауыстыға біткен буын ашық буын деп аталады. Мысалы: а-ла, ә-ке, а-та, қа-ра, да-ла, і-ні, мә-се-ле т.б.
  • Тұйық буын . Дауыстыдан басталып , дауыссызға біткен буын тұйық буын деп аталады. Мысалы: оң, оқ, ол, ақ, ас, ұл, өрт, ұрт, ант.
  • Бітеу буын. Ортасы дауысты болып , екі жағы да дауыссыз дыбыспен тұйықталған буын бітеу буын деп аталады. Мысалы: құс, құм, құр, күн, қан, қас, қар, қап, қос, қол, түн, түр, төр, тон, төрт, бұлт, қант, тарт, т.б.

Түркі тілдерінде , соның ішінде қазақ тілінде, үш дыбысты тұйық буын мен төрт дыбысты бітеу буынның соңындағы қатар келген екі дауыссыздың ең соңғы дыбысы қатаң , оның алдындағы дыбыс дыбыс үнді болып келуі шарт. Мысалы: ант, ұлт, өрт, бұлт, тарт т.б.

3.Сөз құрамындағы буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді . Ол буындардың біреуі , басқаларына қарағанда , айқынырақ ажыратылып , көтеріңкі айтылады. Мұндай қасиетке , әдетте , екпін түскен буын ие болады. Осыған орай , екпін түскін буынды екпінді буын деп атайды. Екпін түскіен буын басқа буындардан негізгі үш тәсіл арқылы ажыратылады.

Буының біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін  деп аталады.

Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны , буынның күшімен байланысты болады да, басқа буындардың ішінде бір буынның көтеріңкі айтылуына негізделеді. Динамикалық екпін көптеген  тілдерге караған . Екпіннің бұл түріне ие тілдер мыналар : славян тілдері, түркі тілдері , герман тілдері. Тіл тарихында динамикалық екпіннің музыкальды екпінді ығыстырып шығаруы кездеседі. Мысалы, көне грек тілі музыкальды екпінге ие тіл болса , жаңа грек тілінің екпіні – динамикалық екпін.

Басқа буындардың ішінен  бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп , дауыс шымылдығының дірілінің жйілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер: қытай , корей , дүнген , япон , серб , литва , т.б. тілдер.

Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.

4.Тілде екпіннің түрлері араласып келеді де, оның бір түрі басым болады. Кейбір тілде динамикалық екпінге квантативті екпіннің қосылуы мүмкін . Мұндай лебізді екпін негізгі болады да, квантативті екпін қосымша , көмекші қызмет атқарады. Мысалы , орыс тілі лебізді екпінге ие тілдердің тобына жатады. Солай бола тұрса да , оған квантативті екпіннің қатысы бар . Орыс тілінде сөз құрамындағы   екпін түскен буын , біріншіден, жоғарғы қарқынмен , көтеріңкі айтылса, екіншіден, ондағы дауысты дыбыс басқа буындардағы дауыстыға қарағанда созылыңқы айтылады. Демек , орыс тіліндегі екпін түскен буын квантативті болады.

Неміс тілі де – лебізді екпінге ие тілдің бірі . Мұмымен бірге , неміс тіліндегі екпіннің муэыкальды сипаты бар. Бұл тілде екпін түскен буын екпінсіз буыннан тонның өте-мөте жоғары көтерілу сипатымен ерекшеленіп ажыратылады. Алекпіннің сандық жағының неміс тілінде пәлендей ролі болмайды, өйткені ондағы созылыңқы дауыстылар келте дауыстыларға қарсы қойылады да, фонетикалық қызмет атқарады.

Кейбір тілдерде , мысалы , орыс тілінде , екпін сөздердің әр буынына – алғашқы, ортадағы, соңғы буынына да – түсе береді . Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін .

Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде , екпін көьінесе арнаулы бір буынға байланып , басқа буындарға жылжи бермейді . Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдері тұрақты екпінге ие тілдердің тобына жатады. Түркі тілдерінде , соның ішінде қазақ тілінде , екпін сөздің көбінесе соңғы буынына түседі.

5.Тіл-тілде сөз екпінінен басқа фразалық екпін де болады. Сөйлеу процесінде бір-бірімен тіркесіп айтылған сөздердің әрқайсысы дербес екпінге ие болуы шарт емес . Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай , айтылу жағынан жігі жымдасып , бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Фразалық екпіннің , әсіресе сөздер бір-бірімен қосымшалар арқылы емес , орын тәртібі және дауыс тоны арқылы байланысатын және солар арқылы бірінен бірінің жігі ажыратылатын түбір тілдерде мысалы, қытай тілінде және аффикстер қолданылатын орында көбінесе жеке сөздер қолданылатын француз тілдерінде айрықша маңызы бар

 Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты , кейде сөйлемде бір сөзге ерекше назар аударылып айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрықша назар назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да , ол сөз басқа сөздерге қарағанда , ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп айтылады.

Жазба тілде логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғаны клнтекстен, оның мазмұнынан аңғарылады. Ауыз –екі сөйлеуде логикалық екпін сөйлеушінің қай сөзге айрықша назар аударуды қажет санап тұрғанын ажыратуға мүмкіндік береді.

1.Буын жасайтын дыбыстар және буын жасамайтын дыбыстар.

2.Әртүрлі тілдердігі сөздердің буын құрылысы.

3.Екпін және оның элементтері.

4.Түрлі тілдердегі екпін мен интонацияның ерекшеліктері.

  1. Орыс және қазақ тілдеріндегі дыбыс, буын, екпін, интонациялардың ерекшеліктері.

Тіл дыбыстарының артикуляциялық аспектісі. тіл дыбыстарын жіктеу принципі.

Жоспар:

1.Сөйлеу аппараттарының қызметі.

2.Активті және пассивті сөйлеу мүшелері.

3.Дауысты дыбыстар.

4.Дауыссыз дыбыстар.                

Мақсаты: 1. артикуляция туралы түсінік беру.

2.дауысты және дауыссыз дыбыстардың акустикалық-артикуляциялық айырмашылықтары.

1.Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін , дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет. Дыбыстау мүшелері мыналар : өкпе , тамақ, көмей , дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, ерін т.б. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады.

Тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сыртқа шығуынан жасалады. Бірақ олар өкпедегі ауаның жай ғана шыға салуынан жасалмайды, ол үшін сөйлеу аппаратының қатысуы шарт. Анығырақ  айтқанда, тіл дыбыстары өкпедегі ауаның сөйлеу аппаратының қатысуы арқылы сыртқа шығуынан жасалады.Дыбыстау мүшелері ауа жүретін каналдың бойына орналасқан . Өкпеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тарамдарынан тамаққа , одан көмейге , көмейден жұтқыншақ қуысына келеді, одан әрі ауа не мұрын қуысы , не ауыз қуысы арқылы өтеді.

Дыбыстарды айтуда , әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл ерекше қызмет атқарады. Дауыс шымылдығы көмейде болады . Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан  діріл пайда болады да , үн шығады. Ал, егер дауыс шымылдығы  жиырылып  тұрса, онда діріл пайда болмайды, сондықтан да үн де шыға алмайды. Дауысты дыбыстар осы аталған дауыс шымылдығының дірілінен пайда болады.

Көмейдің үстіңгі жағында жұтқыншақ қуысы болады. Ол ауыз қуысы және мұрын қуысымен  жалғасып жатады. Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы резонаторлық қызмет атқарады. Кейбір үнді дауыссыздар (м,н,ң) мұрын қуысы арқылы жасалады. Дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында , әсіресе , ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады.

2.Ауыз қуысындағы мүшелердің ішінде ең басты қызмет атқаратын мүше – тіл болады. Тілдің бірде ілгері , бірде кейін жылжуынан , бірде жоғары көтеріліп , бірде төмен түсуінен , сондай-ақ оның артқы шені мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады. Мысалы, тілдің ұшы жоғарғы тіске тиюінен тіс (немесе денталь) дыбыстары ( т,д…) , ал тілдің артқы шенінің артқы таңдайға тиюнен немесе жуықтауынан тіл арты (қ,ғ,к,г) жасалады.

Тіл дыбыстарының артикулякциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі – ерін. Еріннің дауысты дыбыстардың (о,ө,у,ұ…) жасалуына да, дауыссыз дыбыстардың (м,п,б..) жасалуына да қатысы бар . Еріннің сүйірленіп дөңгеленуінен еріндік дауыстылар (о,у,ө…) жасалса, екі еріннің өз ара жымдасуынан ерін дауыссыздары немесе билабиаль дыбыстар (м,б,п…) жасалады. Астыңғы еріннің үстіңгі тіске тиюінен немесе оған жуықтауынан лабиаль –денталь дыбыстар (ф,в) жасалады.

Сонымен, тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Дыбыстау мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір қызметі болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке дара болмай , бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өз ара тығыз байланысты болады

3.Тілдердің барлығында  да дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп екі топқа бөлу – ертеден келе жатқан дағды. Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырудың тіл білімінде ұзақ тарихы болғанымен , бұлайша топтастыруға негіз болатын басты белгілер әлі де болса жете айқындалмай келеді. Бұл мәселе жайында жалпыға бірдей ортақ көзқарастың жоқтығы да осыдан болып отыр.

Әр түрлі тілдердегі дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастыруға негіз болатын жалпылама ортақ белгі ретінде , әдетте, олардың буын құрау қызметі аталады. Буын құрау тұрғысынан алғанда , дауыстылар буын жасай алатын негізгі ұйтқы , басты тұлға ретінде , ал дауыссыздар өздігінен буын жасай алмайтын , дауыстылардың жетегіндегі көиекші элементтер ретінде ғана қаралады . Кейбір тілдерде , мысалы , готтентот тілінде және неміс тілінің кейбір диалектілерінде , дауысты дыбыстан соң келген сонар дыбыс өз алдына дербес буын құрай алады. Алайда , дауыссыздың дауысты дыбыспен тіркесінде , дауыссыздың буынға ұйтқы боларлықтай жғдайы бірде-бір тілде кездеспейді. Дауысты дыбыспен барабар сонар дыбыс дауысты дыбыспен тіркескенде дифтонг жасай алмайды да , дауыссыз дыбыс дыбыс қызметінде қалады.

Дауыстыларға тән акустикалық ерекшелік – оларда музыкальды тонның болуы. әрбір дауысты дыбыста ырғағы жағынан түрліше болып келетін тонның белгілі бір мөлшері болады.Бұлардың бәрінің жиынтығынан дауыстының әуені немесе сапасы жасалады. Дауыстылардағы тон жұтқыншақ үстіндегі қуыстың тоны болып табылады да , ол етене тон немесе  дауыстының формантасы деп аталады.

Сөйлеу каналында екі резонатор пайда болады : оның біреуі ауыз қуысында , екіншісі жұтқыншақ қуысында болады. Бұлардың әрқайсысында өзіне тән тон бар және осылардың ұштасып келген тізбегі дауыстылардың әуенін немесе сапасын белгілеп айқындайды да, құлаққа естілу жағынан дауыстыларды , мысалы а дыбысын о дыбысынан ажыратады.

Дауыстылардың жасалуының анатомия-физиологиялық жалпы жағдайының ерекшелігі мынада: сөйлеу каналында салдыр тудырарлықтай елеулі кедергінің болмауы және ауа ағысының баяу өтуі . Ауа ағысының болуы дауыстылардың жасалуының қажетті және басты шарты болып саналады.

 Дауыстылардың классификациясының екі түрі бар : оның бірі физиологиялық (немесе генетикалық) классификация , екіншісі – акустикалық классификация.

Қандай да бір тілде болсын , дауысты дыбыстарға қарағанда , дауыссыз дыбыстар көп . Дауыстылармен салыстырғанда , дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделі. Сондықтан дауыссыздарды сипаттап мінездеме беру және оларды топтастырып классификация жасау акустикалық жақтан да , артикулияциялық жақтан да көптеген жақтарды есепке алуды қажет етеді.

4.Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса , қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай , дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі қатаң дауыссыздар , екіншісі – ұяң дауыссыздар.Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысуынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да , ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз.

Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды дауыссыздар болып екіге бөлінеді. Егер жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп , жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс жолды жауып тұрса , онда ауа ауыз қуысымен өтеді де , осының нәтижесінде ауыз жолды деп аталатын дауыссыздар (мысалы: б,д және т.б.) жасалады. Егер жұмсақ таңдай төмен түсіп , жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс ашық болса , онда ауа мұрын қуысынан өтеді де , осының нәтижесінде мұрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады (мысалы: м, н…).

 Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар (қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар (взрывные) және ызың дауыссыздар  (щелинные )болып екіге бөлінеді.

Шұғыл дауыссыздарды айтқанда , дыбыстау мүшелері бірі-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа үзіліп , шұыл шығады. Шұғыл дауыссыздардың осы қасиеті ескеріліп , олар эксплозив дауыссыздар депте аталады. Шұғыл дауыссыздар мыналар: п,б,т,д,к,г,қ.

Ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес , тек өзара жуысуынан , соның нәтижесінде , ауаның сүзіліп шығуынан жасалады. Ызың дауыссыздар кейде фрикатив дауыссыздар деп те аталады. Олар мыналар: в,ф,ғ,с,ш,х,з,ж,һ.

Фонетика . фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын ...

Жоспар:

  1. Дыбыс және олардың түрлері.
  2. Тіл дыбыстары .
  3. Дыбыс және таңба.
  4. Дауыстың жоғарылығы, ұзақтылығы, күштілігі, тембр.

5.Дыбыс жасауда шуыл мен салдырдың ролі.

Мақсаты:   1. тілдің ішкі құрылымы фонетика және фононлогия қарастыратын шешуші ұғымдырды меңгерту.

 2.акустика жөніндегі негізгі мәліметтерді беру.

 Адам баласының тілі – дыбыстық тіл . Тіл дыбыстары - әрбір тілдің өмір сүруінің тәсілі . Егер сөздер дыбыстардың өз ара тіркесі түрінде айтылмаса , тіл қатынас құралы да , пікір алысу құралы да бола алмас еді. Тілдің дыбыстық жағы оның замандар бойында өмір сүруіне , ұрпақтан –ұрпаққа беріліп отыруына мүмкіндік жасайды.

Тілдің дыбыстық жағы – сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады. “Сөздік пен грамматикалық құрылыс тілдің мазмұнын құрайды да , дыбыстық жағы оның материалдық  жамылғышын , оның физикалық формасын құрайды деп белгілі дәрежеде айтуға болады”.

Тіл дыбыстары , әдетте сөз ішінде айтылады . Бірақ белгілі бір дыбыс арнаулы бір сөздің қолданылумен шектеліп қоймай , көптеген сөздердің құрамында қолданыла береді. Тілдің лексикасын құрастыратын сан мыңдаған сөздер дыбыстық жағынан алғанда , ондаған ғана дыбыстардың әр түрлі комбинацияларынан құралған .Осы тұрғыдан алғанда, дыбыс белгілі бір сөзге байланып қоймай , одан белгілі дәрежеде оңашаланып, нақтылы сөздерден абстракцияланады. Бұған тілдегі дыбыстық заңдылықтардың барлық сөздерге бірдей қатысты болып келуі дәлел бола алады. Мысал ретінде түркі тілдерінде сөздердің алғашқы буынындағы ерін дауыстының әуеніне қарай , екінші буынды да ерін дауыстысының айтылу заңдылығын немесе орыс тілінде барлық сөздерде дауысты дыбыстың ашық буында  созылыңқы айтылу заңдылығын және т.б. дыбыстық заңдылықтарды атауға болады.

Фонетика тіл дыбыстары және дыбыс заңдарымен ғана шектеліп қоймайды . Тіл дыбыстары , олардың құрамы, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары туралы мәселелер фонетикада маңызды орынға ие болады. Алайда , тіл дыбыстары туралы мәселенің фонетикада басты орынға ие болуы  фонетиканың басқада маңызды объектілерінің болуын жоққа шығармайды . Дыбыстарды зерттеу мен дыбыстық тілдің басқада  мәселелерін , мысалы, буын, екпін және интонация мәселелерін қарастыру өз ара тығыз байланыста болады. Оның үстіне, тіл дыбыстары мен буын, екпін туралу ілімнің тілдің жазба жазба түріне тікелей қатысы бар. Жазудың теориясы сөйлеудің деректеріне , тіл дыбыстарының фактілеріне негізделеді.

Сонымен фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.

Тіл дыбыстарын және оларға тән заңдылықтарды зерттеудің теориялық мәні, атап айтқанда , мынада: дыбыстық өзгерістерді , олардың заңдылықтарын есепке алмай тұрып, лексикалық құбылыстардың да , грамматикалық құбылыстардың да шығу төркінін, өзгеріп дамуын ашып айқындау , соған орай , лексиканың да, грамматиканың да , ғылыми тарихын жасау мүмкін болмаған болар еді. Демек , тілдің замандар бойындағы тарихи даму барысының түрлі дәуірлеріндегі дыбыстық өзгерістерді, оның заңдылықтарын зерттеу мәселесі тіл білімінде өте-мөте маңызды мәселе болып саналады.

Фонетиканың техникалық мәселелерді шешуге де қатысы бар. Телефон мен радиотехниканың кейбір мәселелері , мысалы, байланыс жолдары арқылы берілетін сөздің айқындылығы мен түсініктілігін айқындау мәселелері фонетикалық деректерді есепке алуды талап еиеді. Соңғы жылдарда әр түрлі техникалық проблемалардың тууымен байланысты фонетикаға жаңа міндеттер жүктелді . Ол міндеттер , атап айтқанда, сөзарқылы меңгерілетін механизмдердіжасау, ауызша сұрақтарға жауап беретін информациялық машиналар мен ауызша аударма жасайтын машиналарды конструкциялаумен байланысты.Бұл мәселелерді шешуге фонетистердің де тікелей қатысы бар.

4.Дыбыстың жалпы теориясын физиканың акустика деп аталатын саласы қарастырады. Акустикалық тұрғыдан алғанда , дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да , құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып пайда болуы мүмкін емес . Акустика дыбыстардағы төмендегідей белгілерді ажыратады: дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені (тембр), дыбыстың созылыңқылығы.

     Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе , дыбыстың ырғағы соғұрлым өсіп күшейе береді, керісінше , дірілдің саны азайған сайын дыбыстың ырғағы солғындап әлсірей береді.Адамның бір секунд ішіндегі 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап ести алады.

  Дыбыс күші дірілдің қарқынына байланысты болады. Егер дірілдің амплитудасы , яғни қарқыны , неғұрлым көбейсе , дыбыс күші де соғұрлым күшеие береді. Мұны шекті аспаптардан да айқын аңғаруға болады.

5.Сөйлеуде дыбыс күші екпінмен , қарым-қатынасқа түседі. Дыбыс күшінің тіл-тілдің ішінде динамикалық екпінге ие тілдерге қатысы , атқаратын қызметі басым болады.

Дыбыстың созылыңқылығы дірілдің санымен қоса дыбыстың созылу уақытына байланысты. Орыс тілінде екпінсіз буындағы дауысты дыбысқа қарағанда, екпінтүскен буындағы дауысты дыбыс созылыңқы , ашығырақ айтылады. Көптеген тілдерде , мысалы, қырғыз, ойрат, түрікмен, хақас, тува , неміс , ағылшын, франсузтілдерінде екпін созылыңқы дауыстыға да, қысқа айтылатын дауыстыға да түсе береді.

Дыбыс әуені туралы мәселе дыбыс түрлерімен байланысты . Дыбыс толқынын тудыратын дірілдің қозғалысы күрделі болады. Ол негізгі тон мен бірнеше көмекші тондардың қосындысынан жасалады. Көмекші тон парциалды тон немесе обертон деп аталады. Дыбыстың әуені осы аталған обертондардың санына және олардың дыбыс ырғағы , дыбыс күшіжағынан негізгі тонмен арақатысына байланысты болады.

Дірілдің өзі түрліше болады дедік Дірілдің ритмикалы және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады. Егер дірілдің саны уақыт единицасының бойында өзгермей тұрақты болып қалса , ондай діріл ритмикалы діріл(немесе біркелкі діріл) деп аталады. Ал, егер уақыт единицасының бойында дірілдің саны өзгеретін болса, ондай діріл ритмикалық емес діріл (немесе біркелкі емес діріл) деп аталады. Ритмикалық дірілдің нәтижесінде тон жасалып пайда болады. Бұған сөйлеу кезінде ауыз қуысы мен мұрын қуысын толтырып тұратын дауыс шымылдығы мен ауаның дірілі жатады. Ритмикалы емес дірілдің нәтижесінде салдыр пайда болады. Бұған еріннің , тілдің, кішкене тілдің дірілі және сөйлеу мүшелерінің біріне-бірінің жуықтасып немесе түйісіп тұруынан жасалған дыбыстар жатады. Егер діріл ритмикалы болса , ондай дыбыстық толқын музыкалы тонның пайда болуына әкеледі де , ритмикалы болмай , үзілмелі болса, салдырдың пайда болуына әкеледі.

Дыбыстардың жасалуы үшін резонанс   айрықша қызмет атқарады. Резонанс жан-жағы тұйықталып бітелген ауа бар жерде пайда болады. Ауыз қуысында әр түрлі тәсілдер арқылы дауыстылардың әуені жасалады. Жұтқыншақ  қуысы да белгілі дәрежеде резонаторлық қызмет атқарады., ауыз қуысымен бірге дауыстылардың әуенін жасауға қатысады. Мұнымен бірге , мұрын қуысының да резонаторлық қызметі бар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дыбыс және олардың түрлері.
  2. Тіл дыбыстары .
  3. Дыбыс және таңба.
  4. Дауыстың жоғарылығы, ұзақтылығы, күштілігі, тембр.

5.Дыбыс жасауда шуыл мен салдырдың ролі.

Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері. ...

 Жоспар.

  1. Тілдің шығуы.
  2. Тілдің дамуы.
  3. Тілдің өзара әсерлері.
  4. Жазба тілдер.
  5. Әдеби тіл және сөйлеу тілі.

Мақсаты: 1. қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі әдеби тілдердің жайы туралы студенттерге толық          мәлімет жеткізу.

2.тілдің шығуы мен оның ішкі құрылымы мәселелері бойынша базалық білім беру.

1.Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі проблеманы бір-бірімен ажыратып алу қажет: оның бірі – жалпы адам баласы тілінің шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі – жеке, нақтылы тілдердің, мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, араб тілі, испан тілі немесе француз тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір –бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы сонау көне заманға – адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына, алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке нақтылы тілдердің немесе туыс тілдердің тобының жасалып құрылуы жалпы адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған. Нақтылы, жеке тілдердің, мысалы, қазақ тілінің, орыс тілінің немесе ағылшын тілінің пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы адамзат тілінің шығуы , яғни адамдардың о баста сөйлеп үйренуі туралы проблеманы қарастырып айқындау үшін , тек қана тарихи-лингвистикалық зерттеулердің өзі тіптен жеткіліксіз болады. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуы және адам баласы қоғамының пайда болуы тәрізді күрделі мәселелермен тығыз байланысты.Осылай болғандықтан бұл мәселелерді бірін екіншісіне байланыстырмай, жеке дара күйінде алып қарастыру да , тыңғылықты түрде шешу де мүмкін емес .

Тіл білімі ғылым ретінде пайда болудан көп замандар бұрын тілдің және ойлаудың шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын аударған болатын. Ғасырлар бойында бұл мәселе туралы философтар мен социологтар , психологтар мен лингвистер түрлі-түрлі пікірлер  мен жорамалдар айтып , сан түрлі байымдаулар жасап келді.

Тіл қоғамдық құбылыс . Сондықтан оның тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына тікелей байланысты болады. Осыдан тілді және оның даму заңдарын сол тілді иеленушілердің тарихы мен тығыз байланысында қарастыру міндеті келіп туады.

2.Қоғам тілдің дамуына әсер етеді, бірақ тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша емес, өз дамуының ішкі заңдары бойынша іске асады. Тілдің даму заңдары қоғамның даму заңдарына сәйкеспейді. Тілдің дамуы туралы қате көзқарастар болды. Мысалы , Н.Я. Марр тілдің дамуы туралы мәселеде “сатылық даму теориясын” ұсынды. Тілді қондырмалық құбылыстың қатарына жатқызған Н.Я. Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір қоғамдық формацияға сай келеді деп есептеді . Ол тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет қопарылыстар арқылы болады дейтін мүлдем қате көзқараста болды. Н.Я.Марр лингвистикалық заңдарды социологиялық заңдармен ауыстырған болатын. Өз сөзімен айтқанда , ол “ семантикада ғана емес , морфологияда да салмақты тілдік құбылыстардың әлеуметтік –экономикалық факторларға байланысты екендігіне аудара отырып, тіл дамуының ішкі заңдарының маңызын төмендетуді” көздеді. Тілдің даму қарқыны туралы мәселе де маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Бұл мәселе жайында Н.Я.Марр тілдің сатылық даму теориясын ұсынып , тілдің ескі сападан жаңа сапаға көшуі кенет жарылу жолымен болады деп есептеді. Бұл теорияның қате екендігі тіл білімі жайындағы 1950 жылғы дискуссияда көрсетіліп , тілдің дамуы бар тілді жойып , жаңа тіл жасау жолымен емес, бар тілдің негізгі элементтерін өрістету , жетілдіру жолымен болатындығы, ал тілдің бір сападан екінші сапаға көшуі жарылу жолымен де , бірденг ескіні жойып, жаңаны орнату жолымен де емес, тілдің жаңа сапасы мен құрылымының элементтерін бірте-бірте қорландыру жолымен болатындығы айтылып , бүтіндей тілдің эволюция жолымен дамитындығы дәлелденді. Алайда , тілдің даму қарқыны оның барлық дәуірлерінде бірдей болмауы мүмкін. Жүздеген жылдар бойында елеулі өзгерістерге ұшырамаған тіл белгілі бір дәуірде айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

3.Әр түрлі халықтар бір-бірімен қарым-қатынаста өмір сүреді. Халықтардың арасындағы қарым-қатынас түрлі-түрлі салада – экономикада, сауда, мәдениет т.б салаларда- болуы мүмкін . Халықтардың өз ара бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олардың тілдеріде бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, бір тілден екінші тілге , екінші тілден үшінші тілге тілдік элементтер де ауысады. Тілдердің бір-біріне қарым-қатынасы тоғысу түрінде де , тілдердің бір-біріне әсер етіп, тілдік элементтердің бірінен екіншісіне жай ғана ауысу түрінде де болуы мүмкін.

Тілдердің  тоғысу процесінде субстрат  деп аталатын құбылыс пайдаболады. Жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен жеке дыбыстарды, кейбір морфемаларды қабылдайды. Жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері субстрат деп аталады.

Зерттеушілер белгілі бір тілдегі тарихи өзгерістердің себебін айқындап дәлелдеу үшін , әдетте, ең алдымен, сол тілдің және онымен туыстас тілдердің материалдарына үңіледі. Егер ол тілде немесе туыстас тілдерде ондай өзгерістердің мән-жайын айқындайтындай деректер болмаса, онда зерттеуші сырттан болатын әсерге , басқа тілдердің материалдарына назар аударады.

Екі тілділік, тілдердің бір-біріне әсері, өз ара бірін бірі байытуы , тілдердің араласуы немесе тоғысуы – осылардың бәріде тілдердің қарым-қатынастарының түрлері болып табылады.

4.Әдеби тілдің тарихына қатысты негізгі мәселелердің басын ашып , ғылыми тұжырым жасау үшін әдеби тілдің өзін дұрыс анықтап алу қажет . Яғни әдеби тіл деп нені айтамыз? Оның өмір сүру формасы қандай? Әдеби тілге не енеді? Қазақ әдеби тілінің тарихы қай кезден , неден басталады. Әр кезеңдегі әдеби тілдің дамуының , нормалануының тенденциясы , оның тілдік көрсеткішіне қандай әдебиет нұсқалары жатқызылуы тиіс және олардың мазмұны мен сипаты қандай болмақ деген сұрақтардың нақты жауабы әдеби тілдің анықтамасымен тікелей байланысты болып отыр.Соған орай әдеби тіл деген ұғымды әр түрлі түсінудің салдарынан кейбір зерттеулерде оған қатысты проблемалық мәселелер әр түрлі баяндалып жүр.

Бұл ретте орыс тіл білімі көрнекті өкілдерінің тұжырымдары мен пікірлеріне сүйенсек , әдеби тіл , біріншіден, жазба тіл, яғни тек жазба әдебиет тілі, екіншіден ,сол жазу , жазба әдебиет арқылы жалпы халықтық тілдің өңделген , екшелген , стильдік тармақтары қалыптасқан түрі. Басқаша айтқанда әдеби тіл –жалпы халықтық тілдің жазу арқылы белгілі дәрежеде өңделген , сұрыпталған түрі, жазусыз әдеби тіл болмақ емес , әдеби тілдің тарихы –жазба әдебиет тілінің де тарихы , сөйтіп , жазу , жазба әдебиет әдеби тілдің ең негізгі , маңызды сипаты , өзіндік басты белгісі. Сондықтан әдеби тіл – жазба көркем әдебиет тілі ғана емес , жазба әдебиеттің басқа да алуан түрлерінің , ғылыми –зертеу , саяси , ресми, публицистикалық , т.б. әдебиеттердің тілі болып саналады деген пікір басым болып келді. Бірақ бұл көрсетілгеннің өзі орыс тіл білімінде даусыз , талассыз қабылданылған бірден-бір пікір екен деуге де болмайды. В.В.Винаградов әдеби тіл ұғымын нақтылы анықтауда , мәнін ашып , оның өзіндік негізгі белгілерін көрсетуде әлі де болса тұжырымды айқын , үзілді-кесілді бір пікірдің болмай жүргенін көрсетеді.

5.Әдеби деген термин латынның litteratura деген сөзінен қалыптасқан.Ол гректің грамматика (grammatica) сөзінің баламасы ретінде жаза білу , оқи алу деген мағынада қолданылған. Көне римдіктер litteratus деп әріпті тани алатын , яғни кітап оқи алатын сауатты адамды атаса да , кейін келе бұл сөз жаңа мағынада қолданыла бастайды, ол-тек оқи алатын , жаза білетін ғана емес сонымен бірге жоғарғы білімді деген де мағына . Осындай мағыналық дамудың нәтижесінде бұл термин қазіргі Еуропа халықтарының тілінде сұрыпталған , сымбатталған , жүйеге түскен деген мағынада қолданылып жүр.

Әдеби тілдің тұрақты нормаланып қалыптасуында , сұрыпталып , икемделіп , сымбатталуында , жетілуінде , жанрлық –стильдік тармақтарының орнығып , дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше .

Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі , ортақтық қасиеті артып , құрылысы жүелі қалыпқа түседі , “тілге орамды , жүрекке жылы тиетін” элементтері ұштала түседі. Бірақ әдеби тіл деген ұғымды , бір жағынан , тек жазба әдебиетпен байланыстырып , сол шеңберде ғана қарап , әдеби тілді  жазба тілмен балама деп тану , екінші жағынан, әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеуметтік , экономикалық , мәдени тарихынан бөліп алып қарау , соның негізінде жазуы жоқ не жазуы дамымаған не кеш дамыған халықтың әдеби тілі жоқ деген үзілді –кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді.Мұндай пікірдің айтылу себебі , біріншіден жазба тілдің , жазба әдебиеттің жоғарыда көрсетілгендей , әдеби тілді қалыптастырып , дамытудағы ерекше ролімен байланысты.Кейбір зерттеушілер жазба әдебиеттің осы ролін әдеби тілді қалыптастырып , дамытудың бірден-бір жолы ғана деп түсініп , басқа факторларға мән бермейді, әдеби тілді қалыптастыруда белгілі бір орын алатын , оның дамуына себін тигізетін басқа да құбылыстарды ескермейді. Екіншіден, әдеби тіл мен жазба тілді тең көрушілік бұл терминнің алғашқы , жазу-сызумен байланысты мағынасын басшылыққа алудан туады. Үшіншіден, мұндай пікір әр халықтың әдеби тілін сөз еткенде, олардың өзіндік ерекшеліктерін сол халықөтың тарихымен , басынан кешірген саяси -экономи–алық жағдайларымен, мәдени дәрежесінің өркендеуімен , қоғамдық дамуындағы мәдениет өндірістерінің амалдарымен байланысты ерекшеліктерін ескермей , барлығын ортақ өлшеммен кесіп-пішуден де туады. Р.А.Будагов дүние жүзіндегі барлық хлықтардың әдеби тіліне ортақ болып келетін әмбебап схема үлгі жасаудың ғылыми жағынан кемшіліктері былай тұрсын ,үлкен зияны бар екенін көрсетіп , одан зерттеушілерді қатты сақтандырады.

Бақылыу сұрақтары:

1.Тілдің шығуы.

     2.Тілдің дамуы.

3.Тілдің өзара әсерлері

4.Жазба тілдер.

5.Әдеби тіл және сөйлеу тілі.

Кіріспе. тіл білімі және оның зерттеу нысанасы. ...

 Жоспар:

  1.Тіл білімінің басқа ғылыммен байланысы

  2.Тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орны.

  3.Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.

  4.Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні.Тілдің табиғаты.

 5.Қоғамдық қызметі.

  6.Тіл мен ойлау.

Мақсаты:

1.тілдің шығуы мен оның ішкі құрылымы мәселелері бойынша базалық білім беру  2.тілдің қоғамдық мәні мен оның негізгі қызметтерімен таныстыру.

“Тіл білімінің негіздері”- университеттер мен пединституттардың филология факультеттерінде өтілетін теориялық пән .Пәннің мақсаты мен міндетіне орай, бұл оқулықта тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдері қарастырылып, оның басты –басты теорияларық мәселері бандалады.

     Басқа да ғылым салаларындағы сияқты, тіл білімінде әлі де толық шешімін таппаған кейбір мәселелер және олар жайында әр түрлі пікірлер мен байымдаулар бар. Болашақ филолог - мамандардың ондай мәселелерден де хабардар болғаны жөн. Осыны ескере келгенде, әр түрлі пікір таласын тудырған, әлі де болса үңіле түсуді қажет ететін кейбір мәселерді атай отырып, оларды зерттей түсудің маңыздылығына назар аударуды мақұл көрдік.

    Тіл- әрбір адамның өмір бойы қолданатын ең маңызды құралы.

Ғылым атаулы, әдетте, екі топқа бөлінеді: оның бірі-жаратылыс тану ғылымдары, екіншісі-қоғамдық ғылымдар. Ғылым атаулының бұлайша екі үлкен топқа бөлінуі, сайып келгенде, олардың нені зерттейтіндігімен байланысты. Шындық болмыстағы құбылыстардың бір тобы материалдық құбылыстар, жаратылыс құбылыстары болса, екінші тобы – қоғамдық  құбылыстар. Материалдық құбылыстарды, жаратылыс құбылыстарын жаратылыс тану ғылымдары (физика,химия,биология,математика және осылардан бөлініп шыққан басқа ғылымдар) зерттесе, адам баласы қоғамындағы құбылыстарды (яғни қоғамдық құбылыстарды) қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, саяси экономия, заң ғылымдары және т.б.) зертейді.

    Тіл білімі ғылымдардың осы аталған екі тобының қайсысына жатады? Бұл мәселе ғылым тарихында түрліше қаралып, осыған орай, түрліше шешіліп келеді. Мысалы, XIX ғасырда кейбір ғалымдар тілді жаратылыс құбылыстарының қатарына жатқызды да, осыған орай, тілді зерттейтін тіл білімін де жаратылыс тану ғылымындарының қатарына қосты. Неміс лингвисі Август Шлейхер (1821-1868) дәл осындай пікірде болып, тілді тірі организм сияқты құбылыс деп есептеді.Оның пікірінше, тіл де тірі организмше туады, өседі, қартайып тозады, өледі. Август Шлейхер тілді биологиялық құбылыстардың қатарына жатқыза келіп, оны (тілді) зерттейтін тіл білімін де жаратылыс тану ғылымдарының қатарына қосты. Алайда, Август Шлейхердің бұл тұжырымы мүлдем қате. Бұлай дейтініміз: тіл мен тірі организмнің арасында түбірлі айырмашылықтар бар. Тірі организмнің өлуі биологиялық тұрғыдан болмай қойылмайтын шарасыздық. Ал тіл қандай бір тірі организмнен болсын анағұрлым ұзақ өмір сүреді. Тіл өз дамуының ішкі заңдары бойынша дамып отырады, бірақ оның тірі организм сияқты өлуі шарт емес.Тірі организм  биологиялық құбылыстардың қатарына жатса, тіл қоғамдық құбылыстардың қатарына жатады. Демек, Август Шлейхердің тілді тірі организм деп, табиғат құбылыстарының қатарына жатқызуы қаншалықты қате болса, тіл білімін қоғамдық ғылымдардың емес, жаратылыс тану ғылымдарының қатарына қосуы соншалықты қате. Тіл – қоғамдық құбылыс, сондықтан оны зерттейтін ғылым – тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады.

2.Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орнын және оның басқа ғылымдармен байланысын жете түсіну үшін, қазіргі замандағы ғылымның сипаты туралы мәселеден хабардар болу өте-мөте қажет.Қазіргі заманда бір жағынан, ғылымның бұрын болмаған жаңа салалары жасалып, ғылымда диференциация процесі жүріп жатса, екінші жағынан, екі немесе бірнеше ғылымның өз ара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәріне ортақ, бәріне бірдей қатысты проблемаларды бірлесе зертейтін дербес ғылыми дисциплиналар жасалып, ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр.

     Ғылым атаулының осылайша даму барысында тіл білімі де басқа көптеген ғылымдармен байланысқа түсіп, солармен қанатаса дамып келеді. Ол, ең алдымен, қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Бұлай болатыны мынадан: тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуымен бірге дамитын қоғамдық құбылыс ретінде, қоғам мүшелерінің пікір алысу, қатынас жасау құралы ретінде қарастырады.Тіл білімі тілдің шығу тегін, жасалуын және дамуын зерттегенде, тарих ғылымының деректерінде пайдаланатыны сияқты, тарих ғылымы халық тарихын, қоғам тарихын зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін де пайдаланады. Сондай-ақ , тіл білімі археологиямен де, этнографиямен де байланыста болады. Бұл байланыс мынадан: тіл талай заманның жемісі, қазіргі тілдің элементтері өте ерте заманда жасалған. Ал археология болса, ол  халықтардың ежелгі көне мәдениетін зертейді,этнография халықтардың ерте кездегі тұрмысы мен әдет ғұрпын зертейді.Осыған орай, археология мен этнографияның деректері тіл тарихына қатысты мәселелерді зертеуде, айқындауда өте құнды материал ретінде қызмет ете алады.Тіл білімінің бір саласы  - этнолингвистика тілді сол тілдің иесі- халықтың мәдениетімен байланысында зерттейді.Тіл білімінің археология мен этнографиямен байланысы бір жақты байланыс емес, екі жақты байланыс. Бұлай дейтініміз: археологиялық және этнографиялық деректер лингвистика үшін қаншалықты пайдалы болса, лингвистикалық деректер археология этнография үшін соншалықты пайдалы болмақ.

3.Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен қатар жаратылыс тану ғылымдарымен де тығыз байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы , физиканың акустика саласы қарастырады. Сөйлеу процесі дыбыстарды айту және тіл дыбыстарын қабылдаумен тікелей байланысты.Ал бұл процесті дыбыстардың артикуляциясы ( сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының жасалуы) жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зертейді.Тілдің күрмелу себебін медицина мамандары атап айтқанда, психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зертейді. Мұның үстіне, элоктронды машинамен аударма жасаудың, инфармация теориясының және кибернетиканың бірсыпыра мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр.

Бұл айтылғандар тіл білімінің дербес ғылым бола отырып, әр түрлі қоғамдық ғылымдармен де, жаратылыс тану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өз ара байланыста болатынын және жалпы білімдік үлкен мәні бар екендігін көрсетеді

Тіл білімі немесе лингвистика – тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл-қоғамдғы адамдардың өз ара пікір алысу , бір-бірімен қарым-қатынас  жасау. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикакалық құрылысы болады.Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында, мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің  фонетика саласында қарастырылса, сөздік құрамы лексикология саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында қарастырылады.Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде бірнеше салаға немесе бөлімге, мысалы, фонетика саласы сипаттама фонетика, салыстырмалы –тарихи фонетика, экстриментальды фонетика және т.б. болып бөлінеді.Мұндай ішкі салалар немесе тармақтар жайында мағлұмат осы кітаптың әр тарауының тұс-тұсында беріледі.

Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары даму, біртіндеп жетілу күйінде болады. Тілдің әртүрлі салаларының даму сипаты мен қарқыны түрліше болуы мүмкін. Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамиды. Тіл білімі (немесе лингвистика) тілдің әр түрлі жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің әр түрлі жақтары (дыбыс жүйесі мен сөздік құрамы және грамматикалыққұрылысы) бір-бірімен өз ара тығыз байланысты болатыны сияқты, тіл білімінің оларды (тілдің әр түрлі жақтары) зертейтін салаларыда (фонетика мен лексикология және грамматика) бір-бірімен өз ара тығыз байланыста болады.

Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, тілді шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы сипаттама тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрониялық лингвистика деп аталады.

   Белгілі бір тілді, оның жүйесі мен құрылымын ғылыми тұрғыдан  талдап түсіндіру және оның даму заңдарын ашып айқындау үшін , ол тілді және ондағы фонетикалық, лекси калық, грамматикалық құбылыстарды біріншіден, шығуы мен дамуы тұрғысынан, екіншіден, ол құбылыстарды туыстас тілдердегі біртектес құбылыстармен салыстыру тұрғысынан зерттну қажет. Ф. Энгельс тілді тарихи тұрғыдан зертеудің және оны туыстас тілдермен салыстыру тұрғысынан қарастырудың маңызы туралы былай деп жазды: “…Ана тілінің материясы мен формасы” түсінікті болғанда , оның пайда болуы мен бірте-бірте дамуы зерттеліп отырғанда ғана түсінікті болады, ал егер, біріншіден, ана тілінің өзінің өшкен формаларын және, екіншіден, түбірлес тірі және өлі тілдерді назарсыз қалдыратын болсақ , әлгілердің түсінікті болуы мүмкін емес . Демек, тілді, ондағы әр түрлі құбылыстарды шығу мен дамуы тұрғысынан және ол құбылыстарды туыстас тілдардегі ұқсас немесе біртектес құбылыстармен салыстыру тұұрғысынан қарастыру тілдің шынайы табиғатын , оның даму заңдарын ашып айқындаудың басты шарты болып саналады.

Толық мағынасындағы  ғылым ретінде тіл білімінің өзі тілдерді тарихи және салыстыру тұрғысынан зерттеудің негізінде, дәлірек айтқанда, тілдерді зерттеуде салыстырмалы-тарихи методты қолданудың нәтижесінде , салыстырмалы-тарихи грамматиканың негізінде XIX ғасырдың басында жасалды. Бұған дейін де, әрине, тіл білімі болған. Бірақ XIX ғасырға дейінгі тіл білімінде тілдің және ондағы сан алуан құбылыстардың шығуы , дамуы және олардың себептері айқындалмай, тек сипаттама берумен шектеліп келді. Бір сөзбен айтқанда, XIX ғасырға дейінгі тіл білімі тілдегі құбылыстарды ғылыми талдау тұрғысынан түсіндіру дәрежесіне көтеріле алмай , оларға сипаттама берумен ғана шектелді.

Ал ХІХ ғасырда ғылым атаулыда , әсіресе қоғамдық ғылымдар садасында , соның ішінде тіл білімінде әр түрлі құбылыстардың өзгеруі, тарихи дамуы тұрғысынан қарастыратын көзқарас пайда болып, ғылыми зерттеулерде историзм  принципі қолданыла бастады. Осы дәуірдегі ғылым туралы Гегельдің ғылымға сіңірген еңбегі жайында Ф.Энгельс “Анти-Дюринг” деген кітабында былай деп жазды: “…Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс  түріндегі нәрсе , яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты”. Тілдердің өзгеру және даму заңдары ашылып айқындалды. Осының нәтижесінде тіл білімі ғылым ретінде жасалып қалыптасты.

Жеке бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын жеке тіл білімі бар да (мысалы: қазақ тіл білімі, ағылшын тіл білімі және т.б ), ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы болып саналатын жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі – нақты бір тіл туралы немесе оның дамуының заңдары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, жалпы тіл білімі мен жалқы тіл білімі бір емес. Алайда, бұл екеуінің арасында өз арасында қарым-қатынас әрқашан сақталады. Тіл білімінің жалпы теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдетте бір ғана тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады, олардың ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижелерін сүйеніш етеді және осылардың бәрін жинақтай келіп, жалпы териялық топшылаулар мен қорытындылар жасайды. Зерттелген тілдер мен олар жайындағы деректер неғұрлым көп болса, жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасауға мүмкіндіктер де соғұрлым мол болады. Жалпы тіл білімі дамуының қазіргі кезеңінде мұндай мүмкіндіктер, бұрынғы дәуірлердің қай-қайсынан болсын анағұрлым мол. Қазіргі замандағы ғылымның барлық салалары сияқты тіл білімі дежан-жақты дамып отыр.

4.Өмірде алуан құбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және қоғамдық құбылыстар болып екі топқа бөлінеді.Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады.Ол –қыр-сыры мол, күрделі құбылыс.Тілдің табиғатын (мәнін) танып білу үшін оның ең басты қасиетін айқындап алудың маңызы айрықша . Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. В.И.Ленин “Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Тілдің қызметін түсінуде бұл анықтаманың маңызы үлкен. Тіл – адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болды. Тарихта мұндай коллектив алғашында ру, тайпа түрінде, кейінде халық тілі , ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, тайпа тілі, халық тілі болды. Адамдар коллективіне – мейлі ол ру немесе тайпа болсын, халық немесе ұлт болсын – осылардың бәріне де тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы оның табиғатын (мәнін) айқындайтын басты қасиеті деуіміз де осыдан. Тіл мен қоғамның өз ара  тығыз байланысы – екі жақты байланыс . Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды . Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы, оны дамытуы мүмкін емес. Демек, қоғамның өмір сүруі, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет . Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден , тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс, адамдардың коллективінен тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін тіл қаншалықты қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін қоғам да соншалықты қажет.

Тілдің қатынас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметіне қоса тағы бір қызметі бар: ол – экспрессивті қызмет. Тілдің экспрессивті қызметі делініп, әдетте, оның адамның субъективті қатынасын, сезімі мен эмоциясын білдіру қызметі аталады. Тілдің экспрессивті қызметінің, ондағы эмоцианальды –экспрессивті құралдар мен тәсілдердің ойды көркемдеп, әсерлеп жеткізуде , әсіресе көркем әдебиетте маңызы күшті.

Тілді қоғамдық құбылыстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі оның қоғамға қызмет ету белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бірақ, тілдің қоғамға қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың, қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға экономикалық жағынан қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап береді. Демек, тілден басқа қоғамдық құбылыстар, мысалы, базис пен қондырма, қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада : тіл қоғамға қызмет еткенде , адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында : өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да , саясат пен мәдениет саласында да , қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі – қатынас құралы болуынан келіп туады.

5.Тіл мәдениетпен байланысты, бірақ онымен тепе-тең емес. Тілді қондырмамен теңестіру, бірдей деп есептеу қаншалықты қате болса , тілді мәдениетпен теңестіру, бірдей деп есептеу соншалықты қате болмақ. Мәдениет идеологиялық, яғни қондырмалық құбылыстың қатарына енеді, осыған орай, ол буржуазиялық та, социалистік те болуы мүмкін.Ал тіл қатынас құралы ретінде әрқашан жалпыхалықтық сипатта болып, буржуазиялық мәдениетке де, социалистік мәдениетке де бірдей қызмет етеді алады.

Тілдің өндіріс құралдарымен қызмет ету жағынан ұқсастығы бар. Тіл мен өндіріс құралдарының ұқсастығы мынада : тіл де, өндіріс құралдары да әр басқа қоғамдық құбылыстарға – ескі құрылысқа да, жаңа құрылысқа да , мысалы, капиталистік құрылысқа да, социалистік құрылысқа да бірдей қызмет етеді, қондырмаға, қоғамдағы таптарға талғаусыз қарайды. Дегенмен , тіл мен өндіріс құралдарын теңестіру, оларды бірдей деп есептеу қате болар еді. Бұлардың арасында түбірлі айрмашылық бар: өндіріс құралдары материалдық игілік өндіреді, ал тіл ештеңе де өндірмейді, адамдардың қатынас құралы, сөйлесу, түсінісу құралы ретінде қызмет етеді.

   Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады.Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты.Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар . Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тілде, ойлау да – адам миының туындысы, соның  жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып , бір-бірімен бірлікте болады.Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшеліі көрінеді.

6.Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы , адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады. Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы , инструменті ретінде,ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады.

Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып , не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді.Ойдың жарыққа шығып , іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі , сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс).Ой шындығы тіл арқылы , тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.

Диалектикалық матерализмнің ойлау мен тілдің  өзара  тығыз  байланыстылығы  туралы қағидасы – кеңес ғылымында әбден орныққан  және басшылыққа  алатын бірден бір дұрыс қағида . Ал бұл проблеманың (ойлау мен тілдің байланысы туралы проблеманың ) нақтылы мәселелеріне келетін болсақ, олардың ішінде әлі де болса толық шешімін таппаған мәселелердің немесе талас мәселелердің бар екенін мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына, мысалы , тіл мен ойлаудың байланысының нақтылы формасы туралы мәселе, тілдің әртүрлі жақтары – материалдық, дыбыстық жақтарының және осылармен байланысты мағыналық жақтарының ойлауға қатысы туралы мәселе, логикалық және грамматикалық категориялардың қарым-қатысы, сөздің мағынасымен ұғымының арақатысы және байымдау мен сөйлемнің арақатысы туралы мәселе т.б мәселелер енді. Аталған мәселелердің барлығыда күн тәртібіне қойылып та, баспасөз бетінде талқыланып та жүр. Тілге (оның материалдық қабығына ),бірінші жағынан, қабылдау мен елестің сезіну, көрнектілік  образының қатысы туралы мәселе де талқылауды және айрықша назар аударуды қажет етеді.

Бақылау сұрақтары

1.Тіл білімінің басқа ғылыммен байланысы.

 2.Тіл білімінің басқа ғылымдар арасында алатын орны.

 3.Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.

4.Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні.

5.Тілдің табиғаты.

6.Қоғамдық қызметі.

7.Тіл мен ойлау.

Режиссер – театрдың көркемдік жетекшісі және шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырушы.

Жоспар:

  1. Музыкалық театрдың әйгілі режиссерлары.
  2. Актерлармен жұмыс

    Театрдың табиғаты жағынан – ұжымдық өнер. Режиссураның пайда болуы да театрдың осы табиғатынан туындаған. Режиссура драматургияны белгілі бір тұрғыда интерпретациялау және театр ұжымының күш жігерін спектакльдегі идеяны, ойды ашып, іске асыруға жұмылдыру қажеттілігінен қалыптасады.

   Спектакльді дүниеге келтіруші – режиссер. Спектакльді ұйымдастырушы, қоюшы, актердің талантын ашушы ретінде режиссердің алатын орны ерекше. Бірақ ол спектакльді бір өзі жасамайды. Қалай десек те, актер театр өнерінің басты тұлғасы және өнердің бұл түрінің ерекшелігі де актермен, оның шеберлігімен тығыз байланысты. Қайталанбас театр туындысы тек бір-бірін терең түсінетін, ауыз бірлігі бар ұжымды ғана дүниеге әкеледі.